Главная страница
Навигация по странице:

  • Ән: балалардың орындауында «Көктем» әні.

  • Наурыз бала

  • 1 – ші батыр

  • 4 – ші батыр

  • Зұлым жел

  • (Батырлар жеңеді.)

  • (музыка әуені ойналады.)

  • Күнекей

  • (қыздардың орындауында би.)

  • Ән: Наурыз.

  • Ұлдардың орындауында би

  • наурыз ашық сабақ. Наурыз тойы Слу Кнекей ыз оната Наурыз мерекесіне арналан сценарий. Ортаны топ


    Скачать 30.25 Kb.
    НазваниеНаурыз тойы Слу Кнекей ыз оната Наурыз мерекесіне арналан сценарий. Ортаны топ
    Дата31.08.2019
    Размер30.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файланаурыз ашық сабақ.docx
    ТипДокументы
    #85631

    «Наурыз тойы» - «Сұлу Күнекей қыз қонақта»

    Наурыз мерекесіне арналған сценарий. Ортанғы топ.

    Тәрбиеші: Көптен күткен көктем келіп жетті. Барлықтарыңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Біздің жеріміз бай және жарқын болсын, әр үйден балалардың көңілді күлкісі естілсін. Наурыз тек қуаныш, бақыт, жылылық пен молшылық әкелсін. Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

    Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

    Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

    Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

    Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.

    Ән: балалардың орындауында «Көктем» әні.

    • Балалар, Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтып берейік!

    1. Уа, ағайын, халайық,

    Мұнда назар салайық.

    Мерекесі халықтың,

    Наурыз тойың бастайық!

    1. Наурыз келді алақай,

    Кел билейік балақай,

    Бізде қарап тұрмайық,

    Тойға шашу шашайық!

    1. Күттіріп келген жыл басы,

    Бізбенен бірге жырлашы.

    Дастарханыма елімнің,

    Береке-ырыс сыйлашы.

    • Наурыз келіп, табиғат оянып, дала гүлдеп қуанышқа-қуаныш қосылатын осы - наурыз.

    Көңілді ән әуенімен Наурыз бала кіреді:

    Наурыз бала: Сәлеметсіздерме қонақтар, Наурыз мерекесі құтты болсын, осы мерекені бірге тойлайық.

    (Осы кезде қатты жел соғып, Наурыз баланы ұшырып алып кетеді.)

    • Бұл не болды? Наурыз бала қайда кетті?

    Зұлым жел:Мен зор ,мықты желмін, мен Наурыз баланы өз хандығыма алып кеттім, енді оны тек биік тауда өсетін сиқырлы гүлді тапсаңдар сол ғана құттқара алады.Ал ол үшін сендер жақсы-жақсы өлеңдер айтып,қатты-қатты тақпақтар оқып, мың бұрала би билесеңдер ғана наурыз баланы қайтарамын. Ал мен бәрін де көріп,естіп тұрамын. У-У-У

    • Балалар енді не істейміз? Бізге кім көмектеседі екен? Наурыз баласы бізбен бірге болмаса,біз Наурыз мерекесін тойлай алмаймыз.

    (Осы кезде бізге көмекке бес батыр келеді.)

    1 – ші батыр: Біз көмектесеміз!

    2 – ші батыр: Біз ержүрек батырлармыз!

    3 – ші батыр: Біз ең епті батырлармыз!

    4 – ші батыр: Біз ешкімнен қорықпаймыз!

    5 – ші батыр: Зұлымдықты достық жеңеді!

    • Сәлеметсіздерме, батырлар. Сіздер кім боласыздар?

    1 – ші батыр: Мен – Ертөстікпін. Ең мықты және ептімін.

    2 – ші батыр: Мен – Тазша баламын. Ең қу баламын.

    3 – ші батыр: Мен - Желаяқпын. Ең жылдаммын.

    4 – ші батыр: Мен - Таусоғармын. Тауды да қопарып тастаймын.

