Главная страница
Навигация по странице:

  • Сертификаттау негіздері, сапа жүйесін сертификаттау

  • Сапа жүйесін сертификаттаудың маңызы

  • 1.4 Сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық бағалау

  • Пайдалан ғ ан ә дебиеттер

  • Реферат Өсерова Салтанат. Реферат таырыбы Сапа жйесін сертификаттау Курс 3 Мамандыы тпп орындаансерова С. Н


    Скачать 26.32 Kb.
    НазваниеРеферат таырыбы Сапа жйесін сертификаттау Курс 3 Мамандыы тпп орындаансерова С. Н
    Дата25.10.2021
    Размер26.32 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаРеферат Өсерова Салтанат.docx
    ТипРеферат
    #255639

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

    М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

    РЕФЕРАТ

    Тақырыбы: Сапа жүйесін сертификаттау

    Курс:3

    Мамандығы:ТПП

    Орындаған:Өсерова С.Н

    Қабылдаған:Кембаев Н.А

    2021ж

    ЖОСПАРЫ:

    КІРІСПЕ

    1. Сертификаттау негіздері, сапа жүйесін сертификаттау

    1.2 Сапа жүйесін сертификаттаудың маңызы

    1.3 Сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау

    1.4 Сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық бағалау.

    Қорытынды

    Пайдаланған әдебиеттер


    1. Сертификаттау негіздері, сапа жүйесін сертификаттау

    Қазіргі кезде республикамызда өндірістін және шет елдерден әкелінетін тазық-түлік, шикізат, өнімдері адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіз, сондай-ақ сапасы сұраныс деңгейін қамтамасыз ете алу қажет. Өнімнің қай жерде жасалғанына қармастан, оның номативті-техникалық құжаттарға сай жасалғанына кепілдік беретін-сертификаттау.Сертификаттау дегеніміз - дайындаушы мен тұтынушыға және сатып алушыға тәуелсіз мекеменің өніміне жұмысына, қызмет көрсетудің нормативтік құжаттардың белгіленген талаптарғңа сәйкес расталуы. Өндірістің өнімінің және көрсететін қызметтің сапасы тұтынушы-сұранысын қанағаттандыруы үшін өндірістің сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттайды. Ол жоғары сапалы өнім шығарушы және олардың ішкі немесе халықаралық бәсекелестік қамтамасыз етуге бағытталған.Сертификациялауды жүргізу үшін арнайы аттестацияланған сынақ зертханалары, қажет жабдықтар меннормативті анықтаумен құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар сынақ барысында алынған нәтижелер бірдей жағдайда басқа зертханаларда жүргізілген сынақ нәтижесіне сәйкес болуы тиіс.Аталған жұмыстарды жүргізу стандарттау және сертификаттау мамандандырылғанға жүктеледі. Кез-келген процесті, өнімді немесе қызметті сертификаттау 3-жақтың қатысуымен жүргізіледі. Олар:

    1.    Жеткізуші (өндіруші, дайындаушы).

    2.    Тұтынушы немесе сатып алушы.

    3.    Қарастырылып отырып мәселелерде қатысушы жақтарға.

    Тәуелді емес деп танылатын тұлға немесе орган. Айтылғандарды тұжырымдылық, сертификаттау - өнімінің, процесін, қызметтің белгілі талаптарға сәйкес келетін жазбаша кепілдеме беру. Кез-келген өнімді,процесті немесе қызметті сертификаттау сәйкестік жөніндегі декларация мен өтініш негізінде   сертификаттау жүйесмен жүзеге асырылады. Соңғы жылдары әлемнің барлық елдерінде өздерінің сапа жүйелерінің ИСО 9000 сериялы стандарттарға сәйкестігін сертификаттаған мекемелер саны қарқынды өсіп келеді. Бүгінгі күнде бұл стандарттар 80-нен астам елдерде қолданылады. Мұның себебі, шетелдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, сапа жүйесін сертификаттаған мекемелерде басқалармен салыстырғанда тиімділік деңгейінің 2-3 есе жоғары болуында, өйткені бұл жағдайда өнімді сату бағасы 1,5-2,0 есе өседі.

