Главная страница
Навигация по странице:

  • Қант диабетінің негізгі симптомдары

  • Қант диабетінің екінші деңгейлі симптомдары

  • Диабетпен ауыратындардың диетасы

  • Диабет эпидемиялогиясы

  • Қантты диабеттің патогенезі және клиникалық көріністері.

  • Гипергликемиялық кома

  • Айқындалуы

  • Жедел жәрдем

  • Гипогликемиялық кома.

  • Жедел жәрдем.

  • Қант диабеті. Млшеріні кбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бл аурумен жас та, кемел жастаылар да, крі де ауырады. сіресе


    Скачать 22.43 Kb.
    НазваниеМлшеріні кбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бл аурумен жас та, кемел жастаылар да, крі де ауырады. сіресе
    Дата12.09.2021
    Размер22.43 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚант диабеті.docx
    ТипДокументы
    #231618

    Диабет (лат. diabetes mellitus) — бұл қандақант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздыңзат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.

    Қант диабетінің негізгі симптомдары

    • үнемі сусап тұру (полидипсия)

    • кіші дәреттің жиілеп, көп болуы (полиурия)

    • үнемі шаршаулы сезіну (полифагия)

    • қол-аяқтың үйып, жансыздануы

    • үнемі қарын аштығынан арылмау

    • салмақ азаюы [2]

    Қант диабетінің екінші деңгейлі симптомдары

    • терінің қышуы

    • көздің көру қабілетінің айырылуы («тұман көлегейлегендей»)

    • жыныс қынабының жиі инфекциямен ауыруы

    • аяққа жазылмайтын созылмалы жара шығуы.

    • естен тану (қысылтаяң жағдайларда)

    Осы аталған белгілер басқа ауруларға да тән.

    40 жастан кейін диабетті дәрі-дәрмексіз-ақ тамақтануды дүрыс жолға қою арқылы емдеуге болады. Диабетпен ауыратындар диетаны өмір бойы сақтауы керек, бүл жағдайда дүрыс диета сақтаудың мәні зор.

    Диабетпен ауыратындардың диетасы

    Диабетпен ауыратын толық адамдар алдымен артық салмақтан арылуы керек. Диабетшілер қант, кәмпит және басқа да тәтті тағамдарды ішпеулері қажет. Олардың ірі ұнтақты ұннан пісірілген нан, сондай-ақ крахмал қоспалы асбұршақ күріш, картоп және басқа да құрамында ақуыз бар тағамдармен тамақтанғаны жөн болады. Диабет ауруымен зардап шегетін ересек адамдардың алмұрт тектес тікенекті кактустың (нопал, опантиа) сөлін ішкені дұрыс. Бұл үшін кактусты ұсақтап турап, езіп, сөлін сығып алып, күніге тамақ алдында үш рет 1,5 кеседен қабылдау қажет. Тіс қызыл етін, таңдай қуысын инфекциядан сақтау үшін тісті тамақтан соң жуып тазалаған дұрыс болады. Аяқты дәйім таза ұстау қажет, жаралап, қажатып алмас үшін өзіңізге ыңғайлы да шақ аяқ киім кигеніңіз жөн. Аяқ қан тамырлары қызметін жақсартып, қан айналысын ретке келтіру үшін (аяқта қара дақтар болып, немесе ұйыған жағдайда) демалған кезде аяқты жоғары көтеріп қойып жату керек. Аяқ көктамырлары кеңейгенде (варикозное расширение вен) де осы ақыл-кеңеске ден қойған абзал.[3]

    Диабет эпидемиялогиясы

    Әлем бойынша 2010 жылғы жағдайға сәйкес шамамен 285 миллион адам қант диабетіне шалдыққан деп бағаланады. Ал 2011 жылы 366 миллион адам тіркелген.Салыстыратын болсақ, 1985 жылы 30 миллион адам осы аурумен ауырған. 15 жылдан соң бұл сан 150 миллионнан асты. Ал қазіргі кезде қант диабетіне шалдыққан аламдардың саны әр 12-15 жыл сайын екі есеге көбейуде. IDF-тің болжауымен, қазіргі қарқындар жалғасса, 2030 жылы олардың саны 435 млн-ға дейін өсуі әбден мүмкін.

    Тақырыбы: Зат алмасудың біртектес бұзылыстары.

