мамандық. Таырыбы Кім болам
Скачать 33.58 Kb.
|
Тақырыбы: «Кім болам?» Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкешілікті қалыптастыру, оқушылардың мамандық таңдауына көмектесу,бағыт бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету. Міндеттері: - кәсіптік мамандық таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туалы түсінік беру, - кәсіптік мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын анықтау - кәсіптік бағдар беру. Тренинг ережелері: Сыйластық Тыңдай білу Белсенділік таныту Төзімділік Түсіністік қарым – қатынас Көрнекілік: интерактивтік тақта, әдістеменің жауап парақтары, жағымды әуен, карточкалар Кіріспе сөз: Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез – келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін – өзі дамыта алу үшін білі м алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек. Біздің мақсатымыз – оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндылықтар туралы танымдылығын психологиялық – педагогикалық көмек көрсету. «Кел танысайық» жаттығуы: Тренингті белсендету мақсатында жүргізуші оқушыларды дөңгелек шеңбер құрып отырғызып, төмендегі жаттығуды орындауды ұсынады: әр бір оқушы өздерінің есімдерін атап өз есімінің бас әріпіне келетін мамандықты айтады. Содан соң жалғастыратын оқушы қасындағы оқушының атын және оның батының бас әріпіне келетін мамандықты айтып, болған соң өзінің атын айтады және өз атының бас әріпіне келетін мамандықты айтады осылайша жаттығу соңына дейін жалғасады. Мысалға: Мен Аружан – архитектор, екінші адам Аружан – архитектор, Марат - механик, Аружан – архитектор, Марат – механик, Қайрат - қаржыгер т, с «Ойлан және жауап бер» Қалай ойлайсындар, кәсіптік мамандық таңдағанда не бөгет болып табылады? Әр адам өзіне мамандық таңдағанда ыңғайлы жағдайына, оның қоғамда қаншалықты қажет екеніне көңіл аударады. Балалар, сендердің ойларынша кәсіптік мамандық таңдағанда не маңызды болып табылады? Біз сендермен кәсіптік мамандық таңдағанда ең маңызды болып табылатын шарттарды таңдап көрейік. 1. Ақша: мамандық материалдық жағынан жақсы болу керек. 2. Өзін таңдаған мамандықты жақсы көру. 3. Абырой: аула тазалаушы болғаннан гөрі хирург болған жақсы. 4. Диплом: алдымен диплом алсам болды, профессия артынан табылады. Осы көз қарастарды ұстанған оқушылар, таңдаған көзқарастары бойынша топтарға бөлініп отырып, өз таңдауларын қорғау қажет. «Жасырылған мамандықты тап!» жаттығуы Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 4 — топқа бөлінеді. Әр топтың бір қатысушысы келіп жүргізушінің қолындағы топшаманы суыруы керек. Әрбір топшамада белгілі бір мамандықтың аты жазылған. Барлық топ өздеріне түскен мамандықты қарсы топтарға ешқандай вербалды емес қарым-қатынаста (ешқандай сөз қолданбай), ым-ишарамен, түрлі қозғалыстарымен түсіндіруі қажет. Ал қарсы топтар жасырылған мамандықты табуы керек. 1 Мүсінші 2 Электрик 3 қаржыгер 4 повар «Дифференцалды диагностикалық сауалнама» (Е.А.