Главная страница
Навигация по странице:

  • Кіріспе Зерттеу өзектілігі.

  • Зерттеу мақсаты

  • Зерттеу құрылымы

  • 1.1 Сценарий жазудың негізгі кезеңдері Телесценарий

  • 1.2 Ақпараттық сценарий

  • 1.3 Қойылымдық немесе рөлдік сценарий

  • 2.2. Мектеп және мектептен тыс мекемелерде мәдени дем алу ісін ұйымдастырушы-педагогтардың түрлі іс-шаралар сценарийі

  • Пайдаланыл ған ә дебиеттер тізімі

  • сценарий шеберлігі. КурстыЖмыс таырыбы Негізгі сценарийлік ымдар


    Скачать 43.83 Kb.
    НазваниеКурстыЖмыс таырыбы Негізгі сценарийлік ымдар
    Дата14.01.2022
    Размер43.83 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласценарий шеберлігі.docx
    ТипСценарий
    #330857

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

    КУРСТЫҚЖҰМЫС
    Тақырыбы:
    «Негізгі сценарийлік ұғымдар»

    Орындаған:

    .
    Ғылыми жетекшісі:


    Орал – 2015 ж.

    Мазмұны

    Кіріспе ......................................................................................................................3

    1. Сценарий туралы түсінік және түрлері

    1.1 Сценарий жазудың негізгі кезеңдері...............................................................5

    1.2 Ақпараттық сценарий........................................................................................9

    1.3 Қойылымдық немесе рөлдік сценарий..........................................................13

    2 Сценарий-көркем-педагогикалық бағдарлама ретінде

    2.1. Сценарийдегі шығармашылық әдістер.........................................................14

    2.2. Мектеп және мектептен тыс мекемелерде мәдени дем алу ісін ұйымдастырушы-педагогтардың түрлі іс-шаралар сценарийі..........................16

    Қорытынды………………………………………………………………………22

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………23
    Кіріспе

    Зерттеу өзектілігі. Сценарий (итал. scenarіo, лат. scena, scaena – сахна) – кинофильмнің, теледидар қойылымының композициялық негізі.

    Сценарийде драматургия мен проза тәсілдері қабат игеріледі. Сценарий экрандық қойылым үшін жазылып, образдық жүйе экранда бейнелегенде ғана тәмамдалған, толыққанды сипатқа ие болады. Сценарий сөз өнері жанры ретінде XX ғасырда дамыды. Ол кино және теледидар сценарийі болып бөлінеді.

    Киносценарий XX ғасырдың 20-жылдарында қалыптаса бастады. Алғаш ол мылқау фильмдердегі оқиғалар желісін тізбелеу қызметін атқарған. Кейін кинодраматургияның эстетикалық, шығармалық принциптері түзіліп, әдеби драмалық тұрпаты анықтала түсті. Киносценарий орындалу техникасына, жүзеге асырылу кезеңдеріне, құрылымына байланысты синтетикалық және ұжымдық шығарма болып табылады. Мұнда сөз, музыка, бейнелеу өнерлерінің жанрлық элементтері біріккен. Сценарий жүзеге асу барысында оператор, режиссер, актерлер қатынасады да, сюжеттің бастапқы драматургиялық сипаты күрделілене түседі. Сценарийде автор сөзінің (кадр сыртындағы дауыс), төл сөздің (диалог, монолог), ремарканың (суреттеу, тәптіштеу), әр алуан түсініктемелердің тұтастығы қатаң ескеріледі.

    Кинематографияның бейнелі қалпында жүзеге асуы мен мәтіннің жанрлық табиғатын ұйымдастыру осы 4 құрылымдық компонентке негізделеді. Фильмнің жанрына байланысты (детективті, деректі, тарихи, фантастикалық, т.б) 4 құрылымдық компоненттің бірі алдыңғы қатарға шығады. Мысалы, деректі фильмде комментатор дауысы немесе түсіндірме жазбалар маңызды рөл атқарады. Ойындық фильмдерде бейнелілігі мен айқындығы тұрғысынан алғашқы қатарға кейіпкер әрекеті, монолог, диалог және ремарка шығады. Сценарийлердің көп бөлігі (триллер, модернистік, мистикалық фильмдер сценарийі) арнайы эффектілерден, яғни бейнелілікті толықтырушы (компьютерлік) қалыптардан тұрады.[1]

    Теледидарлық сценарийлер де кеңінен дамып, ішінара жанрлық өзгерістерге ұшыраған. Мысалы, шоу, полемика, КВН, теледраматургия, публицистикалық, саяси, тарихи, деректі бағдарламалар. Теледраматургия айқындық, ақпараттық және бейнелердің түсініктілігі, қысқалық секілді талаптарды қажет етеді. Теледидарлық сценарийде публицистикаға, айқындыққа, технологияға бет бұру, театрланған бағыттар байқалады. Опералық, балеттік, пантомималық сценарийлер либретто деп аталады.