      1. Сапа жүйесін сертификаттаудың маңызы

    Сапа жүйелерінің қарқынды дамуының сыртқы (тапсырма берушілердің талаптары, бәсекелестіктің артуы) және ішкі себептері бар. Маңызды сыртқы себептердің бірі - көптеген шетелдік органдар мен сертификаттау жүйелерінің сапа жүйесін өнімді сертификаттау процедурасына енгізуі. Мысалы, Еуропалық Одақта өнімді міндетті түрде сертификаттауға қатысты 11 директиваның жетеуінде сапа жүйесін сертификаттау сапа белгісін берудің шарты ретінде көрсетілген. Сапа жүйесі бар кәсіпорындарға несие алу және сақтандыру жақтарынан жеңілдіктер берілуі мүмкін. Сонымен қатар, сапа жүйесі бар кәсіпорындардың халықаралық тендерлерді ұтып алу мүмкіндігі ұлғаяды. Егер өнім сапасының төмендігі туралы сотқа арыз түскен болса, онда сапа жүйесінің сертификаты кәсіпорынның кінәлі еместігінің дәлелі ретінде бағаланады. Көптеген елдердің Үкіметтері мемлекеттік тапсырма жөнінде мәселе қарастырылғанда алғашқы орындарды сапа жүйелері бар кәсіпорындарға береді. Сапа жүйесіне ынталылық ішкі себептерге де байланысты: тұтынушылардың талабын толығымен орындау, өндіру шығынын азайту, тұтынушылар мен бақылау органдары тарапынан тексеруді азайту, өндірістің мәдениетін жақсарту, сапаға деген жауапкершілікті арттыру. Қазіргі кезде ТМД елдерінің басқалары сияқты Қазақстан Республикасында сапа жүйесі сертификатталған мекемелер саны жағынан шет елдерден көп кейін қалған. Мысалы, Ұлыбританияда мұндай мекемелер саны шамамен 66,7 мың, АҚШ-та 37,0 мың болса, Ресейде бар болғаны 1500 шамасында, Қазақстанда бұл жұмыс соңғы жылдары ғана қолға алынып отыр. Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан экономиканы дамытуға, отандық өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету бағытында нақты шаралар қолданыла бастады. 2001 жылғы мамырда Үкіметтің № 590 қаулысы бойынша 2001-2005 жылдарға арналған Республикалық «Сапа» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада кәсіпорындардың өнімді сертификаттаудан сапа жүйесін сертификаттауға ауысуы көзделген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде көптеген кәсіпорындар сапа жүйесі мен өндірістерге сертификат алды.

    1.3 Сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау

    Қазақстан Республикасында сапа жүйелері мен өндірістерге сертификаттау жүргізудің тәртібіне жалпы талаптар және оларды жүргізу тәртібі ҚР СТ 3.15.1-98 стандартында белгіленген. Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттаудың негізгі мақсаттары:

    өнім сапасын арттыру аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

    өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келетін өнім шығаруға техникалық және ұйымдық мүмкіншіліктерін бағалау мен ресми куәландыру;

    сыртқа шығаратын (экспортқа) өнімнің міндетінен туындайтын өтініш берушінің сапа жүйесі мен өндірістерді сертификаттаудағы сұраныстарын қанағаттандыру;

    дүние жүзінің және Қазақстанның нарықтарында өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттыру, оның ішінде өткізу нарықтарын игеру және кеңейту;

    сертификаттау кезінде өнімдердің қауіпсіздігін толығырақ және шын растау.

    Сапа жүйелері мен өндірістерінің сертификатталуын ҚР СТ 3.2-мен белгіленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде тіркелген меншіктің нысанындағы сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау жөніндегі органдар жүргізеді. Сапа жүйелері мен өндірістерді сертифиқаттау жөніндегі жұмыстарды бас сарапшы-аудитор басқаратын сертификаттау жөніндегі комиссия жүзеге асырады. Сапа жүйелерін сертификаттау мына қағидаларға негізделген:

    еріктілікке;

    құқықтылыққа өтуіне;

    бағалаудың әділдігіне;

    бағалау нәтижелерінің үдемелілігіне;

    Сапа жүйесінің нормативтік құжаттарға сәйкестігі белгіленген нысандағы сәйкестік сертификаттарымен расталады. ҚР СТ 3.11-дің талабына сәйкес олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің мемлекеттік тізімінде тіркеуге жатады. Сапа жүйелерін сертификаттау жөнінде талас мәселелер болған жағдайда өтініш беруші ҚР СТ 3.10-ға сәйкес шағым-арыз беруіне болады. Сапа жүйесін сертификаттау мына ретте жүргізіледі:

    Сапа жүйесін алдын ала бағалау;

    Сапа жүйесін мекемеде тексеру және бағалау;

    1.4 Сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық бағалау.

    Бірінші ретте өтініш берушінің сапа жүйесін сертификаттауға дайындығын алдын ала бағалау үшін комиссия ұсынылған құжаттарды талдайды. Бұл рет екінші реттегі жұмысты өткізуге болатыны туралы жазбаша қорытынды шығарумен аяқталады. Тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктер елеулі және елеусіз болып екіге бөлінеді. Елеулі сәйкессіздік - сапа жүйесінің кейбір элементінің немесе элемент бөлігінің болмауы, қолданбауы немесе толық бұзылуы, не сапа жүйесіне қойылған нормативтік талаптардан ауытқуы, мұндай кезде бұл ауытқуды жою мәселесі кәсіпорынның ұйымдың құрылымын өзгертеді, көптеген материалдық шығындарды, ұзақ уақытты қажет етеді және ол өнімнің сапасына елеулі әсер етедіЕлеусіз сәйкессіздік - кәсіпорынның ұйымдың құрылымымен, көптеген материалдық шығындармен байланысы жоқ, тек белгіленген талаптарды орындауда байқалатын бірен-саран кемістіктер, не сапа жүйесіне қойылған нормативтік талаптар бойынша басқадай ауытқулар және олар сапа жүйесін бағалау жөніндегі комиссия жұмысының барысында, не олардың анықталған кезінен бастап бір айдың ішінде жойылады. Сапа жүйесін тексеру мен бағалаудың нәтижелері мына түрлерде болуы мүмкін:

    сапа жүйесі толығымен стандарттарға сәйкес;

    сапа жүйесі негізінен стандарттарға сәйкес, бірақ та жүйе элементтерінен елеусіз сәйкессіздіктер анықталған;

    сапа жүйесінде елеулі сәйкессіздіктер орын алған.

    Егер елеулі сәйкессіздіктер болмаса немесе 10 не одан аз елеусіз сәйкессіздіктер анықталса, сапа жүйесі стандарттарға сәйкес табылады. Бір елеулі сәйкессіздік болса немесе 10-нан астам елеусіз сәйкессіздіктер анықталған болса, онда сапа жүйесі стандарттарға сәйкес емес деп табылады. Сапа жүйесін сертификаттауға ұсыну туралы шешімді тексеру және бағалау нәтижелері бойынша жасалған актілер негізінде бас сарапшы қабылдайды. Егер сертификаттау мүмкін деп табылса, онда сертификаттау органы сәйкестік сертификатының жобасын және сәйкестік белгісін қолдануға берілетін лицензияның жобасын жасайды. Осы құжаттар мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгілеген тәртіппен тіркеуден өткізіледі. Осымен қатар сертификаттау органы инспекциялық тексеру жүргізу жөнінде мекемемен келісім жасайды. Инспекциялық тексеру (3-ші ретке сәйкес) сапа жүйесінің сәйкестік сертификатының күшінде болу мерзімінің ішінде жүргізіледі. Сертификаттың күшінде болу мерзімінің ішінде сапа жүйесінің барлық элементтері кем дегенде бір рет тексерілуі керек. Сертификатталған сапа жүйелеріне бақылау жүргізу жоспарлың және жоспарсыз болуы мүмкін. Жоспарлық инспекциялық тексерудің кезеңділігін сертификаттау жөніндегі орган анықтайды, бірақ ол жылына бір реттен кем болмауы керек. Инспекциялық тексеру кезінде анықталған елеусіз сәйкессіздіктерді жою жөніндегі кәсіпорынның түзету жұмыстарын жүргізуі туралы, сапа жүйесінің тексерілетін элементтерінің сәйкестігі немес сәйкессіздігі және басқадай инспекциялық тексеру объектілерінің нақтылы жағдайы туралы көрсетіледі. Инспекциялық тексерудің нәтижелері сапа жүйесінің сәйкестік сертификатының күшін дәлелдеу, тоқтата тұру немесе жою мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға негіз болады. Э.Деминг: «Сапа - 98% мөлшерінде сапа жүйесіне, 2% мөлшерінде адамдарға байланысты» деген болатын. Мұның дәлелі ретінде өндірісі дамыған елдерде орын алып отырған бәсекелестің өнімнен сапа жүйелеріне ауысуын келтіруге болады. ИСО 9000 сериялы стандарттарына сәйкес құрылған сапа жүйелерін қолданушылардың айтарлықтай жетістіктеріне қарамастан, өндірісте TQM (жалпыға бірдей сапа менеджменті) принципі негізінде қалыптастырылған сапа жүйелерін қолдануға көп көңіл бөлінуде. TQM негізінде қалыптастырылған жүйеге мыналар тән:

    сапаны жақсарту жұмыстарына бүкіл қызметкерлер мен жұмысшыларды, қажетті шикізатты дайындаушыларды және тұтынушыларды жұмылдыру;

    сапаны жақсарту жұмысын тұрақты түрде жүргізіп отыру, мысалы зақымдалған өнім мөлшерін ең кіші деңгейге жеткізу ( Імлн. өнім ішінен тек қана 100-10 зақымдалған өнім);

    өнімнің өзіндік құнын азайту;

    TQM-ның бағыт ерекшеліктері оның өнімнің рыноктағы бәсекелестігін арттыруды басқаруға лайықты екенін көрсетеді.

    ИСО 9000 сериялы стандарттарының 2000 жылы шыққандарында TQM-ның кейбір принциптері ескерілген. Бұл жаңа стандарттар 14000 сериялы (қоршаған ортаны басқару жүйесі) стандарттарымен үйлестірілетін болады.

     

    Пайдаланған әдебиеттер:

    1.    ҚР сертификаттау туралы заңы.

    2.    Сергеев А.Г. Латышев М.В. “Сертификация”.

    3.Лииц И.М. “Основы стандартизации, метрологии и сертификации”

    4. Акишев К., Дарибаева Г. Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау: Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 256 бет.

    5. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007


    написать администратору сайта