№4 ситуац есеп қаз. Ситуациялы есеп 1
Скачать 12.04 Kb.
|
Ситуациялық есеп №1 Науқас Мұқанов С. . 24 жаста Қатты тері қышуына, бас ауруына, ауаның жетіспеу сезіміне, құрғақ жөтелге, мұрынның бітелуіне шағымдары бар. Анамнезден: көп жыл бойы вазомоторлы ринитпен ауырады. Тималин инъекциясынан кейін көңіл-күйінің күрт нашарлауы байқалған. Жағдайы өте ауыр. Науқас қозған қалыпты. Тері жамылғысы ылғалды, бозғылт, бүкіл денесінде эритематозды-папулезді бөртпелер кездеседі. Тынысы шулы. Өкпенің везикулярлы тыныс алуы, барлық өкпе өрістері бойынша құрғақ ысқылау сырылдарының массасы естіледі. Тыныс алу жиілігі минутына 34. Жүрек тондары анықталмайды, ритм дұрыс. АҚ 60/0 мм.сын.бағы. ЖЖ минутына 120. Іш жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр үлкеймеген. 1. Алғашқы диагноз 2. Жедел көмек Ситуациялық есеп №2 Жансақ Інжу 32 жаста. Бронхтық астмамен сырқаттанады. Эмоциялық қозу, Т 36,70С, ЖСС 115мин., ТЖ 26, везикулалық тыныстың күрт әлсіздігі, бірлі-екілі құрғақ сырылдар. Анамнезінен тәулік бойы нәтижесіз беротектің 12 жуық ингаляциясын алғаны белгілі болды. Сіздің диагнозыңыз Негізгі ауру: Бронхтық астма. Өршу сатысы Асқынуы: Астмалық статустың І сатысы Жедел көмек Ылғалды оттегі Преднизолон 30 мг, Натрия хлорид 0,9% Эпинефрин 0,18% - 1,0 мл Сальбутамол раствор для небулайзера 20 мл Ситуациялық есеп №3 70 жастағы қантты диабетпен ауыратын әйел жеткізілді. Екі тәулік бойына құсу мен шөл, титықтаған, тері мен кілегейлі қабаттары құрғақ, баяу, тежеліп сөйлейді, кейбір бұлшық еттерінің тартылуы көрінеді. Бауыры ұлғаймаған. Гликемия 35 ммоль/л, несепте ацетон жоқ. Іші «тыныш». ЭКГ: синустық тахикардия, коронарлық бұзылыстар жоқ. Сіздің диагнозыңыз Жедел көмек Ситуациялық есеп №4 Науқас Болмыс Данияр 58 жаста , 8 жылдан бері қантты диабетпен дертті, антигипергликемиялық дәрмектер қабылдайтын, ер кісіде, туыстарының айтуынан соңғы 7 күнде полиурия, полидипсия, әлсіздік, ұйқышылдық біртіндеп дамыған. Об-ті: санасы жоқ, беткей арефлексия, жиілеген тыныс (ацетон иісі жоқ). Терісі құрғақ, көз алмаларының тоеусы төмен. Өкпесінді везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. АҚ 90/70 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырмайды. Қан анализінен: гипергликемия 55ммоль/л; плазманың осмостығы 380мосм/л (N 320 жоғары емес).НЖА: глюкозурия, ацетон жоқ. 1. Сіздің диагнозыңыз Негізгі ауру: Қант диабеті 2тип Асқынуы: Гиперосмолярлы гипергликемиялық кома 2. Жедел көмек Инфузиялық терапия- натрий хлориды Қысқа әсерлі инсулиндер |