    Зерттеу мақсаты: негізгі сценарийлік ұғымдар туралы жалпы мәлімет беру.

    Зерттеу міндеттері:

    • Сценарий туралы түсінік беру;

    • Сценарийдің түрлеріне сипаттама;

    • Сценарийдің құру жолдарымен танысу.

    Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

    1. Сценарий туралы түсінік және түрлері

    1.1 Сценарий жазудың негізгі кезеңдері

    Телесценарий

    Отандық телевидение саласында сценарий жазумен ғана айналысатын мамандар жоқтың қасы (жоқтың қасы дейтінім мен ондай мамандарды кездестірмедім, бірақ оны мүлдем жоқ деуге аузым бармайды). Сценари й ді продюсерлер (бұл олардың шаруасы болмаса да) де, режиссерлер де, журналистер де бірлесіп жазып жатады. Әрине, оның құрылымдық бөлігін меңгеру қиынға соқпайды. Бірақ, оның мазмұндық жағы жеке тұлғаның үнемі өзін жетілдіріп отыруын талап ететін процесс.Бұл жерде сценаридің жалпы көлемі, сценаристің өмірдің барлық саласы бойынша жинақтаған білім қоры маңызды рөл атқарады. Журналистің ой-өрісі қанша бай болса, ақпаратты телекөрермен көретіндей, тартымды етіп беру мүмкіндігі соншалықты жоғары. Өз біліміңді үнемі толықтырып отыру процесі ешқашан бітпейді. Сондықтан да сценарий жазушының жұмысы өте қызықты болып табылады.Әрине, кез-келген тақырыпта ақпарат табуға мүмкіндік жасайтын Интернет-ресурстар қазіргі заманғы журналистің жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп береді. Алайда, сценарий шын мәнінде қызықты және тартымды болуы үшін бір-бірімен байланысты салалар бойынша білім ғана емес, оны сюжет желісіне үйлестіре білу де қажет.[1]

    Сценарий телевизиялық өнім жасау барысында атқарылатын жұмыстың бастапқы емес, аралық кезеңі болып табылады. Ол танысу және материалды іріктеу, тақырып құрастыру, композицияларды анықтаудан тұратын дайындық бөлімін аяқтайды. Әдетте бұл кезең сценари й ді жазудан да көп уақыт алады. Бұл жағынан сценарист әмбебап журналистке ұқсайды, ол қашан да қай тақырыпты болса да жаза білуі тиіс. Қазіргі заманғы журналистикада бұл кеңінен қолданылып та, қолдау көріп те жүрген жоқ. Ал, тақырыптық сценари й лер жазатын сценаристің әмбебап болудан басқа амалы жоқ. Сценарий жазудағы негізгі қадамдарды белгілеп алайық және сипаттап көрелік.

    1. Сценарлық өтініш – бұл келешек тележобаның негізгі идеясын баяндайтын құжат. Онда міндетті түрде:

    - Жобаның атауы (шамамен);

    - Мән-мазмұнын нақты баяндау;

    - Мақсатты аудиториясы;

    - Хронометражы (хабардың ұзақтығы);

    - Эфирге шығу жиілігі (күнделікті, апталық және т.б.);

    - Авторлық ұжым құрамы;

    - Болжамды шығын – барлық шығын;

    - Жобаны іске асыру мерзімі толық көрсетілуі тиіс.

    Телебағдарламаны шығару жөніндегі немесе одан бас тарту туралы шешім осы өтініш негізінде қабылданады.

    2. Сценарлық жоспарда сценарий мазмұнының өрбу бағыты хронологиялық тәртіппен баяндалады. Сюжеттердің тәртібі, соларға сай айтылатын диктор сөзі (подводка) мен қонақтарды шақыру тәртібі нақты көрсетіледі. Эфирді таспаға жазатын күн мен тақырыбы беріледі. Сценарлық жоспар сценарий жазатын кісіге ғана емес телебағдарламаны монтаждау үшін де аса қажет. Онда: жүргізушілер, қатысушылар құрамы(қонақтар); реквизиттер толық көрсетілуі тиіс.

    3. Телеөнімнің түріне байланысты сценари й лер ‑ ақпараттық (танымдық, публицистік, ток-шоу және т.б.) және қойылымдық немесе рөлдік болып бөлінуі мүмкін. Бұл жерде әртістік өнер мен эмоция жағы маңызды, ал ақпараттық құрамы онша маңызды болмайды. Сценарлық жұмыс тәсілдері де соған сәйкес болуы қажет. Енді сценарийдің осы екі түріне нақты мысалдар келтіріп көрейік.

    № 1 ‑ ші мысал (ақпараттық сценарий)

    «Вся страна» бағдарламасының сценарийі (үзінді).


    Студия

    Мазмұны

    Ескерту

    Шапка







    Студия

    Ж1(Жүргізуші): Сәлеметсің бе, елім!

