Главная страница
Навигация по странице:

  • Интеллект-карта құрылысының ережесі

  • Интеллект-карта қолдану аясын интеллект-карта көмегімен көрсетуге болады

  • Әдістің оқытушыға беретін мүмкіндігі

  • Реферат. Ақыл-ой картасы. Оу процесінде интеллекткартаны олдану тиімділігі Интеллекткартаны пайда болу тарихыТони Бьюзені Басымен жмыс істе


    Скачать 0.75 Mb.
    НазваниеОу процесінде интеллекткартаны олдану тиімділігі Интеллекткартаны пайда болу тарихыТони Бьюзені Басымен жмыс істе
    АнкорРеферат
    Дата13.09.2022
    Размер0.75 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаАқыл-ой картасы.doc
    ТипДокументы
    #674299

    Оқу процесінде интеллект-картаны қолдану тиімділігі
    Интеллект-картаның пайда болу тарихыТони Бьюзенің «Басыңмен жұмыс істе» (1974) атты кітабының шығуымен басталады. екінші курс студенті Тони Бьюзен университет кітапханасынан ми жұмыстарының нәтижесін қолдану жайлы кітап іздеді. Өйткені оған оқу материалының көп данасын қарап шығу керек болды. Сол мақсатта мидың қандай функциялары жұмыс атқарады, қалай қабылдайды, талдау және қабылдау оқу процесінде қалай қолданылады деген сұрақтарға жауап іздеді. оны тиімді пайдаланғысы келетіндігін жеткізеді. Кітапханашы ондай кітаптың жоқ екендігін айтты. Осы жауап Тони Бьюзенге интеллект-карта жасауына арқау болады. Ол кітапхананың медицина әдебиеттері бөліміне барып ми физиологиясы жайлы оқулықтар тауып, өзінің интеллект-карта әдісін жасайды.

    Оқу

    Радинаттық ойлаудың қағидасы осының негізі болып келеді.

    Бір-бірін байланыстыратын бұтақшалар арқылы сәулелер үстінде негізгі сөздер немесе бейнелер салынады.

    Интеллект-карта құрылысының ережесі

    Тони Бьюзеннің «Супермышление» атты кітабында автор интеллект-карта құрастырудың технологиясын төмендегідей сипаттайды.

    Эмфазаны қолданыңыз, ол үшін:

    әр уақытта орталық бейнені қолданыңыз,

    орталық бейне үшін үш немесе одан да көп түсті қолданыңыз,

    барынша графикалық бейнелерді қолданыңыз,

    бейнеге көлем беріп, толық әріптерді қолданыңыз,

    синтестезияны пайдаланыңыз,

    әріп көлеміне әртүрлі түрде өзгертулер жасап тұрыңыз,

    интеллект-карта элементтерінің қашықтығы бір қалыпты болу керек.

    Логикалық түсініктерді біріктіріңіз, ол үшін:

    менталды карта элементтері арасындағы байланысты көрсету үшін нұсқағыштарды пайдаланыңыз,

    әртүрлі түсттерді қолданыңыз,

    ақпаратты кодтауды пайдаланыңыз.

    Ойдың анық әрі түсінікті болуына ұмтылыңыз, ол үшін:

    бір сызықта бір сөзді қолдану принципін ұстаныңыз,

    баспа әріптерін қолданыңыз,

    кілтті сөздерді сәйкес сызықтар астына орналастырыңыз,

    кілтті сөздер сызық ұзындығына сәйкес келуін қадағалаңыз,

    басты тармақтарды орталық бейнемен біріктіріңіз,

    негізгі сызықшаларды қалыңдау етіңіз,

    суреттердің барынша анық болуын қадағалаңыз,

    сөздерді көлденең орналастырыңыз.
    Оқу процессінде интелект картаны қолдану оқытудың жаңа әдістері болып табылады. Зерттеулердің қортындысы мыналарды көрсетеді (П.П. Иванов, Е.Ф. Костюкевич, Е.В. Костяева, Е.П. Перминова, Т.П, Пушкарева, М.В. Симонова), оқу процессінде оны қолдану оқытуға деген ынтаны жоғарылатады. Яғни, білім жинақтауда дәлел келтіру, оқытылатын обьект жайлы хабар беру. Интеллект-карта білім беруде хабарларды талдау құралының үздік әдісі болып саналады. Оқушылардың хабарлармен жұмыс жасау, негізгіні анықтау, талдау және қортындылау шеберлігін қалыптастырады., кері байланыстың сапалы болуына ықпал жасайды.

