Главная страница
Навигация по странице:

  • Зерттеу жұмысының өзектілігі.

  • Тақырыптың мақсаты мен міндеттері

  • Тақырыптың тарихнамасы

  • І. Негізгі бөлім Маржанның ақындық әлемі

  • 1.2 Шығармашылық мұрасы.

  • ІІ. Мағжанның өлеңдері 2.1.

  • 2.2. Қазақ поэзиясындағы жаңалық

  • Қорытынды

  • Пайдаланған әдебиеттер

  • Мағжан Жумабаев ғылыми жұмыс. Кіріспе Зерттеу жмысыны сипаты


    Скачать 41.7 Kb.
    НазваниеКіріспе Зерттеу жмысыны сипаты
    Дата03.05.2023
    Размер41.7 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМағжан Жумабаев ғылыми жұмыс.docx
    ТипДокументы
    #1104663

    Кіріспе
    Зерттеу жұмысының сипаты. Зерттеу жұмысы қазақ әдебиетіндегі Мағжан ақынның шығармалырының орны, ерекшелігі жайлы талдау жасау болып табылады.

    Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізуі тарихымыздағы және ұлттық рухани құндылықтардың қайта жаңғыруына жол ашты. Ұлттық рухани құндылықтар төл тарихымыздың ажырамас бөлігі болып табылады. Көрнекті өкілдердің өмірін, шығармаларын жаңаша түрде зерттеп, екшелеп алу біздің еншімізде.

    Демек, біз, тәуелсіз қазақ мемлекеттілігі жағдайында ұлттық санамызды жаңғыртып, тарихи танымның көкжиегін кеңейту үшін «тар жол тайғақ кешуден» өткен халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын жаңаша көзқараспен жазуға міндеттіміз.

    Осыған орай, Отан тарихында әлі де үстірт қарастырылған немесе мүлдем зерттелмей, тарихи тұрғыдан шынайы өз бағасын ала алмаған мәселелер аз емес. Соның бірі – қазақ әдебиетінде түрлі талқыға түсіп, әдебиеттанушылардың әр түрлі пікірде қалыптасқан Мағжан сынды жарық жұлдызымыздың төл туындылыры болып табылады.

    Сөз өнері арқылы рухани мол мұра қалдырған М. Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын зерттеу, зерделеу, бүгінгі күн тұрғысынан баға беру қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
    Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Ақынның өмір жайлы тұжырымдарын жаңа көзқарас тұрғысынан қорытып, бұрын әдебиетімізде белгісіз болып келген немесе тың деректерге сүйеніп тарихи шындық тұрғысынан зерттеу -зертеу жұмысының басты мақсаты. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:

    -Поэзия жанрының әдебиетте көрініс табуы

    - Әдебиеттегі орны

    - Көркем шығармаларға талдау жасау

    - Ақын-жазушылардың еңбектерін ғылыми тұрғыда зерделеу

    - шетелдік және отандық зерттеулерді жинақтау және олардың ғылыми деректік маңызына дәйектілікпен қарау.

    Тақырыптың тарихнамасы: Қай елдің тарихында да халыққа сіңірген еңбегі мен көрсеткен қызметі көп жылдардан соң бағаланып, танылатын тарихи тұлғалар болады. Тағдыры тарих тәлкесіне тап болып, туған халқымен жарты ғасырдан соң қайта мәңгілік табысқан сондай тұлға- Мағжан Жұмабаев. Осылайша, туған халқын жан-тәнімен сүйгендігі үшін, қазақ халқын барынша сөздің құдіретімен айта алғаны үшін жазықсыздан-жазықсыз жазаланған ақын жүрегі өзіне- өзі өлеңнен ескерткіш орнатты. Қазақтың біртуар ақын ұлы халқымен қайтадан қауышты...

