жартылай өткізгішті резисторлар. Жартылай өткізгішті ресзисторлар. Жартылай ткізгішті резисторлар Орындаан Тлекабыл А
Скачать 0.81 Mb.
|
Жартылай өткізгішті резисторларОрындаған: Тлекқабыл АТексерген: Даутова АҚазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі С.Утебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Индустриялды- технологиялық факультеті Электроэнергетика кафедрасы Атырау - 2020 Жартылай өткізгіш резистор - екі шықпалы жартылай өткізгіш аспап, онда жартылай өткізгіштің электр кедергісінің температураға, жарықтандыруға, кернеуге және басқа параметрлерге тәуелділігі қолданылады. Жартылай өткізгіш резисторларда қоспалармен біркелкі қоспаланған жартылай өткізгіш қолданылады. Қоспалардың түріне байланысты сыртқы әсерге қарсы әртүрлі тәуелділіктерді алуға болады. Жартылай өткізгіш резисторларды алу үшін жартылай өткізгіштер арнайы қоспалармен біркелкі легирленеді. Қоспалардың әртүрлі типтерін және резисторлар конструкцияларының түрлерін қолданудың арқасында сыртқы факторларға тәуелділіктің әртүрлі типтерін алады. Жартылай өткізгіш резисторлардың жіктелуі және шартты белгілері.
Варистор (Varistor, vari (alle) - айнымалы және (rcsi) stor — резистор) — берілген кернеу өзгерісіне сәйкес кедергісі өзгеретін шалаөткізгіш резистор. Осы өзгеріс нәтижесінде оның вольт-амперлік сипаттамасы сызықты болмайды. Конструктивтік жағынан варистор дискілер, моншақтар, үлдірлер түрінде жасалады. Тензорезистор (лат. tensus напряженный n резистор) — өзіне берілетін механикалық күштеуден туындайтын деформация салдарынан өзінің электр кедергісін өзгертетін резистор. Т. материалының негізгі сипаттамасы — тензосезгіштік коэффициенті (к) электр кедергісінің салыстырмалы өзгерісінің салыстырмалы деформация шамасына қатынасы түрінде анықталады. Терморезистор — электр кедергісі температураға байланысты өзгеретін шалаөткізгіш резистор. Терморезистордың температуралық кедергі коэффициенті (ТКК; металдар ТКК-нен ондаған есе артық) айтарлықтай үлкен, механикалық жүктемелерде, әр түрлі ауа райы жағдайында жұмыс істеуге қабілетті, сипаттамалары уақыт бойынша тұрақты, құрылысы қарапайым. Фоторезистор - жұмысы ішкі фотоэффектіге негізделген, жарық әсерінен электрлік кедергісі кеміп, электр өткізгіштігі артатын шалаөткізгіш аспап. Фоторезистордың негізгі бөлігі — шалаөткізгіш материалдың (кадмий және қорғасын сульфиді, кадмий селениді, висмутты-күкіртті және т.б.) жұқа фотосезімтал қабаты. |