Главная страница
Навигация по странице:

  • Саралау («Дифференциация»

  • Оқытуды саралау дегеніміз

  • Саралап оқытудың тәсілдері Тапсырма.

  • Жұмыс қарқыны

  • Ресурстар. (дереккөздер)

  • Рөлдер

  • Диалог\Сұрақтарды пайдалану

  • саралау. Саралау. Саралау Дифференциация


    Скачать 22.8 Kb.
    НазваниеСаралау Дифференциация
    Анкорсаралау
    Дата10.11.2022
    Размер22.8 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСаралау.docx
    ТипДокументы
    #780679

    Дифференциация сөзі латын тілінен (difference) шыққан және «айырмашылық», «бөлу» деген мағынаны білдіреді. Осы тұрғыдан «дифференциация» - бұл оқулары әр түрлі жүзеге асатын жекеленген оқушылар тобын бөліп алу. Шындығына келгенде  дифференциация түсінігі анағұрлым терең, әрі кең.

    Саралау («Дифференциация» латынша айырмашылық) – білім беру мазмұнын табысты игеруге, оқушының қабілетін және икемін дамытуға барынша қолайлы білім беру ортасын құру.

    Оқытудағы  дифференциацияның негізгі мәні оқушылардың оқуындағы жеке айырмашылықтарды біле отырып және ескерту арқылы олардың әрқайсысы үшін анағұрлым оңтайлы болатын жұмыс түрін анықтау.

    Оқу үрдісінде оқушыларды дифференциациялау сипаты шартты болып табылады. Ол әрбір оқушыға жекелей тәсілмен қарауға мүмкіндік беретін икемді және өзгермелі болуы тиіс.

    Дифференциация балаларды қабілеттері немесе басқа қасиеттері бойынша іріктеуге бағытталмағанОның негізгі міндеті оқушылардың қабілеттерін және бейімділігін дамытуға, білім мазмұнынын табысты игеру мақсатында білім беру үдерісінде барынша қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

    Оқытуды саралау дегеніміз – оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес әртүрлі сыныптар, топтар, мектептер үшін әртүрлі оқу ортасын құру және әртүрлі топтарда оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психологиялық-педагогикалық және ұйымдастырушылық шаралардың кешені.

    Ал саралап оқыту дегеніміз: оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ қасиетті ескере отырып дайындалған, оқушылар тобына мұғалімнің оқу үрдісін ұйымдастыру нысаны. Саралап оқыту- әрбір оқушының мақсатқа жетуіне оң ықпал етудің тиімді жолы.

    Саралап оқыту дегеніміз - бір материалды барлық оқушыларға әртүрлі оқыту тәсілдерін қолданып оқыту дегенді білдіреді және мұғаліммен әрбір оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі бойынша жіктей отырып, сабақты ұйымдастыруды талап етеді.

    Саралап оқытудың тәсілдері

    Тапсырма. Балаларға (жеке немесе топта) олардың меңгерген білімдеріне негізделген әртүрлі тапсырмалар беріледі.

    Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау оқу тапсырмасының мазмұны бойынша: шығармашылық деңгейі бойынша, қиындық деңгейі бойынша, көлемі бойынша, әрекетті ұйымдастыру бойынша:

    Мұғалім тапсырманы бәріне бірдей таныстырады, ал орындалу кезеңі төмендегідей болуы мүмкін:

    1 топ-мұғаліммен бірге;

    2 топ- алдымен мұғаліммен, содан кейін өз бетінше;

    3 топ- өз бетінше

    Тапсырмалардың нұсқалары қиындық деңгейі, шығармашылық деңгейімен және көлемімен ерекшеленеді.

    1-нұсқа- негізгі тапсырма;

    2-нұсқа-көлемі үлкендеу тапсырма;

    3-нұсқа-шығармашылық тапсырма. Саралауды қамтамасыз ететін тапсырмаларды құрастырудың төмендегідей түрлерін қолдану ұсынылады:

    Ашық түрде орындалатын тапсырмалар;

    Қаламдық тапсырма түрінде орындалатын тапсырмалар;

    Таңдау түрінде орындалатын тапсырмалар; Сондай-ақ оқушының таңдауы бойынша тапсырма жағымды оқу ынтасының қалыптасуына әсер ететінін естен шығармауымыз керек.

