Главная страница
Навигация по странице:

  • Тағдыр – алдын ала белгіленген өмір жолы

  • Тағдырды өзгертуге бола ма

  • «Еш к ү м ә нсіз , Біз барлы қ н ә рсені арнайы есеппен жаратты қ ... »

  • Адамны ң қ алауына байланысты жа ғ ы .

  • Мұндай күмәндарға Ислам ғалымдарының жауабы

  • «Кім қаласа иман келтірсін, кім қаласа кәпір болсын»

  • «Оған екі көз жаратпадық па Әрі бір тіл, екі ерін Оған екі жол көрсетпедік пе»

  • Жалпы жаратылысқа байланысты тағдыр

  • Адамға байланысты тағдыр

  • 1. Адамның еркінен тыс жағы

  • 2. Адамның қалауына байланысты жағы

  • Нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер

  • Бұл уағыздан түйгеніміз

  • Нұралы БАҚЫТҰЛЫ Һибатулла Тарази медресесінің директорының орынбасары asyldin.kz

  • квота. тағдыр. Тадыр алдын ала белгіленген мір жолы


    Скачать 68.68 Kb.
    НазваниеТадыр алдын ала белгіленген мір жолы
    Анкорквота
    Дата18.05.2022
    Размер68.68 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатағдыр.docx
    ТипДокументы
    #536354

    Тағдыр деген сөз барлық ұлттың тілдерінде бар және тағдыр туралы дәстүрлі діндерде де көп айтылады. Қарапайым ой қисынына салып қарасақ: егер тағдыр деген түсінік бар екен, онда тағдыр дегеннің өзі де бар болғаны ғой. Адамдардың көбі шынында да тағдырға сенеді және алдын ала белгіленіп қойған осындай өмір жолын өзгертуге болмайды деп ұғынады. Шындығында солай ма?

    Тағдыр – алдын ала белгіленген өмір жолы

    Енді тағдыр дегеннің өз не? Сол мәселеге жауап беретін кез келгендей. Тағдыр дегеніміз – бұл біз дүниеге келген сәттен бастап өлгенге дейінгі аралықтағы алдын ала Жаратқанның белгілеп берген өмір жолымыз. Дәстүрлі діндердің түсінігі – осындай. Жаратқан тарапынан алдын ала белгіленетіндіктен, тағдыр жолын өзгертуге болмайды деп санайды көп адамдар. Мұндай адамдар әдетте, тағдыр салды, біз көндік деген ұстаныммен, санасыз, мақсатсыз өмір сүреді.

    Жалпы, дәстүрлі діндерде, оның ішінде ислам, христиан, иудей діндерінде тағдыр дегеннің болатынын мойындағанмен, ол туралы толымды түсінік бермейді. Ал, буддизм және индуизм діндерінде тағдыр туралы жан-жақты және толымды түсінік берілген. Буддашылар мен индустар «карма заңы» деп аталған адамдардың іс-әрекеттеріне орай пайда болатын заң – біздің болашақ өмір жолымызды, яғни тағдырымызды белгілейді дейді.

    Индустар мен буддашылардың түсінігі бойынша адам өмірі бір ретпен ғана шектелмейді. Ол туу мен өлімнің тұйық шеңберінде шыр айналып жүреді. Бұны – самсара деп атайды. Осындай өмір жолында адам жасаған іс-әрекеттері арқылы оның болашақ алатын тәні мен өмір жолы, яғни тағдыры айқындалады. Егер сіз өткен өміріңізде жақсы әрекеттер жасап, иманды болсаңыз, онда бақуатты, қайрымды отбасында дүниеге келіп, деніңіз сау, қол-аяғыңыз бүтін, жолыңыз болғыш болып, бақытты ғұмыр кешесіз. Ал керісінше, жаман әрекеттер жасаған болсаңыз, маскүнем немесе келеңсіз отбасында туып, кемтар, болмаса сұрықсыз болып, қиындықтан көз ашпай тірлік кешесіз.

    Тағдырды өзгертуге бола ма?

    Сіз өзіңіздің Жаратқан белгілеген тағдыр жолымен өмір кешіп жатсыз ба, жоқ па – соны білу үшін мынаған назар аударсаңыз жеткілікті. Егер сіз еш саналы әрекет жасамай, кездейсоқ жағдайларға арқа сүйеп, ертеңгі күніңіздің не болатынын алдын ала білмей, күнделікті үйреншікті сүрлеумен өмір кешсеңіз, онда тағдыр жолымен жүріп келе жатқаныңыз. Адамдардың 90 пайызы осылай тірлік кешеді.

    Ал тағдыр жолын өзгерту үшін не істеу қажет? Ең алдымен, тағдыр жолы дегенді ұғынып, түйсініп алған жөн. Жоғарыда айтқанысмыздай, тағдыр жолымен жүрген адам кәдімгі таптаурын болған ескі сүрлеумен жүрген көлік сияқты. Ол ескі сүрлеудің қайда апаратыны, қаншаға созылатыны, қай жерлермен жүретіні алдын ала белгіленіп қойылған. Сізге қалғаны, сол таптаурын жолмен ақырын ілбіп басып өмір кешу.

    Ал өміріңізді өгерткіңіз келсе, онда таптаурын жолдын шығуыңыз қажет. Әрине, үйреніп қалған өмір ағымын өзгерту – екінің бірінің қолынан келмейді және оған батылы да бара қоймайды. Енді осы жайға кеңірек тоқтала кетейік.

    Мәселен, сіздің мамандығыңызға сай атқарып жатқан жұмысыңыз бар, отбасыңыз, жақсылы-жаманды баспанаңыз бар делік. Күнделікті үйреншікті өмір ағысымен тірлік кешіп жатырсыз. Дегенмен де, сіздің өз табысыңызға, тұрмыс жағдайыңызға, денсаулық жайыңызға, қоршаған орта мен тұрып жатқан мекен-жайыңызға көңіліңіз онша тола қоймайды. Бұның бәрі – алдын ала белгіленген таптаурын болған жол, яғни тағдыр жолының ықпалы.

    Енді сіз сол таптаурын жолдан шыққыңыз, яғни өміріңізді өзгерткіңіз келді. Өзгеріс деген ең алдымен, ОЙДАН БАСТАЛАДЫ. Иә, алдымен сіз өмір жолыңыз туралы ойланып, оны өзгерту қажет-ау деген пайым жасайсыз. Бұл – бірінші және маңызды қадам. Өкінішке орай, адамдардың көбі өмір жолдарын өзгерту қажет-ау деп ойламайды. Рас, өзгерткен дұрыс болар еді деген сияқты бұлыңғыр ниеті болуы мүмкін, дегенмен, ол нақты ой емес.

    Өмірімді өзгертсем деген ойға шындап берілген пенде ақырындап сол ойдың шырмауымен «қалай, қайтіп өзгертуге болады» дегенді ойлана бастайды. Яғни, таптаурын жолдан шығудың амалын қарастыруға кіріседі. Қазақ «ізденген жетер мұратқа» демекші, ойы бұзылып, өмірін өзгертуге ниеттенген адам түптің түбінде мақсатына жетеді.

    Өмірді өзгерту үшін адам САНАЛЫ әрекет жасауы қажет. Саналы әрекет дегеніміз: алдыңа нақты мақсат қойып, сол мақсатқа жететін жолды анықтап, сол жолмен жүру. Мысалы: сіз тұрмыс жағдайыңызды жақсарту үшін жалдамалы жұмыс жасау арқылы, тіпті ол мемелкеттік лауазымды қызмет болсын, ешқашан да бақуаттылыққа жете алмайтыныңызды ұғындыңыз. Бақуаттылыққа жетудің жалғыз жолы – бизнес, яғни кәсіпкерлік.

    Осындай ойға келген сіз үйреншікті қызметіңізді тастап, тәуекел деп кәсіпкерлікке ден қоясыз. Ол үшін алдыңызға нақты мақсат қойып, сол мақсатқа жететін жолды белгілейсіз, яғни жоспар жасайсыз. Осылайша сіз саналы әрекет ету арқылы, үйреншікті таптаурын жолдан шығып, жаңа сүрлеуге түсесіз. Таптаурын жолда бәрі белгілі, ақырындап ілбіп алға жылжуға болады. Ал түрен түспеген жаңа жолмен жүру қашанда қиындықтар мен кедергілерге, қатерлерге толы болмақ. Бұны осы жолға түсерде сіз анық сезініп, соған тәуекел етуіңіз шарт.

