Главная страница
Навигация по странице:

  • Келесі оқу жылына қойылатын міндеттер

  • Қорытындылай келе

  • Жас мұғалімдермен жұмыстың жылдық талдауы 2019-2020. Жас малімдермен жмысты жылды есебі 20192020 оу жылында мектеп директорыны 02. 09. 2019 жылы 178 бйрыымен Білімді жас, білікті маман


    Скачать 31.02 Kb.
    НазваниеЖас малімдермен жмысты жылды есебі 20192020 оу жылында мектеп директорыны 02. 09. 2019 жылы 178 бйрыымен Білімді жас, білікті маман
    Дата16.01.2023
    Размер31.02 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖас мұғалімдермен жұмыстың жылдық талдауы 2019-2020.docx
    ТипДокументы
    #889369

    Жас мұғалімдермен жұмыстың жылдық есебі

    2019-2020 оқу жылында мектеп директорының 02.09.2019 жылғы №178 бұйрығымен «Білімді жас, білікті маман» жас маман мектебінің құрамы бекітілді. Құрамға жас мамандар және жас маманға тәлімгер ретінде мектеп директорының 02.09.2019 жылғы № бұйрығымен бекітілген педагогтар енді. «Білімді жас, білікті маман» жас маман мектебінің құрамы:

    • Жетекші-

    • Хатшы-

    • Жас мамандар-Ж.Рысбекова

    И.Даирбекова

    М.Мұратхан

    М.Айтова

    Тәлімгерлер- А.Сырлыбаева

    А.Айтбаева

    Ж.Токпакбаева

    А.Ежебаев
    Қаңтар айында биология пәнінен жас маман А.Ермусина қатарға қосылды. Тәлімгері ретінде пәні мұғалімі С.Аят бекітілді.

    «Жас жалын» жас маман мектебінің жұмыс жоспары құрылды. Жоспарға сай жас мамандар отырыстары өткізілді. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты наурыз және мамыр айы аралығында жас мамандармен жұмыс қашықтықтан жүргізілді. «қашықтан оқыту барысында кері байланыс қалай беруге болады?», «БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын даярлауда нені ескеру керек?» тақырыптарында онлайн тренингтер өткізілді.

    Жас мамандарға арналған мектепішілік байқау сырттай өткізіліп, жеңімпазы Ж.Рысбекова аудандық Педагогикалық дебют 2020 байқауына сырттай қатысып, шығармашыл мұғалім номинациясын иеленді.

    Мектеп психологы жас мамандардан сауалнама алу, сұхбаттасу, эссе жаздыру арқылы қиындықтарын анықтап, психологиялық тренингтер өткізу арқылы көмек қолын созып отырды.

    Тәлімгерлермен бірлесіп, жас маман сабақтарын екі жақты коучинг өткізу арқылы талдадық. Онда бірінші жас маман өзі рефлексия жасап, кейін тәлімгері кері байланыс берді. Ондағы жеткен нәтижеміз жас маман өзінің тәжірибесін жақсарту керек тұстарын өзі ойланып шеше алғандығы.

    Мектепішілік шараларға, аудандық байқауларға жас мамандар биология пәнінің мұғалімі А.Ермусина және қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ж.Рысбекова белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, аудандық шаңғы жарысында А.Ермусина І орынды иеленсе, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Рысбекова А.Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына байланысты өткізілген аудандық байқауда бас жүлдені иеленді.

    Жас мамандарға тәлімгерлер тарапынан дұрыс бағыт-бағдар көрсету нәтижесінде тарих пәнінің мұғалімі Мұратхан Мақсаттың оқушысы аудандық пән олимпиадасында ІІІ орынға ие болды.

    4-оқу тоқсаны қашықтықтан оқытылуына байланысты жұмыс толығымен үйде отырып жүргізілді. Оқу процесі кезінде ешқандай қиындықтар туындамады . Оқушылар сабақтың түсіндірілуін теледидардан көріп отырды , ал күнделікті орындайтын тапсырмаларын пошта жәшігі арқылы жіберіп отырды . Оқушылар орындап жауаптарын күнделікті жіберіп отырды және өздеріне кері байланыс уақытында берілді. Жас мамандарға «Қашықтықтан оқытуды қалай ұйымдастыруға болады?» тақырыбында әдістемелік кеңес өтіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Қорытынды:

    Жас маманға мектеп әкімшілігі мен педагог-тәлімгердің теориялық білімді жүзеге асыру сұрақтарында, кәсіби шеберлігін арттыруға көмек көрсетілді.

    Келесі оқу жылына қойылатын міндеттер:

    • жас педагог құзыреттілігін дамыту мәселелері бойынша зияткерлік және шығармашылық әлеуетін сабақтарында жұмыс істеу.

    • зерттеу және тәжірибелік қолдану тиімді әдістерін бағыттау, оқушылармен жұмыс істеу деңгейі әртүрлі ынталандыру қамтамасыз ету; оқушылардың бүкіл сабақ бойы рефлексия мен өзін-өзі бақылау.

    Тәлімгерлік туралы айтқанда мұндағы басты кейіпкері тәлімгер жайлы сөз қозғамауға болмайды. Жақсы тәлімгер болу үшін ең алдымен жастарды сүйе білу қажет. Нағыз тәлімгер өзінен мықты, өзінен ақылды жанды тәрбиелеуге барын салады. Сондықтан да тәлімгерлікті ең алдымен шығармашылық әрекет ретінде қабылдаған жөн.

    Тәлімгердің міндеті – жас маманға өзін - өзі іске қосудың тетіктерін меңгерту, өз жұмысына рефлексия жасап, баға беруге баулу, тұлғаның жекелік қасиеттерінің дамуына көмектесу болып табылады.

    Ұсыныс: Метеп психологы да жас маманмен көптеген тренингтер өткізсе. Жас маман өзінің сенімсіздігінен, қорқақтығынан арылып, ортада өзін ұстай білуді үйренетін еді

    Тәлімгер жұмысы жандандырылсын.

    Қорытындылай келе, 2019-2020 оқу жылында жас мамандармен жұмыс өз деңгейінде өткізілді. Тәлімгерлер, мектеп әкімшілігі және жалпы әріптестері тарапынан жас мамандарға үнемі қолдау көрсетіліп отырды. Жас мамандардың да ұжымға үйретері көп болды. Әрқайсысы мектеп қоржынына өз үлестерін қосып, жетістіктер кіргізе алды. Дегенмен, жас мамандардың өзара сабаққа қатысу арқылы тәжірибелерін жетілдіруін әлі де жандандыру қажет.


    написать администратору сайта