    Дара ақынның жырларын оқып, кейінгі ұрпақ санасына дарыту мен сияқты талай жастың арманы арманына айналды.
    Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – М. Жұмабаевтың шығармаларын талдау
    Зерттеу жұмысының осы мақсатынан туындайтын мынадай негізгі міндеттер жүйелі түрде қарастырылады:
    • Ақын шығармашылығын жүйелеу, саралау;
    • Мағжан поэзиясының көркемдік қуатын анықтау;
    Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Зерттеу барысында артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармаларына талдау жасалынған.


    І. Негізгі бөлім

      1. Маржанның ақындық әлемі

    Қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз атылған тұлғалардың бірі – Мағжан Жұмабаев. Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер ақынның тағдыры аса күрделі белестерді бастан кешірді.
    Мағжан жазған әрбір жыр өзінің алдындағы ақындардан бастау алады. «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Бұдан соң Мағжанды сүйемін. ... Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бойұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі»,-деген Мұхтар Әуезов. Ұлы жазушының осы бір сөзінен-ақ біз Мағжан ақынның жырының қандай деңгейде жазылғанын байқаймыз. Қазақтың ұлы ақыны Абайды оқып, еліктеп, Абайша жазған дарынды тұлға өлеңдері қазіргі кезде өз оқырманын тапты.

    Мағжан – ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады.

    Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз,- деген Жүсіпбек Аймауытов

    Алғашқы өлеңдерінің бірін "Алтын хакім Абайға" деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет тұтқаны сезіледі. Егер зерттеу жұмыстарына қарасақ, бұл өлең Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» деп аталатын еңбегі шықпай тұрып жазылған. Біз бұл өлеңнен ақынның терең ойлы екенін тани аламыз. Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әр түрлі келеңсіз мінез-құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырады. Мағжанның ағартушылық сарындағы өлеңдерінің арасында ел мен жер тағдырына алаңдаушылық жатады. Ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты. Қолында дәулеті бар деген бай-болыстар да, азын-аулақ оқыған төрелер де өз басының қамын ойлаумен жүр. Оқудағы шәкірттерге де дұрыс білім берілмейді. Халықтың жайына алаңдайтын ешкім жоқ. Міне,Мағжанның өкініші–осылар.

    1.2 Шығармашылық мұрасы.
    Мағжанның шығармашылық жолы Қызылжар қаласында оқып жүргенде басталады. Бойында әдебиетке деген құштарлықтың ұшқыны бар жас Мағжанның жүрегіне 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы орасан зор әсерін тигізеді. Абайдың жыры талапкер ақын жүрегіндегі ұшқынға алау береді Алғашқы жырларын жазады. Татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласында Мағжанның "Шолпан" деп аталатын тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көреді. 1922 жылы Қазанда ақынның таңдамалы өлеңдер жинағы кітап болып шығады.
    Мағжан – лирикалық өлеңдермен қатар бірнеше көркем поэмалар жазған ақын. Атап айтқанда, "Қойлыбайдың қобызы", "Батыр Баян", "Қорқыт", т. б. поэмалары ақын талантының ерекше қырын танытады.
    Әдеби шығармаларымен бірге Мағжанның қаламынан туған ғылыми еңбектер, оқу құралдары да кезінде халқының қызметіне жарап, елеулі мәнге ие болды. Жастарды оқу, білімге шақырған қаламгер педагогика саласында бірқатар еңбек жазды. 1923 жылы Ташкентте "Педагогика" атты кітап шығарды. Сонымен бірге 1928 жылы Мәскеуде төменгі сынып шәкірттеріне арналған "Сауатты бол" атты оқулығы жарық көреді.
    1938 жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын оқуға, жариялауға тыйым салынды. Тек еліміз тәуелсіздік алар тұстағы арнайы үкімет шешімі арқылы ғана ақынның есімі мен шығармашылық мұрасы толық ақталды. 1989 жылы ақын шығармаларының бір томдығы, 1995 жылы үш томдық жинағы жарық көрді.