    Саналы өмірге көшу арқылы сіз неге жетесіз? Ең алдымен, бірсарынды үйреншікті сүреңсіз тірліктен құтылып, алдыңызға нақты мақсат қойып, өз өмір жолыңызды өзіңіз айқындайсыз. Екіншіден, сіз ол жолдың қайда апарытынын, қандай нәтижеге жеткізетінін алдын ала білесіз.

    Түйін: егер сіз бірсарынды үйреншікті сүреуден шығып, өміріңізді өзгерткіңіз келсе, онда алдыңызға нақты мақсат қойып, саналы әрекет етуге көшіңіз. Яғни, күнделікті әрекетіңізді алдын ала жоспарлап, сол өзіңіз жасаған жоспарға сай әрекет жасаңыз және табандылық пен жігерлілікті, нық сенімді серік етіңіз. Сонда өміріңізді өзгертуге қол жеткізе аласыз. Оған шамаңыз жетпесе, онда күнделікті үйреншікті таптаурын сүрлеумен, яғни алдын ала белгіленіп қойған тағдыр жолымен бірсарынды тірлік кешуіңіз қажет болады. Бұл екі жолдың қайссын таңдау – сіздің өз еркіңізде.

    Тағдыр деген не өзі? Ол мандайға туа жазылған құпиялы жазмыш па, әлде әр адам өз тағдырын өзі «қолдан» жасай ма? Егер тағдыр жазмыш болса, онда адамдардың оны өзгертпек болып жанталасатыны несі? Жанымыз қиналып, қыларға шара қалмағанда: «Жазмыштан озмыш жоқ» дейміз кейде таусыла. Осы сөзді сенің әкең, атаң, бабаларын да айтып өткен пәниден. Бұл әншейін тілге оңай орала кететін ұйқасы жеңіл сөз ғана ма? Мүмкін бір сәт болса да: «Осы екі ауыз сөздін астарында жаратылыстан жалғасып келе жатқан жұмбақ сыр жатқан жоқ па екен» деген ой көкейіңізде көмескі көлеңкесімен көлбен еткен болар.

    Егер тағдыр шынымен жазмыш болса, неге мына пенделер: «Басыңды тауға да, тасқа да соққаныңмен бәрібір маңдайға жазылған жазудан артық ешнәрсе болмайды, тағдырдын салғанын көреміз» деп тұяғын қыбырлатпай, шалқасынан түсіп жатып алмайды? Неге кедей бай болғысы, бай «құдай» болғысы, ауру - сауыққысы, сау - жерді қойып, ғарышты бағындырғысы келеді? Ал, егер әр адам өз тағдырын өзі қолдан жасай алатын құдыретке не болса, дүниені билеген елден асқан кемеңгерлер неге бақытсыз ғұмыр кешкен? Ақша мен билік кіршіксіз тағдырдың «кілті» болса, неге шат-шадыман, титтей де кемісі жоқ тағдыр сатып алмаған өзіне?

    Неге бар адам бір күннен, бір сағаттан кейінгі тағдыры не болатынын білмейтін ғаріп? Адамға бүкіл білім, ақыл, ой, сана берілгенде, алдағы тағдырын алақандағыдай оқып, біліп отыру бақыты неге бұйырмаған?

    Осы толып жаткан «неге» мен «неліктеннің» артында адамзат өмір бойы іздеген, шешуін таба алмаған тағдыр туралы жұмбак тұр сығалап. Үнді пәлсапашылары: «Адам тағдыры ол туылмай тұрғанда, бірнеше мындаған жылдар бұрын басталады, туылып, жерде өмір сүрген кезінде де сол тағдыр «талқанын мыжиды», сол тағдыр өлгеннен кейін де жалғаса береді» деген пікір айтады. Бұл - реинкарнацияға, яғни, өлген адамның жаны дүниеге қайта келіп, оның жаны адамға, аңға, құсқа, затқа берілетіні туралы нанымнан туатын тағдыр туралы сенім. Осыдан келіп кейбір парапсихологтар: «Адамның өткен өмірде жасаған күнәсі келесі өмірде дүниеге келгенде жан арқылы беріледі, кейбір жақсы адамдардың жазықсыз жапа шегетіні сондықтан» деген пікірде. Бұл - «адам өз тағдырын өзі жасайды, мына дүниеде күнәсіз адал өмір сүрсең, келесі өмірде де бақытты боласың» деген адамгершілікке үндейтін пәлсапаға жақындау. Осындай сенім үнділерге немесе мәңгі өлмейтін жан, рух туралы пәлсапаға сенетіндерге ғана тән емес тәрізді. Қазақтың өзі де адам тағдырына ата-бабасы ана дүниеге «арқалап кеткен» қарғыс пен батаның әсерінің барына сенеді. Мысалы, қазақ рулары туралы шежіреде: «Олардың жеті атасына қарғыс кеткен. Пәлен деген атасы: «Екіден аспа, үшке жетпе!» деп қарғаған. Содан бері балалары үшке жетсе, біреуі қыршынынан қиылады» дегенді кездестіресіз. Бір ғажабы, солар «екіден аспай, үшке жетпей» жатады. Көп адам «көгеріп-көктеу» үшін аузы дуалы, жасы үлкен адамдардан бата алғанды бақ санайды. «Бата - тағдырымның жеңіл болуына жәрдем қылады» деп ойлайды. Бата алғанның бағы жанатыны да рас.Қарғыс пен алғыстың адам тағдырына әсер ететін құпиялы сырларын мүлде жоққа шығаруға да болмайды. Алайда, мұны адамға бұлжымас тағдыр жасайтын фактор ретінде емес, адамдардың ғасырлар бойы сыналған дәстүрлік сенім-танымы ғана деп қабылдау дұрыс болар еді. Жантанушылар мен атеистер негізінен «тағдыр маңдайға жазылмайды, ол әр адамның өзінің өмір сүру салты мен сыртқы ортаның әсеріне қарай қалыптасады» деген пікірге бейім. Яғни, жазмышты емес, кездейсоқтықты тағдырдын жасаушысы деп таниды. Ал, Ислам қағидаларында тағдыр туралы түсінік мүлде бөлек және айқын. Исламда тағдыр Алла тағаланын әрбір мақұлықтың не істейтінін алдын ала білуі. Тағдырға иман келтіру — иманның алтыншы шарты және Ислам ақидасының маңызды негіздерінің бірі. Ал, иман деген не? Пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с. хадисінде: «Кейін Жәбраил (ғ.с.): «Маған иманның, не екенін айтшы?» дегенде, Мұхаммед ғ.с.: «Иман дегеніміз - сен Алла Тағалаға, Оның Періштелеріне, Кітаптарына, Пайғамбарларына, Ақырет күніне және жақсылық пен жамандықтың тағдыры белгіленуі Алла Тағаладан екеніне сенуің» — деп жауап берді» дейді. Онда қазақтың: «Жазмыштан озмыш жоқ» деген сөзі ақиқатқа жақын болғаны ғой...

    Олай болса, «жазмыш» деген не? Осыған үңілейік.

    Аллаһ Тағала барлық жаратылыстың табиғатын, пенде дүниеге келместен бұрын әрбір мақұлықтын (оның ішінде адам да бар) ризық-несібесін, өмір сүру мерзімі мен өлім сәтін алдын-ала біліп, барлығын Ләухул Махфузға жазып қойған дейді тақуалар. Айтуларынша, Ләухул Махфузда барлық жаратылыстың тағдыры жазылуымен қатар, әр мақұлықтың өмірлік, бір жылдық және бір күндік тағдыры белгіленген.

    1. Өмірлік тағдыр. Адам баласының өмірлік тағдыры, ол ана жатырында ұрық болып пайда болу уақытында белгіленеді.

    2. Бір жылдық тағдыр. Адам баласының бір жылдық тағдыры Қадір түнінде белгіленеді. («Қадір түнінде барлық хикметті істер белгіленеді» (Духан сүресі, 4-аят).

    3. Бір күндік тағдыр. «Алла Тағала әр күні шұғылдануда» (Ар-Рахман сүресі. 29-аят). Пайғамбарымыздан: «Шұғылдануда» — дегенді не деп түсінеміз?» дегенде, Ол кісі: «Алла Тағала күнәні кешіріп, қайғы-қасіретті кетіруі, бір қауымның дәрежесін көтеріп, екінші қауымның дәрежесін тусіруі» деп жауап берді. Бұл - бір. Екіншіден: Алла Тағаланын әр нәрсенің болуын немесе болмауын Қалаушы және құдіреті барлық нәрсеге Жетуші» деген мағынаны білдіреді. (Абдуссамат Махат. Имандылық негіздері. 180-6.).

