Главная страница
Навигация по странице:

  • Кәсіпкерлердің қаржылық есеп беруі. Аудит Орындаған: Пайызова ИннаКабылдаған: Асетова .Г .БҚарағанды 2022

  • Қаржылық есеп берудің түсінігі мен тұжырымдамалық негізі.

  • Қаржылық есеп берудің түсінігі мен мақсаты

  • Қаржылық есеп берудің негізгі саналық сипаттамалары

  • Қаржылық есеп беру элементтерін анықтау, тану және өлшеу

  • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР;

  • Кәсіпкерлердің қаржылық есеп. Реферат мамандыы ытану Тобы юзз Ксіпкерлерді аржылы есеп беруі. Аудит Орындаан Пайызова Инна


    Скачать 150.28 Kb.
    НазваниеРеферат мамандыы ытану Тобы юзз Ксіпкерлерді аржылы есеп беруі. Аудит Орындаан Пайызова Инна
    АнкорКәсіпкерлердің қаржылық есеп
    Дата30.04.2022
    Размер150.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКәсіпкерлердің қаржылық есеп.docx
    ТипРеферат
    #506155

    Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

    Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті


    РЕФЕРАТ

    Мамандығы: Құқықтану

    Тобы: Ю-ЗЗҚ

    Кәсіпкерлердің қаржылық есеп беруі. Аудит

    Орындаған: Пайызова Инна

    Кабылдаған: Асетова .Г .Б

    Қарағанды 2022

    Мазмұны:

    Кіріспе.

    Қаржылық есеп берудің түсінігі мен тұжырымдамалық негізі.

    Қаржылық есеп берудің түсінігі мен мақсаты.

    Қаржылық есеп берудің негізгі саналық сипаттамалары.

    Қаржылық есеп беру элементтерін анықтау, тану және өлшеу.

    Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер.
    Кіріспе

    Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

    Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемелекеттік органдар кіреді.

    Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда, қаржылық есептілік мынаны қамтиды:

    бухгалтерлік баланс;

    пайда мен зияндар туралы есеп;

    ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

    капиталдағы өзгерістер туралы есеп;

    түсіндірме жазба.

    Қаржылық есеп берудің түсінігі мен тұжырымдамалық негізі.

    Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және ҚР бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сай белгіленеді. Есеп беру 4 БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылды басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.

    Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік және қаржылық есептілік заңының 3-тарауының 13-19 бап аралығы Қаржылық есептілік туралы заңдар қамтылған.

    Егер ҚР заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мемелекеттік мекемелердің қаржылық есептілік көлемін, оны жасау нысандары мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы немесе бас бухгалтері, дара кәсіпкер қол қояды. Бухгалтерлік есебін бухгалтерлік ұйым немесе кәсіби бухгалтер жүргізетін ұйымның қаржылық есептілігіне ұйымның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлік ұйымның басшысы немесе кәсіби бухгалтер қол қояды. Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

    Қаржылық есеп берудің түсінігі мен мақсаты

    Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері ҚР-ның әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

    Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:

    Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алынған кезінен бастап танылады.

    Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.

    Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

    Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс, қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

    Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.

    Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құралады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.

    Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъектінің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсыну керек.

    Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.

    Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табысты, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.

    Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттардың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.

    Жүйелілік. Пайдаланушы субъектінің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңмен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.

    Колледждің қаржылық есептілік нысандарын зерттедім. Соның ішінде «капиталдағы өзгерістер туралы есеп» мәліметтерін талдап көрсетсем: 2010жылғы 1 қантардағы қалдыққа резервтік капитал мен бөлінбеген табыс жатқызылды. Барлығы 463 517 мың тг құрады. Оның ішінде 414 565 мың тг бірлігін резервтер құраса, 48 952 мың тг бөлінбеген табыс құрады. Дәл осы мәліметтерді 2010 жылғы 31 желтоқсандағы қалдықпен салыстырып көрсетсем. Бір жыл ішінде резервтер өзгермей 414 565 мың тг болып қалды, ал бөлінбеген табыс болса 21 348мың теңгеге өскен, яғни 91 300 мың тг құрады. Барлығы 883 430 мың тг құрады

    Колледждің бухгалтерлік балансында барлық міндеттемелер (60 746 мың тг) мен меншікті капитал (598 999мың тг) .Барлығы 659 745 мың тг құрайды.