Климов ) бойынша ДДС әдістемесі маамндық таңдауға байланысты ең тиімді әдістемелердің бірі. Нұсқау: Кәсіби бағыттылықты анықтау үшін еңбек түрлерін таңдауға мүмкіндік беретін 20 түрлі бекіту сұрақтары беріледі. Сұрақтардың әр қайсысына міндетті түрде жауап беріп, екі мүмкіндіктің біреуін таңдау қажет. (“а” немесе “б”) қаласаңыз “+” , қаламасаңыз “-” таңбасымен белгілеңіз Педагог-психолог: Мамандық таңдауда адамның шоқжұлдыз сипаттамасын да ескерген абзал. 1. Тоқты белгісінде туылғандардың көбісі мектеп қабырғасында жүргеннен болашақта қандай мамандықты таңдайтынын бағамдай жүреді. Өздері еңбекқор, шаршағанды білмейтін жандар. Олар өздерінің қандай саланы тез игеріп алып кететінін де біледі. Бұл белгіде туылғандардан сатушы, білікті тіс дәрігері, хирургтер шығады. Осы мамандықты таңдаған тоқтылардың көбісі үлкен жетістікке шыққандықтары дәлелденген. Кәсіби спортшылар да жетерлік. Тоқтылар билікке жақындау, мейлі тіпті бастық болмасын әйтеуір жеке кабинеті болғанын қалайды. Бірақ олармен қандай бір келіспеушілік жағдайында жеңемін деп ойламаңыз. Нәтижесінде жұмыстан шығып кетуіңіз ғажап емес. 2. Торпақтар нақты бір мамандықты таңдамайды. Біраз уақытқа дейін кім болатынын ойланып жүреді. Бастысы өзінің материалдық жағдайын жақсартуға септігін тигізетін кәсіп болса жетіп жатыр. Табиғатынан салмақты болып келетін торпақтар өнерге бір табан жақын. Бірақ көбінесе оны өзгелерге жария етпей, ішінде сақтап жүреді. Олардан жақсы әнші, суретші, ақын, театр өнерінің маманы, костюм шебері шығады. Егерде қолға алса аспаз, мейрамхалардың қызметін басқарушы бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізе алады. Тоқты белгісінде туылғандар мұғалімдікті да жақсы меңгереді. Сәулетші, дизайнер болса да биік мақсаттарды бағындыра алады. Бастысы алған жұмысын соңына дейін аяқтауға шыдамы жетеді.Сондықтан олар ұжымда сенімге ие. 3. Егіздер белгісінде туылғандар ақшаға бір табан жақындау келеді. Сондықтан олардан жарнама бөлімінің, менеджмент бойынша мамандық иелері шығады. Кәсіпкерлік саласында егіздер жақсы жетістіктерге қол жеткізе алады. Бұл белгіде туылғандар құжаттармен жақсы жұмыс жасайды алады және баяндама жазудың, аударманың шебері. Шоу-бизнес пен кино өндірісі де Егіздер үшін қолайлы. Ол продюссер, кеңесші бола алады. Жұмыстан кешікпеуге тырысады. Егіздер бастық болуға ұмтылады. Алайда көбінесе орындаушы ретінде қалады. 4. Шаян белгісіндегі адамдардың көбісінің мамандығыны ата-анасы таңдайды. Олар нәзік, әрі жанашыр болғандықтан ана мен балаға қатысты мамандықтардың иелері болады. Психолог, тәрбиеші, акушер-дәрігер шаяндар өз мамандығының шебері. Бұл белгіде туылғандардың бойынша аздар әртістік қабілет болады. Сондықтан олар ұжымдағы әріптестерімен тез тіл табыса алады. Тіпті өзінің жанына жақын емес мамандықты таңдаса да, оны осы қабілетімен игеріп кетуі де ғажап емес. Шаяндардан білікті азпаз, кафе, мейрамхана, барлардың үйлестірушілері де шығады. Қысқасы бұл белгідегі жандар көп саланы меңгере алады, тек жұмыс беруші лайықты ақшасын төлесе. 