    Сонымен, діни түсінікте Тағдыр — Алланың жазуы екен. Бірақ, адам оны өзгерте ала ма? Енді әңгімені осы арнаға қарай бұрайық. Өзі жаратылмай тұрып, ұрық кезінде «Тағдырым мынандай болсын» деп өз тағдырын өзі белгілейтін құдірет адамда жоқ. Бірақ ол бір жылдық, бір күндік тағдырын адамгершілікке, тазалыққа, әділеттілікке, парасаттылыққа сүйену арқылы түзей алатын сияқты. Әр жыл, ай, күн, сағат, минут сайын ар алдында таза болуға, бар күнәсінен тазаруға әрекет етсе тағдыры жақсы арнаға бұрылары анық.

    «...Маңдайға жазылған тағдыр солай болса, шара не?» дейміз ғой өзіміздің дәрменсіз пенде ғана екенімізді сезінген кездерімізде. Бірақ, сол тағдырдың жазуының жақсы, жаман болмағы өзіміздің ниетімізге, адами қасиетімізге, ұятымызға, иманымызға да байланысты екенін ұмытып кетеміз. Сенің тағдырың қандай? Неге олай болды? Ойланып, өзіңнің іс әрекетің мен адами қасиетіңді әділ бағалап көрдің бе? Үңілші... кім екенсің? ...Әне, тағы бір қазақ балшыға барып карта аштырып жатыр. Тағдырын білгісі келеді. Одан да өз жүрегіне үңілсе етті.

          Ислам дініндегі ең күрделі тақырыптардың бірі – тағдыр. Тағдырға илану – иман шарттарының бірі.  Кейбір кісілер өздері жасап жүрген күнәлі істері мен қылмыстарын тағдырға жауып ақталғысы келеді. Шынында, осы дұрыс па? Тағдыр дегеніміз не? Оны қалай түсінген мақұл?

          Негізінде, тағдыр деп бір нәрсені белгілі бір өлшемге, мөлшерге қарай реттеуді, арнайы есеппен жүйелеуді, жобалауды айтамыз. Қасиетті Құранда: «Еш күмәнсіз, Біз барлық нәрсені арнайы есеппен жараттық...»1, «...Барлық нәрсені жаратып, әрқайсысына белгілі бір өлшем берді»2, - деген аяттар келтірілген.

          Ұлы Жаратушының әрбір жаратылысқа лайық етіп қойған заңдары, арнайы тағдыры бар.
          Сонымен, тағдыр ұғымына келейік. Біріншіден, Алла Тағала ешбір пендеге зорлап жақсылық немесе жамандық жасатпайды. Әр пендеге таңдау еркі берілген. Әр адамға қасиетті Құран арқылы, пайғамбарлар арқылы дұрыс жол мен бұрыс жол көрсетілген. Бірақ оның қайсысын таңдау кісінің еркіне берілген нәрсе. Дұрысын таңдаса, Алланың разылығына бөленіп, түбінде жұмаққа кіреді. Бұрысын таңдаса, Алланың қарғысына ұшырап, түбінде тозақ отына түседі. Мәселе, соған сену немесе сенбеуде ғана.

          Екіншіден, тағдыр деп уақыт пен кеңістік ұғымдарынан пәк Ұлы Алланың әу бастан қияметке дейін және қияметтен кейін болатын барлық нәрсені, барлық оқиғаны жаратпастан бұрын шексіз, әзәли ілімі арқылы егжей-тегжейіне дейін білуін және оларды белгілі бір өлшем, мөлшерге қарай реттеуін, белгілі бір есеппен жүйелеуін, арнайы бір жобамен тағайындап белгілеуін айтамыз.

     Адамға байланысты тағдыр

           Адам баласы басқа жаратылыстардан өзіндік ақыл-ойымен, айрықша ерік-қалауымен ерекше, ардақты етіп жаратылғандықтан Оның тағдыры да өзгеше.

    Адамғабайланыстытағдырдыңекіжағыбар:

    1.  Адамның еркінен тыс жағы. Бір кісінің ер немесе әйел болып жаратылуы, бойының ұзын немесе қысқа болуы, ақсары немесе бидай өңді болуы – бәрі де адамның еркіне бағынбайтын жағдайлар. Ешбір адам өз қалауымен ер немесе әйел болып жаратыла алмайды. Міне, осыны адамның еркінен тыс тағдыры дейміз. Адам баласы қалауынан тыс бұл істерден ақыретте сұраққа тартылмайды. Бірақ бұл тағдырдың жанында да адамның ерік-қалауы бар екенін ұмытпаған жөн. Мысалы, бір адамның ата-анасынан айырылып, жетімдік көруі еркінен тыс тағдыр. Алайда соған сабыр етіп, қиындықтарға мойымай адамдығын, арын таза ұстап, сынақты жіберген Ұлы Жаратушысына бас иіп, имеуі – өз еркінде. Ол жетім қалғандығы үшін сұраққа тартылмағанымен, өзінің қалауы мен еркі арқылы іске асатын басқа істерінен сұралады.

    2. Адамның қалауына байланысты жағы.Ешбір адам күнә немесе сауапты іс жасауға  мәжбүр емес. Өйткені адамда таңдау еркі бар. Мысалы, таң ертең ерте ояну немесе ұйықтап жата беру өз еркімізде. Оянған соң дәрет алып, намаз оқу да өз ықтиярымызға берілген шаруа. Қалаған кісі оқиды, қаламаған адам оқымайды. Сол секілді Аллаға иман келтіріп мұсылман болу да, болмау да әр кісінің жеке еркіндегі шаруасы. Алайда ұлы Алла Тағала бүкіл адам баласына тура жол мен одан адастыратын қисық жолдарды анық та, айқын көрсетіп берген. Тура жолмен жүргеннің ақыры мен адасқанның ақыры не боларын да ашық етіп баян еткен.

            Алла Тағала Құранда былай деп пәрмен етеді: «Оған (адамға) жақсылық және жамандық жолдарын көрсетпедік пе?» «Кім жақсылық істесе пайдасы өзіне, ал, кім жаманшылық істесе оның зияны да өзіне. Раббың құлдарына ешқашан қиянат жасамайды»3

      Құрметті бауырлар!

    Өз тағдырыңызды жақсарту өз қолыңызда! Иманды өмірді таңдап, Алланың ақ жолымен жүрсек, екі дүниеде бақытты болатынымыз анық. Тағдырды сылтау етіп, тура жолдан таймайық, ағайын!


    1 - "Қамар" сүресі, 49-аят.
    2 - "
    Фурқан" сүресі, 2-аят.
    3 - "
    Фуссилат" сүресі, 46-аят

    Ақида ілімінде тағдыр мәселесі «әл-қада уә әл-қадар» деген атау алған. «Әл-Қада» деп Алланың аспан, жерді жаратпастан бұрын қияметке дейін болатын бүкіл істі жазуын атаса, «әл-қадар» деп сол жазылған дүниелердің уақыты келгенде көрініс табуына айтылады.  Ислам ғалымдары адамның тағдырын ерікті және еріксіз тағдыр деп екіге бөледі. Адамның еркінен тыс тағдырға оның қай елде, қандай отбасыда туылуы, еркек немесе әйел болуы, қай ұлттың өкілі болуы, ауруға шалдығуы, апатқа ұшырауы т.б. нәрселер кіреді. Мұның барлығы адам баласы жаратылмай тұрып Ләухул махфузда жазылып қойылған. Жоғарыда аталған нәрселер пенденің еркінен тыс, оған таңдау берілген дүниелер болмағандықтан, пенде Алланың алдында аталмыш дүниелерге қатысты жауапқа тартылмайды. Яғни Алла тағала оған «не үшін қазақ немесе араб болып туылдың, не үшін қыз болып туылдың, не үшін ауруға шалдықтың» деген сұрақтар қоймайды. Өйткені бұл дүниелер адамның өз еркімен таңдап алған нәрселері емес. Адам тағдырының ерікті түріне – оның иманға келу-келмеуі, Алланың бұйрықтарына бойсұнып немесе қарсы келіп өмір сүруі, басына түскен қиыншылықтарға сабыр етуі, жақсылықтарға шүкіршілік етуі, тұрмыстық жағдайына разы болуы секілді пендеге таңдау берілген тұстары кіреді. Алайда тағдырдың бұл екі түрі де Алланың құзырында жазылып қойылған. Яғни адамның ұл немес қыз, қазақ немес араб болып дүниеге келуі жазылғандай оның ізгі немесе жаман болып өмір сүруі, қай халде өлуі, сондай-ақ жұмақтық немесе тозақтық болуы да жазылған. Осы жазылған дүниелер пенде анасының құрсағында төрт айлық болғанда тағы да расталып, бекітіледі. Оған ардақты Пайғамбарымыздың мына хадисі дәлел болады:

    Абдулла ибн Масғуд (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) былай деді: «Сендердің әрбіріңнің ана құрсағында жаратылуларың қырық күннен тұрады. Ұрық алдымен (қырық күнде) тамшы, (қырық күнде) ұйыған қан, сонан соң (келесі қырық күнде) кесек ет болады. Осыдан кейін ана құрсағындағы балаға періште жіберіледі де, ол балаға жан беріп, төрт нәрсені белгілейді:1) ризығын; 2) қанша өмір сүретінін; 3) істейтін амалын; 4) бақытты не бақытсыз болатынын». Бухари мен Муслимнің риуаяты.

