Главная страница
Навигация по странице:

  • Нар қобыз

  • Қорқыт пен қобыз

  • 11 сынып Күй. Нар обыз


    Скачать 1.22 Mb.
    НазваниеНар обыз
    Дата27.10.2022
    Размер1.22 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла11 сынып Күй.docx
    ТипДокументы
    #757080







    Нар қобыз

     Двух  струнный щипковый музыкальный инструмент. Изготавливается из твёрдых кусков дерево . Нижняя часть корпуса обтягивается верблюжьей кожей. Струны и смычок изготавливается конины волосы. Размер 4х4.Общая длина 95.5 см, длина головки-16.5см, длина грифа-28см,ширина корпуса - 38см,глубина корпуса 16см, длина корпуса -53см. Вес -3,400гр

    Музыка (грек. muzike, тура мағынасы – музалар өнері) – негізінен әр биіктіктегі дыбыстардан (тондардан) тұратын, адамға өзінің белгілі мен әсер ететін, өмір шындығын дыбыстық көркем образдар арқылы бейнелейтін өнердің бір түрі. Музыка алуан құбылыстарды суреттеп, олардың эмоциялық ауқымын аша отырып, қалың бұқараның рухани өмірін қалыптастыру құралы ретінде үлкен роль атқарады.

    Ұлы Даланың ұлы перзенттерінің бірі – Орта ғасырларда өмір сүрген ірі ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт ата. Оның соңында қалған әдеби және музыкалық бай мұра ұлағатты ұрпақтар арқылы кезеңнен кезеңге ауысып, бүгінгі күнге жетіп отыр. Енді ол кім болған, қандай мұралары бар дегенге келейік.

    Қазақ халқының атадан балаға тараған шежіресі бойынша музыка өнерінің тууы Қорқыт есімімен тығыз байланысты. Қорқыт қобызға алғаш тіл бітіріп, үнін күй етіп сөйлеткен өнер иесі, күй атасы. Ел аузындағы аңыздардың бірі Қорқыттың елден ерекше болып дүниеге келуі және оған Қорқыт есімінің берілуі. Қорқытты туарда анасы құланның жаясына жерік болыпты. Жыл сайын бір рет толғатып, баланы үш жыл тоғыз күн көтереді. Бір күні нәрестенің дүниеге келер сәті жетеді. Анасы, туарында тоғыз күн толғатыпты, сол сәтте жер дүниеге үш күн, үш түн қараңғылық түсіпті, қара жаңбыр, дауыл соғып, біреуді біреу көре алмай, қорқыныш басыпты.

    Бала анасынан туа тіл қатып, сөйлей бастайды. Шілдеханасына жиналғандар: «Бұл ерекше қасиетті болып өмірге келуі арқылы біздің бәрімізді қорқытты ғой, сондықтан аты Қорқыт болсын», - деп нәрестенің атын Қорқыт қояды.

    Қорқыт туған кезінде,

    Қара аспанды су алған

    Қара жерді құм алған

    Ол туғанда ел қорқып,

    Туғаннан соң қуанған – деген өлең жолдары Қорқыттың өмірге келуі жайында жыр. Міне осы ғажайып жағдайда туған Қорқыттың ер жеткеннен кейінгі іс-әрекеттері де ешкімге ұқсамайды. Ол жиырмаға толғанда түсінде біреулер аян беріп, «қырықтан артық жасамайсың» депті. Міне, осыдан кейін Қорқыт дүниенің көп ойлап, өлмеудің жолын іздестіреді, түйесі Желмаяға мініп, әлемнің төрт бұрышын аралайды. Ол қайда барса да, қазулы көрді көреді... бұл кімнің көрі, -  деп сұрағанда «Қорқыттың көрі» деп жауап алады. Ақырында өзінің туған жері Сырдария бойына келеді, қарағайдан қобыз жасап, өлмес өмір күйін тартады. Қазақта «Күй атасы – Қорқыт» деген аңыз осылайша пайда болады. Ол Сырдария суының бетіне кілем төсеп, күй тартқанда дүниедегі жан иесінің бәрі де құлағын елжіретіп тыңдаған.

      1. Қорқыт пен қобыз

    Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде де керемет ойнайды екен. Алайда, ол оған қанағаттанбай, адам және жануарлардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, тоғыз толғанды. Қарғай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ ары қарай қалай, не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жасап жатқан қобызың алты жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған түйенің терісінен жасалған шанақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен», - деп кеңес береді. Қорқыт ұйқысынан ояна сала, осы айтылғандардың бәрін жасап

    „Қарағайдың түбінен

    Қайырып алған қобызым,

    Үйеңкінің түбінен

    Үйіріп алған қобызым,

    Желмаяның терісін

    Шынақ қылған қобызым,

    Ортекенің мүйізін

    Тиек қылған қобызым,

    Бесті айғырдың құйрығын

    Ішек қылған қобызым,

    Құлағыңды бұрайын,

    Осы айтқаным болмаса,

    Қайырып жерге ұрайын“ – деп жырлайды.

    Сырдарияға кілем жайып, үстіне отырады да қобызын күндіз-түні тарта береді. Сол уақытта бүкіл жер-жиһан, жүгірген аң, ұшқан құс, бәрі-бәрі дарияның жағасына анталап келіп, күй тыңдап тұрады екен. Қорқыттың қобызы күй төгіп тұрған кезде оған ажал да батып келе алмапты. Бірде шаршағаннан көзі ілініп кеткен кезінде судан кішкентай жылан шығып, дана қартты шағып алады. Сөйтіп, Қорқыт 95 жасында жантәсілім етеді. Ел аузындағы «Ажал айтып келмейді» деген нақыл осыдан қалса керек... Бүгінгі күні Қорқыт бабамыздың оннан астам күйлері белгілі болып отыр.



    написать администратору сайта