Навигация по странице:Барлық оқушыларБағалау:(Түсті стикерлер)Bilimland.kz.платформасының тапсырмаларын орындау0,2 балл2-деңгей:орта мән, модасы,жиілігі, медианасы, өзгеріс ауқымы12,13,13,11,13,14 10,12,9,10,10,13,12 140,160,120,120,120,100 11,13,16,16,10,8 ОрындалуыИнтервал шамасы: Жиілік полигоныБағалауТ-6. Математикалық сауаттылық тапсырмаларыРефлексия: «Жапырақтар құпиясыҚызыл жапырақҰБТ-ден ойлаған ұпай көрсеткішін алыңыз Жақсы маман болу үшін,өз мүмкіндіктеріңізді ашыңыз Мақсатқа жету үшін жүйелі жоспар құрыңыз.
|
ҚМЖ Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар. Мектеп Барытбел орта мектепбашасы кмм
11.1В
Математикалық статистика және таңдама
| Мектеп: «Барқытбел орта мектеп-бақшасы» КММ
Пәні: алгебра және анализ бастамалары.
| Мерзімі: 18.11.2021ж
| Мұғалімнің аты-жөні: Барсагатова А.Б.
| Сынып: 11
| Қатысқандар саны:7
| Қатыспағандар саны:
| Сабақ тақырыбы
| Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына
сілтеме)
| 11.3.3.1 - дискретті және аралық вариациялық қатарларды құрастыру үшін таңдаманы өңдеу
| Сабақ мақсаттары
| Барлық оқушылар:вариациялық қатардың ақпараты бойынша ізделінді шаманы өңдейді
Көптеген оқушылар:вариациялық қатардың ақпаратты бойынша ізделінді шамаларды таба алады;
Кейбір оқушылар: вариациялық қатардың ақпаратты бойынша ізделінді шамаларды барлығын таба алады және мәліметтер базасын құра алады.;
| Бағалау критерийлері
| 1. дискретті және аралық вариациялық қатарларды құрастыру үшін таңдаманы өңдейді
2. берілген сан қатары бойынша ізделінді шамаларды анықтайды.
| Тілдік мақсаттар
| Бас жиынтық, таңдама , орта мән ,вариациялық қатар, дисперсия ,ауытқу, гистограмма, жиілік полигоны.
| Құндылықтарды дарыту
| Өзін-өзі бағалау, өзара бағалауды ұйымдастыра отырып, өзін және өзгені құрметтеуді, жұптық жұмыс арқылы пікір алмаса білуге дағдыландырамын.
| Пәнаралық байланыстар
| Статистика мен ықтималдық бірқатар ғылыми салаларда қолданылады: биология, әлеуметтану, машина жасау және т.б
| АКТ қолдану дағдылар
| Интербелсенді тақта,Excel бағдарламасы
| Бастапқы білім
| Ықтималдық. Қарапайым ықтималдықтарды түсіну және есептеу.
| Сабақ барысы
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
| Басталуы
3 мин
|
1. Ұйымдастыру кезеңі . Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа қажетті құрал жабдықтарын даярлауды сұрау.
2. Үй жұмысын тексеру.
Бағалау типі: өзара бағалау.
|
| Сабақтың ортасы
Негізгі бөлім:
| Миға шабуыл:Т-1
Берілген сан қатарының орта мәнін, модасын, медианасын, өзгеріс ауқымын тап. 18,15,18,13,13,13,16
Модасы-13. Медианасы:13,13,13,15,16,18
(13+15):2=14
Өзгеріс ауқымы: 18-13=5
Дискриптор:
Берілген сан қатарын өңдейді. Берілген сан қатарынының орта мәнін табады. Берілген сан қатарының модасын табады. Берілген сан қатарының медианасын табады. Берілген сан қатарының медианасын табады.
Бағалау:(Түсті стикерлер)
Жасыл түс-сан қатарын өңделген, барлық 4 ізделінді шама дұрыс анықталған;
Сары түс-сан қатары өңделген, ізделінді 3 шама анықталған
Қызыл түс-сан қатары өңделген, ізделінді 1 шама дұрыс анықталған.
Bilimland.kz.платформасында жұмыс жүргізу:
Bilimland.kz.платформасының тапсырмаларын орындау:
1-5 тапсырмаларды орындау:
Дискриптор:
Орта мән анықтамасын қолданады. Вариациялық кесте бойынша медиананы анықтайды. Тұрақты шаманының дисперсиясын анықтайды. Дискреттік қатардың дисперсиясын анықтайды Дискереттік қатардың орташа ауытқуын анықтайды.