    Ескерту: талдаудағы сан көрсеткіштері қосымшалардан алынған және олардың өлшем бірлігі мың теңгемен есептелген.

    Қаржылық есептілік аудиті

    Қаржылық есептілік аудитінің мақсаты болжамды пайдаланушылардың қаржылық есептілікке сенімділік дәрежесін арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа аудитордың қаржылық есептілікті ұсынудың қолданылатын негізіне сәйкес барлық маңызды аспектілерде Қаржылық есептіліктің дұрыс және сенімді дайындалғандығы туралы пікір білдіруі арқылы қол жеткізіледі. Кәсіпорынның қаржылық есептілігінің ашықтығы мен анықтығы бүгінгі күні бизнесті дамытудың ұзақ мерзімді перспективаларын айқындайды және оның инвестициялық тартымдылығының негізінде жатыр.

    Заңнамаға сәйкес қаржылық есептілік аудиті міндетті және бастамашыл болады

    Міндетті аудитке жататындар::

    * Акционерлік қоғамдар;

    * Білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар;

    * Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокері;

    * Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар;

    * Банктер, банк холдингтері және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар;

    Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектілері;

    * Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын авиакомпанияларды қоспағанда, азаматтық авиация ұйымдары;

    * Астық қабылдау кәсіпорындары;

    * Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры;

    * Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;

    * Мақта өңдеу ұйымдары;

    * "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы қаржы компаниялары;

    * "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс салушылар және жобалау компаниялары.

    Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I Заңының 59-бабы 1-тармағының 2-бөлігіне сәйкес

    "Бар серіктестіктер туралы жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі"

    Жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізу жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде міндетті болып табылады:

    1) оның құрамында жарғылық капиталға қатысу үлесінің он пайызынан азын иеленетін қатысушылар (құрылтайшылар) бар;

    2) жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш миллион еселенген мөлшерінен асатын болса, тоқтатыла тұрады.

    Орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін жылдық қаржылық есептілік аудиті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысу үлесінің он пайызынан азын иеленетін қатысушының (құрылтайшының) талап етуі бойынша жүргізіледі.

    Қаржылық есеп берудің негізгі саналық сипаттамалары

    Қаржылық есептілік аудиті міндетті болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептілікті мерзімді баспа басылымдарында жариялайтын ұйымдар жылдық қаржылық есептілікпен бірге аудиторлық есепті де жариялауға міндетті.

    Бастамашылық аудит көбінесе кәсіпорын әкімшілігінің немесе құрылтайшыларының шешімі бойынша, сондай-ақ басқа жағдайларда жүзеге асырылады.

    Қаржылық есептіліктің ерікті аудитінің бастамашылары:

    * Құрылтайшылар, акционерлер, өткен кезеңдегі кәсіпорынның қаражатты дұрыс басқарғанын немесе акционер салған инвестициялардың қайтарымы қандай екенін білгісі келетіндер;

    * Бухгалтерлер ауысқан, кредит алған кездегі басшылар, Директорлар;

    * Бухгалтерлер салықтық тексерулер алдында;

    * Инвесторлар қандай да бір кәсіпорынға қаражат салу туралы жауапты шешім қабылдап және өз ақшаларына тәуекел ете отырып;

    * Басқа мүдделі тұлғалар.

    Бастамашылық аудиттің мақсаты:

    * Бухгалтерлік есеп пен салық есебін талдау және тексеру, айыппұлдарды болдырмау үшін бұзушылықтарды жою, бухгалтерлік есеп, салық салу, құжат айналымындағы бұзушылықтарды анықтау арқылы;

    * Активтер мен міндеттемелерге түгендеу жүргізу;

    * Меншік иесінің қаржылық, шаруашылық, есептік және салықтық тәуекелдерін барынша азайту;

    * Есеп айырысуларды және қаржылық есептілікке сәйкестікті тексеру.

    Қаржылық есептілік аудитін біз халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргіземіз. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу кезінде аудиторға аудиттелетін компанияның басшылығы мен қызметкерлерінің уақыт шығындарымен байланысты қажетті ақпарат беріледі. Сондықтан біз аудитті Мұқият жоспарлаймыз, біз әзірлеген әдістер қаржылық есептіліктің аудитімен байланысты клиент қызметкерлерінің уақыт шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

    "АКФ Сапа-Аудит" ЖШС аудит жүргізуде қолданылатын тәсіл тәуекелдерді анықтауға бағытталған және біздің клиенттеріміздің шаруашылық қызметінің ерекшеліктерін, оған тән тәуекелдерді және олардың қаржылық есептілікке әсерін жан-жақты түсінуге негізделген.

