Главная страница
Навигация по странице:

  • Техника және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т. б. қолданылады. Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық.

  • Ом заңының негізінде бірінші өткізгіштің ұшындағы кернеу: , ал екінші өткізгіштің ұшындағы кернеу: болады.

  • Слайд соединение резисторов. слайд аэп. Орындаан Абай Нурайым, Нртай Арын АиУ 191 Таырыбы Резистор жне реостат. ткізгіштерді тізбектей жне параллель жалау


    Скачать 1.23 Mb.
    НазваниеОрындаан Абай Нурайым, Нртай Арын АиУ 191 Таырыбы Резистор жне реостат. ткізгіштерді тізбектей жне параллель жалау
    АнкорСлайд соединение резисторов
    Дата15.04.2022
    Размер1.23 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файласлайд аэп.pptx
    ТипДокументы
    #476156

    Орындаған: Абай Нурайым, Нұртай Арғын АиУ 19-1

    Тақырыбы:

    Резистор және реостат. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
    Резистор (ағыл. resіstor, лат. resіsto — қарсыласамын) — электр тізбегінің әр түрлі тармақтарындағы ток күшін, не кернеуді шектеу немесе реттеу үшін қолданылатын радиотех. немесе электртех. бұйым. Радиоэлектрондық құрылғылардағы барлық бөлшектердің жартысынан астамы (80%-ға дейін) Резисторлар болады. Резистордың негізгі сипаттамаларына кедергісінің номинал мәні (0,1 Ом-нан 1 ГОм-ға дейін), кедергініңноминал мәннен ауытқу мүмкіндігі (0,25%-дан 20%-ға дейін), макс. сейілу қуаты (Вт-тың жүздік үлесінен бірнеше МВт-қа дейін) жатады. Ток өткізгіш бөлігінің материалына қарай Резисторлар металдық, шалаөткізгіштік, сымдық, таспалық, т.б.; құрылымына қарай тұрақты, айнымалы болады. Айнымалы Резистор кедергісі жылжымалы тетік арқылы, не ток күші мен кернеу арасындағы бейсызықтық тәуелділікке байланысты өзгеруі мүмкін.   Реостат– электр желісіндегі кернеуді немесе токты тежейтін және реттейтін электр құрылғысы. Қолданылуына қарай іске қосу, реттеу, жүктеме және қоздыру реостатты болып; өткізгіш элементтің материалына сәйкес металдық, сұйықтық және көмірлі реостат болып бөлінеді.
    Техника және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т. б. қолданылады.

    Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық.

    1- жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.

    2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау деп атайды.

    Электр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйісетін нүктесін түйін (суретте А және В нүктелері) деп атайды.

    Бір секундта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірдей мөлшердегі еркін заряд тасушылар өтсе, өткізгіштерді тізбектей жалғағанда, өткізгіштердегі ток күшінің шамасы бірдей болады. Алайда өткізгіштің ұштарындағы және кернеулері әр түрлі. Тізбектің әрбір бөлігіне Ом заңын қолданамыз. Демек, .

    ; ; екенін ескере отырып:

    аламыз.

    Егер арқылы өткізгіштердің жалпы кедергісін белгілесек, онда Тізбектей жалғанған бірнеше өткізгіштен тұратын тізбектің кедергісі жеке өткізгіштер кедергілерінің қосындысына тең.

    Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:

    .

    Тізбекті параллель жалғағанда, екі параллель арнаға тармақталған су ағыны тәрізді, ток өткізгіштер бойымен тармақталады.

    және тармақталған ток күштерінің қосындысы тармақталмаған бөлігіндегі токтың шамасына тең, яғни .

    Ом заңының негізінде бірінші өткізгіштің ұшындағы кернеу: , ал екінші өткізгіштің ұшындағы кернеу: болады.

    және бір-біріне тең, себебі, олар А және В бір ғана нүктелердің (түйіндердің) арасындағы кернеу болып табылады,

    осыдан екендігі шығады.

    Жоғарыдағыны ескеріп және жалпы кедергіні

    арқылы белгілей отырып, ,

    формулаларын аламыз.

    Бұл формулалардың оң және сол жақ бөліктерін қосамыз, сонда

    немесе .

    Демек,

    немесе .

    Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.

    ;

    ;

    .


    написать администратору сайта