    Көмірсу алмасуының бұзылыстары.Қант диабеті.

    Организмнің көптеген жасушалары қызмет атқару үшін негізгі энергияны глюкоза тотығуынан алады. Ал, ми жасушалары қызметтерінде энергия тек глюкозамен өндіріледі. Сондықтан қанда глюкозаның деңгейі 3,5-5,5 мМ/л мөлшерінде ұсталып тұруы организмнің маңызды бір гомеостаздық механизмі. Көмірсулары алмасуының бұзылыстары көптеген біртектес патологиялық үрдістер мен дерттер кездерінде байқалады.

    Көмірсулары алмасуының бұзылыстары:

    1. көмірсуларының ішек-қарында ыдырауы мен сіңірілуі;

    2. гликогеннің түзілуі мен ыдырауы;

    3. көмірсуларының аралық алмасуы бұзылыстары кездерінде болуы мүмкін.

    Көмірсуларының ішек-қарында ыдырауы мен сіңірілуінің бұзылуы ас қорыту ағзаларының  ферменттерінің әртүрлі себептерден (панкреатит, энтерит ж. б.) жеткіліксіз болғанда байқалады. Сонымен бірге ішектер қабынғанда глюкозаның сіңірілуі бұзылады.

    Көмірсулары алмасуының бұзылыстары гипергликемия, глюкозурия және гипогликемия түрлерінде байқалады. Гипергликемия қанда қанттың мөлшерінің жоғары көтерілуі. Оның пайда болу себептеріне қарай ауқаттық, эмоциялық, гормондық және инсулиннің жеткіліксіздігінен болатын гипергликемиялар болып бөлінеді. Ауқаттық гипергликемия тамақпен жеңіл қорытылатын көмірсуларды көп қабылдағанда байқалады. Эмоциялық гипергликемия орталық және симпатикалық нерв жүйелері  қатты қозғанда дамиды. Гормондық гипергликемия эндокриндік бездердің  қызметтері бұзылғанда байқалады. Гипергликемия инсулин жеткіліксіздігінде ең көрнекті және тұрақты болады.

    Ол тұқым қуалайтын және жүре пайда болған болуы мүмкін. Біріншісі генетикалық ақаулардың болуынан ұйқы безінің β - жасушаларында инсулиннің мүлде түзілмеуі немесе тым аз түзілуінен дамиды. Жүре пайда болған инсулиннің аз түзілуі көптеген себептерден болуы мүмкін. Оларға: ұйқы безінің ісіктік, инфекциялық (туберкулез, мерез бактериялары, қызамық, паротит ж. б. вирустары), қабынулық бүліністері, Лангерганс аралшықтарында қан тамырларының тарылуы (атеросклерозы), тромбозы, қатты жиырылуы нәтижелерінде гипоксия дамуы, организмде пуриндердің алмасуы бұзылуынан аллоксан көп өндірілуі,  немесе организмде цинк иондарының жетіспеушілігі, ұзақ мерзім тым артық қызмет атқарудан β - жасушаларының қалжырауы ж. б. жатады.

    Қантты диабет организмде инсулиннің толық немесе салыстырмалы жеткіліксіздігінен дамитын зат алмасуларының бұзылыстарымен, қан тамырларының, нервтердің және әртүрлі ағзалар мен тіндердің дерттік өзгерістерімен сипатталатын ауру.

    Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) жіктеуі (1981 ж.) бойынша қантты диабеттің ең кең тараған екі түрі бар: 1. инсулинге тәуелді (І-түрі) және 2. инсулинге тәуелсіз (ІІ-түрі).

    І-түрі - 25 жасқа дейінгі жастарда және балаларда кездесетін диабет инсулиннің толық болмауынан дамиды. Ол сырқаттың қатты арып-азуымен ауыр түрде өтеді және инсулинмен емдемесе тез кетоацидоз дамуына, адамның өліміне әкеледі.

    ІІ-түрі - ұлғайған адамдарда кездесетін диабет. Бұл түрі барлық диабеттің мөлшерінен 70%-ға жуығы. Қанда инсулиннің деңгейі аздап қана төмендеген немесе тіпті қалыпты денгейде. Сонымен бұл кезде инсулиннің жеткіліксіздігі салыстырмалы түрде болады. Бұл диабетпен ауыратын сырқаттардың арасында семіру жиі байқалады және әдетте кетоацидоз дамымайды. Көпшілік жағдайда бұндай ауруларды тіпті дұрыс емдәммен емдеу жеткілікті болады.

