Главная страница
Навигация по странице:

  • Санасыз әрекет

  • СӨЖ 2 психология. Сж ми жне психика. Сана кйлері. Сана жне бейсаналы. Саналанбайтын психикалы рдістер. Сана жне зіндік сана


    Скачать 21.62 Kb.
    НазваниеСж ми жне психика. Сана кйлері. Сана жне бейсаналы. Саналанбайтын психикалы рдістер. Сана жне зіндік сана
    Дата25.02.2022
    Размер21.62 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСӨЖ 2 психология.docx
    ТипДокументы
    #373302

    СӨЖ 2 . Ми және психика. Сана күйлері. Сана және бейсаналық. Саналанбайтын психикалық үрдістер. Сана және өзіндік сана

    Адамның психикалық әрекеттерінің, ақыл-ой санасының ағымдарының даму жолдарын білу үшін, олардың нерв жүйесінің, мидың құрылысын білу қажет. Психика – ерекше ұйымдасқан материя – мидың қасиеті есебінде психика пайда болады. Жоғары сатыда тұрған материяда ғана психика болады. Жоғары материя дегеніміз ми, нерв жүйесі. Нерв жүйесі психиканың негізі болғандықтан, оның құрылысын, әрекеттерін, өсіп дамуын білмейінше, психиканың қалайша өсіп-дамып отыратынын да жақсы біле алмаймыз. Нерв жүйесі психикалық әрекеттердің негізі. Нерв жүйесі адамның денесіндегі түрлі химиялық заттарды шығатын бездермен бірге адамның психика қуаттарын меңгеріп, басқарып отырады. Ол сондай-ақ адаммен сыртқы дүниенің арасындағы қатысты да басқарады. Егер нерв жүйесі болмаса, адамның барлық әрекеттері бір-біріне байланыспай, үйлеспей бір орталыққа бағынбай әрекет етер еді. Нерв жүйесі болмаса, оның сыртқы дүние мен қатынасы дұрыс болмай оны тануға, өзгертуге, түрлі-түрлі бейнелер туғызуға мүмкіндік болмас еді. Нерв жүйесіның құрылысы, әрекеті, өте күрделі. Оны зерттеу оңай емес. Нервті зерттеу үшін ғылымда сан алуан әдістер қолданылады. Соның кейбіреуі – мына төмендегілер:


    1) Салыстырмалы физиология ғылымының фактілерін зерттеу.
    2) Эксперименттік физиологияның фактілерін зерттеу.
    3) Медициналық клиника фактілерін зерттеу.

    4)Құрсақтағы ұрықтың нерв жүйесінің өсіп-дамуын зерттеу.
    Міне, осы жоғары да айтылған әдістермен адамның нерв жүйесі қалайша өсіп, дамып отыратындығын, мұның психикаға қандай әсері бар екендігін, яғни ми мен психиканың қандай байланысы бар дейтін мәселелерді шешуге болады.
    Адамның психикалық әрекетінің қызметінің заңдылықтары, оны жүзеге асыру ерекшеліктері мен құрылысын түсіну үшін, адамның психикалық әрекет жасаушы негізгі мүшесі — адам миы қалай құрылғанын және адамның әр түрлі көріністегі психикалық өмірімен қандай қатынаста екенін білу керек.
    Нерв жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейронның әрқайсысының 2 тармағы болады. 1 ұзын тармақты нейрит немесе аксон. 2-шісі қысқа тармақты дендрит деп аталады. Нейронның тармақтала келіп, өзара түйінделіп бітетін жері нерв орталығы деп аталады. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегатативтік (ішкі) нерв жүйелерінің өнебойына орналасқан. Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық нерв жүйесіне ми м ен жұлыннан тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады. Жұлын жуандығы 1см, омыртқа қуысының ішіне орналасқан, ересек адамдарда ұзындығы 45 см ге дейін жетеді. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп нерв талшықтары тарайды. Олардың 1 тобы ортаға тебетін, 2-ші тобы шетке тебетін нерв деп аталады. Жұлын біздің әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым қозғалыстардың (аяқ қолды керіп созу т.б.) жұмысын басқаратын орталық болып табылады. Орталық нерв жүйесінің 2-ші бөлігі ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда шамамен 1400гр. болады. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми – бәрі қосылып ми бағанасын құрайды.
    Сопақша ми — жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың нерв орталықтары бap. Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-тұрысын басқарып отырады. Адам өмірінде ми қабығы негізгі қызметті атқарады. Ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген анализаторлардан тұрады. Мида көру, есту, қозғалыс, иіс, дәм анализаторларының нерв орталықтары бар. Егер, ми салаларына зақым келсе психикаға да зақым келеді. Адамда мидың маңдай бөлігі жақсы дамыған. Маңдай миға зақым келсе адамның ақыл-ой процесіне зақым келеді. Үлкен мидың сол жақ жарты шарларының төменгі маңдай иір қыртысының артқы жағында «Брока кіндігі» орналасқан. Бұл кіндік адамның сөйлеу орталығын басқарады. Егер бұған зақым келсе адам дауыстап сөйлей алмайды. Қаншама сөйлейін десе де тілі икемге келмейді. Орта маңдай ирегінің жоғары жағында жазу кіндігі орналасқан. Оған зақым келсе, адам жаза алмайды. Мұндай ауруды аграфия дейді. Ал адамдардың тілі кұрмеліп сөйлей алмай қалса, оны афазия деп аталады.Мидың төбе бөлігі адамның қимыл әрекетімен байланысты (кеңістікті, уақытты ажырату). Егер, осыған зақым келсе, адам үйреншікті әрекетін қайтадан жасай алмайды. Мұны апракция деп атайды. Мидың желке бөлігі көрумен, самай бөлігі естумен байланысты. Егер жоғары самай ирегінің алдыңғы жағына зақым келсе, адам музыканы есінде қалдыра алмайды, естіген сөзін ұқпайды.

