Плагиат. Плагиат дегеніміз не
Скачать 14.89 Kb.
|
Плагиат дегеніміз не? Плагиат дереккөзге сілтеме бермей өзгелердің нәтижелерін иемдену дегенді білдіреді. Плагиаттың бірқатар түрлері бар Сөзбе-сөз плагиат (Автор біреудің жұмысын алып, оны толығымен өзінікі ретінде көрсетеді. Бұл зияткерлік ұрлықпен тең). Перефраздау (Автор өзгенің мәтінін алып, кішкене өзгерістер енгізіп, өзінікі ретінде көрсететін ең кеңінен тараған плагиаттың түрі. Сөздері басқаша болуы мүмкін, бірақ түпкі ойы сонда да өзгенікі). Өздік плагиат (Автор алдында жарияланған өз жұмысының қандай да бір бөлігін екінші мәрте қолданып, алдыңғы жұмысына сілтеме жасамаған кезде қайталаным орын алады). Кездейсоқ плагиат (Ол жоспарланған және жоспарланбаған болуы мүмкін, дегенмен ол сонда да ақтауға келмейді). Авторлықты дәл көрсетпеу (Ғалым өз үлесін қосты, бірақ оның аты-жөні жұмыста аталмаған. Екінші жағдай: ғалымның аты-жөні мәтінде аталған, алайда ол жұмысқа өз үлесін қоспады). Ақпараттық дереккөзі жоқ (Автор расында да жоқ немесе дұрыс емес дереккөзге сілтеме береді). Плагиат жасаудың себептері: Бірінші себеп ретінде біз дәйексөздің қарапайым ережелерін білмеуімізді көрсетеміз. Өкінішке орай, қазіргі уақытта эсселер мен курстық жұмыстардың және оқу процесін бақылаудың басқа да жазбаша нысандарының толық ресімделуі байқалады, бұл студенттердің өз мәтіндері ретінде Интернет желісінен алынған басқа адамдардың жұмыстарын өз жұмысы деп көрсетуіне әкеледі. студенттердің мәтін жазу саласындағы өз қабілеттеріне деген қорқынышы мен сенімсіздігі. Плагиат болып саналмауы үшін өзгелердің ойын қалай ресімдеуге болады? 1. Егер сіз басқа біреудің мәтінін немесе суретін қолдансаңыз, оны тырнақша, курсив және т.б арқылы бөлектеп көрсетіңіз. 2. Дереккөзге сілтеме беруді ұмытпаңыз. Егер бұл басылым болса, онда библиографиялық сілтемені көрсетіңіз, егер интернет көзі болак URL көрсетіңіз. 3. Егер сіз мәтінді сөзбе-сөз қолданудың орнына қайталап айтсаңыз, онда кімнің ойын негізге алғаныңызды қайтадан жазыңыз. |