    Біздің тәсілімізге ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау да кіреді. Біз компанияның басшылығы мен бақылаушы органдарына аудит жүргізу барысында анықталған басшылыққа және меншік иесі өкілдеріне ішкі бақылаудың кемшіліктері туралы хат ұсынамыз.

    Компанияның қаржылық есептілігінің дұрыстығы туралы пікір тәуелсіз аудитордың есебінде көрсетіледі.

    Бухгалтерлік есеп пен есептілікте анықталған бұрмалаулар туралы аудиттелетін компанияның басшылығы тексеру нәтижелері бойынша басшылыққа жазған хатымызда хабардар болады.

    Аудитор ұсынатын қызметтер үшін ақы төлеу керек екені түсінікті. Осы себепті, кейбір компаниялар өз есептерін өздері тексереді, алайда аудиторлық қызмет көрсетуге лицензиясы бар аудиторлық компания мұны кәсіби түрде жасайды, бұл қаржылық есептерге деген сенімді арттырады.

    1 тарау. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК АУДИТІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

    1.1 Қаржылық есептіліктің сипаттамасы, мәні және жасалуы

    Қаржылық есептіліктің көптеген анықтамалары бар. Жалпы алғанда, қаржылық есептілік деп субъектінің есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметін жан-жақты сипаттайтын қорытынды және өзара байланысты көрсеткіштер жүйесін түсінуге болады. Қаржылық есептілік Қаржылық есеп деректерін жинақтауға негізделеді.

    Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есептілікті жасау мақсаттарына жаңа көзқарастар қалыптастырылады, оның бағдары өзгереді.

    Қаржылық есептілікті жасау-есеп жұмысының соңғы кезеңі. Оның мәліметтері бойынша кәсіпорын қызметінің қорытындылары шығарылады; ол талдау, ағымдағы және перспективалық жоспарлау үшін ақпарат көзі ретінде қызмет етеді. Есеп берудің мемлекеттік маңызы зор. Оның деректері салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің уақтылы және толық төленуін бақылау үшін қолданылады.

    Есептілікте қойылатын негізгі талаптар кәсіпорын қызметінің нақты нәтижелерін шынайы және дәл көрсету, барлық көрсеткіштерді қатаң байланыстыру, бухгалтерлік және жедел-статистикалық есептіліктің келісімділігі, әдістемелік және басқа ережелерді сақтау, сондай-ақ оның ашықтығы, инвесторлар мен акционерлердің есептілік деректерін түсінуі болып табылады; есептілікті бұрмалау және теңгерім баптарын бағалау, басқа қасақана бұрмаланған есептік деректерді ұсыну мемлекетке қарсы іс-әрекеттер ретінде қаралады, ал бұған кінәлі басшылар мен бас бухгалтерлер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапты болады. Есеп беру белгіленген мерзімде жасалуы керек ...

    1.2 кәсіпорында қаржылық есептілік аудитін жүргізу әдістемесі

    Аудиттелетін субъектілердің (аудит объектілерінің) қызмет салалары бойынша аудит түрлерінің жіктелуіне сәйкес мыналар бөлінеді: банктік аудит, сақтандыру аудиті, аудит, инвестициялық институттар және жалпы аудит. Бұл жіктеудің практикалық маңызы зор, өйткені аудит жүргізуге арналған лицензиялар аталған аудиторлық қызмет түрлерінің әрқайсысы үшін бөлек беріледі.

    Жалпы аудит деп банктік, сақтандыру, инвестициялық және басқа да ерекше ұйымдарды қоспағанда, экономикалық субъектілердің қаржылық есептілігі мен қызмет нәтижелерінің тәуелсіз сараптамасы түсініледі.

    Іс жүзінде жалпы аудитті міндетті (заң бойынша), сондай-ақ бастамашылық (тапсырыс бойынша) тәртіппен тәуелсіз, мемлекеттік, ведомстволық, сыртқы және ішкі аудиторлар жүзеге асыра алады.

    Жалпы аудит жүргізу туралы шешім қабылдау үшін, ең алдымен, әлеуетті клиенттер туралы ақпаратты жинау және зерттеу қажет.

