Главная страница
Навигация по странице:

  • Бронх демікпесінің дамуын

  • Бронх демікпесі сының патогенезі

  • Бронх демікпесінің клиникасы ( басты синдромдар )

  • Бронх тұншықпасының клиникалық көрінісінің жалпы схемасы

  • Бронх демікпесінің алдын алу

  • Дәріс № 4 Бронх демікпесі. Таырыбы Бронх демікпесі. Медбикелік рдісті йымдастыру. Бронх демікпесі


    Скачать 37.62 Kb.
    НазваниеТаырыбы Бронх демікпесі. Медбикелік рдісті йымдастыру. Бронх демікпесі
    Дата16.07.2022
    Размер37.62 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДәріс № 4 Бронх демікпесі.docx
    ТипДокументы
    #631692

    Дәріс № 4

    Тақырыбы: Бронх демікпесі. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру.
    Бронх демікпесі - әр түрлі механизімдердің ( иммунологиялық және иммунологиялық емес ) әсерінен бронх реактивтілігі өзгеретін, клиникалық көрінісінде міндетті түрде тұншықпа ұстамасы немесе тұншықпа күйі болатын тыныс жолдарының созылмалы, қайталама аллергиялық ауру.

    Бронх демікпесі – тыныс алу жолдарының созылмалы ісіну ауруы, олар сыртқы және ішкі әрекеттерге жоғары сезімтал болады және кезеңмен тұншығу ұстамалары қайталанып тұрады.

    Бронх демікпесінің дамуын соңғы жылдары бронх қабынуының ерекше түрімен байланыстырады, олардың сезімталдығы қоздыратын факторлар әсерінен бірден артады. Қоздыратын («асқындыратын») фактордың әсерінен бронхтардың бұлшық еттері тартылады (бронхтардың жиырылады), шырышты бронхтар ісінеді, қою сөл (қақырық) пайда болады, бұл үдерістер демікпе ұстамаларының (тұншығу ұстамаларының) дамуын анықтайды.

    «Асқындыратын», қоздыратын факторлар: өсімдік тозаңы, үй шаңы, жануарлар жүні, басқа да аллергендер; ауа-райы факторлары (жел, барометрлік қысымның өзгеруі, ауа райының ылғалдылығы, ауа-райының құбылуы), жоғары және төменгі тыныс алу жолдарының вирустық және бактериялық аурулары; кейбір тағам өнімдері, кейбір дәрілер, ағзаның гормондық бұзылуы және көптеген басқа факторлар. Әдетте осы аурудың тұқым қуалайтыны анықталған, ал бронх демікпесінің өзі жоғары және төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялық (пневмония, жіті, созылмалы бронхит) ауруларынан кейін жиі пайда болады.

    Бронх демікпесінің әдетте өзін тұншығу ұстамалары – кенет ауаның жетпеуі, жөтелу ұстамалары, тыныс алу кезінде ысқырықты қырылды ара-тұра жиі естілуімен кеуденің «тарылуы» арқылы білінеді. Тыныс алуын жеңілдету үшін науқас амалсыз ыңғайлы қалыпты ұстайды: қолмен тіреп отырады. Ұстама тиісті «асқындыру» факторларының әсерімен байланысты. Ұстамалар созылмалы өкпе бронхы, жіті респираторлық ауруларының асқынуынан, ұсынылған емді қадағаламалау кезінде өршиді. Ұстамадан тыс науқастар тыныс алудың ауырлығын немесе басқа да жағымсыз жағдайларды басынан өткізуі мүмкін. Бұл ұстама ауру түріндегі бронх демікпесі үшін тән белгімен байланысты.