    Санасыздық(немесе санасыз) – санасыз акт, адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Санасыздық, субъект өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер, актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Санасыздың санадан айырмашылығы: санасыздықты ырықты  бақылау және оңдай әрекеттерді бағалау мүмкін емес. Санасыздықта өткен, қазіргі және болашақ жай бірігіп бір псхикалық актіде іске асады.

    Санасыздық балада ертеректе болатын, ойлауында, интуициясында аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді. Санасыздық құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп З.Фрейд “санасыздықты динамикалық ығыстыру” терминін ғылымғы енгізді. Л санасыздықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әцесқойлықпен құштарлықтар болады деп түсінген. Психологияда санасыздықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.

    Санасыз әрекет

    Адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын әрекет. Санасыз әрекетке адам мән бере қоймайды. Қашан және қалай болғаны жөнінде есеп бере алмайды. Санасыз әрекеттің қарапайым мысалына адамның ой жүгіртпей істелетін дағдылы әрекеттері,түс көру,кейбір мәселенің шешімін кенеттен аян бергендей табуы т.б. жатады. Санасыз әрекет туралы Г.Лейбниц, В.Вундт, З. Фрейд т.б ғалымдардың еңбектерінде кездеседі. Санасыз әуестік – белгілі бір уақытта адамның өзі түсінбейтін,бірақ оның психологиясы мен қылығына әсер ететін адамның ішкі түрткілері,қажеттіліктері, қылық себептері.

    Сана құрылымы


    Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады. Яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық  өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері – түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес ,қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі,ерік процестері – адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осын психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.

    Санасыздық пен сана іс-әрекетінің бірлігі


    Сана мен іс-әрекеттің бірлігі – сананың генетикалық және функционалдық байланыс бірлігі. Бұл ұстаным ғылыми психологиялық философиялық және методологиялық іргетасын қалайды. Психология ғылымының негізгі принциптерінің бірі – сана іс-әрекетті,іс-әрекет саналы болуға тиісті дегенді ұстанады. Санаастылы – психиканың түрлі саналанбайтын жүйелерін (мысалы: санаалды мен санасыздық) немесе олардың жиынтығын білдіретін жинақтаушы ұғым. 

    Сана түсінігі психология саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан,яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі,құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке “өлшем” бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.

    Өзіндік сана- адамның өзін және жеке қасиеттерін түсіну. Адамның өзі кім екендігіне ой жүгіртіп, бойындағы күш- қуатын, ақыл- ойын, қабілеттілігін, әр бір іс- әрекеттерін атқарудағы ниеті мен мақсат- міндетін, өзін қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайға, өзге адамдарға, өз басына деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтауы, аңғаруы.Өзіндік сана индивидке ғана емес, қоғамға, сыныпқа, әлеуметтік топқа, ұлқа тән. Өзіндік сана- сезім рефлексиямен тығыз байланысты, мұнда ол теорилық ойлау деңгейіне көтеріледі.


    написать администратору сайта