    АХС 310 "бизнесті білу" аудитордың қаржылық есептілікке әсер ететін оқиғаларды, операцияларды және практикалық қызметті анықтау және түсіну үшін жеткілікті көлемде клиенттің бизнесі туралы білімі болуы керек екендігі атап өтілді ...

    1.3 сатып алу, өндіру және кіріс алу циклдерінің аудиті

    Іске асыру және кіріс алу циклі бойынша аудиттің мақсаттарына қол жеткізуді бақылау көбінесе өндіріс циклін тексеру рәсімдерімен сәйкес келеді. Өндіріс циклінің аудиті ең күрделі және уақытты қажет етеді және әрдайым клиенттің саласы мен бизнесіне байланысты өз сипаттамаларына ие. Сондықтан өндіріс циклін сәтті тексеру үшін тексерушілердің өндіріс процесін бағалаудың мәні мен критерийлерін, басқару процедуралары мен экономикалық операциялардың нәтижелерін, оларды есепке алу және ішкі бақылау ерекшеліктерін түсінуі өте маңызды (кесте. 1).

    Жөнелтудің аяқталуы (барлық жөнелтілген жүктерді тіркеу) хронологиялық тәртіппен немесе алдын ала нөмірленген көлік жүкқұжаттарында жазумен расталуы мүмкін. Кешіктірілген жеткізілім тапсырыстарын тізімдейтін жеке есеп жіберілген ретінде әлі белгіленбеген рұқсат етілген тапсырыстарды анықтауға көмектеседі ...

    Қаржылық есеп (немесе қаржылық есеп) өрісі болып табылады бухгалтерлік есеп бизнеске қатысты қаржылық операцияларды қысқаша сипаттауға, талдауға және есеп беруге қатысты.[1] Бұл дайындықты қамтиды қаржылық есептілік жалпыға қол жетімді. Акционерлер, жеткізушілер, банктер, қызметкерлер, мемлекеттік органдар, кәсіп иелері, және басқа да мүдделі тараптар шешім қабылдау мақсатында осындай ақпаратты алуға мүдделі адамдардың мысалдары.

    Қаржылық бухгалтерлік есеп жергілікті және халықаралық стандарттармен реттеледі. Жалпы қабылданған бухгалтерлік есеп принциптері (GAAP) - бұл кез-келген юрисдикцияда қолданылатын қаржылық есептілікке арналған стандартты нұсқаулық. Оған бухгалтерлер есепке алу, қорытындылау және қаржылық есептілікті жасау кезінде ұстанатын стандарттар, конвенциялар мен ережелер кіреді.

    Басқа жақтан, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ҚЕХС) - бұл операциялардың жекелеген түрлерін және басқа оқиғаларды қаржылық есептілікте қалай көрсету керектігін көрсететін бухгалтерлік есеп стандарттарының жиынтығы. ХҚЕС шығарылған Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары кеңесі (IASB).ХҚЕС халықаралық сахнада кең тарала бастаған кезде, дәйектілік қаржылық есеп беруде жаһандық ұйымдар арасында кең етек алды.

    Қаржылық есеп беру элементтерін анықтау, тану және өлшеу

    Қаржылық есеп ұйымнан тыс немесе компанияның күнделікті жұмысына қатыспайтын адамдар үшін бухгалтерлік ақпаратты дайындау үшін пайдаланылған кезде, басқарушылық есеп менеджерлерге бизнесті басқару туралы шешім қабылдауға көмектесетін бухгалтерлік ақпараттарды ұсынады.

    Қаржылық есеп пен қаржылық есептілік синоним ретінде жиі қолданылады.

    1. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес: қаржылық есептіліктің мақсаты:

    Қолданыстағы және әлеуетті инвесторларға, несие берушілерге және басқа несие берушілерге есеп беруші тұлғаға ресурстар беру туралы шешім қабылдауда пайдалы қаржылық ақпарат беру.

    2. Еуропалық есеп қауымдастығының мәліметтері бойынша:

    Капиталды қолдау қаржылық есептіліктің бәсекелес мақсаты болып табылады.

