|
5сынып кмж. ысамерзімді жоспар Сабаты таырыбы
Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы:
Бөлімі:
| Робототехника
| Педагогтің аты-жөні:
| Рашиден Г.Б
| Күні:
|
| Сыныбы:5
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Робототехниканың тарихы және оның келешегі
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 5.3.4.3 робототехника саласындағы адамзаттың техникалық жетістіктеріне мысалдар келтіру;
| Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар:
робот техникасы тарихын меңгеру;
Оқушылардың басым көпшілігі:
роботты қолдану ортасын айқындау;
Кейбір оқушылар:
болашақта роботты құрастыру жолдарын меңгеру.
| Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
| I.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, сыныпты түгендеу.
1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
Жағымды психологиялық ахуал туғызу.
«Ыстық алақан» тренингі . Топқа бөлу: Родни, Бигвелд, Пайпер аттары жазылған түсті парақшалар арқылы («Роботы» мультфильмінің кейіпкерлері) II. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін «Саңырауқұлақтар жинау» әдісі арқылы пысықтау.
Робототехника сөзін қай жылы ойлап тапты?
«Робототехника» сөзінің негізін қалайтын «робот» сөзін 1920 жылы алғаш болып ойлап тапқан.
Робототехника сөзін ойлап тапқан жазушы?
Карел Чапек
Робот сөзінің мағынасы?
Ол алғашқы ұғымында “жұмысқа шебер адам” мағынасында қолданылды.
Карел Чапек қай елдің жазушы?
Чехиялық жазушы.
Робототехника саласы нешеге бөлінеді?
Өндіріс, Медицина, Білім беру, Зерттеу, Іздеу және құтқару операцияларында, Әскери техника және қауіпсіздік
Өндірістік роботтарға жататындар?
Автоматты манипуляторлар; Құрылғылар қашықтан басқарылатын адамдар.
|
1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
Оқушылар бір –бірімен қол алып амандасады және бір –бірімен жақсы тілектер айтады.
Оқушылар топпен сұрақтарға жауап береді
| ҚБ
«Ауызша мадақтау»
|
| Сабақтың ортасы
| III. Жаңа сабақты түсіндіру.
«Интерактивті «әдіс»
Мұғалім оқушыларға жаңа тақырып бойынша интерактивті тақта арқылы жалпылама мәлімет береді. Оқушылар өз бетімен тақырыпты ашады. Роботтар туралы қысқаша мәліметтер айтып өту.
Адамзаттың жоғарғы жетістіктерінің бірі – роботтардың пайда болуы. Роботтар таяу өткен уақытта ғана фантастикалық шығармалардың кейіпкері ретінде, мысалы, біздің өркениетімізге қауіп төндіретін бөтен тіршілік иелерін жеңе алатын қиялдағы кейіпкер ретінде ғана елестейтін. Робот – тірі ағзалардың қызметін имитациялайтын, программа арқылы басқарылатын және адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған автоматтандырылған құрылғы. Леонардо да Винчи 12 жасында адам тәрізді бірнеше қимыл жасауға мүмкіндігі бар гуманоид автоматының жобасын құрған болатын. 1833 ж.Чарльз Бэббидж аналитикалық машинаны құрастырды. Бұл жобаға қатысқан Ада Ловелас ең бірінші компьютерлік программист болып есептеледі. 1921 ж. – Rossum’s Universal Robots (R.U.R.) – Россумның Әмбебап роботтары пайда болды. Бұл Карел Чапектың чех тіліндегі фантастика туындысы. 1940 ж. А. Азимов робот және оның балаға әсері туралы шағын әңгімелер жазды. А.Азимовтың робототехникаға қосқан маңызды үлесінің бірі «Роботтардың 3 заңы»:
Робот адамды жарақаттай алмайды немесе елемеу арқылы адамның жарақаттануына жол бермейді. Басқаларын қоспағанда, бұйрықтар Бірінші заңға қарама-қайшы келмеген жағдайда, Робот адамның берген барлық бұйрықтарын тыңдауы тиіс. Робот өз өмірін Бірінші және Екінші заңға қарама-қайшы келмеген жағдайда ғана сақтауы тиіс.
1970 ж. Байқоңыр айлағынан Айдың топырағын зерттеу мақсатында ұшырылған Луноход 1. Басқа ғаламшарда және жерсерігінде алғаш рет қашықтықтан басқарылған робот. 2005 ж. IV. Жаңа сабақты бекіту.
№1 тапсырма. «Ой қозғау»
«Конверт-сұрақ» әдісін қолдану
Робот дегеніміз кімдер? Қандай роботтарды білесіздер? Біздің өмірімізге роботтар қажет пе? Роботтардың қандай түрлері болады? Роботтарды не үшін жасайды? Роботтар адам өміріне қаншалықты қажет? Пайдасы мен зияны туралы ойланып көрдіңдер ме?
№2 Тапсырма: Жеке жұмыс
1. learningapps.org сервисімен жұмыс.
https://learningapps.org/display?v=p3ky2gk2321
Сергіту сәті:
| Оқушылар өз бетімен тақырыпты ашады.
|
|
| Сабақтың соңы
| V. Қорытынды:
Кері байланыс
|
|
|
| |
|
|