5. Арыстандар үшін мамандық таңдаудың аса маңыздылығы жоқ. Олар болмашы нәтиже беретін жоспар, жобаларға уақыт кетірмейді. Үлкен істерге қол созады. Сондықтан арыстан белгісінде туылғандардың басым көбінен басшы, ірі компаниялардың жетекшілері шығады. Саясат, кәсіпкерлік, мәдениетке араласса жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Арыстандарда ұйымдастырушылық қабілет өте жоғары болады. Таңдау жасауда бұл белгіде туылғандар көп қателеспейді. Жұмысбастылығы сонша кейде демалыс жайлы ұмытып та кетеді. Басшыларға бағынғысы келмейді. Сондықтан көп қысым жасала берсе, жұмыстан кетіп қалу олар үшін қиын емес. Арыстандар мемлекеттік қызметті жөн санайды. Аздап жалқаулығы болмаса, еңбекқор. 6. Бикештер мамандыққа мектеп қабырғасында жүргеннен аса мән береді. Олар үшін әрбір жұмыстың мәні жоғары. Аса жауаптылығы оның көптеген мүмкіндіктерге жолын ашады. Байсалды мінезі адамдарға қамқор болуға септігін тигізеді. Бикештерден мықты медицина мамандары шығады. Олар дәрігерлікті таңдаса үлкен жетістіктерге қол жетізе алады. Көптеген белгілі медбикелер осы белгіде туылған. Бикештер аса еңбекқор. Өзіне берілген жұмысты аса ұқыптылықпен және мерзімінде орындайды. Оларға ұжымда сеніммен қарайды. Сондай-ақ бизнесте, басшылық қызметте да бикештердің жолы болады. Олар тыныштықты қалайтындықтан, шағын ұжымда және нақты кестесі бар орында жұмыс істегені дұрыс. Оны сынай көрмеңіз, бәрібір өзінікін дәлделдеуге тырысады. Ал өздері біреуді қатты сынайды. 7. Таразы белгісінде туылғандар үшін мамандық таңдау аса қиын. Көп ойланады. Оларды асықтырмаған жөн, әйтпесе үлкен қателік жасауы мүмкін. Сондықтан шешімді өзіне қалдырған дұрыс. Іскерліке қарым-қатынаста таразылар өте әділ, аса маңызды мәселелердің түйінін тарқату олардың қолынан келеді. Олар саясатқа араласады. Бірақ көп жағдайда қателік жіберіп алады. Білімін жақсы жетілдіргенде ғана бұл бағытта үлкен жетістіктерге жетеді. Таразылар құжаттарға мұқият емес. Сондықтан кәсіпкерлік ісімен, ақшаға қатысты жұмыспен айнылыспағаны жөн. Олар үлкен ұжымда да өздерін еркін сезінеді әрі өзгелер үшін ашық. Жұмыстағы талқылау, бағалау келгенде таразылар белсенділік танытады. Олар жұмыста қатал, өмірде жұмсақ адамдар. 8. Сарышаяндар белгісінде туылған жандар эмоцияға берілгіш, сонымен қатар өзінің мүмкіндігін көрсете алатын адамдар. Қысылтаяңда өз жолын тез табады. Олардан шахтер, репортер, хирург мамандықтары жақсы шығады. Іскерлік қарым-қатынаста өзін еркін сезінетін жандар. Адамдармен үнемі байланыста болатын мамандық иелері осы белгіде туылғандардан көп шығады. Сарышаяндар үнемі алға ұмтылып жүреді. Өзгелерге өзінің мүмкіндігін көрсетуге талпынады. Өзінің күшіне, білім мен біліктілігіне арқа сүйейді. Олар аса қиын келіссөздерді шешуге келгенде таптырмас адамдар. Кейде жұмыста жалқаулыққа бой алдырады. 9. Мергендер бала күніне карьерада биік белестерді бағындыруды армандайтындар. Көбінесе өз күшіне сенеді. Аса қиын мамандықтарға жаны құмар. Тіпті спортта да қауіпті түрін таңдайды. Мерген жұмысты беріліп атқарады және оны өзгелерден де талап етеді. Ол сөзсіз көшбасшылыққа ұмтылады. Басшылық тарапынан сыйластықпен қарауын немесе керісінше ашық қарсыласуға тәуекел етеді. Бұл белгіде туылғандардың саяхат жасағанды жақсы көреді. Олардан жақсы спортшылар, аң аулаушылар, репортерлер шығады. Ойынхана, мейрамхана, қонақ үйлердің жұмысын басқару, үйлестірудің шебері. Қоғамдық, саяси қайраткерлікке қызығады. Бастық болған жағдайда әділ болады. Жалғандықты жаны сүймейді. Мұнысы ұзақ уақыт қалыптылықты ұстап тұруға көмектеседі. Сондай-ақ артық әңгімені тыңдамайды және тез ұмытады. 