    Нәтиже. Балалар қойылған жалпы мақсатқа сәйкес бірдей тапсырмамен жұмыс істейді, бірақ мұғалім балалардың алдыңғы нәтижелерін ескере отырып, әр баладан әртүрлі нәтиже күтеді. Нәтиже дегеніміз – сабақтың соңында мазмұн бойынша оқушының алған білімін демонстрациялау әрекеті. Мұғалім мазмұнды меңгерту мақсатында тапсырма береді, барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады. Оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді және жетпей тұрған білімдерін жетілдіру туралы ойлағандары маңызды. Сабақта мұғалім барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізулеріне әрекет жасайды.

    Жұмыс қарқыны. Балаларға ортақ тапсырма беріледі, бірақ оларды аяқтауға жұмсалған уақыт олардың дағдыларына қарай анықталады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруге көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

    Қорытынды: Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да, олардың нәтижелері әртүрлі болады. Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауап бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетінін түсінгендеріне көз жеткізу керек.

    Қолдау. Балалардың барлығы бірдей тапсырманы орындайды, бірақ олардың кейбіреуіне басқаларға қарағанда көбірек немесе азырақ қолдау көрсетіледі. Бұл тәсілді қолдану мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Мұғалім мәселені шешуде өзінің қарапайым тілде егжей-тегжейлі түсіндіруін қажет ететін оқушылар және тек диалогке түсу арқылы бағытталуды ғана қажет ететін жлғары деңгейлі оқушылар тобын анықтауы тиіс. Сонымен қатар, мұғалім қабілеті жоғары оқушыларды қолдау үшін жоғары деңгейлі сұрақтарды қолдана алады. Тілдік қолдау мен ынталандыру да бұл тәсілде ерекше маңызға ие.

    Ресурстар. (дереккөздер) Балалар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ айтарлықтай дамыған оқу немесе зерттеу дағдыларын қажет ететін әртүрлі ресурстар ұсынылады.

    Бұл әдісті қолдануды сыныптағы кейбір оқушылар басқаларға қарағанда әлдеқайда күрделі әрі ауқымды ресурстармен жұмыс жасауға бейім болатынын ескерген жөн және осы арқылы тақырыпты әртүрлі қырынан алу үшін түрлі оқу материалдарын пайдалануға мүмкіндік береді дегенді білдіреді. Кейбір оқушылар сабақта негізгі мәтінмен жұмыс жасаумен шектелсе, қабілеті жоғары оқушылар жетілген деңгей сөздіктермен және күрделі идеялармен жұмыс жасауға қабілетті болады. Саралаудың бұл түрі барлығына ортақ оқу нәтижелеріне жету үшін, оқу материалдарын кең көлемде пайдалануға мүмкіндік береді.

    Мысалы, үдеріс бойынша төмендегідей ұйымдастыруға болады:

    Визуалдарды оқулықпен қамтамасыз ету;

    Аудиалдарға аудио жазбаларды тыңдату;

    Кинестетиктерге тапсырмаларды өздерінің жасап көруіне мүмкіндік беру.

    Топтау. Балалар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ барлығының табысқа жетуін қамтамасыз ететіндей етіп топтастырылған. Оқытудың болжамды міндетіне қарай топ құруда тиімді көптеген тәсілдер бар: мүдделері ұқсас оқушылар (қиындық деңгейі немесе қолдау деңгейі), талаптары әртүрлі оқушылар, джигсо топтары, кәсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар немесе сарапшы топ, аралас гендерлік топ, ұйымшыл топ. Топтық жұмысты орындау үшін бір топта қандай оқушылардың болатыны маңызды емес. Осы жағдайда мұғалім өзі қалаған әдіспен оқушыларды шағын топқа біріктіреді. Топтың мүшелері кездейсоқ бірігеді. Бұл жағдайда мұғалімге сыныптағы оқушылардың бір-бірімен мейлінше араласқаны маңызды.

