|
7 сынып 3 тоқсан 6 сабақ. Пні Сынып Информатика Кні
Пәні:
Сынып:
| Информатика
| Күні:
| Мектеп:
| Мұғалім:
Қатысқаны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Күрделі шарттар
| Сабақ негізделген оқу мақсаты
| Күрделі шарттар
| Сабақ мақсаттары
| Барлық оқушылар: Күрделі шарттар негізімен таныстыру (ауысу, IF шартты, енгізу шарттар, операторлық блок)
|
| Оқушылардың басым бөлігі: Программа құру барысында қолдануды меңгеру
|
| Кейбір оқушылар: Күрделі шартты енгізу алгоритмдерінің негізінде мысалдар шығару
| Бағалау критерийі
| Күрделі шарттар негізімен танысады (ауысу,IF шартты,енгізу шарттар,операторлық блок)
Программа құру барысында қолдануды меңгереді
Күрделі шартты енгізу алгоритмдерінің негізінде мысалдар шығарады
| Тілдік мақсат
| Шарт, алгоритм, программа, оператор
| Құндылықтарға баулу
| Қарым-қатынас жасау, жауапкершілік, өмірде қолдануға дайын болу
| Пәнаралық байланыс
| Ағылшын тілі, орыс тілі
| Алдыңғы оқу
| Шеткері құрылғылар
| Жоспар
| Жоспарланған уақыт
| Жоспарланған жаттығулар
| Ресурстар
| Басталуы
Қызығушылықты ояту
6 мин
| 1.Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
2.Психологиялық ақуал орнату
1. «Жылы сезімдер» (сыныпта ынтымақтастық ахуал орнату: оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне жақсы тілектер жолдайды) 2. Сыныпты топқа бөлу( алгоритм және блок-схема деп жазылған стикерлер арқылы 2 топқа бөлу, топ басшысын сайлау) 3. «Миға шабуыл» “Мен саған, сен - маған” 2 топ 3 сұрақтан қояды, дұрыс жауабын тексеріп отырады, топ басшылары жауаптың дұрыстығына қарай өз тобын бағалау парағына бағалап отырады.
|
АКТ
|
Мағананы ажырату
19 мин
| Паскаль тілінің негізгі элементтері
Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.
Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
Кез-келген программа Program сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады.
Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.
Паскаль тілінде кез келген программаның тақырыбы, одан кейін ипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:
1.программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі (ол түйінді сөзімен басталады);
2.белгілерді (label) сипаттау:
3.тұрақтыларды (const) сипаттау;
4.әліметтер типтерін (type) анықтау;
5.айнымалыларды (var) сипаттау;
6.процедураларды (procedure) сипаттау;
7.функцияларды (function) сипаттау;
Күрделі шарт – бір-бірімен логикалық операциялардың көмегімен байланысатын бірнеше қарапайым шарттардан (қатынастардан) тұрады:
not – ЕМЕС (терістеу, инверсия)
and – ЖӘНЕ (логикалық көбейту, конъюнкция, шарттардың бір мезгілде орындалуы)
or – НЕМЕСЕ (логикалық қосу, дизъюнкция, ең болмағанда бір шарттың орындалуы)
xor – арифметикалық НЕМЕСЕ (екі шарттың екеуін емес, біреуін ғана орындау)
Қарапайым шарттар (қатынастар)
< <= > >= = <>
Орындау тәртібі
жақша ішіндегі өрнектер not and or, xor <, <=, >, >=, =, <>
Ерекшелігі – қарапайым шарттардың әрқайсысын жақшамен жабу.
Мысал:
if not (a > b) or (c <> d) and (b <> a)
then begin
...
end
|
Мәтін бөліктері, оқулық
Терминдермен жұмыс
| Аяқталуы
| Жаңа тақырып бойынша мысал шығару үлгісін түсіндіру
Тақтамен жұмыс
Мысал: Есеп. Фирма 25 пен 40 жас арасындағы қызметкерлерді жұмысқа алуда. Адамның жасын енгізіп, оны фирмаға алуға болатындығы немесе болмайтындығы туралы мәлімет шығару («болады» немесе «болмайды» деген жауап шығару).
Ерекшелігі: екі шарттың бір мезгілде орындалатынын немесе орындалмайтынын тексеру.
program qq;
var x: integer;
begin
writeln(‘Жасты енгіз');
read ( x );
if x >= 25 then
if x <= 40 then
writeln (‘Болады')
else writeln (‘Болмайды')
else
writeln (‘Болмайды');
end.
program qq;
var x: integer;
begin
writeln(‘Жасты енгіз');
read ( x );
if (x >= 25) and (x <= 40) then
writeln ('Болады')
else writeln ('Болмайды')
end.
Мысал: Радиусы R болатын шеңбердің ұзындығын есептеу программасын құрыңыз. Қажетті формула L:=2*pi*R program h; var L,R:real; const pi=3.14; begin read(R); L:=2*pi*R; writeln('L=',L); end.
| Қаламсап, стикерлер
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
| Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
| Сабақ бойынша рефлексия
|
|
| Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы дайындалыңыз)?
1: 2: Сабақты жақсартуға ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
| |
|
|