    ІІ. Мағжанның өлеңдері

    2.1. Мағжанның ағартушылық сарындағы өлеңдері
    Мағжан Жұмабаевтың алғашқы өлеңдері ағартушылық сарында жазылды. Ол түсінікті еді. Мағжан өмір сүрген уақыт қаншалықты күрделі саяси, қоғамдық тақырыптарды алға тартқанымен, оның алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлар бастап кеткен ағартушылық ой - пиғыл бұл кезең әдебиетінде басымдау жатты. Мағжан да Абай дәстүрінде жыр жазды, ұлы ұстаз үлгісін жалғастырды. Алғашқы өлеңдерінің бірін "Алтын хакім Абайға" деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет тұтқаны сезіледі. Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әр түрлі келеңсіз мінез - құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырады. "Жазғы таң", "Өнер - білім қайтсе табылар", Қазағым", «Қарағым» т. б. өлеңдерінде ақын осы тақырыпты көтереді. Мағжанның ағартушылық сарындағы өлеңдерінің арасында ел мен жер тағдырына алаңдаушылық жатады. Ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты. Ол:
    Басқа жұрт аспан - көкке асып жатыр,
    Кілтін өнер - білім ашып жатыр,–
    дей келіп, қазақ арасында мұндай ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өзегі өртенеді. Қолында дәулеті бар деген бай - болыстар да, азын - аулақ оқыған төрелер де өз басының қамын ойлаумен жүр. Халықтың жайына алаңдайтын ешкім жоқ. Оқудағы шәкірттерге де дұрыс білім берілмейді. Қыз балалар малға сатылуда. Өзара дау - жанжал, айтыс - тартыс көп. Міне, Мағжанның өкініші – осылар.

    Мағжан поэзиясының құдіреттілігі сол – ол оқырмандарына көтеріңкі көңіл – күй, бойға рух, жанға жігер береді. Өлеңдерінің құдіреттілігі сол – жастардың қанындағы ұлттық рухты күшейтеді, отаншылдық сезімін арттырады. Оларды батырлыққа тәрбиелейді. Мағжан өлеңдері жастарды елін, жерін сүюге тәрбиелейді. Мұның бәрі Мағжан тума дарын екендігін аңғартса, екіншіден өзіне дейінгі ақындардан оқу-үйрену нәтижесінде жеткен. Ол тек қана қоғамдық саяси ойлар айтумен шектеліп қалмаған, қазақ әдебиетін бүкіл ел танитын әлемдік дәрежеге шығаруды да мақсат еткен. Ақынның ол арманы өз өлеңдері арқылы орындалды.
    Дегенмен, Мағжанның ойлары мұнымен шектелмейді. Бір ұлттың өз халқының мүддесін ойлаумен ғана қалып қоймайды. Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттар бұдан әлдеқайда биік. Туған халқы туралы айтқанда, оның кешегі өткен жолын еске алады, оны бүгінгі жағдайымен салыстырады. Не себепті ақын жалпы түріктік идея көтереді? Түркі тектес халықтардың бәрінің болашағынан үміт күтеді, жалпы Шығысты пір тұтады. Бұл қатарда ақынның «Қарағым» , "Пайғамбар", "Күншығыс", "Түркістан", От" тәрізді бірсыпыра өлеңдерінде түптің түбінде жақсылық атаулының бәрі де Шығыстан келмек, Батыстан торлаған қою қара бұлтты Шығыстың жарық сәулесі ғана жоймақ. Бұл өлеңдерінде ақынның туған жерге, өз топырағына, Шығысына деген ғажайып сүйіспеншілігі, перзенттік патриотизмі айқын көрінеді. Мағжан өз халқының бойындағы биік рухқа сенген, армандаған азаттыққа жеткізеді, әлемдік өркениет көшінің алдыңғы легіне қайта қосылуға болады деп үміттенген. Мағжан ақынның кез- келген өлеңдерінен оның қазақ халқына, жалпы түркі жұртына деген асқан сүйіспеншілігі байқалып тұрады.
    «От» өлеңінде өршіл ақынды ұлтымыздың, ел-жұртымыздың тағдыры, болашағы, өткені қатты толғандырады. Өлең тақырыбы – қазақ халқын ояту.
    Өлең мақсаты сол үмітті, сол тілекті өз халқына жеткізу.
    «Күннен туған баламын,
    Жарқыраймын, жанамын.
    Күнге ғана бағынам.
    Өзім-күнмін, өзім – от»,- дей келе Мағжан Жұмабаев қазақ халқы алдына үлкен міндет қойып отыр. Мағжан Жұмабаев, ең алдымен, ақын. Ақынды алғашқы өлеңдерінен бастап, соңғы демі үзілгенше туған халқының, бүкіл түркі жұртының, Шығыс мәдениетінің, жалпыадамзаттың тағдыры толғандырады. Ес білгеннен көкжиекке дейін керілген кең байтақ даланы тамашалап, еркін өскен, елінің өткен даңқты тарихы мен ертегі-аңыздарын құлағына құйып ер жеткен Мағжан бойында әуелгіде, өршіл ұлттық рух кемерінен асып төгіледі:

    Күннен туған баламын,

    Жарқыраймын, жанамын,

    Күнге ғана бағынам.

    Өзім-күнмін, өзім-от,

    Сөзім, қысық көзім де –от,

    Өзіме өзім табынам.

    Жерде жалғыз Тәңірі –от,

    Оттан басқа Тәңірі жоқ.

    Ақынның «от» деп отырғанын біз қалай түсінеміз. Оттың қазақ халқы үшін қандай маңызы бар. Мағжан бұл тақырыпты не себепті өлеңіне арқау етті? Сұрақ көп, жауап аз. Халқымыздың санасын ояту ма, рухын көтеру ме, елдігімізді дәріптеу ме екен?! Кім білсін?!

    Ертедегі түріктер арасында әр түрлі діндер таралған, олардың ішінде ең әйгілілері- отқа табыну. Византия тарихшысы Менандртүрік қағаны Дизабұлға елші Земархтың келуін сипаттай келіп, былай деп жазады: «Түріктердің осы тайпасының ішінен кесел біткенді аластай аламыз деп өзіне-өзі сенетін біраз адам Земархқа келді де, римдіктердің өздерімен бірге ала келген заттарын бір жерге үйді, одан соң ливан ағаштарының бұтақтарын лаулатып жағып, скиф тілінде әлдебір тағылық сөздер айтып сыбырлап, дабылдарын ұрғылап, үйіліп жатқан заттарға қайта-қайта төнді. Шытырлап жанып жатқан бір бұтақты ортаға әкеліп, құтырына айғайлап, кәрін төгіп, ойнақтаған жын-шайтанды қуғандай болды. Жұрт бұл адамдарға жын-шайтанды аластап, бізді кесел- пәледен құтқарады деп сенеді; өздерінше барлық кеселді аластадық деп сенген олар Земархтың өзін осы оттан өткізіп, өзімізден де пәле-жаланы аластадық деп сенгендей болды. Баба-Ата қаласы жұртының қамалын қазып- аршыған кезде сарай кешенінің ең басты залында, жердің қалың қабатына қарағанда, отқа байланысты діни ғұрып өткізілген. Отырар алқабындағы Көк-Мардан қаласының орнынан VI—VII ғасырлар қабатынан от жағу үшін тақыт орнатылып, қошқармүйіз түрінде жапсырмасы бар қуыс жасалған ғибадатхана қазылып алынды.

