сроп. №6 БОӨЖ, БӨЖ тапсырмасы (1). С. Ж. Асфендияров атындаЫ аза лтты медицина университеті кеа нао казахский национальный медицинский университет имени
Скачать 58.12 Kb.
|
6-апта БОӨЖ тапсырмалары: Жаттығулар: Пиридин ферменттерінің коферменттерінің формулаларын жазыңыз. Флавин ферменттерінің коферменттерінің формулаларын жазыңыз. Қандай цитохромда гемоглобиннің геміне ұқсас гем бар? Гемнің формуласын жазыңыз, рационалды атын атаңыз. А тобы цитохромдарының бір-бірінен айырмашылығы неде? А тобының цитохромдарының С тобының цитохромдарынан айырмашылығы неде? КоQН2 тотыққанда не болады? Цитохромс1 гемінің формуласынжазыңыз. Цитохром с-дан цитохром а3-ке дейін электрондарды тасымалдауда цитохром а-ның биологиялық рөлі. Неліктен кері бағытта электрондардың тасымалдануы жүрмейді? Жағдайлық есептер: Жарақатталған жерге сутек асқын тотығын жаққанда газдар бөлінбеді. Бұл құбылыс қандай ауруда байқалады? Ферроцитохром С1–ді қандай фермент тотықтырады? Кесте толтыру: 1- кесте. Оксидоредуктазалар
БОӨЖ-ді бақылау: БОӨЖ-дің сұрақтары бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына енгізілген (сұрақтар тізімі әдістемелік нұсқауларда келтірілген) және тапсырманың орындалғанын тексеру (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 20%). БОӨЖ сұрақтары аралық бақылау және қорытынды бақылау сұрақтарына енгізілген. Қашықтықтан оқыту (ҚО) кезінде: Moodle dis.kaznmu, Microsoft Teams платформаларында жазбаша тапсырмаларды орындау (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 20%). (ҚО барысында тестілеу жүргізілмейді). БӨЖ тапсырмалары (9-аптада бағаланады): «Энзимопатиялар» тақырыбына қазақ тілінде визуалды органайзерлер дайындау. БӨЖ-ді бақылау: Орындалған тапсырмаларды тексеру. Формативті баға. БӨЖ сұрақтары аралық бақылау және қорытынды бақылау сұрақтарына енгізілген. |