Главная страница
Навигация по странице:

  • Тулегенова Рауан Кенескызы «Жұпар» бөбекжайы Амангелді ауданы «Модератор» санатты тәрбиеші

  • үндестік. Үндестік жобасы. ндестік жобасы балабашада!


    Скачать 337.33 Kb.
    Названиендестік жобасы балабашада!
    Анкорүндестік
    Дата21.05.2023
    Размер337.33 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҮндестік жобасы.docx
    ТипДокументы
    #1149061

    Үндестік жобасы – балабақшада!

    Облыстың білім беру ұйымдарында педагогтер мен ата-аналардың өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған «Үндестік» жобасы іске асырылып жатыр.

    Жоба ұжымдық, топтық және жеке жұмыс түрлерін қамтиды. Педагогикалық консилиум, «TEDx» форматындағы «Диалог» клубы, кофе-монинг, тимбилдинг, «Директор сағаты», «Әкімшілік қабылдау», бірлескен театр қызметі сияқты инновациялық жұмыс түрлері өте кең таралған.

    Сонымен, «Үндестік» жобасын іске асыру шеңберінде балабақшамыздың «Ертөстік» тобында «Жүзден жүйрік» атты отбасылық сайыс болып өтті.Сайысқа топтың ең жас ата – аналары балаларымен қатынасты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды . Топ ата – аналары «Ертөстік» , «Толағай» топтары болып сынға түсті. Сайыс «Су толы шелек» «Мерген», «Доп», «Қарды тазалау» секілді ойын шарттарынан тұрды. Сайысқа балабақша әдіскері мен балабақша психологы төрелік етті. Сайыс нәтижесінде «Ертөстік» тобы шапшаңдағымен, жүйріктігімен көзге түсіп ,жеңімпаз атанды. Барлық қатысушыларға арнайы дипломдар табыс етілді. Осындай ұйымшылдықпен қатынасқан топ ата – аналарына ризашылығымзды айтамыз!

    Тулегенова Рауан Кенескызы

    «Жұпар» бөбекжайы

    Амангелді ауданы

    «Модератор» санатты тәрбиеші



    написать администратору сайта