    Интеллект-карта әдісін сабақтың әр түрлі типі мен түрлерінде қолдануға болады:жаңа материалды оқытуда,жаңа материалды бекітуде,материалды қорытындылауда,реферат, баяндама, ғылыми зерттеулер жұмысы жазғанда,презентация, жоба дайындағанда конспектілеуде.

    Оқу барысында ой картасын қолдану өте пайдалы және тиімді. Менталды карталарды қолдану көлемді хабарларды түсіндіру мен есте сақтауға өте қолайлы. Кәдімгі конспект түріндегі жазылған ақпараттар уақыттың көп кетуіне әкеліп соғады. Оны жазуға, оның ішіндегі қажетті ақпаратты іздеп табуға көп уақыт жоғалтамыз. Ал, интеллект-картаны құрастыру мәтінді түсіну мен есте сақтауға қолайлы ықпал жасайды, шығармашылық және креативті ойлауды дамытуға көмек береді. Ойлау қабілетіне өзіндік жаттығу болып табылады.

    Біз есте сақтаймыз: 10% не оқығанымызды, 20% не естігенімізді, 30% не көргенімізді, 50% не көргеніміз және естігенімізді. Сол себепті, әдіс оқытушыларға білім сапасын жақсартуға, білім алушылар арасында бәсекелестіктің қалыптасуына, шығармашылық қабілетін дамытуға, қызметті белсенді етуге мүмкіндік береді.

    Картаны қолмен салуға, блок-схема түрінде құруға немесе арнайы бағдарламалар немесе графикалық редакторлар арқылы құруға болады. Құру тәсілдері өте көп, бірақ құрудағы мақсат біреу ғана: нақты сұрақты барынша көлемді түрде ашу.

    Қазіргі ақпараттық технологиялар арқылы интеллект-картаның суретінің электронды түрін арнайы бағдарламалар көмегімен енгізуге болады. Бұндай бағдарламалар ақпаратты жіктеу және интеллект-карта құру үшін өте қолайлы болып табылады

    Бұл әдістің тиімділігін төмендегідей қорытындылауға болады: Білім алушылардың тапсырысы мен даму деңгейіне сай келеді; Білім алушылардың алған білімдері естерінде көпке дейін сақталып, меңгерген материалдар үлесі жоғары болады; Ол практикалық, анықтамалық, үлестірмелік, көрнекілік материалдар ретінде, материалды бекіткенде, қайталауда, шығармалар, рефераттар жазғанда, презентациялар жасағанда пайдаланылады;


    Интеллект-карта қолдану аясын интеллект-карта көмегімен көрсетуге болады


    Интеллект-карта санадағы байланыс барысының графикалық кескіні болып табыладыНегізгібейнені жіберетін нүктеден барлық бағытқа сәулелер таралауы арқылы карта байланысы заңды түрде қаланады.


    Әдістің оқытушыға беретін мүмкіндігі


    Интеллект-картаны қалай құрастыру қажет?

    (FreeMind,. The Personal Brain, Mindjet Mind Manager). Сондай-ақ интеллект-карта құруға арналған on-line режиміндегі бағдарламалар да жеткілікті. Оларға: Mind Meister, Bubbl.us, Mindomo, Mind42 бағдарламаларын жатқызуға болады. Осындай бағдарлама түрлерін қолдану интеллект-карта құрастыруды жеңілдетеді. Егер арнайы бағдарламаларды меңгеру қиындық туғызатын болса, MicrosoftWord мәтіндік редакторының мүмкіншілігін қолдану ұсынылады.


    Пайдаланылған әдебитетттер тізімі

    1. Бершадский, М. Е. Использование методов интеллект-карт и карт понятий для внешнего мониторинга образовательного процесса. / Педагогические технологии. 2010, №1, с.14 - 49.

    2. Бершадская, Е. А. Применение метода интеллект-карт для формирования познавательной деятельности учащихся. / Педагогические технологии. 2009, №3, с.17 - 21.

    3. Бьюзен, Т. «Научите себя думать!» (Живите с умом) / Т. Бьюзен : пер. с англ. – Минск : «Попурри», 2008. – 192 с.

    4. Бьюзен, Т. Суперинтеллект. / Т. Бьюзен : пер. с англ. – Минск : «Попурри», 2007. – 400 с.

    5. Дайитбегов, Д. М., Торопцов, В. С., Григорович, Д. Б., Галкина, Л. А. Метод интеллект-карт как инновационная педагогическая технология. / Дистанционное и виртуальное обучение. 2009, № 4 (22) апрель, с. 38 – 42.


    написать администратору сайта