    Ж2 Кеш жарық!

    Ж1 Алдағы сағатта сіздермен бірге…

    Ж2. Және ….

    Ж1 Бұл «Вся страна» бағдарламасы.

    Бағдарламалық «ойналым» (отбивка).

    Ж1 «Турист» сөзі әдеби қолданысқа 1800 жылы еніпті. Шамамен дәл сол кезде Францияда француз тілінің сөздігіне турист сөзінің мағынасы енгізілген, онда «турист – бір нәрсені білгісі келгендіктен немесе уақыт өткізу үшін саяхатқа шығатын адам» делініпті.

    Ж2 Ал, бүгінде «уақыт өткізу» жағымды әрі тиімді бизнеске айналып отыр.

    Ж1 – Дүниежүзіндегі көптеген елдердің табыс көзі де осы туризм болып табылады. Бұл бақуатты елдер тек қана туризм есебінен күн көреді және елдің туристік нысан ретіндегі беделін көтеруге орасан зор ақша жұмсайды.

    Ж2 – «Қазақстандық туризм». Бүгінгі әңгіме осы тақырып төңірегінде өрбімек.

    Ж1 – Әлемдегі туризм рыногының көлемі 3 трлн АҚШ долларынан асып жығылады. Туризмнен түскен табыс мұнай экспортынан кейінгі екінші орынды иеленеді.

    Ж2 – Дүниенің төрт бұрышын аралап, жаңа әсерлерге бөлену үшін ақша төлейтін адамдар саны күн санап артуда.

    Ж1 Кешегі күнге дейін Қазақстан мұнайлы держава мәртебесіне қанағаттанып, сабырлылық сақтап келді.

    Ж2 – Туризм саласының қазіргі ахуалы және оның келешегі жайында ..... (журналистің аты-жөні) материалынан таныс боласыздар.

    Сәлемдесу



    1.2 Ақпараттық сценарий

    Ақпараттық сценарийлерді жазуда Интернеттің көмегі шексіз. Алайда, қажетті материалды іздеу мен оны тексеруге сценарий жазатын уақыттың 2/3 бөлігі жұмсалады.Сценарий тақырыбы нақтыланып, қажетті ақпарат жиналып болғаннан кейін сюжеттерді қалай ізбе-із беру керектігін, қонақтарды қалай сөйлету қажеттігін ойлану қажет. Алғашқы материалдың сюжет-анықтама деп аталуы тегін емес. Өйткені ол бағдарлама тақырыбы жөнінде жалпы түсінік береді. Негізінде бұл көп нұсқаның бірі ғана. Сценариді маңыздырақ ақпараттан бастауға да болады. Ондайда жалпылама сәттер мен талқылауға кейін көшеді. Көбіне бұндай ақпарат рөлін телебағдарламалар жөніндегі құлақтандыру (анонс) атқарады.Жүргізушілердің әр сюжетке орай немесе қонақты студияға шақырған кезде айтатын сөздері белгілі бір ізбе-ізділікпен жазылуы тиіс. «Жүргізушінің сюжет алдында айтатын сөзін (подводка) жаңалықтар бағдарламасына тән дәстүрлі тәсілмен «бұл туралы бәленшенің материалында...» деп аяқтауға болады. Дегенмен еркін жазу үлгісімен, бірақ қалыптасқан шаблондарды пайдаланбай, сюжеттің мазмұнына және авторына тоқталмай жазған дұрыс. Мәселен:

    Ж1 (жүргізуші) – Қазақстанда шекара әскерінің құрылғанына он екі жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, кеңестік дәуірде өмір сүріп, тәрбиеленгендердің санасындағы алыс және жақын шетел ұғымы өзгерген жоқ.

    Ж2 – Біздің бірге өмір сүріп үйренгеніміз соншалық, Мәскеудегі немесе Ташкенттегі туыстарға, Қырғызстандағы Ыстықкөлге барып қиындықсыз демалып қайтуға болатынын біле тұра, олардың мүлдем басқа мемлекеттер екенін ұмытып кетіп жатамыз.

    Ж1 - Өкінішке орай, жақын шетелдер шекарасында да қақтығысты жағдайлар жиі орын алады. Бұл – шындық.

    Сюжет – қазақ ‑ өзбек шекарасындағы қақтығыс


    «Ақпараттық» деген терминді ақтау үшін жүргізуші мәтініне статистикалық мәліметтер қосу қажет. Бірақ оны бірінен кейін бірін тізбектей бермей, қызықты фактілермен және түйіндермен бөлген жөн. Дегенмен қатар оның ақпараттық бағдарлама еместігін естен шығармау керек.