    Кейбір адамдар осы және осыған ұқсас «әр бір пенденің тозақтағы немесе жұмақтағы орны белгілі» деген мағынадағы хадистерді оқығанда «менің амалым, жұмақтық яки тозақтық екенім жазылып қойылған болса, несіне әуре болып амал етемін? Мен жұмаққа қанша тырыссам да тағдырымда тозақтық деп жазылған болса соңында бәрібір тозаққа түсемін ғой. Ал егер жұмақтық деп жазылған болса қанша күнә істесем де соңында жұмаққа кірмеймін бе? Онда амалдың қажеті жоқ!» деген шайтани азғыруларға еріп, малғұнның тұзағына түсіп қалып жатса, енді біреулер әдейілеп осы хадистерді амалға шақырғандарға қарсы өздеріне құжат еткісі келеді.

    Мұндай күмәндарға Ислам ғалымдарының жауабы: Тағдырға иман келтіру Алланың білім сипатына, білуші деген есіміне иман келтіру болып табылады. Алла тағала он сегіз мың ғаламды жаратпай тұрып,  оның жағдайын білді. Хақ тағала қияметке дейін болатын шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, масалардың санын да, қанша тамшы жаңбыр жауатынын да, қанша тал өсіп қанша жапырақтың үзіліп түсетінін де біледі. Алланың білімі шексіз. Шексіз білім иесі болған Алла тағала қанша тамшы жаңбыр түсетінін білгендей пенделерінің өзі тарту еткен таңдау құқығын пайдалана отырып қандай жолды таңдайтындықтарын да білді. Сол білімнің негізінде пенделердің тағдырын жазды. Демек Алла тағала Өз құлдарына тозақ иелерінің немесе жұмақ  иелерінің амалдарын мәжбүрлеп істеткендіктен емес, керісінше, пенделердің Алла тағала берген таңдау құқығын пайдалана отырып қандай таңдау жасайтындығын білгендіктен, олардың тағдырын жазды. Сол үшін имамдарымыз кітаптарында төмендегі қағидаларды шегелеп, бекітіп кеткен:

    Бірінші қағида: «Алла тағаланың білім сипаты әсер етуші сипат емес, анықтаушы сипат». Мысалмен сөзіміз түсінікті болар: Сіз қараңғы бөлмеге кірдіңіз делік. Бөлме қараңғы болғандықтан сіз онда не бар екендігін білмейсіз. Бөлмеде не бар екендігін білу үшін жарықты жағасыз. Қарасаңыз бөлменің оң бұрышында тоңазытқыш, сол бұрышында кітап сөресі, жанында телевизор, терезенің алдында гүл тұр екен. Енді сізге сұрақ. Тоңазытқышты бөлменің оң бұрышына, кітап сөр
    есін сол бұрышына қойған электр жарығы ма? Электр жарығының бөлмедегі заттардың орналасуында атқарған рөлі, тигізген әсері бар ма? Әлбетте, жоқ. Ондай болса бұл мысалымызда электр жарығының қызметі не? Міндетті түрде сіздің жауабыңыз «электр жарығының қызметі – бөлменің ішін жарық қылу» болмақ. Ендеше, Алла тағаланың сіздің қандай таңдау жасайтындығыңызды алдын-ала білуі сізді мәжбүрлеп кәпір немесе мұсылман, бойсұнушы немесе пасық ету дегенді білдірмейді. Осыған ұқсас екінші қағида: «Мәлімет мәлімет нысанасына, ал мәлімет нысанасы мәліметке тәуелді емес». Қағиданы анықтай кетсек. Сізде өзіңізді қоршаған ортаға байланысты мәліметтер бар. Мысалы: «от күйдіреді, қардың түсі ақ» т.б.с.с. мәліметтер. Енді сізге сұрақ: «Қарды ақ, отты күйдіретін еткен сіздің «қардың түсі ақ, от күйдіреді» деген мәліметіңіз бе әлде қардың түсі ақ, от күйдіретін болғандықтан сізде «қардың түсі ақ, от күйдіреді» деген мәлімет пайда болды ма? Жауабыңыз міндетті түрде «қар ақ болғандықтан, от күйдіретін болғандықтан менде соған жараса мәлімет пайда болды» болмақ. Ендеше Алла тағаланың сіздің қай жолды таңдайтындығыңызды алдын-ала білуі және сол біліміне жараса тағдырыңызды жазуы – сізді мәжбүрлеу емес. Сол  үшін де Абдуллаһ ибн Омарға бір кісілер: «Уа, Әбу Абдуррахман! Бағзы біреулер арақ ішіп, зина жасап, кісі өлтіріп, соңында «бұл істеріміздің барлығы Алланың білімінде бар (демек тағдырымызда бар). Бар нәрседен қашып құтыла алмаймыз» дегенді айтады. Осыған не дейсің?» – деген сұрақ қойғанда Абдуллаһ ибн Омар қатты ашуланып: «Субханаллаһ! Алланың білімінде олардың сол істерді істейтіндігі бар. Алайда Алланың білімі оларға соны істеткен жоқ. Алланың білімі сендерді көлеңкелеп тұрған аспан, көтеріп тұрған жер тәрізді. Жер мен аспанның арасынан шығып кете алмағандай Алланың білімінен де шығып кете алмайсыңдар. Аспан мен жер сендерді күнәні істеуге мәжбүрлемегендей Алланың білімі де сендерді күнә істеуге мәжбүрлемейді. Күнә істеп,алайда істеген күнәсі үшін өзін кінәлаған адам  күндіздері ораза тұтып, түндері тәһәжжудке тұрып жүріп «күнәні пендеге Алла істетеді» деген адамнан әлдеқайда қайырлы», – деп жауап берген[1]. Имам Нәуәуи Сахих Муслимге жазған шархында тағдырға қатысты имам Хаттабидің «Көптеген адамдар тағдырды «Алланың жазылған нәрсені орындауға пендені мәжбүрлеуі» – деп қате түсінеді. Мәселе олар ойлағандай емес. Тағдырдың ақиқаты – ол Хақ тағаланың пенделердің ісін алдын ала білетіндігі және біліміне сәйкес жазғандығы жайында хабар беруі және істердің соған сәйкес келуі», – деген сөздерін жеткізген[2]. Жоғарыда айтылған екі қағидаға өмірден мысал келтіре кетсек. Бір университетте оқитын екі студент бар делік. Бірі үздік оқиды, екіншісі жалқау. Бір күні ол екеуінің оқу үлгерімінен хабардар бір мұғалім олардан емтихан алуды ұйғарады. Үздік студент емтиханды беске тапсырады да жалқау студент екі алып, емтиханнан құлайды. Емтиханнан соң әлгі тәжірибелі мұғалім ол екеуіне: «сенің бес алатыныңды, ал сенің болса екі алатыныңды біліп едім. Сол үшін алдын-ала саған бес, ал саған екі қойып қойдым. Жағдайларың емтиханға кірмей тұрып белгілі еді», – десе, сонда жалқау студент бұлданып-долданып оған: «Менің екі алатынымды біле тұра не үшін емтихан аласың? Сен мені емтиханнан құлатқан. Мен өздігімнен құлаған жоқпын, сен мені құлатқан», – деп жауап қатса жауабы ақылға сыйымды бола ма? Он-он бес жылдық тәжірибесі бар мұғалім қай студенттің қандай баға алатындығын біле алса, білімі шексіз болған Хақ тағала пенделерінің не істейтіндігін қалайша білмеске? Тағдыр дегеніміз – Алла тағаланың пенделердің ісін алдын-ала білуі және соны жазуы ғана. Пенде кез келген істі істеуде ерікті. Ол үйінен шыққанда оңға бұрылып мешітке бара алады немесе солға бұрылып түнгі клубқа бара алады. Әрбір адам мұны жақсы біледі. Адамды былай қойғанда ит екеш ит те адамның ерікті екенін біледі. Сол үшін де сіз бір итке тас атсаңыз ол ит өзіне тиген тасқа емес, тасты атқан сізге шабады. Өйткені ол сіздің ерікті екеніңізді ал таста ешқандай еріктің жоқтығын жақсы біледі. Демек Алла тағала ешкімді мәжбүрлеп кәпір еткен жоқ, ешкімді мәжбүрлеп мұсылман еткен жоқ. Әркім өз жолын өзі таңдайды.Алла тағала «Кәһф» сүресінің 29-аятында: «Кім қаласа иман келтірсін, кім қаласа кәпір болсын»,десе, «Ин
    сан» сүресінің 3-ші аятында: Расында, оған тура жолкөрсеттік. Мейлішүкірлікқылсын, мейліқарсыкелсін.Тағы бір аятта: «Оған екі көз жаратпадық па? Әрі бір тіл, екі ерін? Оған екі жол көрсетпедік пе?» – делінген (Бәләд, 8-10).


