Главная страница
Навигация по странице:

  • Абай адамгершілік тәрбие мен парасаттылық туралы

  • срсп. Тұралықызы А. ФПКО-101. ОСӨЖ-15. лтты руханият пнінен 15осЖ тапсырмасы Таырыбы Хакім Абайды адамгершілік мраттары


    Скачать 16.31 Kb.
    Названиелтты руханият пнінен 15осЖ тапсырмасы Таырыбы Хакім Абайды адамгершілік мраттары
    Анкорсрсп
    Дата18.09.2022
    Размер16.31 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТұралықызы А. ФПКО-101. ОСӨЖ-15.docx
    ТипДокументы
    #683896

    ҚР Білім және Ғылым министрлігі

    Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

    Физика-математика факультеті

    «Ұлттық руханият» пәнінен 15-ОСӨЖ тапсырмасы

    Тақырыбы: «Хакім Абайдың адамгершілік мұраттары»

    Орындаған:Тұралықызы А.ФПКО-101

    Пән оқытушысы: Жумагалиева Р.Р.

    Ақтөбе 2021-2022 оқу жылы

    Абай адамгершілік тәрбие мен парасаттылық туралы
    Адамгершілік — бұл сөздің қорымыздағы сөлі ерекше, мәні мәңгілік айқын, салмағы пара-парсыз парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиетін анықтайтын бірден-бір аяулы ұғым. Ұгым ғана емес тіршіліктің мәніп, дүниенің тәнін төрт тағандап ұстап тұрған ұлы принцип. Адамгершілікке негізделген жерде ғана не нәрсеге де қүдірет тұратындығы мәлім. Осы ұлы күш — адамгершілік қасиет жеке адамның ғана басындағы емес, жалпы қоғамның да қордалы байлығы. Ал, оның белгілі бір адамдар бойындағы аздығынан айналасындағы адамдарға ғана емес, қоғамға да тиетін кесірі көл-көсір.

    Демек, адамгершілік тәрбиесі дегеніміз — тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен, адамгершілік сананы қалыптастырудың этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Абай ақыл, адамгершілік, жоғары саналылық еңбектің еңбек тәрбиесіне негізделуін өзінің өлең-жырларының ғақлималарының арқауы етті. Мысалы, "Ақыл бітпесе дәулетке, дәулет бітпес келбетке жан-жақты болып жетілу тіреледі еңбекке" — деп жырлауы соның айғағы.

    Осы жерде ерекше атап айтатын нәрсе, өмірдегі келеңсіз құбылыстарды анықтап, айғақтап беру арқылы жамандықтан сақтандырудағы әрі онымен күресуге үндеудегі педагогиканы" және әдебиеттің, ондағы тәрбиелі образдың рөлі айрықша. Бұл жалпы әдебиет атаулының адам тәрбиесіндегі және адамгершілік рухани байлықты молайтудағы ең негізгі эстетикалық, этикалық міндеттерімен тікелей байланысты. Демек, қоғамдағы орны бөлек орта, дүние — адамгершілік рухани байлықтың ортаймауына жауап беретін бірден-бір рухани ұлы күш тәрбие болып келген.

    Адам бойындағы адамгершілік байлықтың — шын мәніндегі ең үлкен қоғамдық рухани байлықтың азая бастауын ешбір табиғи қазына байлықтың молдығына алмастыруға болмайды. Бұл жердің үлкендігі халықтың рухани мәдениетінің үлкендігіне кепіл бола алмайтындығына немесе халықтың ұлылығы сананың аз-көптігімен өлшенбейтіндігіне ұқсас нәрсе.

    "Абай творчествосындағы адамгершілік концепциясы ақын өміріндегі жақсылық пен жамандықты айыра білуге адамдықтың адал шарты ретінде мән бергенін байқауға болады. Ақын ұғымында жақсылықты тану — жаңалықты қолдау деген сөз, ал жақсылықты қолдай білмеген жамандықтың отына май қүюмен бірдей". Шындығында Абайдың бұл концепциясы кім-кімді де терең ойға қалдырады, әрі бүгінгі күні де терең мәні бар екендігіне мойынсұндыра түседі.

    "Жақсының жақсылығын бетіне айт нұры тасысын, жаманның жамандығын бетіне айт, құты қашсын" деген халықтың қанатты нақылында терең ой бар.

    Ұлы ағартушы ұстаз Абай өз айналасында болып жатқан барлық әділетсіздікті, өтірік пен алдауды, надандық пен қараңғылықты көрді. Мұның бәрі қазақ халкын орға жығады, жас ұрпақтардың тәрбиесіне теріс ықпал тигізеді деп бідді, ал ұлы ағартушының бар үміті жастар еді. Соңдықтан ол халықты, әсіресе жастарды адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу жолында күресіп, бар дауыспен қараңғылыққа, ескілікке қасарыса қарсы шықты.

    Адамгершілік деген ұғым мен оның адамгершілік тәрбиесі оның әрбір шығармасынан дерлік айқын және күшті түрде көрініп отырады. Ол адамгершіліктің жаулары — дәулеттілерді ұлы тілмен түйреп, келемеж етеді, ал жастарды өздерін жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге шақырады.

    Өзінің көптеген шығармаларында әсіресе сүйікті ұлы Әбдірахман, інісі Оспанның өлімдеріне байланысты жазған өлеңдерінде, "Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат", "Интернатта оқып жүр", "Сегіз аяк", "Көзінен басқа ойы жоқ", "Жақсылықтың оты жалындап", "Жас өспірім замандас қапа қалды", "Ұяламын дегені көңілі үшін" деген өлеңцерінде және басқаларында, ғақлия сөздерінде Абай патриотизмнің, ерліктің, табандылық пен шындықтың, кішіпейілділіктің, еңбексүйгіштіктің, білімге құмарлықтың, ақыл-парасаттың уағыздаушысы болып көзге туседі.

    Адамгершілік тәрбие бойына сіңген адамды Абай батыл, ер, көзге айтудан қорықпайтын, алдына қойған биік мұратына қалайда жетпей тынбайтын талапты, күрестің адам боларға тиіс деп түсінеді.

    "Елді тасыған күші бар адам ғана, албыртқан көңілі басылмаған жастар ғана бағады" дейді Абай. Ол қорқақты шенейді, олар әдетте жалқау, дәрменсіз болады дейді. Қорқақтық — қайратсыздық белгісі. Батыл ер болу үшін, дейді ол, күшті қайрат пен берік мінез керек.

    Қайрат пен ақыл жол табар

    Қашқанға да қуғанға.

    Әділет шапағат кімде бар,

    Сол жарасар туғанға.

    Ерлікпен бәрі - тапқырлық та, батылдық та, сабыр да шығады, дейді Абай.

    Сабырлы, табанды болу — ер, мақсатшыл адамның сапасы. Абай қазақ жастарын қиын кезеңде, ғылым жолында кездескен алғашқы сәтсіздік үстінде күдер үзбе, талаптың сұңқарын мініп, тас қияға өрле, мұратыңа жетпей тынба деп баулиды.

    Батылдық пен ерлік қандай жағдайда болса да адамның сабырын сақтайды, кездейсоқ кеселге адамды қапылыста құл етіп тастамай, қайта жағдайдың өзін өзгертіп жіберуге мүмкіндік береді. Ондай адам тағдырға табынбай, қайткенде дегеніне жетеді. Бұл үшін адал да қайрат күші басым болуы қажет, — дейді ақын.


    написать администратору сайта