10. Тауешкілер бірі бала кезінен мамандықты таңдайды, енді бірі ата-анасының таңдауына құлақ асады. Кеш шешімге келуі де мүмкін. Бұған қарап тауешкілер үшін мамандық таңдаудың аса маңыздылығы жоқ екендігін аңғаруға болады. Олар кез-келген кәсіпті игеру кетеді. Еңбекқорлығының арқасында. Тіпті шаршағанын да аңғармай қалады. Іскерлік қарым-қатынаста және шағын ұжымда өзін еркін сезінеді. Тауешкілерден білікті тіс дәрігері, сәулетші, мұғалім, фармацевт, кітапхана қызметкерлері шығады. Көпшілік қашатын қазазбастылық оған ұнайды. Кез-келген мамандықта ол басшылыққа қол жеткізуді қалайды. Байсалды мінезіне орай, өзін ұжымда сыйлағанын жөн санайды. 11. Суқұйғыштар үшін кәсібилік аса маңызды. Сондықтан тек қана жетістікке жетуді көздейді. Жұмысты аса ұқыптылық, жауапкершілікпен орындайды. Жаңа ұжымда өзін еркін сезінбейтін секілді көрінеді.Оның орны әріптестері үшін тек өзге қызметке ауысқанда ғана білінеді. Суқұйығыштар өзін ойын өзгерте бермейді және өзін талқылауға жол бермейді. Педагогика, білім беру, әлеуметтану, психология саласында биік жетістіктерді бағындыра алады. Олардан мықты сәулетші, заңгер шығады. Бұл белгіде туылғандар аса іскер сондықтан сырт сөздерге аса мән бермейді. Өзіне бағаны аса жоғары қояды суқұйғыштар. Өйткені өзінің мүмкіндігін жақсы біледі. Ақшаны үнемдей алады. 12. Балықтар жылдамдықты қажет ететін мамандыққа аса құмар. Олар жетекшілік жұмыстарды жаны сүйеді. Мемлекеттік қызметтен гөрі, шығармашылық ортада жұмысты жасағанды қалайды. Олардан жақсы мұғалім, журналист, кино өнідірісіндегі мамандар шығады. Қайырымдылық шараларын ұйымдастырудың да шебері. Көбінесе пайданы ойлай бермейді. Балықтар жазушы, суретші, әртіс бола алады. Әрине таланты болса. Ұжымда өзіне бағытталған теріс пікірлерді тез арада жоюға тырысады. «Өз жұлдызыңды жақ» (Сынып бойынша презентация, жоба құрастырып, таңдаған мамандықтарының мақсатын, мазмұнын, қырлары мен өмірлік сырлары жөнінде айтып шығу). Қорытынды: Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз. Жаттығу «Жаңа мамандықтар» Оқушылар сол бөлінген топтарында отыра береді. Жүргізуші жаңа мамандықтар атауы жазылған 2 карточканы таңдап алуды ұсынады. Ол карточкада ол мамандықтар туралы түсініктеме берілмеген. Оқушылардың негізгі мақсаты алған мамандық атауына өмірлік тәжірибелеріне және де сол манадықтың атауына мән бере отырып сипаттама беріп көру. Әр бір мамандықтың атауына оқушылар өз түсініктемелерін бергенен кейін, нақты жауабын жүргізіші слайд арқылы сол мамандық туралы толық түсініктеме, сипаттамасын береді. Ассистент (англ. - assistant) – белгілі бір фирма басшысының барлық қызметтеріне жекелей көмегін көрсетіп, ұйымдастырып отыратын қызметкер. Дистрибьютор (англ. – distribute - распределять) – белгілі бір фирманың өнімдерін тікелей сату мен оларды насихаттау жұмысымен айналысатын қызметкер. Сол фирманың келісім шарты бойынша жұмыс атқарады. Координатор – белгілі бір жұмыс орынында басқада фирмалармен өз ара жұмыс барысын жүйелі жүргізіп отыруға тапсырыстардың орындалуын қадағалап отыратын маман. Және де кіріс шығысты есебін жасаушы. Логистик – от “логистика” – кеден транспорттарының мендежері. Яғни жүк тасмалдау жұмыстарын ұйымдастырушы, жүк тасмалдаушылармен және жүк жіберуші арасындағы жүк қабылдауларды бақылайды. Копирайтер – Белгілі бір фирманың тапсырмасы бойынша жарнама шығарушы адам. Ол жарнама аясында жарнамалық мәтіндер, пресс – релиздер т.