    Тағдырды желеу етіп намаз, ораза, зекетті тастаушылар сырқаттанып қалса «намаз оқымау тағдырымызда жазылғандай сырқаттану да жазылған ғой» – деп үйінде жата берместен не үшін ауруханаға қарай жүгіреді? Олардың түсінігіне салсақ намазды оқыттырмаған Алла ауруды да берді емес пе?! Ендеше, неге олар құлшылыққа, харамнан тыйылуға келгенде тағдырды желеу етеді де ауыра қалса лезде ем іздейді?! Бір қылмыскер жақынын өлтірсе неге онымен соттасады? Сауапты мәжбүрлеп істеткен Алла күнәні де дәл солай істетпеді ме? Ақиқатында, Алла тағала ешкімді ешқандай амалға мәжбүрлемейді. Мұны әрбір ақыл иесі жақсы біледі. Алла елшісі он сахабаны көзі тірісінде жұмақпен сүйіншілегенде олар: «Жұмақтық екеніміз анық болды. Амал етіп не істейміз?» – деп құлшылықтарын тастап кеткен жоқ. Өйткені олар тағдыр ешкімді жұмақтық темесе тамұқтық етпейтіндігін жақсы білді. Біле білген адамға тағдыр амалды тастауға желеу емес, алаңдамай, харамға ұрынбай, адалдан кәсіп етіп, құлшылығын орындап өмір сүруге демеу болуы тиіс. Тағдырға дұрыс иман келтірген адам рахат өмір кешеді. Өйткені ол рызқы үшін алаңдап, жүйкесі жұқармайды. Рызықтың өлшеулі екенін біледі. Жұмыста қысқартуға ұшырап қалса ол үшін өмірден түңілмейді. Өйткені ол Алла сексен жыл өмір берген болса, сексен жылдық рызқы қамтамасыз етілгенін жақсы біледі. Тағдырға дұрыс иман келтірген адам басқаларға жалтақтап, олардан қорқып өмір сүрмейді. Өйткені тағдырда бар нәрседен қашып құтыла алмайтындығын, тағдырда жоқ нәрсеге ешқашан кезікпейтіндігін біледі. Сүйікті Пайғамбарымыз Ибн Аббасқа өсиет еткендей: «Біл! Бүкіл үмбет бірігіп саған бір пайдасын тигізбекші болса, Алла жазған пайданы ғана тигізе алады. Сондай-ақ  барлығы бірігіп саған бір зиян келтірмекші болса, Алла жазған зиянды ғана келтіре алады. Қаламдар жазудан тоқтап, парақтар кеуіп кеткен».

    Мұны сезінген адам рахатта өмір сүреді. Ендеше тағдырға илану бізді жарқын өмірге жетелейтін, бізге позитив сыйлайтын, күш беретін фактор болуы тиіс.

    Тағдырға қатысты айта кететін тағы бір мәселе – ол тағдырға қатты үңілудің шариғатта құпталмайтын іс екендігі. Имам Жағфар ас-Садық:

    «Алла тағаланың бізге қалағаны (жазғаны) бар әрі бізден қалағаны (талап) еткені бар. Қалағаны – тағдыр, талап еткені – шариғат. Бізге қалағанын, яғни тағдырды, сыр етіп қалдырды. Бізден қалағанын (талап еткенін) білдірді. Неліктен бізден қалағанын тастап, бізге қалағанына бас қатырамыз?» – деген. Имам Әбу Жағфар әт-Тахауи өзінің ақидаға арналған әйгілі мәтінінде: «Негізі тағдыр Алла тағаланың жаратылыстарындағы сыры. Оны Құдайға жақын болған періште де, жіберілген елші де білмейді. Оған терең үңілу, зерттеу сәтсіздіктің жолы, мақұрым қалудың баспалдағы, шектен шығудың қадамы. Сондықтан бұл мәселе жайлы зерттеуден, ойланудан, азғыруға ұшыраудан аса абай болу қажет. Өйткені Алла тағдыр білімін жаратылыстарынан жасырды, оны білуге құштар болуға тыйым салды. Алла Тағала Кітабында: «Ол (Алла тағала) не істегені жайлы сұралмайды, керісінше, олар (жаратылысы) сұралады», – деген (Әнбия, 23). Сондықтан кім «Мұны Ол (Алла) не үшін істеді» деп сұрайтын болса, ол Кітаптың (Құранның) үкімін терістегенмен тең болады. Ал кімде-кім кітаптың үкімін терістесе, кәпірлерден болады», – деген[3].

    Тағдырға қатысты тағы бір маңызды мәселе – ол тағдырға разы болу мәселесі. Тағдырға разу болудың үкімі қандай? Ислам ғалымдары: «тағдырға разы болу – мустахаб, ал оған сабыр қылу – уәжіп», – деген. Разы болу – болған іске іштей келісіп, басқаша болуын қаламау, таңдауды Аллаға қалдыру дегенді аңғартады.Тағдырға разы болған пенденің басына бір қайғы түссе, оны күлімсіреп қарсы алады, «басқаша болғанда еді» деген ойда болмайды, «Алланың таңдағанында хайыр бар» дейді. Сабыр қылушы адам болса іштей қынжылып-қиналады, істің басқаша болғанын қалайды. Мысалы, баласы қайтыс болса, «қайтыс болмағанда еді»
    деген ойда, «тағы да өмір сүргенде еді» деген арманда болады, алайда ешқандай күпірлік, наразылық сөздерін айтпайды, керісінше, «Алла берді Алла алды. Барлығымыз Алланың құзырына қайтамыз» деген сөздерді айтады. Тағдырға разы болу әрбір пенденің қолынан келе бермейтін, жету қиын болған бір мақам болғандықтан Алла тағала оны пенделеріне уәжіп еткен жоқ. Құранда айтылғандай Алла тағала құлына шамасы келмейтін істі жүктемейді. Басқа түскен қайғы-қасіретке сабыр ету әрбір пенденің қолынан келетін іс. Сондықтан асыл дініміз тағдырға разы болуды мустахаб етті де оған сабырлық етуді уәжіп етті.


    Сөз соңында Алла тағаладан айтылған уағыз-насихатқа амал етушілерден етуін сұраймыз. Хақ тағала баршамызды тағдырға толықтай иман келтірген, келтірген имандары өздеріне күш-қуат болған, бастарына түскен қиыншылықтарға сабыр ете білген құлдарынан етсін. Жаратушы Жаббар иеміз баршамызға пайдалы білім нәсіп етсін. Білгендерімізбен амал етіп, амалдарымыздың қабыл болуын нәсіп етсін. Әумин!

    Біз бұл сауалдың жауабын ойлап, ешқашан бас қатыра қоймасақ та, тағдыр деген жұрттың бәріне түсінікті ұғым. Адамдардың көбі тағдырға сенеді. Бірақ олар сол тағдыр дегеннің өзі не, ол қалай, қайдан пайда болады деп ойлана қоймайды. Біз тағдыр туралы жан-жақты біліп алмасақ, онда өмір өзі салып берген таптаурын сүрлеумен жүруден басқа лажымыз қалмайды.

    Тағдыр туралы түсінікті біз Құраннан, Інжілден аз-маз тапқанымызбен, нақты және толымды ақпаратты Бһагавад Гитадан табамыз. Енді сол Бһагавад Гита тұжырымдаған тағдыр туралы қысқаша айтар болсақ, тағдыр деген – біздің өткен өмірімізде жасаған жақсы-жаман әрекеттеріміздің салдары.

