Главная страница
Навигация по странице:

  • I. Ұйымдастыру

  • Балалар мен Көктем жайлы бір өлең жолдарын оқимын, сендер жалғастырып отырыңдар жарайма

  • Осы кезде: Көктем қонаққа келеді.

  • V .Тақпақтар

  • (Алдияр)

  • .(Али-Хамза)

  • (Нұрсұлтан) Сыйлайыншы гүлімді,Теріп алған даладанМейрамыңыз бүгінгі, Құтты болсын анажан! (Дархан)

  • Марлен)

  • VI.Би

  • VII. БИ (Вальс)

  • 8 наурыз. Сйікті анам! Таырыбы Сйікті анам !


    Скачать 23.35 Kb.
    НазваниеСйікті анам! Таырыбы Сйікті анам !
    Дата02.04.2023
    Размер23.35 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла8 наурыз.docx
    ТипДокументы
    #1031547

    «Сүйікті анам
    Тақырыбы: «Сүйікті анам !» (8- наурызға байланысты ұйымдастырылған іс-әрекет)
    Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге баулып, сол арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, үлкен-кішіге деген құрмет-ізетке тәрбиелеу;
    Көрнекіліктері: Ана туралы суреттер, гүлдер, шарлар, ана туралы тақпақтар
    Сабақтың барысы:
    I. Ұйымдастыру:
    А) Амандасу;
    Ә) Шаттық шеңбері:

    Арайлап таң атты,
    Алтын сәуле таратты.
    Қайырлы таң аналар,
    Қайырлы күн балалар.

    Б) Сұрақ-жауап:

    Балалар, біз қандай ұйымдастырылған іс-әрекетке келдік?
    Балалар жауап береді. (сөйлеуді дамыту іс-әрекеті) Біз бұл іс-әреетте нені үйренеміз (әңгіме құрауды,мақал-мәтелдерді,жұмбақтарды,тақпақ айтуды ) Жарайсыңдар,балалар!

    ІІ. Тақырыпты ашу: Ендеше, балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетіміздің тақырыбы мен таныс болайық: мен сендерге жұмбақ жасырып отырам, сендер жауап беріп отырасыңдар. Әр дұрыс жауапты айтқан сайын мен мына жасырын суреттің бетін аша бастаймын, мұнда біздің бүгінгі тақырыбымыз жасырынған. Қәне, келістік пе, балалар?

    Онда жұмбақтарды тыңдаңыздар:

    Даладай
    Кiмнiң кең пейiлi?
    Данадай,
    Кiмнiң мол мейiрi? (Ана)

    Басы «ш» мен басталып,
    Жалғанады «е» менен.
    Қайталасаң осыны,
    Болар сенің неменең? (Шеше)
    Үш әріптен тұратын.
     Онға оқы, солға оқы
     Өзгермейді еш одан.(ана)
    Балалар жарайсыңдар! Сендер барлық жұмбаққа дұрыс жауап бердіңдер, тақырыбымызды да біліп алдық. Қандай екен? —Иә, аналарымыз жайлы «Cүйікті анам»деген екен. Ендеше, балалар анамызға арнап бір ән айтып алайық
    III Ән: «Құттықтаймын мама!»

    Нұрын төккен маған
    Шуағымсың - сен!
    Айналайын мама
    Қуанышынмен!
    Шаттандырған мені,
    Жұбанышым сен!
    Құттықтаймын сені,
    Туған күніңмен!
    Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля
    Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля
    Аялаған мені
    Ән қанатьгмен
    Қүттықтаймын сені
    Салтанатыңмен!                                 ,
    Бакытты ғой заман
    Қандай көңілді.
    Мен тілеймін саған
    Ұзақ өмірді.
    Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля
    Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля

    Балалар мен Көктем жайлы бір өлең жолдарын оқимын, сендер жалғастырып отырыңдар жарайма?

    -Күн, сен неге күркірейсің?

    -Көктем келді, көктем келді.

    -Жаңбыр, неге сіркірейсің?

    - Көктем келді, көктем келді

    -Бұлақ, сен неге сылдырлайсың?

    -Көктем келді, көктем келді.

    -Құлын,  неге құлдырайсың?

    -Көктем келді, көктем келді

    -Гүлдер, неге  жайнайсыңдар?

    -Көктем келді, көктем келді

    -Құстар неге сайрайсыңдар?

    - Көктем келді, көктем келді!

    Барлығы айтады: Көктем келді, көктем келді!

    Осы кезде: Көктем қонаққа келеді.

    Сәлеметсіңдерме балалар!

    Мен көңілді көктеммін

    Былтыр келіп кеткенмін

    Көзін ашып бұлақтың

    Түбіне тал еккенмін

    Балалар ,сендерді осында «Сүйікті анам» атты оқу-қызметі өтіп жатыр деп естідім.

    Жаңа тақырыпқа меніңде қатысуыма болады ма?

    Балалар: иа

    Олай болса балалар, сендер көктем туралы не білесіңдер?

    IV Сұрақ- жауап:- Балалар қазір жылдың қай  мезгілі?

    (Қазір жыл мезгілі көктем)

    Көктемде неше ай бар балалар?

    Көктемде 3 ай бар  олар (наурыз, сәуір, мамыр)

    Көктемде ауа райы  қандай  болады?

