Главная страница
Навигация по странице:

  • Мұғалімнің аты-жөні: Күні

  • Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады

  • Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады

  • Басталуы 5 минут Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.

  • Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут «Сурете байланысты тілек» тренинг

  • Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. «Стикердегі диалог» әдісі

  • Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. Ортақ тапсырма: «Пкірлер»

  • Талдау «Броундық қозғалыс»

  • Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.

  • Қосымшаақпарат Саралау – Сізқосымша Көмеккөрсетудіқалай жоспарлайсыз Сіз

  • Үйренгенінтексеруді Қалайжоспарлайсыз Пəнаралықбайланыс Қауіпсіздікжəнееңбекті

  • Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес Келетінсұрақтарғажауапберіңіз.

  • қмж 7сын. Сабаты таырыбы Жйке жйесіні рам бліктері. Жйке жйесіні ызметі. Нейронны рылысы денесі, дендриттер, аксон. Нейронны ызметтері. Малімні атыжні


    Скачать 352.53 Kb.
    НазваниеСабаты таырыбы Жйке жйесіні рам бліктері. Жйке жйесіні ызметі. Нейронны рылысы денесі, дендриттер, аксон. Нейронны ызметтері. Малімні атыжні
    Дата09.10.2022
    Размер352.53 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақмж 7сын.docx
    ТипДокументы
    #722568



    Сабақтың тақырыбы:

    Жүйке жүйесінің құрам бөліктері. Жүйке жүйесінің қызметі. Нейронның құрылысы: денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері.

    Мұғалімнің аты-жөні:

    Күні:

    СЫНЫП: 7


    Қатысқаноқушылар саны:


    Қатыспағаноқушылар саны: 0

    Сабақ негізделген оқу мақсаттары

    7.1.7.2 – жүйке жүйесінің қызметін және құрылымдық компоненттерін атау;

    7.1.7.3 – жүйкежасушасыныңкомпоненттерінанықтау

    Сабақ нәтижесі:


    Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

    Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

    Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

    Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

    Бағалаукритерийі

    Тақырыптың маңызын түсіндіреді.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

    Тілдік құзіреттілік


    Жүйкеұлпасы,нейрондар,жүйкеимпулüс³,нейроглия,дендриттер, аксондар, сұрзат.

    Ресурстар

    Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

    Әдіс-тәсілдер

    Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

    Пәнаралық байланыс

    Музыка, қазақ тілі.

    Алдыңғы оқу

    Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру: диффузиялы, сатылы, түйнекті, түтіктәрізді.

    Сабақтың жоспары

    Жоспарланғануақыт

    Сабақ барысы :

    Бағалау түрлері

    Басталуы

    5 минут

    Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

    Топтарға бөлу.

    Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.

    Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда сөздер болу керек.

    Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.
    Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

    «Сурете байланысты тілек» тренинг

    Оқушыларды шеңберге шақыру,амандасу. Стикерлерге салынған әртүрлі суреттерді ұсыну. Суретті не үшін таңдағанын білу. Оқушылар таңдаған суретке байланысты тілектер айтады.


    1-топ

    2-топ

    3-топ

    Суреттер

    Жаңа білім

    10 минут



    Білу және түсіну

    Жүйке жүйесінің қызметі. Жүйке жүйесінің міндеті – жеке бөліктердің өзара әсері барынша тиімді болу үшін жеке мүшелер мен жүйелердің жұмысын ұйымдастыру. Яғни, жүйке жүйесі жеке бөліктердің жұмысын ұйымдастырып, оларды тұтас ағзаға айналдырады.Қарапайым мысал келтірейік. Егер жануар жүгірсе, оның бұлшық еттеріне көп энергия қажет. Демек, тыныс алу және қан тамырлары жүйесі де жа- сушаларды оттекпен қамтамасыз ету үшін белсенді болуы керек. Сонымен қатар органикалық заттар ыдыраған кезде түзілген артық жылу мен шлактан белсенді түрде арылу қажет. Теріде тамырлардың ұлғаюы, оның қызуы мен тер бөлуі белсенді түрде жүреді. Осы үдерістердің барлығы жүйке жүйесі қатысында жүзеге асырылады. Жүйке жүйесінің қатысынсыз мүшелер жұмысын үйлесімді бақылау мүмкін емес.Жүйке ұлпаларының құрылысы мен қызметі. Жүйке жүйесінің мүшелері (жұлын, ми, барлық жүйке) жүйке ұлпаларынан тұрады. Жүйке ұлпаларының подтиптері болмайды. Олардың барлығы жасушалардың екі түрінен: нейрондар мен нейроглиялардан тұрады.

