Главная страница
Навигация по странице:

  • 1-жүргізуші

  • Фанфар ( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар)

  • Сіздерге әсем әнмен сахнада .......................... 1 – жүргізуші

  • На сцене ........ с песней .................................... 1 – жүргізуші

  • 1 - жүргізуші

  • Мұғалімдер күні мерекесіне арналған. стаздар лы тлалар атты мерекелік жиын Масаты


    Скачать 16.5 Kb.
    Названиестаздар лы тлалар атты мерекелік жиын Масаты
    АнкорMugalimder kuni
    Дата20.10.2021
    Размер16.5 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМұғалімдер күні мерекесіне арналған.docx
    ТипДокументы
    #251920

    Мұғалімдер күні мерекесіне арналған

    «Ұстаздар – ұлы тұлғалар» атты мерекелік жиын

    Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының

    қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
    Мұғалімдер күніне арналған іс- шара қазақ биімен ашылады.

    1-жүргізуші: Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім - ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.

    2-жүргізуші: Учитель! – Нестареющее слово! Свежо всегда и вечно будет ново! Пока земля кружится во Вселенной. Профессия учителя нетленна! Каждый помнит своих любимых учителей всю жизнь, а значит, никто сегодня не останется равнодушным к этому празднику! Сколько в памяти людей оживает сегодня добрых лиц, сколько зазвучит родных голосов!

    1-жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің шымылдығын ашып беру үшін мектебіміздің директоры, ұлағатты ұстаз Берлибеков Ж.М. сөз береміз.

    2-жүргізуші: Слово предоставляется директору школы Берлибеков Ж.М.

    1-жүргізуші: Көпке үлгі өздеріңіз салған даралық

    Бір сіздерден табылады даналық

    Ортамызда аман-есен жүріңіздер

    Ұрпақтарға тәлім беріп, дара нық.

    2-жүргізуші: Учили в детстве мы, друзья,

    Наш алфавит от А до Я...

    Большая сила в буквах есть,

    Когда мы можем их прочесть.

    Все дело в том лишь, где и как

    Поставлен в слове каждый знак.

    Фанфар ( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар)

    М — мейірімді

    Ұ — ұлағатты

    Ғ — ғазиз

    А — ақылшы

    Л — лайықты

    І — іскер

    М — маман мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге)

    1 – жүргізуші:

    Бақытты қолдан жасарлық күш бар ұстазда

    Уақыттан алға асарлық күш бар ұстазда

    Ой-сана түлеп , күнде өсетін де ұстаздар

    Болашақтарға сән қосатын да ұстаздар - деп ортаға Қазақ биімен -.... сынып қыздарын шақырамыз.

    1 - жүргізуші:

    Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

    Ол болмаса, кім береді парасатты.

    Асылын беріп шәкірт бойларына,

    Ағартқан сол үшін де қара шашты, - «...........» әнін қабыл алыңыздар!

    1 жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

    1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?

    2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

    3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?

    Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар.

    2 - жүргізуші:Гордое слово «УЧИТЕЛЬ»,

    Мы слышим всегда и везде.

    Для нас он как путеводитель,

    В чужой незнакомой стране.

    Большое спасибо УЧИТЕЛЬ,

    За веру, за ласку, за век,

    Которые нам подарили,

    Любимый вы наш человек!!!

    1 – жүргізуші:

    Ұстазым,менің,ұстазым,

    Өзіңмен өткен қыс-жазым.

    Қалдырған ізің мәңгілік,

    Жадымда тұрар жаңғырып.

    Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!!

    Сіздерге әсем әнмен сахнада ..........................

    1 – жүргізуші: Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген:“Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”

    2 – жүргізуші:Учителя, учителя…

    Профессии нет добрей!

    Стоите твердо у руля,

    Открыв ребенку дверь.

    Учитель – самый верный друг,

    Не выдаст, не предаст;

    А если что случится вдруг,

    Он руку всем подаст.

    Спасибо вам, учителя,

    Ведь заняты вы делом самым важным.

    На вас издревле держится земля,

    Вы для нее растите юных граждан !

    На сцене ........ с песней ....................................
    1 – жүргізуші: “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
    1 - жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын! Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!

    2 – жүргізуші: Спасибо Вам, учителя,

    За ваши добрые дела.

    Спасибо всем вам, дорогие,

    За души ваши молодые!


    написать администратору сайта