Главная страница
Навигация по странице:

  • Ситуациялық есеп № 11

  • Ситуациялық есеп № 12

  • Ситуациялық есеп №13

  • 3- так. Ситуациялы есеп 10


    Скачать 16.94 Kb.
    НазваниеСитуациялы есеп 10
    Дата18.02.2021
    Размер16.94 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла3- так.docx
    ТипДокументы
    #177452

    Ситуациялық есеп №10

    C.есімді науқас 25жаста, ауруының екінші күні жедел жәрдем шақырған. Жедел ауырған, дене температурасы 40oС, қатты бас ауру, әлсіздік, жүрек айну, бір рет құсу болған. Келесі күні жағдайы нашарлаған, терісінде көп мөлшерде бөртпе пайда болды. Қарағанда: есі дұрыс, бірақ қозғалмайды, енжар, бозғылт. Терісінде, әсіресе аяғының, көп мөлшерде геморрагиялық бөртпе, бірен-саран бетінде, денесінде, кей жерде жабысқан. Ентікпе-ТАЖ 36I, жүрек тондары естілмейді, пульсі жіп тәрізді, 104 соққы минутына. АҚ 60/0 мм.с.б. Тілі құрғақ, жабылған, іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыр мен көкбауыр пальпацияланбайды, зәр жүрмейді. Менингиальді симптомдаары жоқ.

    1. Болжам диагноз

    2. Тексеру жоспары

    3. Емдеу принципі

    Ситуациялық есеп №11

    З.есімді науқас 15жаста, мектеп оқушысы. 8 күн бұрын ауырған – дене температурасы 38oС, мұрын бітелу, тамақтың қыжылдауы. Өздігімен емделген аспирин, антигриппин қабылдаған. Дене температурасы қалыпқа келді, бірақ жағдайы нашарлады: тәбеті жоғалды, әлсіздік күшейіп, зәрі қарайған. Кеше анасы склерасының сарғаюын байқап, дәрігерді шақырған соң, жұқпалы ауруханаға жолдаған. Қарағанда: тері қабааты және склерасы сарғайған, регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған, тынысы везикулярлы, жүрек тондары анық, ырғақты, АҚ 120/80мм.с.б. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыр ұлғайған, ауырсынусыз, жұмсақ эластикалық консистенцияда, шеті біркелкі. Зәрі қарайған. Науқастың жағдайы жақсарған, тәбеті пайда болды. Сыныбында тағы да 2 оқушы ауырған.

    1. Болжам диагноз

    2. Тексеру жоспары

    3. Емдеу принципі

    Ситуациялық есеп №12

    Жұқпалы аурухана бөлімшесіне жедел жәрдем машинасымен К.есімді науқас, 28жаста, ауруының 6-күні түсті. Шағымдары: бау ауруы, әлсіздік, тәбетінің жоғалуы, оң жақ қабырға астында және эпигастрийде ауырсыну, жүрек айну, бір рет құсу, сұйытылған нәжіс. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, тері қабаты және склерасы сарғайған. регионарлы лимфатүйіндері ұлғаймаған, тынысы везикулярлы, жүрек тондары анық, ырғақты, АҚ 120/80 мм.с.б. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауырсыну, бауыры ұлғайған, зәрі қарайған. Эпидемиологиялық анамнезінде: Өзбекстанда демалып, арыққа түскен, қайнамаған су ішкен.

    1. Болжам диагноз

    2. Тексеру жоспары

    3. Емдеу принципі

    Ситуациялық есеп №13

    К.есімді науқас, 46жаста, жүргізуші, поликлиникаға екінші рет 23.04 күні келіп, оң жақ қабырға астында ауырсынуға, тәбеттің жоғалуына, әлсіздікке шағымданды. 2апта бұрын әлсіздік, жұмыс істеу қабілеті төмендегенде ірі буындарында ауырсынуды байқап, поликлиникаға келіп, бруфен қабылдаған. Буындарында ауырсыну азайып, бірақ қайта пайда болған. Зәрі қарайып, 19.04 күні склерасының сарғаюын байқаған. жағдайы нашарлап, тәбеті жоғалып, дене температурасы жоғарылап, екі рет құсқан. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, терісі және шырышы шамалы сарғайған, буын бөлігі өзгермеген, тілі жабылған, бауыры ұлғайған, пальпациялағанда ауырсынады. көкбауыры перкуторлы ұлғайған. Пульсі минутына 56 соққы, жүрек тондары естілмейді. Өкпесінде сырыл жоқ. Зәрі «сыра» тәрізді, нәжісі түссіз. Басы ауырады, ұйқысы нашар. Эпиданамнезінде – қаңтарда оң жақ бүйрегінде кистаны алып, операция жасаған. Б/х: қанда тура билирубин 84, тура емес – 42мкмоль/л, АлАТ-624, АсАТ-123нмоль/л, тимол сынамасы -4ед. Серологиялық зерттеуде HbsAg және Ig M HB cor Ag-ға.

    1. Болжам диагноз

    2. Емдеу тактикасын анықтау

    3. Диспансерлеу бойынша ұсыныстар.


    написать администратору сайта