Главная страница
Навигация по странице:

  • Шала туылудың себептері

  • Шала туылған баланың белгілері.

  • Шала туылған баланың дәрежелері.

  • Күтім ерекшеліктері.

  • Тамақтандыру ерекшеліктері.

  • Роммель формуласы

  • Шала туылған баланың физиологиялық жағдайлары.

  • ШАЛА ТУЫЛҒАН БАЛА. Шала туылан бала. Ктім жне таматандыру ерекшеліктері


    Скачать 19.23 Kb.
    НазваниеШала туылан бала. Ктім жне таматандыру ерекшеліктері
    Дата16.02.2023
    Размер19.23 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаШАЛА ТУЫЛҒАН БАЛА.docx
    ТипДокументы
    #940069

    ШАЛА ТУЫЛҒАН БАЛА. КҮТІМ ЖӘНЕ ТАМАҚТАНДЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

    Шала туылған болып жүктіліктің 28-38 апта аралығында , салмағы 2500 г-нан, бойы 45 см-ден төмен туылған балаларды есептейміз.

    Жүктіліктің 28 аптасынан бұрын туылған балалар түсік болып саналады. Осындай балалар тірі туылған жағдайда балалар өлімі санына кірмейді. Кейінгі жылдары салмағы 550г-нан жоғары тірі туылған балаларды аман сақтап қалу туралы мәселе көтеріліп отыр. Оларға өз деңгейінде дұрыс ұйымдастырылған көмек көрсетілсе, аман алып қалуға болады. Бірақ , мұндай балаларда туа пайда болған ағза ақаулары жиі кездеседі және орталық нерв жүйесі тарапынан байқалатын өзгерістер баланың ақыл-есінің кем болуына әкеледі.

    Шала туылу көрсеткіші мүмкіндігінше 3 % -тен аспау керек .

    Шала туылудың себептері:

    1. жүктілік кезіндегі токсикоздар.

    2. жүктілік кезінде тұмау немесе басқа инфекциялық аурулармен ауруы.

    3. жүкті әйелдің экстрагенитальді аурулары.

    4. әйелдің зиянды әдеттері.

    5. жиі түсік тастау , аборт жасату.

    6. психикалық және физикалық стресстер.

    Шала туылған баланың белгілері. Шалалықтың дәрежесіне қарай бір балада анығырақ , біреулерінде әлсіздеу байқалатын келесі белгілерді атай аламыз:

    • баланың дауысы әлсіз, қатты жылай алмайды;

    • тері қабаты қоңыр-қызыл түсті, майда түктермен жабылған;

    • көкірек бездерінің ұшы дамымаған , тырнақтары өте жұмсақ , қысқа;

    • құлақ қалқаны жұмсақ, қалыбын сақтамаған , басына жабысып тұрады;

    • басы салыстырмалы түрде үлкен , үлкен және кіші нңбектерімен қатар сүйек тегістері де ашық;

    • кіндік сақинасы төмен орналасады

    • қыз балалардың үлкен жыныстық еріндері кіші жыныстық еріндерін жауып тұрмайды, ұлдардың ұмасында жұмыртқалары анықталмайды немесе үстіңгі жағында орналасады;

    • бұлшық ет тонусы және рефлекстері төмен (3-4 дәрежесінде ему , жұту рефлекстері де болмайды)

    • дем алысы үстірт, жиі, аракідік апное (дем тоқтап қалу) байқалады, өкпесі толық жетіліп үлгермеген , сурфактант жетіспеуімен байланысты ателектаздар анықталады;

    • тамыр соғысы жиі өзгеріп тұрады(жиілігі 100-180/мин), қан қысымы төмен;

    • қан құрамында гипогликемия , гипопротеинемия, эритроциттер саны мен гемоглобиннің кқрсеткіші мерзімі жетіп туылған балалардағыдай , бірақ гемоглабиннің 97% фетальді гемоглобиннен (тұрақсыз, тез жарылады) тұрады да , анемия жиі және ерте байқалады.

    Шала туылған баланың дәрежелері. Шала туылған балаларды салмағына қарай 4 дәрежеге бөлеміз:

    1 дәреже-2000-2500г

    2 дәреже-2500-2000г

    3 дәреже-1000-1500г

    4 дәреже-1000 г-нан төмен.

    Күтім ерекшеліктері. Шала туылған баланың күтімі 2 сатыда өткізіледі: 1-ші сатысы-перзентханада; 2-ші сатысы арнайы шала туылған балалар бөлімінде.

    Шала туылған баланың күтімінде көптеген өзіндік ерекшеліктер бар . шала туылған баланың орталық нерв жүйесінің және тері қабатының температураны реттеу функциясының жетілмей туылу себебінен бала өз денесінің температурасын өз қалыпта ұстай алмайды . Атап айтсақ, сақын жерде тез тоңып, ыстық жерде дене қызуы көтеріліп кетеді. Сондықтан, шала туылған балаларға шалалықтың дәрежесіне сәйкес әртүрлі температуралық режимді сақтау керек.

    3-ші және 4-ші дәрежелі шала туылған балаларға алғашқы күндері арнайы кереуеттерге –кювезде – күтім жасалады. Оның ішіндегі температураны осы балаларға қажет 30-35 градусқа дейін көтеріліп, ылғалдықты 60-65% - ке , оттегі концентрациясын 30% ке жеткіземіз. Мұндай кювездер жоқ болса және 1-ші-2-ші дәрежелі балалардың дене температурасын жылытқыштар қою арқылы реттеуге болады.