б. жасайды. Бұндай қызметтегі адамдарға жоғары шығармашылық қабілет және ойлау мен тілдерді жетік меңгерулері қажет. Мерчандайзер – жекелей тауарлардың сатылуына тікелей жауап беретін маман. Сол өнімдердің бағаларымен жарнамалануына сонымен қоса дүкендердің сөресінде тауарлардың орналастырылуын бақылаушы. Супервайзер (англ.- supervisor – бақылаушы және қадағалаушы) – өнімдердің таралу бағыттарын беруші және де сол өнімдердің сатылуын бақылап, қадағалап отыратын маман. Медиатор (сотқа дейінгі арақатынасты шешуші.) – белгілі бір мәселеге байланысты түсінбеушіліктер туындаған жағдайда сотқа дейін бұл келіспеушіліктің себеп салдарын анықтап беретін маман. 5. Видео ролик үзіндісі. Ал енді мен сендерге мамандық таңдауда ең маңызды жақтарын анықтауға жауап ретінде әлемге әйгілі ретінде өмірде өз орындарын тапқан материалдық жағынан ешқандай қиыншылық көрмей өмір сүріп жүрген кәсіпкердің пікірін тыңдап көруді ұсынамын. Келесі кейіпкеріміз барлығымызға белгілі кеңес үкімет кезінде тәрбиелік мәні зор «Москва слезам не верит», кинофильімінен үзіндіні ұсынамын. Видеороликті талқылау: Қайсы кейіпкердің пікірімен толық келісесіндер? Қайсысының көзқарасы сендерге күмән келтіруде, неліктен? Әдістеме «Қол- мидың жалғасы» Сан алуан мамандық бар. Ал біздің табиғи бейімділігімізге үнілейік. Алақан бойынша мамандық саласын анықтауға да болады. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, осы нүктеден әр саусаққа түзу сызықтар жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығыңыздар. Қорытынды. Егер сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз- басқарушысы. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол. Ортан қол сызығы ұзынырақ болса- сіз тарих, әдебиет саясаткер болуға бейімсіз Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз. Шынашақ сызығы үлкенірек болса сіз- мұғалім, тәрбиеші, дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз Ең маңызды таңдау Семинар тренинг: 10 - сынып Тақырыбы: Ең маңызды таңдау Мамандық таңдау – маңызды мәселе Мамандық таңдауда Ж. Аймауытовтың жастарға айтқан ақылы: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ, әр өнер, әр қызмет мемлекетке, әлеуметке қажет». Мамандық таңдау – өте жауапты және маңызды іс. Сабақтың мақсаты: оқушыларға мамандықтар туралы мәлімет беру және ол мамандықтардың оқушыларға қоятын талаптарын ұғындыру. Міндеті: оқушыларды таңдау еркіндігінің дұрыстығына бағыттау өз мүмкіндіктерін толық ашуға жағдай жасау; әрбір жеке оқушының психологиялық, тұлғалық дамуында бейімділіктері мен қабілеттерін ескеріп даралау; белсенділіктің барлық түрін (танымдық, әлеуметтік, шығармашылық) жауапкершілікпен жүзеге асыруға бағыттау; оқушылардың тұлғалық және кәсіби өзін - өзі табуы барысын жетілдіру; оқушыларды белгілі бір мамандыққа бағыттауда қажетті дағдыларды қалыптастыру; Тренинг