Главная страница
Навигация по странице:

  • Сұрақтарға жауап беріңіз

  • Әке көрген – оқ жонар

  • Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз

  • Оқушылардың мектепішілік олимпиадасы 8-сынып (Қазақ тілі мен әдебиеті) 1- тапсырма

  • 2- тапсырма а) Метонимия. Көркем шығармадан мысал келтіріңіз.ә) Айтыс – жыр барымтасы.3-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

  • 4- тапсырма Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз

  • 8 сынып олимпиада. 8 сынып мектепішілік олимпиада тапсырмасы. Жауаптарды баалау тртібі


    Скачать 21.46 Kb.
    НазваниеЖауаптарды баалау тртібі
    Анкор8 сынып олимпиада
    Дата26.10.2021
    Размер21.46 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла8 сынып мектепішілік олимпиада тапсырмасы.docx
    ТипДокументы
    #256761

    Оқушылардың мектепішілік олимпиадасы

    8-сынып

    (Қазақ тілі мен әдебиеті)
    Жауаптарды бағалау тәртібі:

    Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 10 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:

    9-10 ұпай – жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады;

    7-8 ұпай – сұраққа толық жауап берілді, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;

    5-6 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;

    3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті;

    1-2 ұпай – сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.

    Бірінші турдан оқушының жинайтын ең жоғарғы балы – 50.




    Пән атауы

    Мазмұны

    1.

    Қазақ әдебиеті

    Бауырым, қанша сүйгенмен,

    Өтеді өмір күйбеңмен.

    Шындыққа бас тік алаулап,

    Пенделіктен бол аулақ.
    Өлең авторы, оның ой-толғаныстары туралы

    не білесің?


    2.

    Қазақ әдебиеті

    а) Метонимия. Көркем шығармадан мысал келтіріңіз.

    ә) Айтыс – жыр барымтасы.

    3.

    Қазақ тілі

    Сұрақтарға жауап беріңіз (әрбір дұрыс жауап үшін 2 ұпай беріледі):

    1. Аралас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

    а) Шеге тағаны сақтайды, таға тұлпарды сақтайды.

    ә) Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.

    б) Боран таң ата ашылып, жел тынды да, маужыраған әдемі күн басталды.

    в) Асқар, Сәбит ашуланып кетті де, қайта келмеске бекінді, ештеңеге келіспеді.

    г) Елге аман жетіп, хатты тапсырса игі еді.
    2. Сабақтас құрмаласқа байланысты қойылып тұрған үтірді көрсетіңіз.

    а) Ержан, Мұрат, Гүлнәр өзен бойына таңертең келіп еді.

    ә) -Қарағым, қалада кімнің үйінде тұрып жатырсың?

    б) Батыр бол, балаларым, бәрің дағы, тап берген дұшпан иттің сынсын сағы.

    в) Абай әкесі кеткелі, үйден шыққан жоқ.

    г) Абай ұрпақтары Семейде, Алматыда тұрады.
    3. Бастауыш болып тұрған қай сөз табы екенін анықтаңыз.

    Әке көрген – оқ жонар,

    Ана көрген – тон пішер.

    Зат есім; Одағай; Тұйық етістік; Есімше.
    4. Оқшау сөзді табыңыз.

    Өлеңім, шарла, ауылды.

    Тыңда, дала, Жамбылды! (Ж.Ж.)

    а) Өлеңім, дала

    ә) Өлеңім, шарла

    б) Тыңда, дала

    в) Жамбылды, тыңда

    г) Ауылды, дала
    5. Құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндап, солардың тек біреуі ғана жүзеге асатынын білдіретін салалас түрін көрсетіңіз.

    Ыңғайлас; Қарсылықты; Себеп-салдар; Кезектес; Талғаулы.


    4.