    Сондықтан онда эмоция мен субъективтік бағалаудың болғаны абзал.Қонақтарға қойылатын әрбір сұрақты сценарийге түсіргенде оның жауабын алдын-ала бағамдайтындай етіп жазылуы тиіс. Өйткені, келесі сұрақ соның негізінде жазылады. Бұл жүргізушінің жүгін жеңілдету үшін жасалады. Өйткені, көбіне бір күнде бірнеше бағдарлама жазылады және жүргізуші материалда не жазылғанын сценаристен жақсы білмейді. Егер телебағдарламаға қонақ шақырылатын болса сценарийде оның студияға қалай кіретіні, қандай музыка ойналатыны, қандай бейне-кадрлар берілетіні (жұмыс, демалыс кадрлары) толық сипатталады.[2]

    Көбіне бағдарлама шығарушылары қонақтың студияға бірнәрсе ала келуін өтініп жатады (студияны жандандыру мақсатында). Сценарист бұдан хабардар болуы қажет. Өйткені, қонақтың әкелген бұйымына қатысты сұрақтарды дайындап, оның қалай жұмыс істейтінін көрсетіп беру сұралады. Сценарийге осы іс-әрекеттердің бәрі жазылады.

    Тапсырма: 2 жүргізуші жүргізетін анықтама-сюжетке сценарлық кіріспе сөз жазып көріңіз. Сцецнаридің тақырыбы: «Қазақстандағы көп әйел алу мәселесі. Қолдаушылар мен қарсы шығушылар».

    Ресейдің «Телевизиялық журналистика» оқулығының телесценарий бөлімінде атап көрсетілгендей, сценарийдің драматургияның – тақырып, идея және композиция сынды элементтерінен тұрады.Тақырып – бұл талқыланып жатқан мәселені түсіндіріп беру; бұл көтеріліп отырған мәселені төтесінен қою. Тақырып – бұл автор тарапынан ең маңызды деп табылған мәселе. Идея – бұл шығармадағы негізгі ой, автор сол арқылы өзінің азаматтық ұстанымын білдіреді. Идея материалды меңгеруге негіз болады. Бұл автордың шындыққа деген негізгі көзқарасы, белгілі бір фактіні мысалға ала отырып азаматтық және этикалық ұстанымды көрсету әдісі. Идея толығымен авторға, оның ойына, эрудициясына, ар-ожданы мен психикалық жағдайына, талғамына, жеке басының өзге де қасиеттеріне байланысты.

    Тақырып идеяға қарағанда ауқымды. Бір тақырыпты бірнеше бағдарламаға арқау етуге болады. Бірақ әр қайсысының идеясы әртүрлі болуы тиіс.Келешек сценарийге қажетті материалдарды жинап, тақырыбы мен идеясы анықталғаннан кейін жұмыстың келесі кезеңі басталады. Бұл кезең фактілерді, статистикалық мәліметтерді, оқиғаларды іріктеу, сарапшылар мен өзге де кейіпкерлерді таңдаудан тұрады. Ол қызықты сәттерді шатастырып алмас үшін жинаған материалының біраз жерін кесіп тастауды талап етеді. Оған өкінбеңіз, пайдаланылмаған фактілер мен оқиғалар алдағы уақытта керегіңізге жарайды. Сценарий жазатындардың көпшілігі компьютердегі жұмыс үстелінен арнайы папка ашып, пайдаланылмаған фактілерді соған салып отырады. Қажет болған жағдайда керекті мағлұматты содан ала қоюға болады. «Телевизиялық журналистика» кітабының авторлары «еңбек тәжірибесін енді ғана бастаған журналистер сценарлық материалға тақырыппен жанама байланысы бар шығармаларды қосады. Бұл автордың проблемамен онша таныс еместігінен, ашылуы тиіс фактілер мен оқиғаларды іріктей білмеуінен туындайды» деп жазады. Мұнымен келісуге тура келеді. Өйткені, шынында бұл әу баста тақырыпты дұрыс білмегендіктен, тақырыпты жан-жақты меңгеріп, қажетті материалды жинауға уақыт бөлуден қашқалақтау салдарынан орын алады. Композиция – бұл шығарманы жазу, байланыстыру, оның заңдық құрылымы, жекелеген бөліктерін құрастыру, сөйтіп біртұтас материал дайындау. Бұл –материалды жазу ұстанымы.

    Кезінде С.Эйзенштейн былай деген болатын: «Автор композицияның көмегімен материалды ұйымдастырады, ізбе-із орналастырып, басты және қосалқы бөліктерін анықтайды, оларды бір-бірімен үйлестіруге тырысады. Композиция көбіне техникалық қиындықтарды жеңуге де көмектеседі. Телевизиялық өнімді белгілі бір уақыт шеңберіне сыйғызу қажет, бұған сценарийді сцена мен эпизодтарға бөлу арқылы қол жеткізуге болады». Сценариді жазу үшін көркем шығарманың құрылымдық схемасын да пайдалануға болады.