    5 – ші батыр: Мен – Саққұлақпын. Бәрінен бұрын мен естимін.

    Барлығы: Біз Наурызды құтқарамыз.

    • Естідің бе, Зұлым жел? Бізге көмекке батырлар келді.

    Зұлым жел: ЕЕЕ, менен асқан мықты жоқ. Бұл батырлар не істей алады дейсің.

    • Біздің батырлармен арқан тартысып көр. Көрерміз кімнің мықты екенің. (Батырлар жеңеді.)

    Екі батыр:Бізден асқан мықты жоқ, атқа мінген,

    Зұлым желдің өзі де бізге жетпес.(Бәйге ойыны: ортаға екі ер бала шығып бір – бірімен жарысады.)

    Зұлым жел: Көрдім, көрдім, батырлар менен де асқан мықты екен. Бірақ та мен тағы да басқа балалардың қолдарынан не келетінін көргім келеді.

    • Біздің батырларымыз да күшті, алайда қыздарымыз да осал емес,қолдарынан келмейтін іс жоқ.(ою – өрнекпен кілемшені әшекейлеу.)

    Зұлым жел: Иә, естідім, естідім өнерлі екенсіңдер бәрің де, мен де енді қырсықпайын, міне Наурыз баланы қарсы алыңдар.

    • Селеметсіңбе? Наурыз бала , бәріміз де сені күтіп отырмыз.  Күшті желдің тапсырмаларын балалар орындап, батырлар мен сиқырлы кілемшелер сені құтқарып алды.

    Наурыз бала: Наурыз тойы — тамаша,

    Наурыз тойы — жаңаша.

    Табиғат та тамаша,

    Тамылжып тұр жараса

    • Наурыз сен бізге қар еріп, құстар оралып, табиғат әсем күйге бөленген кезде келесін. Өзіңмен бірге табиғат жылулағын, көктемнің күн шуағын алып келдін. Бізбен бірге бол,төрлет, біздің мерекеміздің қонағы бол.

    (музыка әуені ойналады.)

    • Балалар естисіңдерме қандай керемет әуен? Мен бұл әуеннің кімдікі екенін білетін сияқтымын. Бұл - сұлу Күнекейдің әні. Күнекейдің әнінен барлық дала қысқы ұйқыдан оянады.

    Күнекей: Сәлеметсіздерме қонақтар, сәлеметсіндерме балалар! Мен сіздерге бос келгенім жоқ .Наурыз мерекесі құтты болсын!Балалар бос тұрмай, би билеп, ән шырқайық. (қыздардың орындауында би.)

    • Қош келдің, Сұлу Күнекей. Наурыз мейрамы құтты болсын! Біздің балалардың қандай өнерлі екенін көрдің бе?

    Күнекей:Балалар сендер өнерлі екенсіңдер,мен сендерге сый – сыйапат әкелдім. Қабылалыңдар! Наурыз мейрамы сендерге қызық қуаныш әкелсін.

    Ән: Наурыз.

    Күнекей: Балалар сендер Найрыз жайлы тақпақтар, мақал – мәтелдер білесіндерме?

    1. Наурыз айы келгенде,

    Күн шуағы шашылып.

    Жылғалардан су ағып,

    Ақ әжелер құлпырып.

    Наурыз көже пісіріп,

    Қонақтарға тартамыз.

    1. Жылдың басы – Наурыз,

    Жердің басы – Наурыз.

    Мерекеге арналсын

    Бүгінгі жыр-әніміз!

    1. Наурыз тойы – береке,

    Наурыз тойы – жыр, аңыз.

    Қызып дулы мереке,

    Қызық думан құрамыз.

    Ұлдардың орындауында би.

    • Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын!Наурыз құтты болсын! Дендеріңіз сау, мықты болсын! Наурыз тойы келе берсін! Барлық халық бақытты болсын. Осымен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік аяқталды. Сіздерді Наурыз көжеден дәм татауға шақырамыз.









    написать администратору сайта