инклюзив. ПМПК жұмысы туралы баяндама. Психологиялымедициналы педагогикалы консультациясыны ммкіндігі
Скачать 14.71 Kb.
|
Психологиялық-медициналық- педагогикалық консультациясының мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізетін жұмыстаы туралы. Арнайы білім беру саласы-бұл даму мүмкіндігі шектеулі балалрмен жұмыс жүргізетін мекемелерді құрайды. Жамыл облысында бүгінгі күнге 23 арнайы білім беру мекемелері бар. Солардың бірі-Психологиялық-медициналық- педагогикалық консультациялар. Облыс бойынша бүгінгі күнге 6 консультация жұмысістейді. Біз немен айналысамыз?. Біз туылғаннан 18-ге дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді ерте анықтау, диагностикалау және кеңес беру, арнайы білім беру қызметіне қажеттілігін, яғни, оқыту мен тәрбиелеу, тиімді оңалту шараларын қабылдауына жағдай жасау бойынша жұмыстар жүргіземіз. Мекемеде дәрігерлер, (психиатр, невропатолог, офтольмолог, психологтар, дефектологтар(сурдопедагог, тифлопедагог, олигофренопедагог) , логопед, әлеуметтік педагог, медициналық статист жұмыс істейді. Білім беруді дамытудың 20201-2023жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында « Ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалардың сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтылуын көздейді. Президентіміз де барлық мүгедек адамдарға жағдай жасауды бірінші орынға қойып отыр. Ерте жасалған диагностика мен дер кезіндегі түзету жұмыстары мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға қосылуына мүмкіндік береді.рналған жеке даму траекториясы бойынша өсуіне жағдай жасайды. Сондықтан, әлеуметтік-педагогикалық қолдау міндеттерін жүзеге асыруда арнайы (түзету) білім беру ұйымдар педагогтарының, соның ішінде арнайы педагогтардың ролі басым. Психологияның негізін қалаушы ғалым Л.С.Выготский сөзімен айтатын болсақ «Сау бала мен кемтар бала бірдей заңдылықтармен дамиды. Демек қалыпты және дамуында ауытқушылық бар балалардың дамуындағы факторлар бірдей. Ақыл-ойы кем бала өзінің дамуында сау баланың жүріп өтетін даму кезеңдерін бастан кешіреді, тек бірқатар кешігумен және спецификалық ерекшеліктерімен өтеді» деген болатын. Сондай-ақ «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі.Әр баланы өзінің зонасында жетілдіру керек» деген. жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дамиды. Мамандар туралы айтсақ; Педагог-Логопед маман баланың сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін, оларды түзетудің әдістерін анықтайды,дамудағы сөйлеу кемшілігін, сөйлеу қызметінің бұзылуын анықтап, арнайы білім беру мекемелеріне жолдайды. Педагог- дефектологтар мамандар баланың психофизиологиялық даму кемшіліктерін, жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеп, баланың білім алуға деген мүмкіншілігін, қабілетін анықтайды. Сурдопедагог есту қаблеті бұзылған балаларды, тифлопедагог көру қабілеті бұзылған балаларды зерттеп, тексеріп, арнайы және инклюзивті білім беруге жолдайды. Педагог- психолог маманы баланың психологиялық даму деңгейін зерттеп, танымдық, тұлғалық, эмоционалды-ерік қабілеттерін дамытуға бағытталған түзету-дамыту жұмыстарына жолдайды. Әлеуметтік педагогы баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, баланың жеке құқығы мен еркіндігін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар өткізеді. Отбасының әлеуметтік – тұрмыстық жағдайын тексеріп, мұқтаждық картасын жасап отырады. Ата-аналарға құқықтық, әлеуметтік жәрдемақылар, курорттық емдеу орындары жұмыстары туралы кеңес береді. |