    экспозиция (пролог) – басталуы – шегініс (оқиғаның дамуы) – кульминация (шығарманың шарықтау шегі, ой немесе қақтығыстың шиеленісуі) – шешу жолдары (соған апаратын әрекеттер) – түйін (соңы) – эпилог.

    Дегенмен, ең бастысы – логика, өз шығармаңа көрермен көзқарасымен қарай білу және ақпараттың түсінікті және қызықты жеткізілуі. «Егер сценарист қайталанатын болса автор ойы тұншығады» деген пікірдің де жаны бар.Кейбіреулер мынадай пікір айтады: «Студияда, жүргізушілер жүргізетін телевизиялық сценарий жазғанда диалогтарды сөзбе-сөз баяндаудың қажеті жоқ, өйткені жүргізушілердің әр қайсысы өз қабілетін көрсетуі тиіс. Бағдарламаның құрылымдық желісін қысқаша баяндаса жеткілікті, ал жүргізушілер мәтінді өздері-ақ іліп әкетеді және жандандыра түседі».

    Мен мұнымен келіспеймін. Әрине, жүргізушінің кәсіби деңгейі жоғары болса ол қиыннан қиыстырып, сөз табады және мәтінде жаңа детальдармен толықтыра түседі.Алайда, менің түсінігімше, сценарист диалогтарды жазғанда, жүргізушілер өздерін нашар сезініп тұрса да, тіпті тақырыпты мүлдем білмесе де бағдарламаны «ойнатып» әкететіндей етіп баяндауы тиіс. Оның үстіне жүргізушілер дауыс екпіні, ымдау және ишара арқылы ерекшелене алады. Бұл әсіресе жүргізушілерден әртістік қабілетті талап ететін қойылымдық сценарий үшін аса қажет.
    1.3 Қойылымдық немесе рөлдік сценарий

    Қойылымдық немесе рөлдік сценарий жазу көркемдік тұрғыдан алып қарағанда өте қиын. Онда ақпарат пен көңіл-күй беріп қана қоймай, сценарийді матефоралармен, әзілмен, ирониямен, сарказммен ... байыту қажет. Бұл жерде тек Интернет-ресурстармен шектеліп қалуға болмайды. Сценарий жазғанда білім қорын, көркемдеу мен драматургиялық шеберлік таныту талап етіледі. Ол үшін афоризмдер, сентенциялар мен әзіл-әңгіме жинақтарын пайдалануға болады. Жүргізушілерге келер болсақ, олардың актерлік қабілеті болуы тиіс, кәсіби актер болса тіпті жақсы. Ондайда сценарист кез-келген драматургиялық әдісті пайдала алады және оның қалай шығатынын ойлап бас қатырмайды. Қойылымдық немесе рөлдік сценаридің бастан-аяқ логикалық байланысы болуы шарт емес.

    Бұндай сценаридің бір қойылымы екіншісіне мүлдем ұқсамауы да мүмкін.Сонымен қатар бұл сценариде: қимыл-қозғалыс, ым, дауыс ырғағы, қажетті заттар, жүргізуші киімдері,т.б. толық жазылады.[5]

    Қойылымдық сценариде жүргізушілердің әр қайсысының мінез-құлқын анықтап, олардың сомдайтын рөлдерін де соған қарай бөлу қажет. Қойылымдық сценаридің егжей-тегжейлі жазылатынына қарамастан, онда жүргізушінің ойдан шығару қабілеті болуы шарт. Ақпараттық сценарий бұны талап етпейді. Қойылымдық сценарилерде айдарларға немесе сюжеттерге байланып қалудың қажеті жоқ. Айтқандай, қойылымдық сценарий жазудың белгілі бір қатып қалған ережесі жоқ. Бұнда ең бастысы – шығармашылық, тағы да шығармашылық!

    2 Сценарий-көркем-педагогикалық бағдарлама ретінде

    2.1. Сценарийдегі шығармашылық әдістер

    Сценарийді белгілі бір саланың жете әзірленген даму үлгісі деуге болады. Кез келген саладағы сценарий өзгеріс енгізуге түрткі болатын ең маңызды факторлар төңірегінде терең ойлануды талап етеді. Аталған факторлардың арасындағы өзара байланыс жүйесін зерттеу өзгерістердің табиғаты мен сипатын барынша түсініп, тиісінше аталған өзгерістерді басқаруға қажетті шара қолдануға мүмкіндік береді.

    Сценарий болашақты болжамайды, бірақ ортақ ұстаным қалыптастырып, стратегияларды әзірлеп, қажетті өзгерістерді дер кезінде енгізудің тиімді саясатын құру мақсатында келешек дамудың түрлі әдістерін зерттеудің тиімді құралы болып табылады. Белгілі бір салаға, мысалы білім беру немесе оқыту саласына арналған сценарий белгілі бір жағдайлар жасалса мүдделі тараптар қол жеткізетін нәтижелерді көрсету қажет, осыған байланысты сценарий барлық деңгейдегі шешім қабылдайтын тұлғалар үшін әбден пайдалы болмақ. Мектеп жағдайында сценарий бізге болашақ мектебінің құрылымы, жеке және мемлекеттік секторлардың өзара әрекет ету тетігі туралы, сондай-ақ мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың арасындағы қарым-қатынас қағидалары туралы түсінік береді. Сонымен қатар, сценарийден төмендегідей ақпарат алуға болады:

    Болашақтың мұғалімдері толық жұмыс күні жұмыс істей ме немесе қысқа мерзімді келісім-шарт негізінде жұмыс істей ме?