    Шоқан Уәлихановтың көп томдық шығармалар жинағының бірінші томына кірген бұл мақаласында от туралы, отқа май құюға арналған дерекке назар аударайық.
    От – әулие  (киелі)  болып саналады. Отқа түкіруге, ошақты басуға болмайды. Жаңа түскен келін  (күйеуінің)  әкесінің үйіне кіріп, сәлем жасап, «аруақ» разы болсын» деп тағзым етіп, отқа бір қасық май құю керек. Жас келін сәлем еткенде, аруақ разы болсын деп, тізе бүгіп, еңкейіп, маңдайын еденге тигізеді. Отқа тамызған май жанып жатқанда, жас келіннің енесі немесе әйелдердің бірі алақанын отқа қыздырып, келіннің бетін сипайды. Үлкен үйдің отының құрметіне деп, қалыңдық атасының иығына шапан жабады, отағасы жас келінді: «иін қандырып илеген терідей, мінезің жұмсақ болсын, қарағым», -деп бата беріп, тулаққа, қой терісіне отырғызады.

    2.2. Қазақ поэзиясындағы жаңалық

    Өлеңде дыбыстық жағынан үйлестіру қазақ поэзиясында Мағжан әкелген жаңалық.  Мағжан өлеңдеріндегі көп жаңалықтардың бірі. Ерте күнде отты Күннен Гун туған, Отты Гунмен От боп ойнап, мен туғам, -дейді Мағжан.  Өлеңде қазақ өлеңдерінде бұрын-соңды кездеспеген сипат. Қорыта айтқанда, символизм, қазақ поэзиясына аз жаңалық әкелген жоқ. Символизм - поэзияның бір бұтағы ғана. Осы реализм Мағжан Жұмабаевтың әдебиетімізге әкелген тағы бір жаңалықтарының бірі. Батыс әдебиетіндегі көптеген орыс ақындарының қалам тартқан тақырыбы. Ол А.Блоктың, С.Есениннің тағы басқа символшыл ақындардың өлеңдеріндегі жаңа лепті ұстанды. Осындай сыршылдығы, дарындылығы арқасындағы Мағжан өз қатарластарынын оқ бойы озық тұрды. Мағжан өлеңіндегі от сөзі, отқа өзін теңеуі, сөзінің де от, өзінің де от екенін оның рухты ақын екендігін айғақтап тұр. Бойындағы жігері, қайнап жатқан қаны, бұлқынысы- бәрі де «От» өлеңінің мәні, мағынасы. Кейбір ақындар заманның ағымына қарай жазып жатқанда, түсініксіз от, түрікшілдікті қозғаған ақынның өмірі, әрине қиындық туғызды. Қиындық туғызып қана қойған жоқ, сонымен қатар, өлім жазасына кесілді. Ақын жаны елі үшін құрбан болды. Заман өте келе, қарайған ағарды, әділдіктің ақ туы аспанға көтерілді. Ақ түйенің қарны жарылды. Түрікті, түрік дүниесін сүйгені үшін кете барған ақын мұрасы қайта жаңғырды.

    Ақынның «От» өлеңіне талдау жасасақ: Күннен туған баламын,

    Жарқыраймын, жанамын,

    Күнге ғана бағынам.

    Өзім-күнмін, өзім-от,

    Сөзім, қысық көзімде –от,

    Өзіме өзім табынам.

    Жерде жалғыз Тәңірі-от,

    Оттан басқа Тәңірі жоқ.

    Егер біз бұл тармақтарды бір шумақ деп есептесек, өлең осындай тоғыз шумақтан тұрады. Әр шумағында сегіз тармақтан. Ұйқастарына қарасақ: а,а,б ұйқас үлгісі пайда болады. Өлеңде метафора, эпитет, кірме сөздер, сұраулы, лепті сөйлемдер көптеп кездеседі. Мысалы, өзім-от, арым да-от, қараңғылық-дұшпаным, Идеялды-Алланы деген метафора кездеседі. Қараңғы тас қаласын, қысық көзін деген эпитет бар. Иман, Алла, Тәңір сөздерінің өзін айтуға тыйым салған заманда жырға қосқан ақын бабамыздың расында да оттан туғандығы анық. Сол кезде қара қылды қақ жарғандай әсер қалдырады. Қазағының ұлылығын, түркі халқының даралығын асыл бабамыз әдемі өрнектеген. Қазіргі кезде ақын өлеңдерінің ішінде «От» өлеңі ең жігер беретін, рухты көтере өлең деп айта аламын. Кейбір жеткіншектерге оттай, жалын сияты мінез жетпей жатады. XXІ ғасырда өмір сүріп жатсақ та ақын өлеңдері өз өміршеңдігін жоймақ емес. Заманға сай көкейтесті мәселе, тақырып деп айта аламын. Белімізді бекем буып алып, болашаққа нық қадам бассақ деймін. Мағжан өлеңдерін оқи отырып, тарихымыздан мол мағлұмат аламыз.