    Нейрондар – жүйке ұлпасының негізгі жасушалары. Жүйке ұлпасының қызметін нейрондар атқарады.

    Нейрондар да жүйке импульстерін беруге қабілетті. Нейрондардың бұл қабілеті өткізгіштік деп аталады. Яғни жүйке ұлпаларының негізгі екі: қозғыштық және өткізгіштік қызметі бар.

    Жүйке ұлпаларының қосымша ұлпалары нейроглия деп аталады. Оларды глиальды жасушалар деп атайды. Олар нейрондарды қорғайды, сақтайды және қоректендіреді. Олар нейрондарға қарағанда көп. Мыса- лы, бір нейронды шамамен мыңдаған глиальды жасушалар қоршайды. Нейрондардың құрылысы. Әрбір нейрон денесі мен өсінділерден тұрады (96-сурет). Нейрон денесі – ядросы, цитоплазмасы мен барлық

    негізгі органоидтері бар жасушаларының орталық бөлігі.

    Нейрондардың қысқа тармақталған өсінділері дендрит деп аталады.

    Бұтақтары ағашқа ұқсайтындықтан осылай аталады.

    Жасуша денесінен шығатын ұзын бір өсінді аксон деп аталады. Ак- сон – ішінде ұсақ органоидтер, сыртында жасуша мембранасы болатын нейрон цитоплазмасының алып өсіндісі.

    Адам және жоғары құрылымды жануарларда аксондардың көпшілігі майтәрізді қабықшада болады.

    Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
    «Стикердегі диалог» әдісі

    (Топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі. кейін пікірлерін қорғайды.)

    Топтарға тапсырма:

    1. Неліктен нейрондарды жүйке ұлпасының қызмет бірлігі деп атайтынын түсіндіріңдер.

    2. «Жүйке ұлпасы», «нейрон», «нейроглия», «аксон» және «дендрит» деген терминдерге анықтама беріңдер.

    3. Суретте көрсетілген (а) нейрон бөлігін атаңдар. Нейронның суретін (ә) салған кезде қандай қате кеткен?



    Оқулық.

    Кеспе мәтіндер.

    Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер.


    Ортасы

    10 минут



    Қолдану

    Жүйке ұлпасының тіршілік әрекетінің ерекшеліктері. Жүйке ұлпасының жасушалары адам туған соң көбеймейді. Яғни жаңа туған сәбиде ағзаның бүкіл тіршілігі бойы нейрон мөлшері болады. Бірақ нейрондар белсенді көбейіп, «тармақталуға» – басқа жасушалармен жаңа байланыс түзуге қабілетті. Нейрондардың мөлшеріне емес, құрылысына мидың қызмет атқаруы белсенділігі тәуелді. Адам есте сақтау, ойлау, елестету және т.б. қабілеттерін неғұрлым жаттықтырса, миы соғұрлым жаттығады әрі дамиды. Сондықтан ақыл-ой еңбегінің түрлері сияқты оқу, зияткерлік жаттығулар ми нейрондарының өсуіне, оның қызмет атқаруын жақсартуға бағытталған. Де- генмен әсіресе өсіп жатқан ағзада жаңа ақпараттың болмауы, миға сигналдың аз түсуі нейрондардың дамымауына, олардың қызметінің нашарлауына апарып соғады.

    Ми жасушаларының тіршілігін жоюы қауіпті болып, ол қайта қалпына келмейді. себебі нейрондар көбеймейді. Сондықтан никотин, алкоголь, есірткілік заттардың, психологиялық жүктеме, ұйқының бұзылуы, толыққанды тамақтанбау т.б. зиянды әсерін болдырмауға тыры- су қажет. Миды жаттықтыру туралы төменде толығырақ қарастырамыз.

    Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

    Ортақ тапсырма: «Пкірлер» парағы әдісі

    1. Жүйке ұлпасы қызметінің ерекшеліктерін мысалдар келтіріп дәлелдеп, талқылаңдар. Аксон және дендрит құрылысы мен қызметінің қандай айырмашылықтары бар?

    2. Нейрондар мен нейроглия құрылысын, орналасуын, мөлшерін, қызметі мен өзара байланысын сипаттаңдар.

    Талдау

    «Броундық қозғалыс» Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.




    «Пкірлер» парағы әдісі, сұрақтар жазылған парақшалар,қалам.


    Оқулықтағы мәтінді оқып алады.

    Сергіту сәті

    2 минут

    https://www.youtube.com/watch?v=i8FFtlTwJRs



    Миды шынықтыру тапсырмасын орындайды.

    Аяқталуы

    Сабақты бекіту

    10 минут

    Синтез

    1.Тітіркендіргіш және қозғыштық сияқты қасиеттердің эволюцияда пайда болу ретін сызбамен бейнелеңдер. Бұл кезде олар тән ағзаларды, олардың қызметін қамтамасыз ететін құрылымды, нәтижесін – жауап реакциясы типтерін көрсетіңдер.

    2. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, адам миының дамуына әсер еткен әртүрлі факторлардың рөлін көрсететін сызба құрастырыңдар. Эволюциялық факторлар мен жеке факторларды да ескеру керек.

    3. Жүйке ұлпасында негізгі екі: қозғыштық және өткізгіш қызмет атқаратыны белгілі. Адам жүйкесі арқылы өтетін қозу жылдамдығы – 100–120 м/с, бақада – 26 м/с, балықта – 4–5 м/с. Мұндай айырмашылық неге байланысты? Адам және жануарлардағы қозудың өту жылдамдығына пікірталас ұйымдастырыңдар.



    Карточкада жазылған терминдер



    Бағалау
    5 минут

    Кері байланыс

    3 минут



    Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.


    Оқушының аты-жөні

    «Стикер

    дегі диалог» әдісі

    «Пкірлер» парағы әдісі

    «Броундық қозғалыс»

    «Карточкадағы терминдер» әдісі

    Балл














































































































    Рефлексия парағы


    Сабақтағы жетістіктерім

    Оның себептері

    Сабақтағы жетістіктерім

    Оның себептері
















    Бағалау парақшасы

    Қағаз қиындылары.

    Қосымшаақпарат


    Саралау – Сізқосымша

    Көмеккөрсетудіқалай

    жоспарлайсыз? Сіз

    қабілетіжоғары

    оқушыларғатапсырманы

    күрделендірудіқалай

    жоспарлайсыз?

    Бағалау - Оқушылардың

    Үйренгенінтексеруді

    Қалайжоспарлайсыз?

    Пəнаралықбайланыс

    Қауіпсіздікжəнееңбекті

    Қорғауережелері

    АКТ-менбайланыс

    Құндылықтардағы

    байланыс

    Рефлексия

    Сабақ / оқу

    мақсаттары

    шынайыма?

    Бүгіноқушылар

    не білді?

    Сыныптағыахуал

    Қандайболды?

    Мен жоспарлаған

    Саралаушаралары

    тиімдіболдыма?

    Мен берілген

    Уақытішінде

    үлгердімбе? Мен

    өзжоспарыма

    қандайтүзетулер

    енгіздімжəне

    неліктен?



    Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

    Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

    Келетінсұрақтарғажауапберіңіз.

    Қорытындыбағамдау

    Қандайекінəрсетабыстыболды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

    1:

    2:

    Қандайекінəрсесабақтыжақсартаалды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

    1:

    2:

    Сабақбарысында мен сыныпнемесежекелегеноқушылартуралыменіңкелесісабағымды

    Жетілдіругекөмектесетінне білдім?


    написать администратору сайта