саяси элита. мирас реферат. СОж пн Саясаттану Маманды
Скачать 19.47 Kb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ «СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ» СОӨЖ Пән: «Саясаттану» Мамандық: «...» Тақырып: «Саяси элита және көшбасшылық» Орындаған: ФОС 22-16 тобының 1 курс студенті Жарылкап Мирас Тексерген: оқытушы, т.ғ.к. Булгауов Ш.Т Алматы 2022 Жоспар: 1. Саяси элита және саяси көшбасшылық 2. Элита 3. Элита теориясы 4. Элитология Қорытынды Пайдаланған әдебиет Саяси элита және саяси көшбасшылық Саяси элита - қоғамның ішіндегі аз топ , іштей жіктелген , біртекті емес , бірақ сапыстырмалы интеграцияланған қоғамдық институттарда басшылық позицияларға ие және тікелей қоғамдағы билік шешімдеріне ықпал ететін тұлғалар тобы . Саяси биліктің көп қырлы , құпиясы мол , сынаптай сырғыған күрделі құбылыс екенін білеміз . Оның ішкі қатпарларына үңіле түсуде саяси элита мен саяси көшбасылық ( лидерлік ) ұғымдарының ; маңызы зор . " Элита " деген сөз француз тілінен аударғанда , " таңдаулы " , " тәуір " - " қаймақ " деген ұғымды білдіреді . Кез келген қоғамда билік тұтқасын уысында ұстап , сан - салалы маңызды мәселелерді шешуде ықпалы мол , айтқаны өтімді адамдар тобы болады . Оны - элита деп айтады . Қазақ , ел тізгінін ұстап , сдаiн сөйлегендерді " жақсы мен жайсаң " деп те атайды . Саясаттың субъектілерінің мүмкіндігі , шама - шарқы әр басқа екені белгілі , Жекелеген адамдар мен түрлі әлеуметтік топтардың барлығы бірдей удайы саяси іс - әрекеттерге тікелей қатыса бермейді . Ондай іспен адамдардың саяси элита деп аталатын арнаулы тобы шұғыланады . Саяси шешімдерді кабылдауга тікелей осер жасайтын , саяси билік жүргізуге катысатын немесе оған ықпалы бар айрықша топты - САЯСИ ЭЛИТА деп атайды . [20:05, 09.10.2022] Miras: Саяси элитаның емiр сүруi мына факторларға байланысты : 1 ) адамдардың психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан әртүрлiгi , олардың саяси процесс катысулары қабілеттерінің , мүмкіндіктерінің және ұмтылыстарының тең емесгiгi ; 2 ) еңбек белу заңы - басқару iсiне арнайы кәсіби дайындық . Саясаттың сан алуан субьектілерінің оған ыкпалы , әрине әр түрлі . Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тiкелей қатынаса бермейді . Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды . Саяси элита аталымын қалай түсiнуге болады ? Элита " француз тілінен аударғанда " таңдаулы " , " сұрыпталған " , " ең жақсы " деген мағынаны береді . 18г бастап ол сезбен жоғары сапалы тауарларды атады 20ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі , байлығы , беделі , билiгi жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді . Бұл аталымның этимологиялык манызынын екі аспектісі бар . Оның бiрiншiсi элита өзіне белгілі бір сапалық қасиеттерді , айқын белгіленген интенсивті белгілерді жинақтайды . Екінші аспектісі , осы белгілерді кң жоғарғы елшеммен бағалайды Өзінің алғашқы этимологиялык манызы бойынша элита түсiнiгiнде ешқандай iзгiлiктiлiкке , демократиялыққа қарсылық жоқ . Әдетте , жоғары сапалы жылкы тұқымы , дәннің тұқымы , спорт саласындағы элита т.