    Қантты диабеттің этиологиясы. Қантты диабеттің себебі болып, тұқым қуатын және өмірден алынған жайттар есептеледі.

    Сонымен бірге қантты диабеттің дамуы акромегалия, Иценко - Кушинг ауруы, феохромоцитома кездерінде соңғы көріністері ретінде байқалуы мүмкін.

    Қантты диабеттің патогенезі және клиникалық көріністері.

    Инсулин көптеген зат алмасу үрдістеріне әсер етеді. Сондықтан оның жеткіліксіздігінде барлық зат алмасулар бұзылады. Ең алдымен көмірсуларының алмасуы бүлінеді. Гипергликемия дамиды.

    Инсулин жеткіліксіздігінің алғашқы көрінісі болып, организмнің глюкозаға шыдамдылығы (толеранттығы) төмендеуі есептеледі. Аш қарынға 1,75 г/кг глюкоза ішкізгеннен кейін сау адамдардың қанында глюкозаның деңгейі 7,8 ммоль/л (140 мг%)-ден аспайды және 2 сағаттан кейін қалыпты деңгейіне қайта оралады. Ал инсулиннің жеткіліксіздігі кезінде гипергликемия 11,3 ммоль/л-ден жоғары көтеріледі де, глюкоза ішкеннен 3 сағат өткен соң да жоғары деңгейде сақталып қала береді.

    Қанда глюкозаның деңгейі тұрақты көтерілгенде ол жасушаларға бүліндіретін әсер ететін өнімдерге айналуы мүмкін. Бұл аурудың ең жиі көріністері: қан тамырларының бүліністері (ангиопатиялар) және бүйректің бүліністері (нефропатиялар) байқалады.

    Глюкозаның қандағы жоғары деңгейі глюкозурияға әкеледі. Глюкозаның зәрмен шығарылуы организмнен суды көптеп ала кетеді. Осыдан полиурия дамиды. Бұл организмнің сусыздануына қан плазмасының осмостық қысымы көтерілуіне, шөлдеу сезіміне, полидипсияға (грек. Polydipsia - қатты шөл) әкеледі.

    Қантты диабет кезінде нәруыздардың алмасуы бұзылады. Диабет кезінде нәруыздардың түзілуі баяулайды. Осыдан бұлшық еттерде атрофия дамиды, қанда гипопротеинемия байқалады, антиденелердің түзілуі жеткіліксіз болады. Сондықтан теріде және шырышты қабықтарда іріңдік қабынулар, туберкулезбен ауыру қантты диабетпен ауыратын адамдарда жиі кездеседі.

    Инсулиннің жеткіліксіздігі кезінде майлардың алмасуы бұзылады. Бұл кезде майлардың ыдырауы күшейеді, май тінінен май қышқылдары мен глицерин босап шығады. Осыдан қанда майлардың жалпы деңгейі бірнеше есе көтеріледі. Осыдан келіп бұл адамдарда атеросклероз дамуына қолайлы жағдай пайда болады.

    Ацетил-КоА-дан көптеген кетондық денелер түзіледі. Осыдан кетоацидоз дамуы байқалады. Кетонды денелер орталық нерв жүйесіне улы әсер етеді.

    Қантты диабет кезінде тұздар мен судың алмасуы бұзылады. Бұл кезде калий иондарының алмасуы қатты бұзылады, оның жасуша ішінде тасымалдануы баяулайды. К+ иондары жасуша сыртында және қанда жиналып қалады. Артынан К+ зәрмен көп шығарылуынан оның қандағы деңгейі төмендейді. Сонымен бірге қантты диабетпен ауыратын адамдардың зәрінде натрий иондары көбейеді.

    Зәрде глюкозаның, кетондық денелердің, азоттың, натрий мен калий иондарының деңгейлері көтерілуі организмнен судың көптеп шығуына әкеледі. Сондықтан қантты диабет кезінде тәулігіне 8-10 л зәр шығарылады.