    Бронх демікпесімен ауырған адамның тыныс алуы қиындайды. Бұл- булықтыратын ұстамалы ауру. Аурудың пайда болуына шаң-тозаң , малдың жүні, шөп гүл және т.б көңіл күйдің өзгеруі де әсер етеді. Негізінен тыныс демікпесі тұқым қуалайды. Бұл ауруға шалдыққан балалар ашуланшақ келеді, денесіне есекжем, теміреткі, бөртпе шығады. ауру ұстағанда –өкпенің шырышты қабықшасы ісініп, ауатамырлардың түтікшелерін бітейді, тамырлары білеуленеді. Демікпемен сақтану үшін организмді шынықтырып тынысы тарылады, науқас булығып , сырылдап дем алады, беті көгеріп , күре алу жаттығулармен шұғылданып , еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру қажет.

    Классификациясы

    ( Г. Б. Федосеев, 1982 )

    1. Бронх демікпесі даму сатылары:

    а) тұншықпа алды сатысы;

    б) клиникалық белгілер сатысы.

    2. Бронх демікпесі түрлері

    а) имундық ТД

    б) имундық емес ТД

    3. Бронх демікпесі патогенез механизімдері:

    а) Атопиялық.

    б) Инфекцияға тәуелді.

    в) Аутоимундық .

    г) Дисгормональдық.

    д) Нервті-психикалық дисбаланс.

    е) Бронхтар реактивтілігінің бірінші ретті өзгеруі.

    4. Бронх демікпесі даму аурулары:

    а) Жеңіл дамуы.

    б) Орташа ауырлықты дамуы.

    в) Ауыр дамуы .

    5. Бронх демікпесі фазалары:

    а) Қайталау (өршу) фазасы.

    б) Қайталаудың ( өршудің) саябырлауы.

    в) Ремиссия ( саябыр) фазасы.

    6. Асқынулары:

    1. Өкпеде болатын асқынулар өкпе эмфиземасы, тыныс жетіспеушілігі, ателектаз, пневматоракс, тұншықпа күй т. б.

    2. Өкпеден тыс болатын асқынулар: өкпетекті жүрек , миокард дистрофиясы.

    Этиологиясы

    А. Бронх демікпесін тудыратын негізгі экзогендік себептер.

    А. Инфекциялық емес атопиалық аллергендер

    1. Өсімдік тозаңдары: қандыағаш , қайың, жаңғақ ағашы, шыбындық шөптер, жолжелкен, жусан, амброзия т. б.

    2. Тұрмыста кездесетін аллергендер: малға байланысты шаң бөлшектер (құс мамығы, жүн, жібек, қақырық, сілекей, несеп) өсімдік шаңы , үй шаңы, көпшік мамығы.

    3. Кәсіби аллергендер: маталардың ,мақтаның, зығырдың, цементтің, асбестің, металдың, дәрілердің ұсақ бөлшектері т.б.

    4. Дәрі аллергендер : пенициллиндер, сульфаниламиндер, стрептомицин, тетрациклиндер, макролиттер, нитрофурандар, индомитацин, салицилаттар, йод дәрілері т. б.

    5. Аллерген-кенелер: төсек кенелері, қойма кенелері.

    6. Мал, құс аллергендері : қайызғақ ,мысық, ит жүні, тоты қауырсыны т.б.

    7. Насекомдар аллергендері:күйе, көбелектер, дафниялар.

    8. Тамақ аллергендері: жұмыртқа, сүт, жаңғақ, соя, балық, шоколад, цитрустар.

    Б. Инфекциалық агенттер

    1. Бактериалар: стрептакок , стафилакок , токсоплазма, бруцелла т. б.

    2. Грибтер: Candida тобына жататын ашытқы-тәрізді грибтер , Aspergillus және Penicillium тобына жататын өңез-тәрізді грибтер.

    3. Вирустар мен микоплазмалар: пнавматропты вирус аденовирус, риновирус, парагрипп вирусы және басқалар.

    В. Механикалық және химиялық себептер:

    1. Металл шаңы: хром, венадий, платина,сынап, алтын т. б.

    2 . Ағаш және силикат шаңы, картоп , асбест, цемент, т. б.

    3. Мақта шаңы.

    4. Қышқылдар мен сілтілер буы , тағы басқа тітіркендіргіш заттар.