жоспары: Қысқаша Баяндама «Мамандық таңдау кезінде нені ескеру керек?» Амандасу рәсімі Жаттығу Мамандықтарға шолу Жаттығу: «Ең Ең» деген мамандық Профориентациялық жаттығу «Ұйқыдағы қала» РефлексияТілектер Тренинг барысы: Тренингті белсендету мақсатында жүргізуші оқушыларды дөңгелек шеңбер құрып отырғызып, төмендегі жаттығуды орындауды ұсынады: әр бір оқушы өздерінің есімдерін атап өз есімінің бас әріпіне келетін мамандықты айтады. Содан соң жалғастыратын оқушы қасындағы оқушының атын және оның батының бас әріпіне келетін мамандықты айтып, болған соң өзінің атын айтады және өз атының бас әріпіне келетін мамандықты айтады осылайша жаттығу соңына дейін жалғасады. Мысалға: Мен Аружан – архитектор, екінші адам Аружан – архитектор, Марат - механик, Аружан – архитектор, Марат – механик, Қайрат - қаржыгер т, с 1- жаттығу: «Ең Ең» деген мамандық. Мақсаты: оқушыларды түрлі мамандықтар әлемімен таныстыру және ол мамандықтарға сипаттама беру. Нұсқау: жаттығуға қатысатындар шеңберге тұрады. Жүргізуші қатысушыларға қандайда бір мамандықтың сипаттамасын айтады. Олар сол сипаттамаға ең жақын келетін мамандықты айтады. Ең көп қаржы әкелетін мамандық. Қай мамандық ең ең табыс көзіне жатады. Оқушылар жауабы: А) экономистер Б) қаржыгерлер В) депутаттар Г) мұнайшылар т. б айтуы мүмкін. Жүргізуші бірінші сипаттаманы айтады, ал қатысушылар бірден өздерінің ойына келген мамандықтарды айтады. 5 - 7 мамандыққа дейін қайталанады. а) ең жасыл................... ә) ең қызық.................... б) ең талап қойғыш........................ в) ең көп сөйлейтін...................... г) ең әдемі........ д) ең тәтті................. т. б 2. Профориентациялық жаттығу топ бойынша жұмыс. «Ұйқыдағы қала» Сыныпты 5 топқа бөлу. Мақсаты: оқушылардың таңдаған мамандықтарының өздеріне қоятын талаптарын ұғындыру және әрбір мамандыққа жауапкершілікпен қарауға үйрету. топ бойынша жұмыс жүргізу. Жүргізуші өздерінің қалауы бойынша топқа бөлуге болады. Нұсқау: бір қалада ( әр кім өз қаласын немесі басқа шеттегі нақты бір қалаларды алуға болады) бір белгісіз тылсым күш келіп ондағы адамдарды әлсіретіп, жартылай ұйқыға салып кетіпті. Олар өздерінің не істеп, не қойғанын білмей ұйықтап жүреді екен. Біздің мақсатымыз оларды оятып өмірлерін жақсартып, олардың жандарына үміт отын жағуымыз керек. Ол үшін сіздер басында бөлінген топ бойынша қарапайым, түсінікті, шынайы түрде оларды оята алатын бағдарлама құру керек. Осы нұсқаулық бойынша әр бір топ төмендегі бағыттар бойынша бағдарлама құрастыру қажет. 1 - топ: қаладағы қылмыстық іс әрекеттерді тоқтатып, қалада тыныштық тәртіп орнату керек. (заңгерлер) 2 - топ: қаланы басқару керек ( әкімдер атқарушы мемлекет қызметкерлері) 3 - топ: экономикалық жағдайын жандандыру, жұмыссыздықты жою, адамдардың тұрмысын жақсарту. (экономистер) 4 - топ: қалада тұратын адамдардың бақытын табуға олардың жан дүниесіндегі проблемаларды шешуге, өмірдің мәнін табуына көмектесу (психологтар психологиялық қызметтер) 5 - топ: адамдардың денсаулығы аумақтағы экологиялық мәселелер (әр түрлі экологиялық жағдайлардан кейінгі инфекциялардың таралуы) профилактикалық іс шаралар. (дәрігерлер, медициналық