    Гипогликемия-қанда қант көлемінің кенет азаюы, бұл жағдай  инсулин дозасы артық салынғанда байқалады. Науқасқа қандағы қант мөлшерін көтеру үшін кант, конфет, бал беру керек.

    Гипергликемия-қандағы қант көлемінің көбеюі, инсулин уақытымен салынбай қалған кезде немесе инсулин дозасы аз болғанда дамиды. Емінде көктамырға инсулин енгізіледі.

    Гипергликемиялық кома

    Себептері:

    1. Инсулин дозасының кем болуы.

    2. Майлы және тәтті тамақты мөлшерден көп жеу.

    Осы себептердің әсерінен зат алмасуының барлық түрі бұзылады, организмде шала толтыққан улы заттар жиналып уланады.

          Айқындалуы: Гипергликемиялық кома біртіндеп басталады, шөлдейді, зәрінің мөлшері көбейеді, баланың тәбеті төмендейді, ұйқышылдық пайда болады, терісі және шырышты қабаттары құрғап, аузынан ацетон иісі шығады, дем алысы шуылдаған, бала есінен айрылады.

    Жедел жәрдем:

            Көк тамырға 100-300 мл ас тұзының физиологиялық ерітіндісіне қосып 0,1 ед/кг салмағына есебімен үздіксіз етіп инсулин құю.

            Асқазанды 5% сода ерітіндісімен жуу.

            4% сода ерітіндісімен тазалағыш клизма қою.

            Рингер, ас тұзының физиологиялық ерітіндісін, 5% глюкоза ерітінділерін көк тамырға тамшылатып 2-3 литрге дейін құю (токсиндерді шығару мақсатында). Бұл ерітінділермен бірге кокарбоксилаза, вит С құйылады. Тамшылатып сұйықтықтар құйып жатқан кезде баланы грелкамен жылытып, минералды суларды, жемістер компоттарын 10 минут сайын 1-2 шай қасықтан беріп отыру керек.

            3-4 сағаттан кейін бала жеңіл қорытылатын тамақтармен тамақтандырылады: айран, жеміс-жидек шырындары, пюрелер.

            Баланың сөткелік зәрін және биохимиялық анализге көк тамырдан қанын қантқа тексеру.

     

    Гипогликемиялық кома.

     

    Себептері:

    1. Тамақпен организмге қанттардың кем түсуі.

    2. Организмге инсулинді шамадан көп енгізу.

        Айқындалуы: Гипогликемиялық кома кенет басталады, аузынан ацетон иісі шықпайды, терісі боз, дымқыл, демалысы жиі үстірт, баланың денесі құрысып-тырысады, тез есінен танады.

    Жедел жәрдем.

            Егер бала есінде болса оған бірнеше кесек қант, бал, тәтті шай, кәмпит беріледі.

            Егер бала ессіз болса көк тамырына үздіксіз етіп 20-50 мл 40% глюкоза ерітіндісі құйылады.

            Терісінің астына 0,1-1,0 мл 10% кофейн ерітіндісі егіледі.

            Дымқылданған оттегі беріледі.

            Бала есін жиған соң тамақтандырылады.

     

           Осы аталған белгілер басқа ауруларға да тән. Диабетпен ауыратыныңызға көзіңізді жеткізу үшін кіші дәретіңіздің құрамындағы қанттың көп-аздығын тексеріңіз. Мұны, әрине, дәмін татып тексеруге болады. Егер кіші дәретіңіз тіл ұшында өзіңізге тәттілеу көрінсе, бұл күмәніңізді не айғақтап, не сейілту үшін тағы екі адамға байқатып көріңіз. Өз кезегінде ол екі адам басқа 3 адамның кіші дәретін тексеріп керіп, біреуіндегі қанттың көптігіне көз жеткізсе, онда сол адамның диабетпен ауырғаны.

             Диабет белгілері балаларда, жасөспірімдерде біліне бастағаннан-ақ міндетті түрде тәжірибелі дәрігер маманға көрсетіңіз. Міндетті түрде эндокринолог маманның қарауы қажет.

    40 жастан кейін диабетті дәрі-дәрмексіз-ақ тамақтануды дүрыс жолға қою арқылы емдеуге болады. Диабетпен ауыратындар диетаны өмір бойы сақтауы керек, бүл жағдайда дүрыс диета сақтаудың мәні зор. 


    написать администратору сайта