    Құранда кімде кім біреуге жақсылық жасаса, өз пайдасына, жамандық жасаса өз зиянына деп айтылған. Яғни, біз болашағымызды бүгін өзі қолымызбен жасаймыз. Егер сауапты жақсы істер жасасақ, онда болашағымыз жарқын болмақ. Керісінше, адамдарға қиянат жасап, күнәлі істермен айналыссақ, онда ертеңіміз ауыртпалыққа толы болады.

    Тағдыр деген – салыстырмалы сөзбен айтар болсақ, бұл кәдімгі компьютердің бағдарламасы іспетті. Ислам дінінде адамның екі иығында екі періште отырады, біреуі оның жасаған жақсы ісін, екіншісі жаман әрекеттерін жазып отырады деген ұғым бар. Яғни, өмірде біздің жасаған жақсы-жаман әрекеттерімізге орай тағдыр жолымыз айқындалады.

    "ТАҒДЫР" ДЕГЕН НЕ?

    Ислам дініндегі иман негіздерінің соңғысы – тағдырға  иман.  Пайғамбарымыздан  (с.а.у.)  «Иман  дегеніміз не?» – деп сұраған уақытта: «Аллаға, періштелеріне, кітаптарына және пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырдың жақсысы мен жаманына иман ету»,  – деп жауап берген.

    Тағдыр сөзі – бір нәрсені белгілі бір өлшем, мөлшерге қарай реттеу, арнайы есеппен жүйелеу, жобалау деген мағыналарды білдіреді.

    Ал, шариғаттық термин бойынша: өткен шақ, осы шақ және келер шақтан, яғни, жалпы уақыт ұғымынан пәк – Ұлы Алланың әу бастан қияметке дейін және қияметтен кейін болатын барлық нәрсені, барлық оқиғаны жаратпастан бұрын шексіз, әзәли ілімі арқылы егжей-тегжейіне дейін білуін және оларды   белгілі бір өлшем, мөлшерге қарай реттеуін, белгілі бір есеппен жүйелеуін, арнайы бір жобамен тағайындап белгілеуін «тағдыр» дейміз.

    Ұлы Жаратушының тағдыры тек адамға ғана байланысты емес, жалпы болмысты, күллі жаратылысты қамтиды.

     Жалпы жаратылысқа байланысты тағдыр

    Жалпы ғаламға көз жүгірткен уақытта әр нәрседегі арнайы өлшемді, нәзік есепті, жалпы әлемді қамтыған таңғажайып жүйені байқаймыз. Әр нәрсе өзінің бойына берілген бағдарламамен жүруде. Мысалы, өрік ағашы кішкене дәнегіне қойылған бағдарлама арқылы жер бетіне қылтия шығып, күннен-күнге жайқала өсіп, көктем кіре бүршігін атса, артынан жемісінің сүйіншісі іспетті гүлін ашады. Сосын сол бағдарламаға қарай өзіне тән аңқыған исімен, көзді тартар реңімен, балдай тәтті дәмімен құлпыра өскен жемісін береді. Күн Алланың қойған бағдарламасына  қарай  арайлап  атып,  алаулап  батады. Сол бағдарламаға қарай сәулесін шашып, жылуын төгеді. Жердегі судың бу боп көтеріліп, артынша бұлтқа айналып, уақыты жеткенде жерге қайта жаңбыр боп жаууы, құрғақ топырақтың, жалпы суға мұқтаждардың қажетіне жарауы – Ұлы Жаратушының арнайы бағдарламасына қарай жүзеге асады. Судағы ағу, тастағы қаттылық, жердегі тартылыс заңдары – бұл әрқайсысының өзіндік тағдыры. Құстардың ұшуы, балықтың жүзуі, еліктің жүгіруі – бәрі- бәрі Ұлы Жаратушының әрқайсысына лайық етіп қойған заңдары, арнайы тағдыры болмақ.

    Құран Кәрімде: «Еш күмәнсіз біз барлық нәрсені арнайы есеппен жараттық»[1].  «...Барлық нәрсені жа- ратып, әрқайсысына белгілі бір өлшем берді»[2], -  деп жалпы әлемдегі осы арнайы есепке, тағдырға назарымызды аударады.

    Демек, Ұлы Жаратушымыз әр нәрсеге өзіндік тағдырын жазған. Жаратылыстағы әрбір нәрсе сол тағдырдан, арнайы бағдарламадан асып, жалпы жүйеден шығып кете алмайды. Әлемдегі бас айналдырар мына теңдессіз сұлулық, ерекше жүйе алдын-ала белгіленген арнайы жобаны, дәлме-дәл есепті, яғни, иләһи тағдырды нұсқайды.

    Жымыңдап, жарқыраған сансыз жұлдыз белгіленген өз межесінен еш ауытқымай қозғалып, ғарышта жүзіп жүрсе, жан-жануар, өсімдік, жалпы жаратылыс Алла Тағаланың жазған арнайы бағдарламасын айна-қатесіз қайталап ғұмыр кешеді.

    Адамға байланысты тағдыр

    Адамға байланысты тағдыр мәселесі, задында, күрделі болғандықтан кейбір адамдар қате түсінеді. Бәзбіреулер істеген күнәларынан «Тағдырымда осылай болса, не істеймін?» деп ақталып жатса, енді біреулер әр істеген ісімді өз қалауыммен істеймін, «олай болса, тағдыр жоқ» деп шектен шығып жатады. Бұл екі пікірдің біреуі астамдық болса, екіншісі нұқсандық. Орта жолды, дұрыс тағдыр ұғымын түсіне алмаған.

    Адам баласы басқа жаратылыстардан өзіндік ақыл- ойымен, айрықша ерік-қалауымен екшеленгендіктен  Оның тағдыры да өзгеше.

    Адамға байланысты тағдырдың екі жағы бар.

    1. Адамның еркінен тыс жағы

    Адамның еркінен тыс Алла Тағаланың қалауы, арнайы белгілеуі арқылы болатын құбылыстар осыған жатады. Мысал ретінде, адамның ұлты, туылған жылы, жынысы, денінің сау, яки ауру болып дүниеге келуі, бойының ұзын немесе қысқа болуы, зерек және әр түрлі қабілеттерге ие болуы, басына жер сілкінісі, өрт секілді пәлекеттердің   келуі,   жетім   қалуы   тәрізді   қалауынан тыс болатын нәрселерді айтуға болады. Адам баласы қалауынан тыс бұл істерден ақыретте сұраққа тартылмайды. Бірақ тағдырдың жанында адамның ерік-қалауының бар екенін де ұмытпағанымыз жөн. Мысалы, бір адамның тағдырында жетім қалуы жазылғанмен, сол жетімдікке сабыр етіп, қиындықтарға мойымай адамдығын, арын таза ұстап,  сынақты жіберген  Ұлы  Жаратушысына бас иіп, имеуі – өз еркінде. Ол жетім қалғандығы үшін сұраққа тартылмағанымен, өзінің қалауы мен еркі арқылы іске асатын басқа істерден сұралмақ.

    Алла белгілі бір адамға сәтін салып, барлық шарттарды ыңғайлап, күні-түні жүгіріп істеген істеріне берекет беріп, бай етті делік. Яғни, Алла Тағала оның бай болуын қалап, тағдырына байлықты жазды. Демек, Ұлы Иесі бұл құлына мына дүниеде «байдың рөлін» беріп, байлықпен сынағысы келді. Бірақ бұл байлықты жақсы жолда қолданып, жетімдердің басын сипап, кедей-кепшікке қол ұшын беріп, Ұлы Иесіне шүкіршілік етуі немесе керісінше байлықтың буына мастанып, Жаратқанды ұмыт қалдырып, тәкаппарлыққа бой алдыруы – бәрі-бәрі құлдың өз қолында, өз еркінде. Құл екі жолдың біреуін өз қалауымен таңдап, жәннатқа яки тозаққа қарай жол салады.

    Иә, пешенеге жазылған тағдырдың жанында адамға берілген өзіндік ерік-қалау бар. Тағдырдың өзіне жүктеген рөлін дұрыс жолда, салиқалы мағынада ойнап-ойнамауы әркімнің өз еншісінде.

    2. Адамның қалауына байланысты жағы

    Алла Тағала әу баста әр адамның қай жерде, қай уақытта не істейтінін бастауы жоқ әзәли әрі шексіз ілімі арқылы білген. Өйткені Алла үшін өткен шақ, осы шақ, келер шақ деген ұғым жоқ. Міне, Ұлы Жаратушымыз сол білгенін адам үшін тағдыр етіп «Ләухул-Махфузға» жазған. Басқаша айтқанда, адамның қалауы – Алла Тағаланың жазған тағдырында есепке алынған.

