Главная страница
Навигация по странице:

  • Көрнекілігі

  • Сабақтың барысы

  • 8 наурыз. Таырыбы Ана мірді глі Сабаты масаты


    Скачать 17.26 Kb.
    НазваниеТаырыбы Ана мірді глі Сабаты масаты
    Дата23.11.2021
    Размер17.26 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла8 наурыз.docx
    ТипДокументы
    #280107

    Тәрбие сағаты
    Тақырыбы: «Ана - өмірдің гүлі»
    Сабақтың мақсаты: 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күнімен аналарды құттықтау. Оларды сыйлауға, құрметтеуге және аялауға дағдыландыру. Ана, апа, әже, қарындас, ұстаздың адам өміріндегі ең аяулы жан екендерін ұғындыру. Ана деген ең асыл жан екенін түсіндіру.
    Көрнекілігі: мақал - мәтел «Ана көрген - тон пішер, әке көрген - оқ жанар»деген сөздер және «Ана - өмірдің гүлі» атты тақырыпқа суреттер ілінген, слайд

    Сабақтың барысы:
    I. Ұйымдастыру бөлімі:
    Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қымбатты да, білім нәрімен сусындатқан, ұлағатты ұстаздар және көктемнің мерекесіндей құлпырған аруда әсем қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз Аналар мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі «Ана - өмірдің гүлі» атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер!

    I мұғалім: Көгімнің көркі кім?
    II оқушы: Ана.
    I мұғалім:Жүрегімнің нұры кім?
    IIоқушы: Ана.
    I мұғалім: Әлемнің нұры кім?
    II оқушы: Ана.
    I мұғалім: Армысың ару қыздар, абзал ана!
    Анаға тең келетін бар ма дана?
    Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,
    Қуанышпен құшағың гүлге толсын! деп кезекті тақпақтарға берейік.
    1 - оқушы: Жер бетінің ғұмыры,
    Күн нұры мен арайлы.
    Біздің үйдің жылуы,
    Анамыздан тарайды.
    2 - оқушы Ана деген - мейірім,
    Ана деген - шапағат,
    Ана деген - құдірет,
    Ана деген - махаббат.
    3 - оқушы Еркелесем күлімдейтін,
    Ұрысқаны білінбейтін,
    Маңдайымнан иіскеп менің,
    Құлыншағым, күнім дейтін.
    4 - оқушы Жақсы көрем күлкіңді,
    Айналайын ақ мамам,
    Менің мамам сүйкімді,
    Бәрінен де жақсы адам.
    I мұғалім : Рахмет, балалар. Қандай әдемі тақпақтарды Аналарыңызға арнап жатырсыңдар. Олай болса «Анадан артық жан бар ма»- демекші Баланы өле - өлгенше

    сүйетін, қуанышына қуанып түн ұйқысын төрт бөліп кірпік қақпай, дамылсыз сағынатын, көрген сайын төбесі көкке жететін де осы Ана.

    I мұғалім: Ендігі кезекті тақпақтарға берейік.
    5 - оқушы Ана деген ақылшың,
    Ана барда батырсың.
    Қасыңда кім болса да,
    Тек анаңа жақынсың.
    5 - оқушы Сізге бүгін сый құрметті,
    Жан анашым мейірім.
    Қаласаңыз би - билеп,
    Әнде шырқап беремін.
    5 - оқушы Ақ жүректі сақтаған,
    Жарқын жүзің бақ маған.
    Ақ бетіңнен сүйетін,
    Келші, келші, ақ мамам.

    Тамызып мақал тілінің
    Білімді болсаң жарарсың.
    Ұшқыр ой, талап, біліммен
    Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал - мәтел жарысында.
    Мақалдарды жалғастырыңдар.
    1. Ауылдан асқан байлық,
    ________ қымбат қазына жоқ. /кітап/
    2. Талапсыз жас,
    Қанатсыз_________. /құс/
    3. ________ қылығымен көркем. /қыз/
    1. Білім - теңіз,_______ кеме. /мектеп/
    2. _______ көңілі балада. /ананың/
    3. Сөз тапқанға ________ /қолқа жоқ/
    1) Жақсы сөз. /жарым ырыс/
    2) Ине көзінен сынады________ /шешен сөзінен сынады/
    3) Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша,
    Адал сөйлеп, ________/ жұртқа жақ /

    Мұғалім: келесі сайыс түрі Әр түрлі жағдайаттардан шешім таба білу
    (аналар мен балаларға екі бөлек сандардың артында жасырылған сұрақтар бар, солардың ішінен таңдап жауап береді.)
    Аналарға арналған:
    1. Сіздің үй шаруасымен қолыңыз тимей жатыр еді. Қызыңыз келіп әртүрлі сұрақтармен мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз? Сұрақтарына жауап бересіз бе, әлде қолыңыздың тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба?
    2. Қызыңыз сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескертті. Бірақ күйбең тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді. Қызыңызға бармағаныңызды қалай түсіндіресіз?
    3. Сабақтан кейін қызыңыз ескертпестен жолдас қызының үйіне ойнауға барады. Сіздің іздемеген жеріңіз қалмай қатты уайымдап отырғанда қызыңыз келеді. Сіз не істейсіз?
    Қыздарға арналған
    1. Құрбыңды ойнап жүріп орынсыз ренжітіп алдың. Сен өзіңнің кінәлі екеніңді біліп тұрсың, Не істейсің?
    2. Сен күні бойы ойнап үйге берілген тапсырманы орындамай келдің. Мұғалім сенен неге орындамағаныңды сұрады. Сен не деп жауап бересің?
    3. Ата - аналар жиналысы болатынын анаңа айтуды ұмытып кеттің. Ертесіне мұғалімің ата - анаңның неге келмегендігін сұрады. Сен не деп жауап бересің?

    Қорытынды

     Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
    Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
    Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
    Өзің мына сыйға берген өмірде
    Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
    Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
    Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
    Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
    Сонда біз кісілікке теңесеміз.
    Құрметті оқушылар , біздің «Ана – өмірдің гүлі» атты сынып сағатымызға көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.


    написать администратору сайта