Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың мақсаты

  • Білімділік мақсаты

  • Дамытушылық мақсаты

  • Тәрбиелік мақсаты

  • Сабақтың түрі

  • Пән аралық байланыс

  • Сабақтың барысы

  • 2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

  • 3.Білімді жан-жақты тексеру.

  • 6.Жаңа материал бойынша дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

  • 7.Бекіту сұрақтары.

  • 8.Үй тапсырмасын беру.

  • Психология. №4 лекция. Кні Топ ббм02 Пн


    Скачать 31.51 Kb.
    НазваниеКні Топ ббм02 Пн
    АнкорПсихология
    Дата24.09.2020
    Размер31.51 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла№4 лекция.docx
    ТипДокументы
    #139490

    №4

    Күні:

    Топ: ББМ-02

    Пән: Психология

    Сабақтың тақырыбы: Психика туралы жалпы түсінік

    Сабақтың мақсаты:

    Психика туралы жалпы түсінік тақырыбын толық жан-жақты ашып түсіндіре отырып,теориялық жағын практикамен байланыстыра отырып оқушыларға меңгерте білу.

    Білімділік мақсаты:

    Әрбір оқушыны өздігінен білім алуға үйрету, және оқыту. Білім алудағы негізгі талаптарды іске асыру,білімді терең толық жүйелі саналы түрде игерту.

    Дамытушылық мақсаты:

    А) Оқушының сөйлеу қабілетін, сауаттылығын дамыту,сөздік қорын арттыру,ойлау қабілетін арттыру,өз ойын нақты ,дәл жеткізе білуге үйрету.

    Ә)Оқушының дүниетанымын және ғылымға деген қызығушылығын тудырып ,дамыту.

    Тәрбиелік мақсаты:

    Халықтық салт сана мен халықтық тәлім тәрбие беру.Өз Отанын ,ұлтын, туған жерін сүйе білуге,ерлікке ,адамгершілікке ,тіл өнеріне тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.

    Сабақтың әдісі:баяндау, әңгіме, түсіндіру, жаттығу, кітапты пайдалану, салыстыру,жүйелеу, ауызша және жазбаша шығармашылық жұмыс.

    Көрнекі құралдар:тақта,бор, кітап, кеспе карточкалар,техникалық құрал жабдықтар.

    Пән аралық байланыс:анатомия, физиология,педагогика.

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1.Жарықбаев Қ. Б. Психология негіздері: Оқулық. Алматы: Эверо, 2010.

    2.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002

    3.Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005

    4.Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005

    5.Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996.

    Сабақтың барысы:

    1.Ұйымдастыру кезеңі.

    А)Оқушылармен амандасу.

    Ә)сабаққа даярлықты тексеру, тақта тазалығы, жоқ оқушыларды белгілеу.

    Б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

    2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

    А) топ бойынша үй тапсырмасының орындалуын тексеру.

    Ә)үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау.

    Б)Оқушылар назарын сабаққа аудару.

    3.Білімді жан-жақты тексеру.

    Бұрынғы өтілген материалды қайталау.

    4.Оқушыларды жаңа сабақты саналы,белсенді түрде қабылдауға даярлау кезеңі.

    А)жаңа сабаққа назарын аударту.

    Ә)жаңа сабақтың тақырбын мақсатын, міндетін хабарлау.

    5.Жаңа сабақ. Тақырыпты сұрақ –жауап түрінде түсіндіріп өту.

    Психика - психологияда көптеген түсініктерді біріктіретін субъективті құбылыс. Психика табиғатын түсіндіретін философиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік. Бірінші түсінік бойынша, психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі (рефлексия) жоғарғы дамудағы тірі материяның ерекшелігі.

    Нерв жүйесі функциясы құрылысының жақсаруы психика дамуының қайнар көзі болды. Бүл процестің механизіміне: организмнің жаңа ерекшеліктерге ие болуы, олардың өзгеруіне байланысты жаңа органдардың өзгерістері, генотиптегі өзгерістер: өмір сүруге қажетті бейімделген органдар мен ерекшеліктердің ортақ бейімделуі.

    Дамудың келесі маңызды стимулы өмір сүру шарттарының күрделенуі. Ол организм құрылысын өзгертуге әсерін тигізеді. Дүниені бейнелеу қабілеттілігі пайда болады. Қоршаған ортаны жақсырақ бағдарлай алу жүзеге асты. Сонда психиканың жетілуіне шыңдық өмір әсер етті: ол тіршілік иелерінде жоғарғы нерв жүйесі мен жоғарғы психиканың бейнелеу деңгейлері болуын талап етті. Бұл түсініктер материалистік болып табылады. Психика дамуының екі стадиясын анықтау қоршаған орта туралы хабарлама алу мінездемесінің әдістерінен тұрады. Бірінші стадияға сенсорлы әдіс, екіншіге - перцептивті әдіс тән.

