апталықтың ашылуы. Жаратылыстану леміне химия, биология, география пндеріні апталы жиыныны сценарийі 1Жргізуші
Скачать 24.39 Kb.
|
«Жаратылыстану әлеміне» химия, биология, география пәндерінің апталық жиынының сценарийі 1-Жүргізуші: Мінеки залда тыныштық, Естілмейді дыбыс түк Мұны бізде қоштаймыз, Кешіккендерді тоспаймыз. Жаратылыстану – пәндері, Апталығын бастаймыз! Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің «Жаратылыстану әлеміне» атты пәндік апталығына қош келдіңіздер! Апталықтың мақсаты: -Оқушыларға қазіргі таңдағы ғылымның дамуы және ғылымның өмірмен байланысы туралы мағлұмат бере отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; - Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,ғылыми дүниетанымын қалыптастыру; -Өз Отанының табиғатын қорғай білуге бағыт беру , табиғатты қорғау шараларына белсенді араласу дағыдаларын қалыптастыру және салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Бүгін жаратылыстану апталығында барлық ғылымдардың ішіндегі ең-ең қызық болып табылатын пән иелерінің сахналық қойылымын тамашалайық. 1-Жүргізуші: Ерте-ерте ертеде жаратылыстану патшалығы өмір сүріпті. Патшаның үш ұлы, ай десе ауызы,күн десе көзі бар асқан сұлу қызы болыпты. Ұлдарының біреуі биолог, екіншісі геогроф, үшіншісі химик екен. Бір күні патшаның қызы қатты сырқаттанып қалыпты. Ханшайым:Хан ием қызымыз ауырып қалды, оның ауыруы күннен күнге ушығып барады. Не істейміз? Бір амалын табыңыз. Патша:шақырыңдар тәуіпті. Емші:Хан ием қызыңыздың хәлі өте нашар. Оның жүрегі ауырады, сондықтан жүрек талма ауруына шалдыққан. Ұлдарым арттарыңнан ерген жалғыз қарындастарыңның жағдайын естіп отырсыңдар. Ендеше емін таппайынша елге оралмаңдар. Биолог: Жүрек талма ауруна дермене – асыл шөбі қажет. Оның бойы 50см-ге дейін өсетін жартылай бұталы, көпжылдық өсімдік. Өте улы өсімдік. Әсіресе, гүл жармай тұрғанда жинап алу керек .Дермене жусанның бір түрі. Халық медицинасында оны жүрек талмасы бар науқастарға пайдалану керек. Геогроф:Мен дермене өсімдігінің географиялық орнын анықтадым. Ол Оңт. Қазақстанда, Арыс, Түркістан аймағында жиі өседі. Сол сияқты Азияда, Тәжікстанда көп кездеседі. Тапсақ сол жерден табамыз. Химик:Ия дермене өсімдігінің жапырағында 7% жуық сантонин, 1,5-3% эфир майы болады. Мен бұл өсімдіктен тұнба жасап қарындасымызды емдеп аламыз. Патша:Ұлдарым міне біреуін дермене өсімдігін дәріге жарайтының, екіншін географиялық орның, оның химиялық құрамын анықтап дәрі жасап емдедіңдер. Енді жаратылыстану ғылымының салаларын дамытатын сендерсіңдер. Өздеріңнің білімдеріңді осы аптада көрсете біліңдер және мына барша тұрған балаларды білімге шақырыңдар. 1. География ханзадасы: Қарасaм Қазақстан картасына, Оранған бар байлықтың алқасына Арайлы атамекен – туған жерім, Мен үшін сенің артық, әр тасың да. География бастауысың жер-дүниенің Тереземіз тең бүгін басқа елдермен Үлгі етіп өнегесін бабалардың Ұмытпайық өнеге, өсиетін. 2. Химия ханзадасы: Өмірге әр ғылым керегін ұғыңдар Қараңдар, жараңдар, химиядай ғылым бар Ғылыммен осындай кеңейер білімің Ғылымның зер салып, зерттендер сырың әр Химия айналдым, көп уақыт ойландым Ақыры ұғындым мән-жайын пайданның Химия ырыс қой, түсіңсен пайдасын Қызметі өрлесін маңызын жоймасын Атом-бомба полигон жарғызбасын Жамандыққа қолданып химияны Басымызға азапты салғызбасын. 4. Биология ханзадасы: Көріппе едік тіршіліксіз даланы Дауасы жоқ жазылмайтын жараны Бұған кімдер берер екен жауапты Өз жерінде еңіреткен бала менен Ананы Семей жері жарылыстан тулады, Тұңшықтырып айналаны улады Қасіретінен қайғы шеккен қалың жұрт Мұңын 1- Жүргізуші: Жанды жансыз денелер табиғатта кәдімгі, Қайдан пайда болды деп ойландырған әркімді. Бұл сауалдың жауабын зерттеп тапқан данышпан, Біз білеміз кітаптан ғалым Чарльз Дарвинді. Басталмақшы онкүндік жаратылыстану пәнінен, Қолөнер, сайыс, көрмесітағы басқа сәнімен. Қатысыңдар балалар құлшыныспен ниет қып, Талаптыға нұр жауар оза шапқан бәрінен.- дей келе апталықтың жоспарымен таныстыстыруға бірлестік жетекшісі Жетесова Жанна апайға сөз кезегін берейік. 2-жүргізуші Жаратылыс ғылымы жұмбағы көп әлі де, Білуге оны құштарлық жетелейді әріден. Жаратылыстану саласы: география, химия, Биология ілімі қамтиды соның бәрін де. Ендеше, осы салалар бойынша білімізді тексеріп көрейік. 1)"Газ" сөзінің грек тілінен аудармасы? Хаос 2)Экологиялық таза отын ретінде пайдаланатын, ең жеңіл газ? Сутегі 3)Ащы миндальдің иісі шығатын улы газ? Циан сутегі 4) Өлген балықтаң өткір иісімен, улы, түссіз газ Метан газы 5) Өсімдіктің «жасыл асханасы» деп қай мүшесін айтамыз? Жапырағы 6) Солтүстік Американың күн гүлі қалай аталады? Күнбағыс 7) Күн баласы деп қай өсімдікті айтады? Мақта 8) Ең жылдам тез өсетін өсімдік Бамбук 9) «Өсімдік пионері» деп қай өсімдікті айтады?Қына 10.Түрлі-түсті атауды білдіретін 4 теңізді ата? Қара, Ақ, Сары, Қызыл. 11. Қаңтар өзені деп Оңтүстік Америкадағы қай өзенді айтады? Рио - Жанейро 12. Еуропа астаналарының ішіндегі ең көне қаланың бірі оған 1000жыл болған. Қаланың аты орыс тілінен аударғанда «сауда айлағы» дегенді білдіреді. Копенгаген 13. Бұл көлде аңыз бойынша 1800 кг алтын жасырылған? Оңтүстік Америкадағы көл? Титикака 14.Оның атауы испан тілінен аударғанда «тасбақа» деген атауды білдіреді. Галапагос 1-жүргізуші: Қараша айының 14 мен 18 аралығында болатын «Жаратылыстану әлеміне» апталығына белсене ат салысуларыңызды сұраймыз. Апталықтың ашылуына зейін қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.\ Екеуі бірге: Қош сау болыңыздар!!! Ү.Түктібаев атындағы «№24 ортамектебі»КММ «Жаратылыстану әлеміне...» химия, биология, география пәндері апталығының ашылуы сценарийі 14-18 қараша 2022-2023 оқу жылы |