    Оқушылар фактілер мен ақпарат түрінде дайын білім алғысы келе ме әлде оларға алдағы өмірде көмектесетін дағдыларды игергісі келе ме?

    Болашақтың мектебі өз күшін тек оқытуға бағыттай ма әлде әлеуметтік орталық ретінде жұмыс істей ме? Мүмкін екеуін де үйлестіретін шығар?

    Сценарийге негізделген стратегиялық жоспарлау кезінде қажетті нәтижеге жету үшін сценарий мұқият жасалуы керек, бірақ маңызды сұрақтарды назардан шығарып алмау жағын да ұмытпау керек. Айталық, сценарийде шығармашылық пен қиял элементтері болуы мүмкін, алайда біздің келешегіміз түсініксіз, таңғажайып нәрсеге айналуына жол бермеу қажет. ЭЫДҰ-ның Білім беру саласындағы зерттеулер мен инновациялар орталығы шешім қабылдайтын тұлғаларға қолдау көрсету үшін сценарийдің мазмұнын құрудың мұқият ойластырылған тәсілін әзірледі. Бұл тәсіл сценарийдің мазмұнында табан астында қабылданған шешімдер болашақта маңызды болатын кез келген ортада сценарийді әзірлеу мен қолданудың қадамдық әдістері баяндалған, «үрдісті талдау» және «іс-қимылды талдау» сияқты құралдардың міндетті түрде болуын көздейді.[7]

    Сценарий бір-бірінен оны жүзеге асыру тәсілімен ерекшеленеді, бұл оларды түрлерге жіктеуге мүмкіндік беріп, сұрақтың нақты аспектілерін шешуді жеңілдетеді. Сонымен қатар әр сценарийді жеке талдау бір мақсатқа жетудің түрлі тәсілдерін анықтауға мүмкіндік туғызады. Ұсынылған барлық тәсілдерді үйлестіріп, шешім қабылдайтын адамдардың бар күшін бір бағытқа жұмсау болып жатқан өзгерістердің түбегейлі негізін түсінуге мүмкіндік беріп, стратегиялық ойлаудың негізінің қалануына ықпал етеді.

    • Сценарийді белгілі бір саланың болашақ үлгісі деуге болады.

    • Сценарий ойларды шоғырландырып, ортақ ұстаным қалыптастырып, іске асыру саясатын айқындауға түрткі болып табылады.

    • Сценарий болашақты болжамайды, бірақ іске асырылуы тиіс іс-әрекеттерді түсініп, түйсінуге мүмкіндік береді.


    2.2. Мектеп және мектептен тыс мекемелерде мәдени дем алу ісін ұйымдастырушы-педагогтардың түрлі іс-шаралар сценарийі

    Сценарий мероприятия «Наурыз мейрамы»

    Наурыз мерекесі. 

    Музыка әуенімен қонақтарды қарсы алу.

    I. Жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 

    Той дабылын қағып тұрған 

    Мұнда біз бар! 

    Естімеген естіңдер! 

    Тыңдамағандар тыңдаңдар! 

    Наурыз тойы басталды, 

    Бір орында тұрмаңдар! 
    Қайырлы күн, құметті ұстаздар қауымы мен оқушылар және қонақтар!
    Міне ,араға жыл салып шуақты да шырайлы мерекеміз – наурыз мейрамы да келіп жетті. Наурыз –қазақ халқы үшін ежелден –ақ береке –бірліктің , ел-жұрт , ағайын –туыс арасындағы татулықтың , ерен еңбектің , жаңарған тіршіліктің ұлы символы.

    Қадірлі қауым ! Сіздерді наурыз мейрамымен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, берекелі бірлік, әрбір отбасына ынтымағы жарасқан баянды бақыт, денсаулық, мағыналы ғұмыр тілейміз. Әрбір шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!
    2. Жүргізуші: Здравствуйте уважаемые учителя, учащиеся и гости! Вот и настал тот день, когда старый год по восточному календарю по праву передает свои права новому году. Веселый праздник наурыз сегодня мы встречаем. И дверь в весну, в который раз мы снова открываем! 

    Снова тихим и солнечным утром , 
    Когда дремлют метели зимы
    Из веков седовласых и мудрых,
    К нам пришел Наурыз Мейрамы.
    Посмотри в просветленные лица,
    И ты сердцем уверишься вновь .
    Это праздник народных традиций,
    Это вера в мечту и любовь.