    Қаржылық есеп - бұл қоғам және тиісті мүдделі тараптар пайдалана алатын қаржылық есептілікті құру. Егер мұндай сапалық сипаттамалар болса, қаржылық ақпарат пайдаланушылар үшін пайдалы болар еді. Қаржылық есептілікті жасау кезінде келесілер сәйкес келуі керек: Негізгі сапалық сипаттамалары

    Өзектілігі: Өзектілік - бұл қаржылық ақпараттың оны пайдаланушылардың шешіміне әсер ету мүмкіндігі. Өзектіліктің ингредиенттері - болжамдық және растаушы мән. Маңыздылық - өзектіліктің кіші сапасы. Ақпарат, егер оның жоқтығы немесе бұрмалануы пайдаланушылардың қаржылық есептілік негізінде қабылданған экономикалық шешімдеріне әсер етуі мүмкін болса, маңызды болып саналады.

    Адал өкілдік: Адал ұсыну дегеніміз - бұл операциялардың нақты нәтижелері қаржылық есептілікте дұрыс есепке алынуы және есеп берілуі керек. Сөздер мен сандар транзакцияда болған нәрсеге сәйкес келуі керек. Адал ұсынудың ингредиенттері толықтығы, бейтараптылығы және қатесіз.

    Сапалық сипаттамаларын арттыру:

    Расталуы: Тексеру мүмкіндігі қаржылық ақпаратты әр түрлі білетін және тәуелсіз пайдаланушылар арасындағы келісімді білдіреді. Мұндай ақпарат объективтілік принципін сақтау үшін жеткілікті дәлелдемелермен қамтамасыз етілуі керек.

    Салыстырмалы: Салыстырмалылық дегеніміз - бір саланың субъектілері бойынша есепке алу әдістерін біркелкі қолдану. Жүйелілік принципі салыстырмалы түрде. Жүйелілік - бұл бухгалтерлік есепті ұйым ішіндегі уақыт бойынша біркелкі қолдану.

    Түсініктілік: Түсініктілік дегеніміз - бухгалтерлік есеп беру мүмкіндігінше айқын көрсетілуі керек және оны ақпарат қатысы бар адамдар түсінуі керек.

    Уақтылығы: Уақтылығы қаржылық шешім пайдаланушыларға шешім қабылданғанға дейін ұсынылуы керектігін білдіреді.

    Есеп беруді компанияның қаржылық жағдайын көрсетуге көмектесу үшін қолдануға болады, өйткені міндеттеме шоттары фирма активтеріне деген сыртқы талап, ал меншікті капитал шоттары фирма активтеріне ішкі талап болып табылады.

    Бухгалтерлік есеп стандарттары көбінесе компаниялар өздерінің баланстарын ұсынған кезде ұстанатын жалпы форматты белгілейді. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ҚЕХС) әдетте компаниялардың есеп беруін талап етеді ағымдағы активтер мен міндеттемелер ұзақ мерзімді сомалардан бөлек. GAAP талаптарына сәйкес келетін баланста өтімділіктің төмендеуіне негізделген өтімділіктің ең өтімдіден ең төменге дейінгі деңгейіне негізделген активтер мен міндеттемелер тізбеленуі керек.

    Қорытынды

    Заңды тұлғаның қаржылық есебі тұтынушылар үшін ашық болып табылады. Ол қалың көпшілікті субъектінің даму бағыттары туралы және оның аймақтық экономикалық, әлеуметтік ахуалын жақсартуға соңғы жетістікрі туралы ақпаратпен қамтамасыз ете алады.

    Қаржылық есеп берудің элементтеріне: активтер, міндеттемелер және капитал; кірістер мен шығындар жатады. Мойындау (мойындау)- объектінің балансына қосылатын, сонымен қатар бір элементтің анықтамасына сәйкес келетін және мойындау критерияларына жауап беретін үрдіс.(мұнда объектінің құны немесе бағасы бар, ол өлшеу үшін сенімді болуы мүмкін). Баға - қаржылық есеп беруде элементтер балансқа енгізіліп, шығындар мен кірістер туралы есеп берудің сомасын анықтайтын үрдіс.ХҚЕБС- да бағаның әртүрлі екі түрі қолданылады; тарихи баға, ағымдық (қалпына келтірілген) баға, сатудың мүмкіндік бағасы, келтірілген баға.

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР;

    https://efs.kz › services

    https://www.lira-audit.kz › news

    https://e-auction.gosreestr.kz

    https://auditor-sro.org › upload › iblock

    https://malimetter.kz/karzhylyk-esep/

    https://stud.kz/referat/show/5299


    написать администратору сайта