Главная страница
Навигация по странице:

  • Күтілетін нәтиже

  • Бағдарламаның мазмұны

  • Тақырыбы Мақсаты С/с Күні

  • Ертегілер елінде 3-4 жас варитив 2019-2020 дарын. Масаты Балаларды топтастырып, бірге ертегіні сахналауа, рлдерді орындауда икемділік, шынайлы, бірлесіп рекет етуге йрету, сздік орын, тіл байлыын дамыту. Міндеттері


    Скачать 26.82 Kb.
    НазваниеМасаты Балаларды топтастырып, бірге ертегіні сахналауа, рлдерді орындауда икемділік, шынайлы, бірлесіп рекет етуге йрету, сздік орын, тіл байлыын дамыту. Міндеттері
    Дата29.11.2022
    Размер26.82 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЕртегілер елінде 3-4 жас варитив 2019-2020 дарын.docx
    ТипДокументы
    #820170

    Түсінік хат


    3-4 жасқа арналған «Ертегілер елінде» вариативтік оқу қызметі балалардың ойын, қиялын, сөйлеу тілін дамытуда үлкен рөл атқарады. Сондықтан ортаңғы топ тәрбиенушілері үшін ертегілерді оқытудың маңызы зор.

    «Ертегілер елінде» қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, хайуанаттар жайындағы ертегілер қамтылған. Балалардың қабылдануына жеңіл, оқиғасы қызықты ертегілер таңдалынып алынды.
    Балалар ертегілерді рөлдерге бөліп, сахналайды.

    Ертегіні қою барысында балалар әр түрлі құралдарды пайдаланады, басқа да ойыншылармен қарым-қатынасқа түседі. Рөлін іс-әрекетпен, сөйлеумен, мимикамен, пантомимикамен білдіреді.

    «Ертегілер елінде» бағдарламасы ортаңғы топ балаларының тұлғалық дамуын қамтамасыз етіп және оны мектепке дайындауға бағытталған.

    Бағдарламаны оқыту төмендегідей мақсаты мен міндеттеріне жетудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.

    Мақсаты: Балаларды топтастырып, бірге ертегіні сахналауға, рөлдерді

    орындауда икемділік, шынайлық, бірлесіп әрекет етуге үйрету,

    сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
    Міндеттері: Топпен жұмыс жасауды, өзіне жүктелген міндеті толық

    атқаруды, бастаған істі төзімділікпен аяқтауды. Балалардың

    әлеуметті ортада бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасаудың

    дағдыларын жетілдіру.
    Күтілетін нәтиже: 

    - Ертегі кейіпкерлерінің рөлін орындауға икемді болуды

    дамытып, өзінің жеке тілектестігін көрсетеді.

    -Ертегі барысын үнемі өзгертіп, ауыстырып, мүмкіндігін қамтамасыз етіп отырады.

    -Ойыншылардың арасында жолдастық қарым-қатынас қалыптастырады.

    -Ертегіде бала шығармашылыққа еркіндік береді.
    Бағдарламаның мазмұны: Ертегі кейіпкерлері мен жануарлардың түрлерімен таныстыру. Табиғат және жануарлар тірішілігі, олардың мінезі мен қылықтары туралы түсіндіру. Онда балалар қоршаған орта, табиғат, жануарлар мен тұрмыста көретіндерінің барлығын рөлдерде ойнап шығады. «Ертегілер елінде » бағдарламасы 1 жылға арналған.




    Тақырыбы

    Мақсаты

    С/с

    Күні

    Көрнекілігі

    1

    «Алтын балық» ертегісі

    Су асты тіршілік иелері туралы түсінік беру, зейінін дамыту

    2




    Ертегі кітабы, ертегі кейіпкерлерінің сюжетті суреттері.

    2

    «Алтын сақа» ертегісі

    Ертегі кейіпкерлерінің сипаты арқылы жақсы қасиеттерге баулу.

    2




    Кейіпкерлердің суреттері бар буклет

    3

    «Қызыл телпек» ертегісі

    Ертегі кейіпкерлерінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін көруге үйрету. Ойын нақты және түсінікті етіп жеткізе білуге дағдыландыру.

    2




    Қолғап қуыршақтары.

    4

    «Бауырсақ » ертегісі

    Өзара сүйіспеншілік қарым-қатынасқа тәрбиелеу

    3




    Ертегі кейіпкерлерінің атрибуттары.

    5

    «Жеті лақ» ертегісі

    Ұжымда бірлесіп әәрекет ете білу дағдыларын қалыптастыру.

    3




    Қолғап қуыршақтары

    6

    «Мақта қыз бен мысық» ертегісі

    Сөздік қорын молайту, үй жануарларына деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

    2




    Сахналық қойылым.

    7

    «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі

    Достыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

    2




    Ертегі кейіпкерлерінің атрибуттары

    8

    «Үйшік » ертегісі

    Ертегі арқылы қайырымды, мейірбан болуға тәрбиелеу.

    3




    Сахналық қойылым

    9

    Үш аю

    Ертегі кейіпкерлер арқылы аяушылық, қамқорлық сезімдерін аяту

    2




    Ертегі кейіпкерлерінің атрибуттары

    10

    Үш аюға қонаққа барайық

    Ертегіні қайталай отырып, таңдалған балаларға кейіпкерлер сөздерін айтып үйрету

    2




    Сахналау

    11

    «Қайырымды қоян»

    Балаларды қайырымдылыққа, елкезектікке, адалдыққа тәрбиелеу.

    2




    Ертертегі кейіпкерлерінің атрибуттары

    12

    «Шалқан» ертегісі

    Балаларға ертегі туралы түсініктерін кеңейтіп, айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөздік қорларын молайту.

    3




    Ертертегі кейіпкерлерінің атрибуттары

    13

    «Алтын айдарлы әтеш» ертегі

    Ертегі мазмұнымен таныстыру. Сахналау барысында балалардың сөздік қорларын молайту

    2




    Сахналау

    14

    «Жыл басына таласқан хайуандар»

    Балаларға жыл басының қалай пайда болуы жайлы түсініктерін молайту

    3




    Сахналық қойылым

    15

    «Қаңбақ шал»

    ертегісі

    Балаларға етегі туралы білімдерін кеңейтіп, жақсы мен жаманды ажыра алуға баулу

    2




    Кейіпкерлердің суреттері бар буклет

    16

    Қорытынды

    Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жақсылық жасауға, достыққа, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

    1




    Ертегі кейіпкерлерінен жасалған көрме


    написать администратору сайта