    Психика -

    • 1. Түйсіну, қабылдау, елестету, ойлау, сезім, ерік және т.б. түрінде шынайы өмірді бейнелеу түрінде көрсететін мидың қызметі; адамның өзіне тән сапалы тәлім-жосығын анықтайды; қоғамдық еңбек үдерісі мен тілдің дамуы арқасында пайда болуымен байланысты психиканың жоғары нысаны — адам санасы.

    • 2. Адамның рухани жетілушілігі, оның рухани сапасы, көңіл-күй иірімдерінің жиынтығы.

    Психика (гр. psychikos — ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М.Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның — сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік зандылығы қалыптасады.

    Психика —

    • 1) объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті;

    • 2) адамның жан-дүниесінің сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі.

    Психиканың екінші сатысында адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін өзінше ұйымдастыратын және оқиғаның өткенін, бүгінін және болашақ күйін реттей алатын қабілет қалыптасады. Адам өткен оқиғаны есінде сақтайды, бүгінгі күйін қобалжу актісімен, ал болашақтағы мүмкін жайын үміті, мақсаты, арманы, түс көру арқылы жеткізе алады. Психика — биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Организм осы фактор арқылы әр нәрсенің ерекшелігіне сай қимыл-әрекет жасауға және ортаға бейімделуге мол мүмкіндік алады. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Адам психикасы іс-әрекеті нәтижесін әрдайым ортаның жағдайымен салыстыра отырып, индивид ахуалын қайтарымды байланыста ұстауға мүмкіндік алады, оның түсінік сезімін ықшамдайды. Психика жүйке жүйесін тітіркендіретін әсерді заттың бейнесіне түрлендіреді, мінез-құлыққа ынта-ықылас дарытады. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін және құрылымдық-сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік заңдылықтары қалыптасады.

    6.Жаңа материал бойынша дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.Жаттығулар мен жағдаяттарды орындату.Жаттығулар жүргізу.

    1.Табиғаттың барлық объектілерін жанды дейтін қияли түсінік:

    а) анимизм.

    б) монизм.

    в) идеализм.

    г) дуализм.

    д) панпсихизм.

    2. Төл тіліміздегі психология оқулығының авторы кім:

    а) Мұқанов.

    б) Алтынсарин.

    в) Аймауытов.

    г) Абай.

    д) Жарықбаев.

    3. Психика дегеніміз :

    а) қоршаған ортадан шындьқтың мида бейнеленуі іс-әрекеті.

    б) жүйке жүйесінің физиологиялық қызметі.

    в) мидың рефлекторлық, іс-әрекеті.

    г) бас ми материясының субстраты.

    д) бақылаудың, жанның көрінісі.

    4.Психология ғылымының дамуы неше кезеңнен тұрады:

    а) 3 .

    б) 4.

    в) 2 .

    г) 5.

    д) 6 .

    5.Психология өз алдында дербес гылым болып қашан қалыптасты:

    а) б.э.д.

    б) 3 ғасырда.

    в) 17 ғасырда.

    г) 19 ғасырда.

    д) 20 ғасырда.

    6.Жан туралы алғаш трактатты кім жазды:

    а) Платон.

    б) Демокрит.

    в) Гиппократ.

    г) Сократ.

    д) Аристотель.

    7.Қазіргі таңда психология ғылымының қанша саласы бар:

    а) 5.

    б) 7.

    в) 10.

    г) 12.

    д) 15 тен аса.

    8. Көне заман ойшылдарының қайсысы тұңғыш рет жан проблемасын кең түрде материалистік негізде қарастырды:

    а) Аристотель.

    б) Платон.

    в) Дсмокрит.

    г) Сократ.

    д) Пифагор.

    9. Нерв клеткаларының бір -бірімен түйіскен жері не деп аталады:

    а) Нерв орталығы.

    б) Синапс.

    в) Дендриттер.

    г) Аксондар.

    д) Ретикулярлық формация.

    10. Сананы қалыптастырудың негізгі факторлары:

    а) Қарым - қатынас және тіл.

    б) Еңбек құралдарын даярлау.

    в) Еңбек және тіл.

    г) Ой жіне білімдерін беру.

    д) Тәрбие және тіл.

    7.Бекіту сұрақтары.

    1. Нейропсихизм сипаттама беріңіз?

    2. Психикалық құбылыстардың механизмі, табиғаты туралы түсінік беріңіз?

    3. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш кім зерттеді?

    4. Психика табиғатын түсіндіретін философиялық екі көзқарасқа сипаттама беріңіз?

    5.Психика терминінің мағынасы?

    8.Үй тапсырмасын беру.

    Психика туралы жалпы түсінік маңызы тақырыбын оқып келу.Терминдермен жұмыс.

    9.Оқушыларды бағалау: біліміне, сабақта берген жауабына қарай бағалау


    написать администратору сайта