Главная страница
Навигация по странице:

  • Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: № 1 ЖООБ мектебі

  • Сабақ тақырыбы Джаз музыка сы

  • Сабақ мақсаттары Оқушылар

  • Бағалау критерийлері Оқушы

  • Тілдік мақсаттар Оқушылар

  • Талқылауға арналған сұрақтар

  • Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері

  • Сабақтың ортасы Жаңа сабаққа кіріспе

  • Музыка тыңдау Л. Армстронг «What A Wonderful World»

  • Жеке жұмыс «Джаз»

  • “Көңілді сәт”

  • Сабақтың соңы Рефлексия: “ Бағалау ағашы ”

  • Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз Бағалау

  • Мектеп 1 жооб мектебі

    Единственный в мире Музей Смайликов

    Самая яркая достопримечательность Крыма

    Скачать 27.6 Kb.
    НазваниеМектеп 1 жооб мектебі
    Дата24.11.2022
    Размер27.6 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1543059342.docx
    ТипДокументы
    #809249

    С этим файлом связано 3 файл(ов). Среди них: СЛОВА КАЖДОГО.docx, 1513918133.docx, QuestionList.pdf.
    Показать все связанные файлы
    Подборка по базе: Инклюзивті білім беру жaғдaйындa жaлпы білім беретін мектептегі, жазғы мектеп.docx, 2021-2022 оқу жылына арналған Есқара жалпы білім беретің мектепт, Ертеңгілік. Мектепалды даярлық тобы _Алтын күз_.docx, Жазгы мектеп есеп.docx, Жогары мектеп педагогикасының әдістемесі.pptx, 8-сынып мектепшілік олимпиада.docx, Әбу Тұрсынай Педогогика іс- тәжәрибе бойынша есеп 45 мектеп (коп, Сауалнама 30 мектеп.docx, өтініш жазғы мектеп 4 А.docx



    Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

    Мектеп: №1 ЖООБ мектебі

    2-бөлім:Заманауи музыка мәдениеті

    Мұғалімнің аты-жөні: Қуанышқалиев Аңсар Темірболатұлы

    Күні: 22.11.2018

    Қатысқандар саны:

    Сынып: 6

    Қатыспағандар саны:










    Сабақ тақырыбы

    Джаз музыкасы

    Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

    6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

    6.2.1.1– музыкалық-шығармашылық жұмыс жасау үшін идеялар ұсыну, жоспарлау және музыкалық материалға интепретация жасау;

    Сабақ мақсаттары

    Оқушылар:

    • тыңдаған музыкалық шығарманы талдап, өнердің түрлері, стилі және жанрларын анықтайды;

    • музыкалық-шығармашылық жұмысын жоспарлайды;

    • өлең жолдарын джаз, блюз стилінде импровизациялайды.

    Бағалау критерийлері

    Оқушы:

    • тыңдалған музыкаға талдау жасайды;

    • өлең жолдарын джаз, блюз стилінде импровизациялайды;

    • музыкалық, шулы, ұрмалы аспаптар қолданады;

    • қажетті ырғақтық суреттер қолданады:

    • көркем образын, мінезін көрсете отырып, орындайды;

    • өзінің және өзгенің жұмысын бағалайды.

    Тілдік мақсаттар


    Оқушылар:

    • музыканы талдау және талқылау барысында пәндік терминдерді қолдана отырып, стильдерге сипаттама бере алады.

    Талқылауға арналған сұрақтар:


    • .....стильдегі музыка әуендері...., себебі.....

    • Олардың бір-бірінен .......айырмашылықтары бар..

    Терминдер және түсініктер:

    Блюз, джаз, импровизация

    Құндылықтарды дарыту

    Заманауи стильдерді зерттеу арқылы музыка мәдениетіне деген сыйластық, үштілділікті дамыту.

    Пәнаралық байланыстар

    Әдебиет,дене шынықтыру пәндері

    Бастапқы білім


    Берілген тақырып алдыңғы сабақтың жалғасы болып табылады. Оқушыларда блюз, джаз ұғымдары туралы толық мәлімет бар.

    Сабақ барысы

    Сабақтың жоспарланған кезеңдері

    Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


    Ресурстар

    Сабақтың басы

    -Амандасу.

    -Түгендеу.

    Ұйымдастыру бөлімі. Сабақтың мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

    Үй тапсырмасын тексеру.

    Үйге берілген «Заман-ай» әнін айтады.



    Сабақтың ортасы


    Жаңа сабаққа кіріспе:

    Джаз (ағылш. jazz) — музыка жанры. 19-20 ғасырлар шегінде еуропалық және африкалық музыканың тоғысуынан пайда болды. Джаз музыкасының түп негізі зәңгілердің тұрмыс-салт билерімен, еңбек әндерімен, спири-чуэл және блюздарымен (лирик, әндер) астасып жатады. Джаз музыка-сындағы көп ырғақтылық, негізгі әуеннің сан рет қайталануы, вокалдық мәнерлілік, өрнектілік - африкалық халық музыкасына тән белгілер. Джаз музыкасының алғашқы орталығы - АҚШ-тың Нью-Орлеан қаласы. Мұнда 1910- 15 жылдары "джазбэнд" деген атпен зәңгілердің үрмелі аспаптар оркестрі ұйымдасып, орындаушылық өнердің өзгеше мәнері қалыптасты. 20 ғасырдың 30-жылдарында джаз музыкасыңда сивинг стилі пайда болды. 1940 жылдары джаз музыкасының табиғатын өзгерткен би-поп атты жаңа стиль пайда болды. Бұл стиль негізгі әуенге байланысы жоқ диссонанстық тақырыптарға, даңғырлақ дыбыстарға бой ұрды. Қазіргі джаз музыкасы екі бағытта - жарнамалық жеңіл музыка және жаңа көркемдік бейнелеу құралдарын іздеуге ұмтылған шығарма бағытта өрістеуде. Джазда классик, және қазіргі заман музыкасының белгілерін пайдалана отырып, халықтық негіз бен дәстүрдің байланысын сақтауға ұмтылды.

    Д.Элингтон, Г.Шуллер, Дж.Льюис, М.Дейвис, Дж. Колтрейн, т.б. музыканттар - 20 ғ-дағы музыкалық өнерінің ірі шеберлері. Қазақстанда джаз өнері 1969 жылы Мемлекеттік радио және теледидар жанынан эстрадалық-симфониялық оркестрдің (жетекшісі Я.Ткаченко, дирижері В.Лисица) құрылуымен байланысты. Кейіннен Т.Ибрагимовтың басшылығымен джаздық "Бумеранг" тобы құрылды. Республикадағы кәсіби джаз өнерінің өкілдері: М.Ермолов, Г.Метақс, Э.Пашаев, Я.Хан, Т.Зарипов, Н.Байгөзов, Ж.Серкебаева, т.б

    Джаз оркестрінің төрінде орын алатын басты аспап – ұрмалы аспаптар тобы. Ұрмалы аспаптар қатары әртүрлі ұлттық барабандар, маракас және тарелкалармен толықтырылған. Бұл ұрмалы аспаптар тобына контрабас аспабы да енгізілген. Контрабас аспабын ысқышсыз саусақтың басымен ойнайды. Бұл аспапты музыканың ырғағын беріп отыру үшін пайдаланған. Кейде оркестрде гитара аспабын да көруге болады. Гитара аспабында аккордтарды ойнау арқылы музыкалық ырғақты нақтылай түседі. Джаз оркестрінде жеке ойнайтын аспаптар: саксофон, труба, тромбон және рояль. Кейде оркестрден скрипка аспабын да тыңдауға болады. Джаз оркестрінің осындай ешбір оркестрге ұқсамайтын құрамы бар.

    Музыка тыңдау

    Л. Армстронг «What A Wonderful World», Чарли Паркердің (саксафон) – «Summertime»; Диззи Гиллеспидің (труба) – «Caravan» шығармасын тыңдау, талқылау және салыстырып,сипаттама беру.

    - Қандай стильдегі музыка әуенін тыңдадық?

    - Шығарманың көңіл-күйі қандай?

    - Ырғағы қандай?

    Жеке жұмыс

    «Джаз» тақырыбына синквейн құрастыру.

    Синквейн стратегиясы ( бес жолды өлең): Ой толғау кезеңінде қолданылады.

    Синквейн француздың «бес» деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу әдісі.

    - Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)

    - Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)

    - Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)

    - Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем.

    - Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.

    Мысалы:

    1. Күй.

    2. Әсерлі, құдіретті.

    3. Мұңайтады, балқытады, тербентеді.

    4. Күй – адам сезімінің көрінісі.

    5. Өнер.

    Сергіту сәті “Көңілді сәт” балалардың денесін шынықтыруға арналған сәт.

    Жаңа ән: «Ұстазыма»

    1.Көруші ем қабағыңның түйілгенін,

    Ойласам, екен ғой ол күйінгенің

    Зейінмен тапсырмаңды орындасам,

    Есімде күлім қағып сүйінгенің.

    2.Мақтасаң төбем жетіп көкке менің,

    Ақылмен мінімді айтсаң өкпеледім.

    Жаймаған жапырағын жас шыбық едім,

    Тілепсің өмірімнің көктегенін.

    Кітап

    Үнтаспа

    Даптер

    Үнтаспа

    Сабақтың соңы


    Рефлексия: Бағалау ағашы

    • Сабақта не үйрендім?Қаншалықты қызықты болды?

    • Қандай қиыншылықтар кездесті?Қай тұста кемшіліктер кетті.




    Стикер

    Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

    Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

    Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




    Кейбір оқушылар ырғақтық суреттерге импровизация ойластыра алады.

    Вокалдық дағдысы жоғары оқушылар солист рөлін атқара алады.

    Аспапта орындау дағдысы жоғары оқушылар сүйемелдеу құрастыра алады.

    Өзін-өзі бағалау;

    Топтық жұмысты бағалау;

    Сабаққа арналған бағалау критерийлері;

    Мұғалімнің кері байланысы;

    Бақылау.

    Қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.

    Сабақ бойынша рефлексия

    Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

    Жеткізбесе, неліктен?

    Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

    Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

    Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

    Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




    Жалпы баға

    Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

    1:
    2:

    Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

    1:
    2:

    Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



    написать администратору сайта