    Қорытынды

    Зертеу барысында, мектеп оқушыларының арасында сауалнама жүргізген болатынмын. Берген нәтиже мені қуантты. Оқушылардың көп пайызы Мағжан өлеңдерін оқып, жаттайды екен. От өлеңінің мәні мен мағынасын айтып та берді. Ең көп тараған өлеңдері: От, Мен жастарға сенемін, Түркістан, Сүйемін, Толқын, Сағындым, Шолпы, Пайғамбар, Қарағым т.б.

    Мағжаннан ұрпақ қалмағаны бәрімізді қатты күйзелтті. Бірақ біз бармыз ғой, өлең сүйер ұрпақ бармыз ғой деп өзімізді жұбаттық. Зұлиха апайдың өмірі де, туған-туыстарының да өмірі өмір болмапты. Ақын жанының тереңіне үңілгіміз келді. Төрт жасынан қолына қалам ұстаған ақынның, тарих шындық болса, қырық бесінде қаламы қолынан кетті. Өлең мәңгілікке жазалмастай боп кете барды. Бірақ күннен туған пайғамбар өлеңі біздің мәңгі есімізде қала бермек. Мен жастарға сенемін,- деген ақын баба.

    Пайдаланған әдебиеттер

    1.  Әуезов М. Қазақ әдебиеті-газеті.1993.13 тамыз. Досжанов Д. «Абақты» – Алматы: Қазақстан,1992 ж. Аймауытов Ж. Мағжанның ақындығы туралы»; Жұмабаев М., Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1989.

    2. Пожалуйста, не забудьте правильно оформить цитату:

    3. Хасен, Мурат Абдирахманулы. Алаштың ақиық ақыны – Мағжан Жұмабаев / Мурат Абдирахманулы Хасен, Г. М. Абилкасов, П. Ю. Гладких, А. Т. Еслямова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 16.1 (150.1). — С. 32-34. — URL: https://moluch.ru/archive/150/42724/ (дата обращения: 13.04.2023).

    4. "Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде". Т. Х : Арғын.

    5. ↑ Мағжанның соңына шам алып түскен үш адам бар – Бақыткамал Қанарбаева, мағжантанушы(қолжетпейтін сілтеме)

    6. ↑ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

    7. ↑ Қазақ энциклопедиясы, 4 том; Әдеб.: Аймауытов Ж., Мағжанның ақындығы туралы. “Лениншіл жас” журналы, ғ5, 1923; Тоғжанов Ғ., Жүсіпбектің сыны, Мағжанның ақындығы туралы, М., 1926; Тоғжанов Ғ., Әдебиет және сын мәселелері, Қ.-О., 1929; Мұқанов С., XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-бөлім, Ұлтшылдық, байшылдық дәуірі, А., 1932; Мағжан Жұмабаевтың, Ахмет Байтұрсынұлының және Жүсіпбек Аймауытұлының творчестволық мұрасын зерттеу жөніндегі комиссияның қорытындысы. “Социалистік Қазақстан” газеті, 1988, №298; Елеукенов Ш., Мағжан, А., 1995; Қойгелдиев М., Алаш қозғалысы, А., 1995; Нұрпейісов К., Алаш һәм Алашорда, А., 1995.

    8. ↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3





    написать администратору сайта