    Екіншіден, аралас топ. Мұғалім мақсатты түрде шағын топқа әртүрлі деңгейлі оқушыларды біріктіреді. Себебі бұл топтық жұмыс жаңа оқу мақсатына жету үшін қажетті алдыңғы білімдері мен біліктерін қайталап, бір-бірінің есіне түсіру мақсатында ұйымдастырылған.

    Үшіншіден деңгейлі топ. Мұғалім ерекшеліктеріне қарай топтарға біріктіреді. Қызығушылығы бір оқушылар бір топта немесе жоғары деңгейлі, орта және төмен деңгейлі оқушылар. Оларға арнайы тапсырмалар дайындалады. Бұл топтық жұмысты жоспарлау кезінде мұғалім неліктен оқушыларды дәл осылай біріктіретінін және неліктен тапсырмаларды беретінін нақты түсінеді.

    Төртіншіден, қалаулы топ. Мұғалім оқушыларға өз қалаулары бойынша отыруға мүмкіндік береді. Сыныпта қандай да бір топтық жоба жұмыстарын жасау керек болған кезде бұл әдісті қолдану тиімді.

    Бесіншіден, қыз-ұл деп бөлуге болады. Бұл әдіспен оқушыларды біріктіру мұғалімге қыз балалар мен ер балалардың оқудағы ерекшеліктерін терең зерттеуге мүмкіндік туындайды.

    Рөлдер. Балалар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ олардың әрқайсысы әртүрлі рөл атқарады.

    Үй жұмысы. Балаларға әртүрлі үй тапсырмалары беріледі, ал жекелеген оқушыларға сыныпта бастаған жұмысты аяқтау үшін қосымша уақыт қажет болуы мүмкін.

    Диалог\Сұрақтарды пайдалану. Мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай өзінің қоятын сұрақтарын және оқушылардың берген жауаптарын саралайды. Кез келген білім алушы үшін маңызды ресурс – қағаз емес, электронды құрал емес, адами ресурс. Диалог негізінде саралау барысында мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбатқа мән беріледі. Диалог арқылы саралаудың түрлі аспектілері бар.

    Бағалау. Сыныптағы саралау әдістері сыныптағы жекелеген оқушылардың нені үйренгенін анықтауға және оны бағалауға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оқушылардың табысты оқуын қамтамасыз етумен қатар, оқушының жеке даму аймағын анықтау арқылы нені жақсарту қажеттігін түсінуге мүмкіндік беретін икемді үдеріс.

    Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін. Сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай  ілгерілей аламыз.

    Сабақтың барлық сатыларында саралап оқыту тәсілдерін енгізу қажет. Мысалы: үй тапсырмасының орындалуын тексеру барысында, сіз тестілеуді оқушы ұнатпайтын әрекетке айналдыруға жол бермейтін әдістемелерді пайдалана аласыз. Оқушыларға саралап оқыту әдісін қолдану оқушылардың білім сапасын, олардың біліктілік деңгейі мен қабілеттерін жақсартуға мүмкіндік береді. Тәжірибе корсеткендей, сенімді түрде алға жылжу оқушыларды шабыттандырып, оларды қарқынды жұмыс істеуге ынталандырады. Тапсырманың түрлі деңгейде болуы баланың күш-жігеріне деген сенімін нығайтады, оны табысқа жетелеп, танымдық қызығушылығын арттырады.

     

    Әдебиеттер

    1. Антропова М.В., Манке Г.Г., Кузнецова Л.М., Бородкина Г.В., «Дифференциация обучения: Педагогическая и физиолого-гигиеническая оценка» \\ Педагогика, 1992, №9-10

    2. Глейзер Г.Д. «Индивидуализация и дифференциация обучения в школе» -М.1985.

    3. Осмоловская И.М., «Организация дифференцированного обучения в современной школе» - М.; Институт практической психологии; Воронеж: «Модек». 1998.


    написать администратору сайта