Главная страница
Навигация по странице:

  • Туризмді дамыту мақсатында «Жайық Фест» фестивалін екі жылда бір рет өткізу мәселесін қарастыру

  • орындалу барысы. Мдениаарту бірлестігі рамындаы аула клубтарыны жадайын тексеріп, алпына келтіру мселесі н арастыру


    Скачать 14.73 Kb.
    НазваниеМдениаарту бірлестігі рамындаы аула клубтарыны жадайын тексеріп, алпына келтіру мселесі н арастыру
    Дата04.11.2022
    Размер14.73 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаорындалу барысы.docx
    ТипДокументы
    #769626

    1. Мәдени-ағарту бірлестігі құрамындағы аула клубтарының жағдайын тексеріп, қалпына келтіру мәселесі н қарастыру.


    Мәдени-ағарту бірлестігі құрамындағы аула клубтарының жағдайын жақсартуға төмендегідей жұмыстар жүріп жатыр:

    -Мәдени-ағарту бірлестігінің әкімшілік құрамы аула клубтарында жіберілген кемшіліктер бойынша тексерістер жүргізіп, жұмыстар атқарылды. Оның ішіндегі күнделікті бала саны, үйірмелерге балалардың тұрақты қатысуы қадағалануда. Қазіргі жазғы уақытта балалардың үйірмелерге қатысуы деңгейі кішкене төмендегені жасырын емес. Дегенменде кесте бойынша үйірмеге балалар өз уақытында тартылып келеді. Сонымен қатар жазғы уақытта әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері жазғы алаңқайларда аула тұрғындарымен әр түрлі шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Сонымен қатар “Жасыл желек әлемінде” атты аула клубтары мен комьюнити орталықтарының тәрбиеленушілері кесте бойынша бау-бақша өсіру еңбек лагеріне қатысады. Тағы басқа түрлі скверда, саябақтарда өтетін шараларды ұйымдастырып, өнер көрсетеді. Сондай-ақ аула клубтар жұмыстарының іс-қағаздарына тексеріс жүргізіліп, жадынама арқылы қалыпқа келтірілді.

    Аула клубтары – 12, Комьюнити орталығы - 7, «Жас ұрпақ» жасөспірімдердің әлеуметтік дамыту орталығы – 1, Кинотеатр - 1 /Гагарин атындағы балалар кинотеатры/, Мәдени клуб - 2 «Ақниет» /Есту қабілеті төмен адамдармен жұмыс жасайтын клуб/ және «Бойтұмар» /Көру қабілеті бұзылған азаматтармен жұмыс жасайтын клуб/, «Ардагер» клубы - 1. Барлығы 24 бөлімше.

    Бірлестікке қарасты бөлімдерді 104 үйірме жұмыс жасайды. Оның 84-і балаларға арналған, қалған 20 үйірме ересектермен жұмыс жүргізетін үйірмелер.

    104 үйірмеге барлығы 2 342 адам қатысады, оның ішінде 1940 балалар, 402 ересектер.

    Бала тәрбиесі қай кезде де өзекті. Әрине, болашақтың жалғасы, бүгінгі игі дәстүрді ертеңгі күнмен сабақтастыратын бала тәрбиесінің қоғамдағы орны басты назарда болатыны хақ. Әсіресе, балалардың мектептен тыс уақытын тиімді өткізілуіне аула клубтарының тигізетін ықпалы зор. Алдағы уақытта да балалардың салауатты өмір сүруге тәрбиелеу және жастарды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге үлкен мән береді. Сонымен қатар қала орталығында ұйымдастырылатын барлық мәдени-спорттық көпшілік шараларды ұйымдастыруға ат салысады.

    1. Туризмді дамыту мақсатында «Жайық Фест» фестивалін екі жылда бір рет өткізу мәселесін қарастыру

    «Жайық Фест» фестивалі 2021 жылы ең алғаш рет өтікізілген болатын. Былтыр бұл фестиваль жоғары деңгейде өтіп, қала жұртшылығына жақсы жаңалық алып келген болатын. . Алдағы уақытта осындай фестивалді өткізу жалғасын тауып жатса, өңіріміздің киноиндустриясының дамуына септігін тигізер еді.


    написать администратору сайта