Бөлім:
| І бөлім: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы
|
Педагогтің аты-жөні:
| Тогубаева А.К
|
Күні:
| 19.09.2022
|
Сыныбы:
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
| Батыр баба - Күлтегін және патриоттық рух
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 8.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау
8.4.1.1 тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу
|
Сабақтың мақсаты:
| тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады
|
ЕББҚО арналған мақсат
| тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады
|
Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
.
| (Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
Үй тапсырмасын сұрау
| Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға тапсырма:Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
Оқушылардан үй тапсырмасы сұралады, қатемен жұмыс жасалады
| Мұғалім комментарийі
| Слайд
|
Жаңа сабаққа кіріспе
| (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
| Енисей, Талас, Орхон ескерткіштері туралы кім не біледі?
Орхон ескерткіштері жазылған ғасыр?
Орхон ескерткіштерінің маңызы неде?
| Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
| Слайд
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
| https://www.youtube.com/watch?v=Wk3xyplsVm8
54 минут
тақырып бойынша бейнебаян көрсету
№1 тапсырма
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтып, астарлы ойын анықтаңыз
| Оқушылар тақырып бойынша мәтінді тыңдап, астарлы ойын анықтайды
| Дескриптор: Жалпы – 5 балл.
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтады астарлы ойын анықтайды
| Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
| Қысқарған күрделі атаулар ережесін түсіндіру
№2 тапсырма Сөйлем ішіндегі берілген сөздерді қысқартып жазу.
ЕББҚО арналған тапсырма
Қысқарған атауларды қатыстырып сөйлем құрастыру
| 1.Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы достық қатынаста.
2.Айгүл биыл Тараз Мемлекеттік Университетіне оқуға түсуге дайындалып жүр.
3.Ресей Федерациясы ядролық сынаққа біржола тыйым салуды жақтайды.
4.Математика пәнінен үйге сантиметр және дециметрге байланысты мысал есептерді шығарып келуге берді.
| Жалпы – 5 балл.Мұғалім комментарийі
тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады қысқарған атаулар ережесін түсінеді
| Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
Сергіту сәті
| Телебағдарлама ойыны
| .Мәтін оқылады, соның ішінде қысқарған сөз болса, қолдарын шапалақтайды/
| Мұғалім комментарийі
|
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
| «Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
| Жеке жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.
| Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін
«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
|