б түсініктер пайдаланылады . Демек , адамзат қоғамында да адамдар арасында табиғи және әлеуметтік айырмашылықтар орын алып , бұл жағдайлар олардың басқару саласындағы мүмкіндіктерінің әр түрлілігінен , саяси және қоғамдық процестерге әр түрлі ықпалынан көрінеді . Осының өзі саяси элитаны айқын бейнелеген саяси- басқарушылық сапаны иеленуші ретінде сипттауға негіз болады . Элита - [ лат. eligere - таңдау, фр. elite - ең жақсы, іріктелген] - әлеуметтік стратификация жүйесіндегі ең жоғарғы стратасы (бұл стратификацияның негізінен тәуелсіз; саяси тұрғыда сөз саяси элита жайлы). Ағылшын тіліңде elite деп ХУЛ ғ. жоғары сапалы тауарлар, XVIII ғ. - іріктелген әскери бөлімдер аталды; ұғым генетикада, тұқым шаруашылығында ең жақсы, жеке дара, өзгешелерді атауда қолданыла бастады; XIX ғ. ұғым әлеуметтік иерархия жүйесінде (аристократияның синонимі ретінде) жоғарғы страталарға қатысты қолданыла бастады; әлеуметтануға В. Парето енгізді. Қазіргі элита теориясының ізашарлары Платон,Н.Макиавелли, Ф.Ницше болды. Тұтас көзқарастар жүйесі ретін¬де элита теориясын Г. Моска, В. Парето, Р. Михельс қалыптастырды. Бұл теориялардың бастапқы қағидасы әлеу¬меттік, саяси басқаруды, мәдени даму¬ды жүзеге асыратын әлеуметтік және саяси құрылымның қажетті элементтері бар ерекше пүрсатты, артықшылықты қабат. Элита теориясы - [ фр. elite - үздік, таңдаулы, жақсы-жайсаң] - қоғамның игі бекзаттарының ерекше міндеті, әлеуметтік-саяси және интеллектуалдық белсенділігі және қалың бұқараның енжарлығы туралы теориялар. Негіздерінің қалану тәсілдеріне байланысты ажыратылады. Биологиялық теорияларда биологиялық-генетикалық белгілеріне байланысты (Р.Уильямс, Э.Богардус) адамдарды аса көрнекті және қатардағы, белсенді және енжар, ақыл-есі дұрыс және кеміс деп бөлуге негіз бар; психологиялық теорияларда (Г.Джильберт, Б.Скиннер) біреулердің кереметтілігіне және екінші біреулердің қарабайырлығына түрткі болатын психологиялық қасиеттерге; психикалық-аналитикалық теорияларда (Фрейдизм, Э.Эриксон) нәпсіні тежей білу қабілетіне және билікке немесе басыбайлыққа үмтылуға; әлеуметтік-психологиялық теорияларда (Эрих Фромм, Г.Лассуэлл) әрбір адамның психологиялық ерекшеліктеріне, оның өмірінің әлеуметтік факторларына байланысты өзгерген мінез-құлықтың әртүрлі тип-терін мойындауға; технократтық теорияларда (Дж.Бернхэм, Дж.Гелбрейт) өндірісті басқаратын және өздерінің техникалық дағдыларының арқасында "техно- құрылымда" ерекше жағдайға ие адамдардың ұйымдастырушылық міндеттеріне; ғылыми теорияларда (Белл және басқалар) - ғылми білім факгорларьша және "постиндустриалды қоғамның" ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуын айқындайтын жетекші күш ретінде ғалымдардың осы заманғы дүниеде атқаратын рөліне баса назар аударылады. Белгілі бір мәселелерді түсіндірудегі алуан түрлі өзгешеліктерге қарамастан барлық элита теориясы үшін: қоғамды әрқашан элитаға және бұқараға бөлетін адам¬дардың табиғи теңсіздігі туралы; ғылы- митехникалық және әлеуметтік дамудың қозғаушы күші ретінде элитаның қажеттілігі туралы; біреулердің сөзсіз үстемдік етуі және басқалардың бағынышты болуы туралы; көпшіліктің үстінен қарайтын билеуші азшылықтың толық құқылығы мен заңдылығы туралы; тарихи процеске ешқандай игі ықпал етпеуін былай қойып, өз бойына өркениет жетістіктеріне қарсы шығуы мүмкін "іріткі күштерді жинақтаған" бұқараның енжарлығы мен аморфтылығы туралы жорамалдар ортақ болып табылады. Элитология - [ фр. elite - үздік, таңдаулы, жақсы-жайсаң және logos - ілім] - саясаттану ғылымы саласында элитаның пайда болуын, шығу тегін, қалыптасуын, өсуін, дамуын, билікке келуін, қоғамға ықпалын, жойылуын зерттейтін ғылым саласы. Элитология " - ғылыми айналымға енгізілген ресейлік инновациялық термин проф. МГИМО (У) г.К. Ашин 1985 ж. Элитология — бұл әлеуметтік философия, саясаттану, әлеуметтану, жалпы тарих, психология, мәдениеттану қиылысында жатқан кешенді ғылыми пән. |