Главная страница
Навигация по странице:

  • Әдісі

  • ІІ. Негізгі кезең

  • Сайыс бөлімі.

  • 2. Сұрақ – жауап бөлімі

  • дебат. Жастар діні экстремизм мен терроризмге қарсы. Жастар діни экстремизм жне терроризмге арсы дебат Жауапты Э. К. Алуакасова 20212022 оу жылы Таырыбы Жастар діни экстремизм жне терроризмге арсы


    Скачать 20.24 Kb.
    НазваниеЖастар діни экстремизм жне терроризмге арсы дебат Жауапты Э. К. Алуакасова 20212022 оу жылы Таырыбы Жастар діни экстремизм жне терроризмге арсы
    Анкордебат
    Дата30.08.2022
    Размер20.24 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖастар діні экстремизм мен терроризмге қарсы.docx
    ТипДокументы
    #656270

    Балқаш қаласы білім бөлімінің «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ

    «Жастар діни экстремизм және терроризмге қарсы»

    /дебат/

    Жауапты: Э.К.Алуакасова

    2021-2022 оқу жылы

    Тақырыбы: «Жастар діни экстремизм және терроризмге қарсы»

    Мақсаты:

    • Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу;

    • Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, оқушыларға ой салу;

    • Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

    Әдісі: Дебат

    Көрнекілігі: Теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы деректер, Презентация.

    Барысы

    І. Ұйымдастыру кезеңі

    Жүргізуші: Салеметсіздерме құрметті тәрбиешілер, оқушылар. Діни сауаттылықты арттыру мақсатында өткізіліп жатқан «Жастар діні эктермизм мен терроризмге қарсы» атты дебатқа қош келдіңіздер!

    Халқымыз жан-жақты адамды «сегіз қырлы бір сырлы»,-дейді. Адамның сегіз қырының бірі-оның ақылы, имандылығы. Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болады, жаман мен жақсыны айыра біледі.

    Соңғы кездері экстремисттер бейбітсүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.

    Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты.
    ІІ. Негізгі кезең

    Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына құю-бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті.

    Ендеше ойын шартымен және ойынға қатысушылармен таныстырып өтейін.

    1. Сайыс бөлімі. Ойында екі ақтаушы және жақтаушы, команда ойнайды. Форматтың басқа форматтардан негізігі айырмашылығы-бастапқы екі спикерге сөздерінен соң қарама-қарсы командадан сұрақ қойылады.Аналитиктер сұрақтардан бос.Әр командада қарсыластың сөздерінен соң дайындалуға 8 минут уақыт болады. Олар сол 8 минутты раундтардың арасына рационалды бөлуі тиіс. Осы артықшылығы үшін бұл формат жаңа дебатерларға өте ыңғайлы болып саналады.

    1 ойыншы - Девиниция, қалыптасқан жағдай, құндылықты таныстыру. Аргументтерді жариялау. 6 минут.

    1 ойыншыға оппозицияның 3 мүшесінен сұрақ қойылады. 3 минут.

    2 ойыншы - Девинициялармен келісу немесе келіспеуі. Ребатл, аргументтерге қарсы пікір және өзінің аргументтерін енгізу. 6 минут.

    2 ойыншыға үкіметтің үш мүшесінен сұрақ қойылады. 3 минут.

    3 ойыншы - Өз аргументтерін жақтау және қарсыластың аргументтеріне қарсы ребатл жасау. 5 минут.

    3 ойыншыға оппозицияның 1 спикерінен сұрақтар қойылады. 3 минут.

    4 ойыншы- Өз аргументтерін жақтау және қарсылас аргументтеріне қарсы ребатл. 5 минут.

    4 ойыншыға үкіметтің 1 спикерінен сұрақ қойылады. 3 минут.

    2. Сұрақ – жауап бөлімі

    Экстремизм, терроризм сөзін естігенде еске не түседі. (Оқушылар жауабы)

    1. Дебатта талқылаған мәселелер бойынша оқушылардың діни сауаттылығы қаншалықты жоғары?

    2. Бейнероликте көргендей теріс ағым жолдарынан сақтау үшін жас ұрпақ бойына терең білім беру үшін басқада қандай көмек бере аламыз?

    3. Көп жағдайда терроризм жолын қандай адамдар таңдайды?


    Қорытынды

    Бүгінгі «Діни экстремизм және терроризмге қарсы» атты дебатымызды аяқтаймыз. Қатысып, пікірлеріңді ортаға салғандарыңа рахмет!


    написать администратору сайта