    Қазақ тілі

    Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз (дұрыс талдаған талапкерге 10 ұпай, әр қате үшін бір ұпайдан шегеріледі):

    Дүниеде тәуелсіздікті,бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да жоқ, халық та жоқ. Сол жолдағытынымсыз күрес те тоқтап көрген емес. Әлі жеткен кезде жеңді. Әлі жетпегенде жеңілді. Оған бола өткен ұрпақтарға өкпелей алмаймыз. Олардың әрдайым жеңіске жете бергенімен, бүгінге дейін үзбе келе жатқан өзекті күресі болмаса, бүгін де жеңіске жете алар, жете алмасымыз – неғайбыл нәрсе.

    5.

    Тіл мәдениеті

    Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы оқу-білім тақырыбы



    Оқушылардың мектепішілік олимпиадасы

    8-сынып

    (Қазақ тілі мен әдебиеті)

    1- тапсырма
    Бауырым, қанша сүйгенмен,

    Өтеді өмір күйбеңмен.

    Шындыққа бас тік алаулап,

    Пенделіктен бол аулақ.
    Өлең авторы, оның ой-толғаныстары туралы не білесің?
    2- тапсырма
    а) Метонимия. Көркем шығармадан мысал келтіріңіз.

    ә) Айтыс – жыр барымтасы.

    3-тапсырма
    Сұрақтарға жауап беріңіз (әрбір дұрыс жауап үшін 2 ұпай беріледі):

    1. Аралас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

    а) Шеге тағаны сақтайды, таға тұлпарды сақтайды.

    ә) Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.

    б) Боран таң ата ашылып, жел тынды да, маужыраған әдемі күн басталды.

    в) Асқар, Сәбит ашуланып кетті де, қайта келмеске бекінді, ештеңеге келіспеді.

    г) Елге аман жетіп, хатты тапсырса игі еді.
    2. Сабақтас құрмаласқа байланысты қойылып тұрған үтірді көрсетіңіз.

    а) Ержан, Мұрат, Гүлнәр өзен бойына таңертең келіп еді.

    ә) -Қарағым, қалада кімнің үйінде тұрып жатырсың?

    б) Батыр бол, балаларым, бәрің дағы, тап берген дұшпан иттің сынсын сағы.

    в) Абай әкесі кеткелі, үйден шыққан жоқ.

    г) Абай ұрпақтары Семейде, Алматыда тұрады.
    3. Бастауыш болып тұрған қай сөз табы екенін анықтаңыз.

    Әке көрген – оқ жонар,

    Ана көрген – тон пішер.

    Зат есім; Одағай; Тұйық етістік; Есімше.
    4. Оқшау сөзді табыңыз.

    Өлеңім, шарла, ауылды.

    Тыңда, дала, Жамбылды! (Ж.Ж.)

    а) Өлеңім, дала

    ә) Өлеңім, шарла

    б) Тыңда, дала

    в) Жамбылды, тыңда

    г) Ауылды, дала
    5. Құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндап, солардың тек біреуі ғана жүзеге асатынын білдіретін салалас түрін көрсетіңіз.

    1. Ыңғалас; 2. Қарсылықты; 3.Себеп-салдар; 4.Кезектес; 5.Талғаулы.

    4- тапсырма

    Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз (дұрыс талдаған талапкерге 10 ұпай, әр қате үшін бір ұпайдан шегеріледі):
    Дүниеде тәуелсіздікті,бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да жоқ, халық та жоқ. Сол жолдағытынымсыз күрес те тоқтап көрген емес. Әлі жеткен кезде жеңді. Әлі жетпегенде жеңілді. Оған бола өткен ұрпақтарға өкпелей алмаймыз. Олардың әрдайым жеңіске жете бергенімен, бүгінге дейін үзбе келе жатқан өзекті күресі болмаса, бүгін де жеңіске жете алар, жете алмасымыз – неғайбыл нәрсе.
    5- тапсырма

    Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы оқу-білім тақырыбы


    написать администратору сайта