    Күн жылы болады, қар ери бастайды, ағаштарда бүршік арта бастайды, құстар орала бастайды, күн ұзара бастайды, жануарлар төлдей бастайды.

    Жарайсыңдар балалар.

    Олай болса көктем, бүгінгі «Сүйікті анам » тақырыбына балалардың дайындаған тақпақтарын тамашалап тыңдаңыз;

    V .Тақпақтар: «Бүлдіршіндер тақпақ айтады»
    Бал бөбегін баптаған,
    Анам үшін мақтанам.
    Аялайтын біздерді,
    Көп жасасын ақ мамам! (Аяулым)
    Әр сөзіңді жаттағам,
    Жүрегімде сақтағам.
    Анашым деп мақтанам,
    Айналайын ақ мамам! (Алдияр)

    Аналарды сүйеміз,
    Сөзін ойға тұйеміз.
    Аналарды ардақтап,
    Әдеппен бас иеміз.(Іңкәр)
    Жақсы көрем күлкіңді,
    Айналайын ақ анам.
    Менің анам сүйкімді,
    Бәрінен де жақсы адам.(Али-Хамза)

    Өмірдің қызығы,
    Өзіңсіз өтпейді.
    Мен үшін анама,
    Ешкім де жетпейді.(Адия)
    Әлпештеген анамыз,
    Біз бақытты баламыз.
    Оқып білім аламыз,
    Жұлдыз болып жанамыз. (Нұрсұлтан)
    Сыйлайыншы гүлімді,
    Теріп алған даладан

    Мейрамыңыз бүгінгі,
    Құтты болсын анажан! (Дархан)

    8,Бізді өсіріп баптаған,
    Жақсы болсаң шаттанған.
    «Алтыным» деп мақтаған,
    Айналайын ақ мамам (Марлен)

    Ел жатқанда жатпаған,
    Мен деп тыным таппапғмн.
    Бақыты үшін баланың
    Аман сау бол ақ мамам!(Алинур)
    Қандай ғажап, қарап тұрсаң, би деген

    Би дегенде біліп болмас күйге енем.

    Көктем білесіз бе? біздің балар шетінен өнерлі балалар, мерекеге сай (Қызыл гүл) атты билерін де дайындап қойыпты. Олардың енді биін тамашалаңыз

    VI.Би (қызыл гүл)

    Қане балалар сендермен «Кім жылдам ойынын ойнайқ» «Ойын» Ойын шарттары былай: Ортаға екі- үш қыз шығып, үстел үстіндегі заттардың арасынан аналарымызға керек заттарды ажыратып алулары керек. (Музыка ойнап тұрады, әйел- қыздардың қолданатын тарақ, айна, опа- далап, т.б ер азаматтардың қолданатын заттарымен араластырып қойылады.)
    Жарайсыңдар, қәне қарайық, дұрыс па екен? Ия, дұрыс екен.
    Біз, үйде аналарымызға көмектесіп, оларды құрметтесек, аналарымыз қуанышты, бақытты жан болады екен. Үйде көмектесеміз бе?
    Олардың айтқандарын тыңдаймыз ба?
    Балалар, жауап береді.
    -Ия, жарайсыңдар, мен де сендерді ақылды бала болады деп сенемін!


    Жаңбырменен жер көгерер

    Өнерлі бала сүйкімді көрінер

    Аналарды құттықтап мейрамымен

    Би билеп бүлдіршіндер дөңгеленер

    VII. БИ (Вальс)
    VIII. Ән

    Әже деген көп шығар,
    Әжемдей менің жоқ шығар.
    Мейірімді,ол кісі,
    Қандай ғажап күлкісі  деп балардың орындауында «Әже,әжетайым» әні
    1.Айналайын әжемнен,

    Бақыт, байлық әкелген.

    Өмір жүгін өзінің

    Көрінеді көзіңнен.

    Абзал ана әжешім,

    Ән салады көкешің,

    Балаларың бағына

    Әрқашанда керексің.

    Қ-сы:

    Әже, әжетайым,

    Еркелеп қарайсың.

    Сен жүрсең ортада,

    Бақыт деп санаймын.

    2.Айналайын әжетайым,

    Аялаған еркетайым.

    Жүрек өмір жыр арнады,

    Ем болайын қол қанатым.

    Әжім басқан жанарыңды,

    Көркем әсем ажарыңды.

    Аман –есен жүрші әжеке,

    Балалардың базарында.

    Қ-сы:
    IX.Сергіту сәті;

    Мынау –менің жүрегім,

    Бәрі осыдан басталған.

    Мынау-басым ақылды,

    Бәрін осы басқарған.

    Мынау –менің оң қолым,

    Мынау –менің сол қолым.

    Барлық істі атқарған.

    Барық балалар шеңберге тұрып, жүрекшені ұстап тұрып аналарына мейірімді,жақсы,қанатты сөздер айтады.

    Менің ана-мейірімді

    Менің анам-әдемі ...................................................

    Ана шуақ, ана-өмір, ана-жүрек, ана-бақыт, ана-мейірім,ана-тірек,ана-қымбатты жан,ана-жылу,

    Ана-шуак,ана-нұр, ана-гүл




    написать администратору сайта