    Адам баласы күнә немесе ізгі іс істеуге мәжбүр емес. Өйткені адамда таңдау еркі бар. Мысалы, жолда кетіп бара жатып, түсіп қалған ақшаны көрдік делік. Осы сәтте адамның таңдауына бірнеше нұсқа келеді. Біз соның біреуін өз қалауымызбен таңдаймыз.

    1. Ақшаны ақырын ғана қалтамызға сүңгітіп жіберіп, ол жерден дереу қарамызды батырамыз.

    2. Ақшаны алып, иесін тауып қайтарамыз. Жоғарыдағы таңдаулардың қайсысын таңдасақ та өз еркімізбен, дербес қалауымызбен іске асырамыз. Бірінші таңдауды істеп күнәға батуымыз да, екіншісін таңдап сауапқа кенелуіміз де мүмкін.

    Алла Тағала Құранда: «Оған (адамға) жақсылық және жамандық жолдарын көрсетпедік пе?» «Кім жақсылық істесе пайдасы өзіне, ал, кім жаманшылық істесе оның зияны да өзіне. Раббың құлдарына ешқашан зұлымдық жасамайды»[4], -деп жақсы, жаманды таңдаудағы адамға берілген ерікті білдіреді. Ақын Майлықожа да осы ақиқатты мына жыр жолдарымен жеткізген:

    «Алла берді екі жол
    Бірі оңда, бірі сол.
    Ойланыңдар, бауырлар!
    Дүние қысқа, ақырет мол».


    Алла Тағаланың бұйрықтарын орындаған адам Жаратушының салиқалы құлдарының тұғырына көтеріледі. Ал бұйрықтарына қарсы шыққан пенде күнәһар болады. Алла Тағала әу баста күнәһар және салиқалы құл болудың жолдарын осылай тағайындап белгілеген. Сондықтан кімде-кім осы екі жолдың қайсысын ұстанса, жазылған нәтижесіне жетеді. Міне, осы құлдың қалауына қарай таңдалған нәтиженің Алла Тағала тарапынан әу бастан білінуіне «тағдыр» делінсе, білінген нәрсенің уақыты жеткен мезетте Алла Тағаланың құдіретімен жүзеге асуына «қаза» делінеді.

    Жоғарыда  Ұлы  Жаратушымыз  әзәли  ілімі  арқылы біздің мына дүниеде не істейтінімізді біліп, білгенін тағдыр  етіп  «Ләухул-Махфузға»  жазған  дедік.  Демек, біз бұл дүниедегі барлық істерімізді Алла Тағала алдын ала білгені үшін істемейміз, керісінше, Алла Тағала не істейтінімізді білгені үшін тағдырға жазған. Яғни, Алла Тағаланың біздің істейтін ісімізді алдын ала білуі – бізді сол істі істеуге мәжбүр етпейді.

    Мысалы, біз күннің шығу сағатын астрономия ғылымы арқылы алдын ала біліп, күнтізбеге жазып қоямыз. Уақыты жеткен мезетте, дәл сол минутта күн шығады. Ал енді осы күннің шығуы біздің алдын ала есептеп білгеніміз үшін жүзеге асты ма? Жоқ, әлде сол уақытта шығатын болғаны үшін біз білеміз бе?[4]

    [1] Қамар сүресі/49 бет
    [2] Фурқан/2
    [3] Фуссилат сүресі/46
    [4] Қ.Жолдыбайұлының "Имани гүл" атты еңбегінен алынды, 182-187 бет. Алматы.

    ТАҒДЫР ЖӘНЕ ЖАЗМЫШ

    Кіріспе

    Алла Тағалаға сансыз мадақ, шексіз шүкіршілік болсын. Алла Тағаланың сүйікті елшісі, адамзаттың асылы Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын.

    Алла Тағаланың шексіз ілімі – өткенді, қазіргіні және келешекті де бірдей қамтиды. Сондықтан Жаратушының назарынан ешбір нәрсе тыс қалмайды. Әлемдегі бұрын болып кеткен, қазіргі болып жатқан және болашақта болатын барлық нәрсе Алланың үкімі мен тағдырына сәйкес жүреді. Ешқандай тіршілік иесі Алланың Ләуһул Махфузында жазылған иләһи тағдырының шеңберінен тыс әрекет ете алмайды. Күллі мақлұқат әлемінің тағдыры әуел бастан Ләуһул Махфузда жазылғандықтан, әлбетте әрбіріміздің де тағдырымыз сонда жазылған. Ләуһул Махфуз - тағдыр кітабының негізгі нұсқасы болып, барлық болатын һәм болған нәрселер сонда жазылады. Құранда бұл жайында көптеген аяттар бар.

    Құран аяттары:

    Бірінші аят:

    قُل لَّن يُصِيبَنَا إِلَّا مَا كَتَبَ اللَّهُ لَنَا هُوَ مَوْلَانَا وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُؤْمِنُونَ

    «(Мұхаммед Ғ.С.): Бізге Алланың жазғаны ғана болады. Ол біздің иеміз. Мүміндер Аллаға тәуекел қылсын» [1].

    Қысқаша түсіндірме:   Біздің басымызға түсетін жақсылық та, жамандық та, үміт пен қорқыныш та, қиыншылық пен амандық та тек Алланың  құзырында жазылған тағдыр бойынша ғана болады. Ол біздің жәрдемшіміз және сақтаушымыз. Яғни, мұсылмандар істерінің барлығын Аллаға тапсырып, басқа ешкімге арқа сүйемеуі керек.    

    Екінші аят:

    اللَّهُ يَعْلَمُ مَا تَحْمِلُ كُلُّ أُنثَى وَمَا تَغِيضُ الْأَرْحَامُ وَمَا تَزْدَادُ وَكُلُّ شَيْءٍ عِندَهُ بِمِقْدَارٍ

    «Алла (Т.) әр ұрғашы жыныстың неге жүкті болғандығын және жатырлардың нені кемітіп, нені арылтқанын (нені туып, нені қойғанын) біледі. Оның жанында әр нәрсе өлшеулі» [2].

    Қысқаша түсіндірме: Әрбір әйелдің ішіндегі нәрестенің қандай екенін Алла Тағала  анық біледі. Ол баланың ұл ма қыз ба және сау ма ауру ма, көрікті ме көріксіз бе екенін Алла білуші.

    Үшінші аят: وَمَا يَعْزُبُ عَن رَّبِّكَ مِن مِّثْقَالِ ذَرَّةٍ فِي الْأَرْضِ وَلَا فِي السَّمَاءِ وَلَا أَصْغَرَ مِن ذَلِكَ

     وَلَا أَكْبَرَ إِلَّا فِي كِتَابٍ مُّبِينٍ

    «Сондай-ақ жердегі, көктегі тозаң салмағындай нәрсе Раббыңнан жасырылмайды. Тағы одан кішісі, үлкені ашық бір Кітапта бар» [3].

    Қысқаша түсіндірме: Алла тағалаға  ауадағы және жердегі шаң тозаңындай жаратылыстар және олардан үлкендері де кішілері де жасырын болмайды және барлығы  Лаухул Махфузда жазылған.

    Хадистер:

    Бірінші хадис:

    مَا مِنْ مَوْلُودٍ إِلَّا يُولَدُ عَلَى الْفِطْرَةِ ، فَأَبَوَاهُ يُهَوِّدَانِهِ وَيُنَصِّرَانِهِ وَيُمَجِّسَانِهِ ، كَمَا تُنْتَجُ الْبَهِيمَةُ بَهِيمَةً جَمْعَاءَ ، هَلْ تُحِسُّونَ فِيهَا مِنْ جَدْعَاءَ

     «Әрбір туылған нәресте болмыспен (яғни ханиф дінімен) туылады. Содан кейін ата-анасы баласын яхуди немесе насарани немесе мажуси етеді. Мал да өз төлін кемтар етіп тумайды. Туған төлдің дене бітімінен мін көрдіңіз бе?» - деген.»[4]

    Бұл хадистен түйетініміз күпірлікті және иманды Алла пендесіне мәжбүрлеп жазбайды екен, бәлкім пендеге таңдау еркі берілген.

