Главная страница
Навигация по странице:

  • Тарих, археология және этнология факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент М.С. Ноғайбаева Дүниежүзі тарихы, тарихнама

  • мінездеме. л Фараби атындаы азУ ды тарих, археология жне этнология факультеті Дниежзі тарихы, тарихнама жне деректану кафедрасыны 4курс студенті Нртре сетке мінездеме


    Скачать 15.47 Kb.
    Названиел Фараби атындаы азУ ды тарих, археология жне этнология факультеті Дниежзі тарихы, тарихнама жне деректану кафедрасыны 4курс студенті Нртре сетке мінездеме
    Дата05.06.2019
    Размер15.47 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файламінездеме.docx
    ТипДокументы
    #80433

    Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ – дың тарих, археология және этнология факультеті Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының 4-курс студенті Нұртөре Әсетке

    МІНЕЗДЕМЕ

    Нұртөре Әсет Арманұлы 1997 жылдың 16 ақпанында Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Ақшұқыр ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Т. Әлниязұлы атындағы орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, 5-сыныпқа дейін аталған мектепте білім алған. 2008-09 жылдары Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылындағы М. Әбдіхалықов атындағы орта мектепте оқыған. 7-сыныпта Сайын Шапағатов елді мекеніндегі №1 меткеп-лицейіне қабылданып, үздік көрсеткішпен 2014 жылы мектепті тәмамдады. Мектептен кейін 2014 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетіне «5В020300 - Тарих» мамандығына мемлекеттік білім гранты негізінде қабылданды.

    Факультет қабырғасында оқу барысында Нұртөре Әсет өзінің қабілеттілігімен, білім дәрежесінің тереңдігімен және белсенділігімен ерекше көзге түсті. 2014 жылы университетте дәстүрлі түрде өткізілетін «1-курс таланттары» байқауында «Көркем сөз оқу» номинациясы бойынша жүлдеді 3-орын иегері атанды. 2014 - жылы университеттің имиджі мен беделін арттыруға өз үлесін қосқаны үшін ректор Ғ.М. Мұтановтан грамота алған. 2016 жылы «Шымыраудан шыққан жыр» атты жеке жыр жинағы Қазақ университеті баспа үйінен жарық көрді.

    Сонымен қатар ол университеттің және факультеттің қоғамдық өмірінде белсенді түрде қатысып келеді. «Студенттік көктем-2015», «Студенттік көктем-2016» сайыстарына белсене қатысып, жүлделі І орынды иеленді. 2014-2015 оқу жылында «Көмек» Қоғамдық қорының белсенді мүшесі болып, факультеттегі қор төрайымының орынбасары қызметін атқарды.

    Нұртөре Әсет «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік студенттік топ -2016» мегажобасының ІІІ орын иегері. Сонымен қатар Алматы қалалық студенттерінің ұйымдастыруымен өткен «Charity Wish Tree» қайырымдылық жобасының белсенді қатысушысы болып, ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хатқа ие болды. Алматы қаласының 1000 жылдығына орай ұйымдастырлылған «1000 қайырымды іс» жобасы аясында «Жылу сыйла жүрекке...» атты қайырымдылық концертінің басты ұйымдастырушыларының бірі болды.

    Студенттер арасында беделді, жұмысты уақытылы және сапалы орындай біледі. Мінезі сабырлы, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады.

    Тарих ғылымдарының доценті Г.Е. Сабденова жетекшілігімен «Қазақстандағы мемлекеттік библиографиялық көрсеткіштер: құрылу мәселелері» тақырыбындағы дипломдық жұмысын сәтті аяқтап шықты. Бүгінде аталған университеттің бітіруші түлегі Нұртөре Әсет университет қабырғасында жүргенде өзін тек жақсы жақтарынан көрсете білді. Әсет болашақта жоғары дәрежелі, білікті маман болады деген сенім білдіреміз.

    Тарих, археология және

    этнология факультетінің

    деканы, т.ғ.к., доцент М.С. Ноғайбаева

    Дүниежүзі тарихы, тарихнама

    және деректану кафедрасының Г.С. Султангалиева

    меңгерушісі , т.ғ.д., профессор

    Ғылыми жетекшісі, т.ғ.к. Г.Е. Сабденова


    написать администратору сайта