    Г. Табиғи және метеорологиялық себептер

    1. Температура мен ылғалдылық: салқындық дымқылдық т. б.

    2 . Ауа қысымы мен жердің магниттік өрісінің өзгерісі т. б.

    Д. Көңіл күй әсері , стрестің әсері

    Тыныс демікпесін тудыратын негізгі эндогендік себептер

    1. тұқым қуатын бейімділік.

    2 . іштен туа болатын биологиялық кемістіктер.

    Бронх демікпесі сының патогенезі

    1.Иммунологиялық механизмдер.

    2.Иммунологиялық емес механизм,ер.

    Бронх демікпесі патогенезінің иммуналогиялық механизмдер

    • Антигеннің макроорганизммен кездесіп , онда сенсибилизатция тудыруы

    • Эпителий мес клеткаларының арнайы IgE түзуі , азофильдердің қанда және сүйек миында көшпелі күйде болуы, мес клеткаларының активті күйге көшуі .

    • Клетка іші Ca ++ мен цАМФ мөлшерінің көбеюі. Бұл механизмдер иммунологиялық саты кезінде болатын механизмдер.

    • Аллергия медиаторлары метабализімінің , синтезінің және бөлінуінің күшеюі.

    • Қабыну медиаторларының әсерінен тамырлар өткізгіштігінің артуы және бронхтардың кілегей қабығында және кілегей қабығының астында клеткалық инфильтрацияның күшеюі.

    • Қан плазмасының шығуы, бронх қабығының ісінуі , комплемент жүйесіндегі плазмалық белоктардың шығуы, бұл механизімдер патохимиялық саты кезінде болатын механизмдер.

    • Мукоцилиарлық тасымалдың нашарлауы , кілегейдің көп бөлінуі ,бронх ішінде кілегей «тығындар» пайда болу.

    • Қабыну процесінің күшеюі және бронхоспазм .

    Бұл механизмдер патофизиологиялық саты кезінде болатын механизмдер.

    Тыныс демікпесі патогенезінің иммунологиялық емес механизмдері:

    - Ацетил-салицил қышқылын көтере алмаушылық.

    - Нейрогуморальдық механизмдер (кезбе нерв рецепторларының қозуы).

    - М-холинорецепторлар антонистеріне сезімталдықтың күшеюі .

    - Адренергиялық дисбаланс .

    - Жоғарғы тыныс жолдарындағы патологиялық өзгерістер.

    - Нервоздық күй .

    - Бронхтардың үстеме реактивтілігі.
    Бронх демікпесінің клиникасы ( басты синдромдар )
    1. Бронхобструктивтік синдром: қиналып бөлінетін қақырық тыныс шығарудың қиындауы және тұншықпа ұстамасының жиелеуі , құрғақ сырылдар пайда болуымен көбейіп кетуі, ӨТС-1, Тиффно индексі, тыныс шығару кезінде бронх кедергісінің артуы.

    2. Жәй қабыну синдромы: қызу көтерілуі мүмкін, қақырық мөлшерінің көбеюі және онда нейтрофильдің лейкоциттердің көбеюі, ЭТЖ артуы, лейкоцитоз , лейкоцит, формуласында солға ығысу

    3. Аллергиялық синдром: аллергенмен кездескенде тұншықпа ұстамасының пайда болуы , не оның жиелеп кетуі, аллергиялық риносинусопатианың пайда болуы, не қайталауы, есекжем , терінің қышуы болуы, тағам не дәрі көтере алмаушылық, Квинке ісігі, оның мәнді тері және ингаляциалық өршіту сынымалы , эозинофилия;тыныс тұншықпасына тән қақырықтағы өзгерістер ,лифациттердің дегренуляция сынамасы, дисиммуноглобулинемия , биологиялық активті заттардың қан мен несепке көбеюі.