    ІІ. Күй . ------ «Ерке сылқым».

    Шашу шашылады. 

    Ауыл көрінісі.Екі жеке тігілген үй. Бірі – күйеу жігіттің үйі, екіншісі –қалыңдықтың үйі. Келісіліп қойылған құдалар қызды ұзатып өз үйіне алып кетуге келеді. Ұзатылатын қызды үйден алып шығады.Екі жеңгесі қыздың жолы ақ болсын деп ақ матаны қыздың жүретін жолына төсейді. Қыздың жүретін жолында туыстары ,онымен қоштасады. Осы кезде сахна артынан әкесінің «Қызыма» атты өлеңі айтылып тұрады. Қыз жылап, «Сыңсу» өлеңін айтады.
    Базардан келген құйысқан
    Тарамай шашым ұйысқан.
    Келіп кетіп жүріңдер,
    Сағындырмай туысқан.


    Туған ел-жұртым аман бол!

    Ағайын ,жекжат сау бол!

    Ақсақал кісі қызға жолың болсын,бақытты бол деп бата береді.
    Құдайым сені қолдасын, еш жамандық болмасын.

    • тілдінің тілінен сақтасын, көздінің көзінен сақтасын.

    • Жолың ақ болсын. Барған жерде бақытты бол ,шырағым!

    • Судай сіңіп, тастай батып кет!

    Қыздың жеңгесі сөзі:

    Қарағым,бізден кетіп барасың,

    Жат жұртқа келін боласың,

    Барған жеріңде , бақытты бол, еркем!

    Қыздың жеңгесі ,осыларды айтып, күйеу жігітке тапсырады. Күйеу жігіттің жеңгелері ,қызды қабылдап алып,сөйлейді:
    Бізге келген қадамың,құ тты болсын, шырағым,
    Өсіп –өніп, ата-енеңе сыйлы бол.
    Келін емес, қыздай болып, Сіңіп кет,ортамызға!
    Күйеу жігітке тапсырып бірге, екеуі ауылына қарай төселген ақ жолмен ақырын жүреді.
    Келіннің келе жатқанын ауылға хабарлап «Сүйінші, сүйінші» деп бір бала жүгіріп келеді.(6-сынып Айдар ). Үлкен киіз үйде отырған әжелер мен апалар келіннің алдынан шығып, шашу шашып күтіп алады. Отқа май құйып ,келінді ішке кіргізеді.
    Осы кезде қуанышқа ән айтылады. «Отырардағы той» әні –Ділбар Қалпақпаева.
    Әжей: Қане, шырағым, келіндер, келінді беташарға алып шығыңдар.
    Екі жеңгесі келінді алып шығып,ортаға тұрады. Қалың көпшілік киіз үйден шығып, келінді ортаға алып тұрады.
    ^ Беташарды айтатын ер кісі:  
     Келін келді көріңіз,
      Көрімдігін беріңіз.
      Анау-мынау демеңіз,
      Түсін айтып қойыңыз,-
       Құлағың сал көпшілік,
      Домбыраны қолға алып.
      Тереңінен жүректің,
      Тебірене толғанып.
      Беташарға қам жасап,
      Әсем жырды толғалық,
      Қадам басты екі жас
      Ақ тілекті жолға анық.
      Атасы мен анасы,
      Айналады толғанып.
      Той тамаша басталды:
      Куә соған бол, халық!
      Шын көңілден қуанып,
      Шаттанғанға не жетсін,
      Ақ көңілден лебізді,
      Ақтарғанға не жетсін.
      Сыйластығын  көңілдің.

    Келіннің бетін ашып, жұрттың алдында біраз тұрады. Ауыл балалары шуылдап қуанып , сол жерде ұлттық би «Қара жорғаны» билейді. Адамдарды биге шақырады.

    Келінді үйге кіргізерден алдын, ақсақал жас келінге бата береді:

    Әуелі құдай оңдасын, 
    Періштелер болсын жолдасың 
    Ақ батамыз пәк болсын! 
    Ақ ордаңа бақ қонсын! 
    Жас отауың басқа толсын! 
    Аллаһ мың бір атты пәледен сақтасын! 
    Тілдінің тілінен сақтасын 
    Көздінің көзінен сақтасын 
    Кезенгеннің кезінен сақтасын 
    Өсек, аяң күндеуден 
    Пәле – жаланың бәрінен 
    Бір Аллаһ сізді сақтасын. 
    Әумин, Аллаһу әкбар! 
    Келінді үйге кіргізеді. Тойға шашу ретінде «Гүлдерайым» әні 
    ( Айнұр) орындалады.
    Әже сөзі: Баламыздың үйлену тойы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен бірге келіп тұр. Қане, келіндер, келген қонаққа наурыз көже таратайық.
    Осы кезде күй орындалады. «Ұлы жеңіс» күйі. 
    Киіз үйдің ішінде күйеу жігіттің досының сөзі: 
    Бүгін осы тойға алыстан қонақтар келіп отыр. Олар ат шабылтып , сонау Ресейден,Өзбекстаннан келіп отыр. Сол достарымыздың тойға тарту үшін алып келген, әні мен билерін тамашалайық.