Бағалау: Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыға бір балл беріледі.Әр тапсырманың үлесі-0,2 балл
Деңгейлік тапсырмаларды орындау:
Берілген вариациялық қатардың
1-деңгей:орта мән, модасы,жиілігі, медианасы, өзгеріс ауқымы.
2-деңгей: орта мән, модасы,жиілігі, медианасы, өзгеріс ауқымы,
орта мәннен ауытқуы, дисперциясын тап.
3-деңгей:орта мән, модасы,жиілігі, медианасы, өзгеріс ауқымы,
орта мәннен ауытқуы, дисперциясын тап. , интервал шамасын тап, гистаграммасын сал.
12,13,13,11,13,14 10,12,9,10,10,13,12 140,160,120,120,120,100 11,13,16,16,10,8
Орындалуы:
Вариациялық сан қатарын құрады: 100,120,120,120,140,160
Медианасы:
Модасы-120, өзгеріс ауқымы: 160-100=60
Орта мәннен ауытқуы:
100-126,6=-26,6
120-126.6=-6,6
140-126,6=13,4
160-126.6=33,4
Интервал шамасы:
Жиілік полигоны:100-1,120-3,140-1,160-1
Дискриптор:
Варициялық қатарды өңдейді. Ізделінді шамаларды анықтайды. Excel бағдарламасында жұмыс жасайды.
Бағалау: 1-деңгей дұрыс орындалса-6 балл, 2-деңгей дұрыс орындалса 7 немесе 8 ұпай, 3-деңгей дұрыс орындалса-9-10 балл.
Ақпарат құралдарымен жұмыс Excel бағдарламасымен жұмыс:
Математикалық сауаттылық пәнінен сынама тест бойынша төмендегідей көрсеткіштер анықталды, мәліметтер базасының проценттік көрсеткішін анықтап гистограммасын құр:( Барлық сұрақ саны-15)
Айман-10 Асқар-7 Рахат-9 Ақбота-8 Ерлан-8 Томирис-8
Альбина-6
Т-6. Математикалық сауаттылық тапсырмалары:
Оқушы бес емтиханнан орташа 7 ұпай алды. Егер алғашқы 4емтиханнан 6, 5, 10 және 7 ұпай алса, соңғы емтиханында қанша ұпай алған? А) 8 В) 9 С) 7 D) 10 E) 11 Бактерия әр секундта 2-ге бөлінеді. Егер бір бактерияныпробиркаға салса, онда 6 секундтан кейін олардың саны қанша болады? А) 72 В) 260 С) 64 D) 120 E) 32 Сандар белгілі заңдылық бойынша жазылған. Белгісіз санды табыңыз. 6; 9; 14; 21; ?; 41; ...
А) 20 В) 40 С) 30 D) 35 E) 25
Дискиптор:
Орта мән анықтамасын пайдаланып, ізделінді шаманы анықтайды. Санның дәрежесін анықтайды. Сан тізбегінің келесі мүшесін анықтайды.
Бағалау: Әр дұрыс тапсырма1балл
Қорытындылау:
«Терминдер сандығын» толтыру: Бүгінгі сабақ бойынша қандай ұғымдар білесіздер, жазып қоржынға салайық:
Дисперсия, ауытқу, орта мән, вариациялық қатар, медиана....
|
слайд
стикерлер
Интербелсенді тақта
слайд
| Сабақтың соңы
5 мин
| Рефлексия: «Жапырақтар құпиясы»
«Жасыл жапырақ»-бүгінгі сабақ маған барлығы түсінікті болды, тапсырмаларды орындау қиындық туғызған жоқ.
«Сары жапырақ»-бүгінгі сабақта кейбір тапсырмалар маған түсініксіз болды, тапсырмаларды орындауда аздап қиналдым.
«Қызыл жапырақ»-бүгінгі сабақта маған бірталай тапсырма түсініксіз болды, тапсырмалардың көбін орындауда қиналдым.
8. Үй жұмысы:§7 оқу №7.5 63-бет
Бағалау:
Сабақтың соңы:
ҰБТ-ден ойлаған ұпай көрсеткішін алыңыз Жақсы маман болу үшін,өз мүмкіндіктеріңізді ашыңыз
Мақсатқа жету үшін жүйелі жоспар құрыңыз.
|
| Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
| Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.
| Жаңа тақырыпты меңгеру барысында саралау тәсілі – диалог және қолдау көрсету қолданылады. Білімді бекіту барысында саралау қолданылады.
| Білім алушыларды математикалық сауаттылығын жетілдіру мақсатында бірнеше тапсырмалар берілді.
| Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыруға әрекет жасау, кездескен қиын және күрделі жағдайларда оқушы өзін бірқалыпты ұстануына қол жеткізуге талпыну.
| Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
|
| Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары
туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
| |
|
|