Главная страница
Навигация по странице:

  • Стендап

  • Хромакей

  • Петличка

  • Интершум

  • Монтаж

  • Кірпіш

  • Хрип ушка

  • СН Х

  • СЮЖЕТ

  • глоссарий. глоссарий 2 сабақ. Журналист білуі тиіс терминдер Репортаж


    Скачать 21.15 Kb.
    НазваниеЖурналист білуі тиіс терминдер Репортаж
    Анкорглоссарий
    Дата02.12.2021
    Размер21.15 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаглоссарий 2 сабақ.docx
    ТипИнтервью
    #288891

    Журналист білуі тиіс терминдер
    Репортаж -(reportage француз тілінен ауд. Хабарлау дегенді білдіреді) – тележурналистиканың маңызды және заманәуи жанрларының бірі, журналистің оқиға орнынан беретін дәйекті ақпараты.
    Стендап сөзі ағылшын тілінен аударғанда «standup» – тік тұру деген мағына береді, кадрдегі журналист сөзі деп айтсақ та болады
    Синхрон (журналистика) – сюжеттегі небәрі 20 секундқа созылатын сұхбат түрі. Біреудің тілшіге берген сұхбаты, яғни камераға қарап тұрып сөйлеген сөзі. Бейне мен дыбыс үйлесетіндіктен (еріннің қозғалысы), «синхрон» деген ресми техникалық анықтама берілген. Репортаж мәтінінде СНХ деп қысқартылып жазылады.
    Интервью— көсемсөз жанры, журналистің бір не бірнеше адаммен қандай да бір өзекті мәселе төңірегінде сұхбат жүргізуі. Интервью барысында белгілі бір оқиғаның, құбылыстың мән-мазмұны маман әңгімелесушінің түсіндіруі, айтуы бойынша терең ашылады. Интервью жанры, негізінен, хабарламалы интервью және түсіңдірмелі интервью болып екіге бөлінеді.

    Брифингсұхбат берушілердің ұсынымен, жұртқа қажетті нәрсені түсіндіріп қою ниетімен өткізіледі. Баспасөз мәслихатында көптеген бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдері қатысуымен бір сала немесе әлденеше маманмен қатар сұхбат жүргізіледі. Журналистер кезекпен сұрау қойып, сұхбаттаушыпар оған жауап береді. Дөңгелек үстел басындағы әңгімеде нақты бір проблемамен айналысатын мамандар шақырылып, оларға қатар сұрақтар қойылады да, жауаптары тыңдалады.

    Хромакей (chroma key)

    Жөңкілген бұлттар арасынан ауа-райын айтып тұратын сұлуларды күнде дерлік көреміз. Немесе бағзы замандардағы майдан даласынан "тікелей репортаж" көрсетіп жатады. Бұл қалайша мүмкін болады?
    Ендеше бұған "хромакей" атты технология жауапты. Студияның қабырғалары біртүсті матамен қапталады (көбіне жасыл немесе көк). Жүргізуші немесе кино кейіпкері осы студияда түсіріледі. Кейін арнайы бағдарламалар арқылы біртүсті матамен қапталған қабырғалар - қажетті видеокадрлармен ауыстырылады. Төмендегі видео сөзімізді дәлірек жеткізетін болар:

    Суфлер(гр. souffleur, souffler– үрлеу) – алдын ала салыстырылған пьеса мәтіні арқылы спектакль немесе репетиция барысын бақылайтын әрі қажетті жағдайда актердің ұмытып қалған сөзін есіне салып отыратын театрқызметкері. Ол көрермендер көзінен тасалау, арнайы жасалған орында отырады. 20 ғасырдың басына дейінгі театрларда (әсіресе, провинцияларда) көбіне коммерциялық мақсатты көздегендіктен, спектакль қысқа мерзімде, асығыс дайындалды. Осыған байланысты әрбір спектакль суфлер көмегімен жүргізілді. Суфлер 1920 – 1930 жылдардағы қазақ театрында да бой көрсетті. Қазіргі заманғы театр қойылымдарында суфлерлік қызмет пайдаланылмайды. Есесіне телеарнаға электронды Суфлер 1995-1996 жылдары келді

    Петличка-ілінбелі микрофон.

    Анонс- кез-кел хабардың қысқаша аңдатпасы.

    Вода- сылдыр су мәтін. Деректер қоры аз болғанда, мәтінді толықтыру үшін жазылатын құр сөз.

    Интершум- дыбысты көрініс...

    КСМ-ВОЙС-Наговор- кадр сыртындағы мәтін

    Лайф- сюжет түрі, көбіне көп журналистің қатысуынсыз оқиғаның өзі көрсетіледі.

    Монтаж- түсірілген келген кадрларды құрастыру,

    Пресс релиз - баспасөз маслихатына арнап жазылады. Ең бастысы тақырып. Мәлімет көрсеткіштері болуы тиіс. 

    Рыба- каркас материала.

    Утка- өтірік әзіл ақпарат

    Шпигель- жаңалықтар алдында берілетін қысқаша анонс

    Шапка- бағдарламаның басындағы әрлеуі

    Кірпіш- көлемі жағынан үлкен мақала.

    Папарацци

    План- бейнекадрдың орналасуы, жалпы план, крупный план,средний план

    Простыня - очень длинный план.

    Фрилансер - Журналист, не состоящий на официальной зарплате издания, не в штате.

    Хрипушка - аудиозапись, сделанная по телефону

    КСМ – кадр сыртындағы мәтін: кіріспеден (жүргізуші кадрде) басталады, сценарийдегі ВХОД деген

    сөзден режиссер видеоны қосады, жүргізуші енді көрінбейді, бірақ дауысы естіле береді – ол

    мәтінді соңына дейін оқиды. Сценарийдегі ВЫХОД деген сөзде видео аяқталып, жүргізуші қайтадан

    көрінеді немесе спикердің пікірі беріледі.

    СН Х – синхрон, сұхбат алынып отырған адамның қойылған сұраққа берілген жауабы жазылған

    видео.

    БОБСЛЕЙ – бір сұраққа бірнеше адамнан жауап алу.

    ХРИП – сауал қойылған адамның телефон арқылы жазып алынған жауабы. Онымен бір мезгілде

    видео, фотосурет немесе инфографика көрсетілуі мүмкін.

    СЮЖЕТ – толықтай түсірілген, монтаждалған тілші материалы, оқиғаның баяны. Диктор сюжеттің

    кіріспесін оқиды.

    ТИТР – кадрдегі мәтін, оның көмегімен көрерменге кім сөйлеп тұрғанын (мысалы, Ерлан Сағадиев,

    Білім және ғылым министрі), оқиға қайда болып жатқанын (геотитр: Астана, Петропавл, Оңтүстік

    Қазақстан облысы) түсіндіреміз.


    написать администратору сайта