    Шала туылған балалардың тыныс алу жүйесіндегі ерекшеліктерімен және дем алу орталығының жетілмеуімен байланысты, олардың дем алысын жақсарту үшін келесі әрекеттер жасалады:

    • бөлме ауасын жиі желдетіп , тазартып тұру;

    • баланы бос жөргектеп , бас жағын көтеріңкі етіп жатқызу;

    • ылғалдатылған оттегін беру;

    • баланың кеудесіне қыша қағазын қойып тұру.Шала туылған баланың тері қабатының қорғаныш қызметінің төмен болуымен және баланың жалпы иммунитетінің төмендігімен байланысты оның күтімінде тазалықты қатаң сақтау және әртүлі аурулардан сақтандыру қажет болады.

    Тамақтандыру ерекшеліктері. Шала туылған баланы тамақтандырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бала тез өсіп , өз қатарларын қуып жету үшін , оған тамақ мөлшерін артығымен қабыудау қажет, бірақ баланың ас қорыту ағзаларының жетілмей тууы және ему , жұту рефлекстерінің әлсіздігі бұл қажеттілікті орындай алмайды. Шала туылған балалар шалалықтың дәрежесіне сәйкес , рефлекстерінің даму дәрежесіне сәйкес ,әртүрлі әдістермен және әртүлі мерзімдерде тамақтандырылады.

    3-4-ші дәрежелі шала туылған балалардың ему, жұту рефлекстері өте әлсіз немесе мүлдем болмауы мүмкін , сондықтан оларды алғашқыда зонд арқылы тамақтандырады. Зонд баланың жалпы жағдайына қарай , дәрігердің шешімімен 2-3 күнге қалдырылады немесе әр тамақтандырылған сайын ауыстырылып отырады. Бір қолданылатын полиэтиленнен жасалған асқазан зонды балаға мұрын қуысы немесе ауыс қуысы арқылы енгізіледі. Баланың рефлекстері пайда болғаннан кейін ғана шөлмек , емізік арқылы , оған жақсы үйренгеннен кейін барып анасына емізуге апарылады.

    1-2 дәрежелі шала туылған, ему,жұту рефлекстері бар балалар да , анасына емізуге бірденен берілмейді, өйткені ему оған күш түсіріп , баланың жағдайы нашарлап кетуі мүмкін.

    Бұл балаларды да алғашқыда емізік арқылы сауылған стерильді анасының сүтімен тамақтандырып , жақсы еміп үйренгеннен кейін барып, анасына емізуге береміз.

    Тамақтантыру жиілігі тамақтандыру әдісіне тәуелді. Егер шөлмек , емізік арқылы немес анасын еметін болса, емізу жиілігі тәулігіне 7-10 рет , ал зонд арқылы тамақтандыратын болсақ , одан сирегірек болады.өйткені, асқазан зондын жиі-жиі салудың балаға кері әсерлері , кемшіліктері де бар.

    Шала туылған балаға қажетті сүттің тәуліктік мөлшерін арнайы Роммель формуласы арқылы немесе калориялық әдіспен есептеп табуға болады.

    Роммель формуласы : Vт =1% х М х n

    Vт – сүттің тәуліктік мөлшері

    М –баланың туғандағы мөлшері

    n – баланың күні

    калориялық әдіс. Бұл әдіспен баланың әр кг салмағына қажетті энергия мөлшерін білу арқылы, оған тиісті сүт мөлшерін анықтай аламыз: 1-2 ші күндері – 30 ккал\кг

    3- ші күні – 35 ккал\кг

    4-ші күні – күні – ккал\кг салмағына қажет етеді.

    Одан кейін 10-шы күнге дейін әр күн сайын 10 ккал\кг қосылып отырады. Шала туылған балалардың қан құрамының ерекшелігімен байланысты оларда анемиялар ерте дамиды. Осы себепті оларға алғашқы айлардан бастап-ақ витаминдер комплексі және құрамында темір бар препараттар профилактикалық дозада тағайындалады.

    Жоғарыда айтылған күтім, тамақтандыру ерекшеліктері дұрыс орындалған жағдайда 1-2ші дәрежелі шала туылған балалар өз құрдастарын бір жасында, 3-4ші дәрежелі шала туылған балалар 2 жасқа жақындағанда қуып жетеді.

    Шала туылған баланың физиологиялық жағдайлары. Физиологиялық жағдайлар шала туылған балаларда да байқалады және оларда өзіндік ерекшеліктермен сипатталады.

    1. физиологилық қызар анығырақ байқалады, соңынан тері қабатының құрғауы ұзағырақ сақталады.

    2. физиологиялық сарғаю ұзағыраққа созылады – 2-3 аптаға, кейде одан да ұзаққа.

    3. сыртқы ортаның температурасына сезімталдық айқын білінеді – бала өте тез жаурағыш және ыстығы тез көтеріледі.

    4. жыныс ағзаларындағы өзгерістер болмауы да мүмкін, өйткені эстрогенді гормондар жүктіліктің соңғы айларында өтеді.

    Перзентханадан шығару тәртібі.

    1ші – 2ші дәрежелі шала туылған балалар жалпы жағдайы жақсы болса, анасын жақсы еміп жатса үйге шығарылады.

    3ші-4ші дәрежелі шала туылған балалар салмағы 2500 г-ға толғанша, жалпы жағдайы дұрысталғанша арнайы аурухананың шала туылған балалар бөліміне ауыстырылады.

    Алдың алу егу жұмыстары жалпы жағдайы жақсы, салмағы 1500 г-нан жоғары балаларға жүргізіледі.


    написать администратору сайта