    Екінші хадис:

     

    إِنّ النُّطْفَةَ تَكُونُ فِي الرَّحْمِ أَرْبَعِينَ يَوْمًا عَلَى حَالَهَا لَا تَتَغَيَّرُ، فَإذَا مَضَتْ الأَرْبَعُونَ صَارَتْ عَلَقَةً ثُمَّ مُضْغَةً كَذَلِكَ، ثُمَّ عِظَامًا كَذَلِكَ، فَإِذَا أَرَادَ اللهُ أَنْ يَسْوَى خَلْقَهُ بَعَثَ إِلَيْهِ مَلَكًا، فَيَقُولُ: أَيْ رَبِّ ذَكَرٌ أَمْ أُنْثَى? أَشَقِيٌّ أَمْ سَعِيدٌ? أَقَصِيرٌ أَمْ طَوِيلٌ? نَاقِصٌ أَمْ زَائِدٌ? قُوتَهُ وَأَجَلَهُ، أَصَحِيحٌ أَمْ سَقِيمٌ? فَيَكْتُبُ ذَلِكَ كُلَّهِ

     «Жатырға түскен бір тамшы су еш өзгерместен 40 күн тұрады. 40 күннен кейін ұйыған қанға айналады. Содан кейін кесек ет болады. Сосын оған сүйек бітеді. Егер Алла оны жаратуды қаласа оған періштені жібереді. Сонда періште  Я, Раббым ол ұл ма қыз ба, бақытты ма бақытсыз ба, қысқа ма ұзын ба, кем ба артық па, сау ма ауру ма? - деп сұрайды. Сосын оған осының барлығы жазылады.» [5]

     

    Ізгілердің сөздері:

             

    وَأَصْلُ القَدَرِ سِرُّ اللهِ تَعَالَى فِي خَلْقِهِ، لَمْ يَطَّلِعْ عَلَى ذَلِكَ مَلَكٌ مُقَرَّبٌ وَلاَ نَبِيٌّ مُرْسَلٌ. وَالتَّعَمُّقُ وَالنَّظَرُ فِي ذَلِكَ ذَرِيعَةُ الـخِذْلاَنِ، وَسُلَّمُ الـحِرْمَاِن، وَدَرَجَةُ الطُّغْيَانِ، فَالـحَذَرَ كُلَّ الـحَذَرِ مِنْ ذَلِكَ نَظَرًا وَفِكْرًا وَوَسْوَسَةً، فَإِنَّ اللهَ تَعَالَى طَوَى عِلْمَ القَدَرِ عَنْ أَنَامِهِ وَنَهَاهُمْ عَنْ مَرَامِهِ كَمَا قَالَ تَعَالىَ فِي كِتَابِهِ:{ لاَ يُسْأَلُ عَمَّا يَفْعَلُ وَهُمْ يُسْأَلُونَ}. فَمَنْ سَأَلَ لِمَ فَعَلَ فَقَدْ رَدَّ حُكْمَ الكِتَابِ، وَمَنْ رَدَّ حُكْمَ الكِتَابِ كَانَ مِنَ الكَافِرِينَ.

    Имам Тахауи: Негізінде, тағдыр Алла Тағаланың жаратылыстарының арасындағы құпия-сыры. Оны Аллаға жақын періште де, Оның Елшісі де білмейді. Тағдырды тереңінен ашықтап, ол жайлы көп ойлану, Алланың жәрдемінен ұзақ болуға, мақрұмшылдыққа әрі шектен шығуға себеп болады. Бұл мәселеге тоқталудан, ол туралы ойланудан және азғырушы ойларға түсуден сақтану керек. Өйткені, Алла Тағала жаратылыстарынан тағдыр білімін жасырды, оны білуге ниеттенуден тыйды. Алла Тағала Кітабында былай деп бұйырады: «(Алла Тағаладан) Оның өз істегендері тергелмейді, алайда, олар (пенделер) тергеледі.» (Әнбия-23). Сондықтан да, кімде-кім «Не

     

    үшін Алла осылай істеді?» дейтін болса, Құранның үкімін жоққа шығарған болады. Ал кімде-кім Құран үкімін жоққа шығарса, күмәнсіз имансыз болады. [6] Демек тағдырға өз-ойымен ойлау және кірісу біздерді адасуға апарады.

    Ғибратты қиссалар:

    Бірінші қисса:

    Мұса (Оған Алланың сәлемі болсын) Адам атаға: «Сізді Алла тағала өз құдіретімен  жаратқан, Өз мейірімен сізге жан берген, періштелерді Сізге құрмет еткізіп идірген, Өз жәннатын сізге мекен еткізді. Ал, сіз қате жасап (тыйым салынған ағаш жемісін жеп) адамдарды жерге түсірдіңіз» – деп жазғырды. Сонда Адам (Оған Алланың сәлемі болсын): «Сені Алла тағала өз елшілігіне және сөзіне таңдап алған, саған барлық нәрсенің жайлы баян етілген тақта (кітап) берген Мұсасың ғой. Сенімен Алла тілдескен. Мені Алла жаратпай жатып, Таурат қанша жыл бұрын жазылған?» – деп сұрады. Мұса (Оған Алланың сәлемі болсын): «Қырық жыл бұрын» – деп жауап берді. Адам ата: «Сен Тауратта: «Адам (а.с.) Раббысына қарсы шығып қателесті.» деген аятын оқыдың ба?» – деп сұрады. Мұса (Оған Алланың сәлемі болсын): «Иә» – деді. Сонда Адам ата (Оған Алланың сәлемі болсын): «Мен жаратылмай тұрып, қырық жыл бұрын Алла тағала жазып қойған нәрсе үшін мені неге жазғырасың?» – деген екен.

    Екінші қисса:

     Сүлеймен пайғамбар өз қауымына уағыз айтып отырған кезінде Өлім періште кіріп келіп , сол мәжілісте отырған бір адамға мұқият, таңданыспен қарап тұрады да, аз уақыттан кейін көзден ғайып болады. Сөйтіп, бұл назарды сезген әлгі адам мазасызданып, Сүлеймен пайғамбардан «Жаңағы кісі кім болды?» деп сұрайды.

    Сүлеймен оның өлім періштесі екенін хабарлайды. Сол кезде әлгі адам өңі бозарып: «Ол маған көзін алмай қарағаны соншалық мені іздеп жүрген секілді».

    Сонда Сүлеймен: «Мен саған қалай жәрдем көрсете аламын?» - деді.

    Әлгі адам жалбарына: «Мені одан құтқарғаныңды қалаймын , желге бұйрық бер, мені Индияның ең алыс түпкіріне апарып тастасын». Содан соң Сүлеймен пайғамбар желге бұйырады жел ол кісіні ұшырып алып кетеді. Сәлден соң өлім періштесі Сүлеймен пайғамбарға қайта жолығады. Сүлеймен одан:«Менің мәжілісімде отырған бір адамға көз алмай қарауыңның себебі неде?» - деп сұрайды.

    Өлім періштесі: «Ия, Алла Тағала маған бүгін әлгі кісінің жанын Индияда аласың деп бұйырған еді, ал мен болсам ол адамды сенің маңыңнан таптым, сөйтіп бұл кісі өте алыс Индияға бүгін қалай барып жетеді деп таңырқап тұрған едім ғой, көрдің бе Алланың тағдырымен ол саған өзі келіп сенің жәрдемің арқылы желдің үстіне мініп Индияға әп-сәтте жетті, ал мен оның жанын сол жерде алдым» -деді.

    Дана қазақтың:«Ажал айла таптырмас» -деген сөзі осыған саяды.

    Нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер:

    Қайырсыз пайдадан,

     

     

    Қайырлы зиян артық.

     

    Жазмыштан озмыш жоқ.

    Бай болу, кедей болу - тағдыр ісі. (Иүгінеки Ахмед)

     

    Тағдырың бүгін — мұнда, ертең — анда айдайды.( Жүсіп Баласағұни)

     

    Пенденің сұрағаны болмайды,

    Алланың қалағаны болады.

     

    Жүгірген жетпес ,

    Бұйырған кетпес.

    Бұл уағыздан түйгеніміз:

    1. Жаратылыста иләһи тағдыр мен бағдарлама бар болса, адамда ерік пен пейіл бар.

    2. Алла тағаланың ілімі шексіз, ол уақыт пен кеңістікке тәуелді болмағандықтан өткенді, қазіргіні және болашақта болатын нәрселерді толық біледі.

    3. Біз істегендерімізді Алла тағала солай жазды деп істемейміз, керісінше, Алла тағала біздің өз қалауымызбен не істейтінімізді білгендіктен солай жазады.

    4. Алла тағала тағдырымызды жазатын кезде, біздің дербес қалауымызды ескереді әрі оны қалай қолданатынымызды да есепке ала отырып жазады.

    5. Егер біз қалауымызды ізгі жолда қолданатын болсақ, онда Алла тағала өзінің мол мейірімімен бізге мына өмірде нығметтер бергенімен қоймай ақыретте де жәннатты беруді уәде етуде.

    Нұралы БАҚЫТҰЛЫ

    Һибатулла Тарази медресесінің

    директорының орынбасары

    asyldin.kz

    ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.


    написать администратору сайта