    4. Өкпе эмфиземасы синдромы: күбі тәрізді кеуде сарайы , кеуденің дем алу қозғалысының азаюіы, қабырға аралық кеңістіктердің кеңуі , эпигастрий бұрышының доғал түрі, өкпе шегінің төмен түсуі, перкусия кезінде – қорғап дыбысы, ауыскультатция- әлсіз визикулалық тыбыс. Рангенологиялық тексергенде өкпе суретінде ауалылықтың көбеюі , диагфрагма күмбезінің жағдайлануы, төмен түсуі және оның қозғалысының азаюы.

    5. Бронх жетіспеушілік синдромы әр дәрежелі демікпе, орталық типті (жылы) цианоз , тахикардиая, спирография,қан газдары және қышқыл- сілті күйі көрсеткіштердің өзгеруі. Тыныс жетіспеушілігі белгілерінің үдеуі мен қатар гемоглабин, гемотокриттік және тұтқырлығының өсуі.

    6. Өкпе – текті жүрек синдромы : жүрек тұсы мен эпигастрий маңындағы оң жақ қарынша пульсациясы, өкпе артериясы үстінде 2 том акценті мен оның екіге бөлінуі, кейде семсерше өскінді түбінде систолалық шу болу, ренгенологиялық тек- сергенде- өкпе артериясы шошағының күшті солқылы мен кеңуі , жүректің оң жақ бөліктерінің гипертрофиясы, ЭКГ- лық өзгерістер.

    7. Оңқарыншалық жүрек әлсіздігі синдромы: декомпенсациялы өкпе- текті жүрек синдромының клиникасы.

    Бронх тұншықпасының клиникалық көрінісінің жалпы схемасы

    Қабыну синдромы Аллергиялық синдром

    Бронхообструткивті синдром



    Өкпе эмфиземасы, пневмасклероз

    Тыныс жетіспеушілігі



    Өкпе текті жүрек



    Оңқарыншалық жүрек әлсіздігі

    Асқынулар:

    1. Өкпе жағынан болатын асқынулар:

    • Тұншықпа күйі

    • Өкпе эмфиземасы

    • Тыныс жетіспеушілігі

    • Ателектаз

    • Спонтандық пнавматоракс

    1. Өкпеден тыс асқынулар:

    - Миокарт дистрофиясы

    - Өкпе теккті жүрек,оңқарыншалық жүрек әлсіздігі.
    Емдеу принциптері

    1. Инфекция көздерін емдеу.

    2. Антибактериалық ем .

    3. Иммуномодуляторлар .

    4. Вакциналар мен антивирус дәрәлері.

    5. Мукоцилиарлық клиренсті реттеуші дәрілер.

    6. Экстракорпоральдық методтар.

    7. Глюкокортикоидтарды ішке қабылдау.


    Бронх демікпесін емдеу келесі бағыттардан тұрады:

    1. Ұстама туғызатын факторлармен байланыстылардың барлығынан мүмкіндігінше алшақ болу, ол үшін бронх демікпесімен ауыратын әр науқас өзінің дәрігерімен бірге осы факторлардың тізімін құруы қажет;

    2. Сыртқы және ішкі тыныс алу жолдарының, ас қорыту мүшелерінің (соның ішінде өт шығару жолдарының) ауруларын уақытылы емдеу;

    3. Дәрігер белгілеген дәрілерді жоспар бойынша айқын қолдану.

    Бронх демікпесімен ауыратын науқаста әрқашан өзімен бірге тез әрекет ететін препарат болуы тиіс. Әр пациент тез әрекет ететін ингаляторды жиі (тәулігіне 4-реттен көп) қолдануына болмайды, себебі тұншығудың ауыр ұстамасы – демікпе мәртебесіне әкеп соғуы мүмкін. Әдетте қолданылатын препараттардың әсері азайған кезде шұғыл түрде дәрігерге баруыңыз қажет.

    Бронх демікпесінің алдын алу бала кезінде, әсіресе аллергия ауруларына бейім отбасыларда өткізілу керек. Жоғары және төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларын уақытылы емдеу, шылым шегуден бас тарту, шынықтыратын емшараларды, мәдени тамақтануды сақтау қажет.


    написать администратору сайта