Главная страница
Навигация по странице:

  • САБАҚ: Мектеп: Күні

  • Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар

  • Бағалау критерийлері

  • Осыған дейін меңгерілген білім Алдыңғы сабақта о

  • Жоспар Жоспарланатын уақыт

  • Сабақтың басы 8 минут Ұйымдастыру

  • Абай «Сегізаяқ» М.Лермонтов «Одиночество»

  • Сабақтың ортасы 5 минут15 минут5 минут Мағынаны тану

  • Оқушыларға ой қозғау сұрақтары

  • Тапсырма Ұсынылған тақырып бойынша Абай шыармашылығын әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра отырып, эссе жазыңыз

  • Сабақтың соңы 5 минут Рефлексия «Табыс баспалдағы»

  • Қосымша ақпарат Дифференциация Бағалау

  • Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты) 1: 2

  • Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым

  • Абай шығармашылығы_ҚМЖ. Саба Мектеп


    Скачать 263.32 Kb.
    НазваниеСаба Мектеп
    Дата14.02.2022
    Размер263.32 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАбай шығармашылығы_ҚМЖ.docx
    ТипДокументы
    #361699

    Қысқа мерзімді жоспар

    САБАҚ:

    Мектеп:

    Күні:

    Мұғалімнің аты-жөні:

    Сынып: 10-сынып

    Қатысқан оқушылар саны:

    Қатыспағандар:

    Сабақтың тақырыбы

    Абай шығармашылығы

    Оқу мақсаттары

    10.2.5.1 - қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау

    Сабақтың мақсаттары

    Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтайды

    Бағалау критерийлері

    Абай шығармаларындағы құндылықтарды әлем әдебиетімен салыстырып, ортақтығын табады.

    Тілдік мақсаттар

    Әлем әдебиеті үлгілерімен қазақ әдебиетін салыстыру

    Осыған дейін меңгерілген білім

    Алдыңғы сабақта оқушылар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен танысқан.

    Жоспар

    Жоспарланатын уақыт

    Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

    Дереккөздер

    Сабақтың басы

    8 минут


    Ұйымдастыру

    Сыныппен амандасу, түгендеу.

    Қызығушылығын ояту

    Оқушыларға екі автордың өлеңдеріндегі ортақ нәрсені, үндестікті табу сұралады.


    Абай «Сегізаяқ»

    М.Лермонтов «Одиночество»


    Көмексіз көзің,

    Бір жалғыз өзің

    Баға алмай, басың сандалар.

    Бауырыңа тартқан,

    Сырыңды айтқан

    Сырласың сырт айналар.
    Ағайын бек көп,

    Айтамын ептеп,

    Сөзімді ұғар елім жоқ.

    Моласындай бақсының

    Жалғыз қалдым - тап шыным!


    Как страшно жизни сей оковы

    Нам в одиночестве влачить.

    Делить веселье – все готовы –

    Никто не хочет грусть делить.
    Один я здесь, как царь воздушный,

    Страданья в сердце стеснены,

    И вижу, как судьбе послушно,

    Года уходят, будто сны;
    Никто о том не покрушится,

    И будут (я уверен в том)

    О смерти больше веселится,

    Чем о рождении моём…






    2 минут

    Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын, бағалау критерийлерін белгілеу.




    Сабақтың ортасы

    5 минут

    15 минут

    5 минут


    Мағынаны тану

    Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән асыл қасиеттерді (Ол қандай қасиет деп ойлайсыңдар?- ар, ұят, иман, намыс, ақыл, білім, ғылым т.б. – оқушылардың жауабы) бойына дарыта алмаған ел-жұртын сынаған немесе адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды тануға болады.

    Оқушыларға ой қозғау сұрақтары:

    1. АБАЙ шығармаларында көтерген мәселелер бүгінде өзекті ме әлде тек сол өзінің заманына тән бе?

    2. Абайдың көкейін тескен адамзат проблемалары тек қазақ ұлтына тән бе әлде бүкіл әлемде етек жайған үрдістер ме?

    3. Адами, ұлттық, жалпыадамзаттық проблемалар тағы қандай авторлардың шығармаларында көтеріледі?

    (оқушылардың жауаптары тыңдалады)
    Талқылаудан кейін оқушылара Абай шығармашылығы бойынша эссе жазу тапсырылады.
    Тапсырма

    Ұсынылған тақырып бойынша Абай шыармашылығын әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра отырып, эссе жазыңыз:

    «Абайдың өлеңдеріндегі адами, ұлттық және жалпыадамзаттық мәселелердің бүгінгі таңдағы өзектілігі қандай?»
    Дескрипторлар:

    • ақынның өлеңінен дәйексөздер келтіру арқылы тезисті аргументтей алды;

    • автор шығармашылығын әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырды.

    • тезис бойынша қорытынды жасай алды.


    Бағалау. «Мадақтама сэндвичі» арлықы оқушылар бір-біріне қошемет сөздер айтып, ұсыныс білдіріп, тілек тілеп жұмыстарды бағалайды.






    Сабақтың соңы

    5 минут

    Рефлексия

    «Табыс баспалдағы»

    https://multiurok.ru/files/sabakta-kiezindie-k-oldanylatyn-rieflieksiia-t-sil.html

    Қосымша ақпарат

    Дифференциация

    Бағалау

    Пәнаралық байланыс

    Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

    Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

    Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

    Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

    Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

    Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

    Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

    Ойлану

    Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

    Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

    Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




    Жалпы баға
    Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

    1:

    2:

    Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

    1:

    2:

    Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



    написать администратору сайта