    1. Өзбек биі. Қыздар тобы.

    2. Ресей әншісі. (Зелеая Ира -11 сынып).

    Ақсақал шығып: бүгін ауылымызда қос той, қос мереке, бүгін жырламасақ, бүгін ағымыздан жарылып ән айтып, би билемесек қашан билейміз.Қане, жастарымыздың өнерін тамашалайық , тойға жиналған қауым!
    Жас қыз шығып: 
    Ежелгі шығыс елінің , 
    Аңсаған арман, ойы бар.
    Думандатып тойланар.
    Дәстүрлі Наурыз тойы бар ,
    Осы тойда айтатын.
    Өлеңіміз бен биіміз тағы бар.
    «Бозінген биі» -қыздар тобы.
    Ән - (Темірбекова Жанар)
    «Шашу» биі- қыздар тобы.
    Ал,қане, ақсақалымыз бүгінгі қос тойға жастардың үйлену тойы мен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне жиналған тойға арнап , батсын берсін. О, ағайын, құлақ салайық.

    Бата (Ерлан Магзумович)
    «Ұлыс оң болсын,
    Ақ мол болсын,
    Қайда барсаң жол болсын.
    Ұлыс бақты болсын,
    Төрт түлік ақты болсын,
    Ұлыс береке берсін,
    Бәле- жала жерге енсін.
    Әумин!»
    Қыз: Әлемге атақ –даңқы ілінгесін,
    Күн болып Қазақстан күлімдесін,
    Қасиетті ана тіл –
    Бүтін тілім,
    Бауырлар , ешқашанда
    Бүлінбесін!
    Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз тойы халқым, құтты болсын!
    Тойға шашу.
    Ән –(Сәтсапар).
    Қорытынды
    Адамның психологиялық тұрғыда қалай қалыптасқандығын, оның іс-әрекетінің даралығы қалай байқалатындығын зерттеу, талдау жасау арқылы ғалымдар оның түптамыры эго-жағдай және өмір сценарийі моделі ұғымында деген шешімге келген. Сценарий ұғымын 1960-шы жылдардың ортасында психологияға алғаш рет енгізген Э.Берн және оның әріптестері, әсіресе К.Стайнер болды. Э.Берн тағдыр ұғымының түбірінде адамның өмірлік жолы ұғымы жатқандығын айтады. Адам өз тағдырын өзі анықтайды, ол адамның ойлау қабілеті, айнала мен қоршаған орта және қоғамда болып жатқан құбылыстарға деген оның қарым-қатынасы, көзқарасына тікелей байланысты деп есептейді. Әрбір адам бала кезінде-ақ көбіне санадан тыс түрде өзінің болашағы жайлы толғанып, өмір жолының сценарийін өз миында тоқиды, белгілейді. Сценарий - бірте-бірте қалыптасатын, дамитын өмірлік жоспар. Ол жоспар ата-ананың ықпалымен бала кезде қалыптасады. Э.Берн өмірлік сценарий мен өмірлік жол ұғымдарында айырмашылық бар дейді. Ол өмірлік жол деп шын мәнісінде өмірде жүзеге асатын нәрсені айтады.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    1. Аль Д. Н. Основы драматургии. – Л. ЛГИК, 1988

    2. Вановская Е.В. Литературная композиция и монтаж на самодеятельной сцене. Л. 1989

    3. Волькенштейн В. Драматургия. М. Советский писатель, 1969.

    4. Генкин Д.М. Массовые праздники. – М. Просвещение 1975

    5. Генкин Д.М. Конович А.А. Сценарное мастерство культросветработника – М., 1984

    6. Кабдолов З. Сөз өнері –Алматы., 1992

    7. Марков О.И. Сценарно-режисерские основы художественно-педагогической деятельности клуба – М. 1988

    8. Маршак М.И. Клубный сценарий – М. Профиздат, 1975

    9. Шароев И.Г. Режусурра эстрады и массовых представлений М., 1986

    10. Шилов Н.П. Сценарное мастерство. Челябинск ЧГАКИ. 2000

    11. Кеш жарық. – Алматы. өнер, 1989.

    12. Мектеп кеші қөңілді. – Алматы. Өнер, 1990

    13. Наурыз. Жаңғырған салт-дәстүрлер. Алматы. Қазақстан 1991

    14. Праздники в школе. – Минск., 2001

    15. Сценарии школьних праздников. – СПб. Паритет. 2000

    16. «Телевизиялық журналистика», Мәскеу университетінің «Высшая Школа» баспасы, 2002 ж.


    написать администратору сайта