қызметкерлер, экологтар) Жүргізуші: нақты және төмендегі жобаларды жасауды ұсынуына болады. • Жаппай адамдарды компьютермен қамтамас ету, программаларды құрастыруға үйрету. • Тауар айыр бастау немесе сауда жолдарын кеңейту. нарыққа шығу. • Білім және ғылым мәселелерін көтеру. т. б. Осы программаларды жобаларды жүзеге асырып көрейік сол кезде біз қаланы оята аламыз ба көрейік. Егер қандайда бір жағдайлармен топтардың бірі жобаларын жүзеге асырмаса онда біз қаланы оятпақ түгіл олар бізді тыңдағысы да келмей қалу қауіпі бар екендігін ескеруіміз керек. Жүргізуші тақтаға қаланы ояту үшін қарастырылатын жобалардың аттарын жазады. 1. Экономика 2. Денсаулық 3. Басқару 4. Адамдардың бақыты. 5. Тәртіп Әр бір топ өздеріне ұнағанын таңдап алады. (немесе қағазға жасырып, кімге қандай жоба келетінін анықтауға да болады) Бұл жобаларды дайындауға 10 - 15 минут уақыт беріледі. Әр бір топ өз парақтарына 5 немесе оданда көп шынайы түрдегі мәселелерді шешетін жобасының негізгі бағытын анықтайтын тұжырымдамаларын көрсетеді. Шынайы жағдайларды ескеру керек. Казіргі кездегі саяси - экономикалық көшбасшылар немесе саясаткерлер сияқты емес өз қаласында болып жатқан нақты мәселелер бойынша жобасын құрастыру керектігін айтып кетеді. Әр бір топтан бір баяндаушы шығып өздерінің жобаларын баяндайды. Соңында талдау жүргізіледі сонымен қатар ол талдауларды видеоға түсіріп өздерінің бағдарламаларын көрсе де болады. 3. Рефлексия: ойын барысында сіздерге не ұнады? Ойыңыздан шықпаған әрекеттер бар ма? Қандай жағдай әсерін тигізді? Шешілмеген мәселелер тағыда қалып қойды ма? Көңіл - күйіңіз қандай? Жүргізуші өз тілегін айтып болашақ мамандықтардың алдында осылайша шешілетін үлкен мәселелердің туындайтындығын тағыда бір рет айтып, «алынбайтын асу жоқ» деген қазақтың қанатты сөздерімен тренингті аяқтауға болады. Тілектеріміз: тілектерін оқушылар шарларға жазып аспанға ұшырса да болады.Кері қайтуатериал рейтингісі: Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар Әдісі: тренингтер, әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс І. Кіріспе. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау. 1. Тренинг. «Сенің ерекше қабілетің» Бір-бірімізге тек қана бір жақсы қабілетімізді жазайық. Оқушылар, сыныптастарының арқасында ілінген ақ қағазға, оқушының өзі байқаған жеке қасиетін жазады. Мысалы: ұйымшыл, белсенді, іскер, өнерлі. ІІ. Негізгі бөлім 2. Тақырыпқа кіріспе. Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан. (Абай Құнанбаев) Сұрақ-жауап. 1. Ұлы ақын Абай Құнанбаев осы өлеңі арқылы бізге қандай ой тастап тұр? 2. Адамның өмірден өз орнын таба білуі дегенді қалай түсінесіңдер? «Ми шабуылы» — ой қозғауы Мамандық дегеніміз не? Мамандықты меңгеру үшін не қажет? Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе? Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар? Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек? Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек? Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек? Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады? «Мамандық қасиеттері» жаттығуы Жүргізуші психолог: Нұсқауы. Мен белгілі бір мамандықтарды атаймын, ал тренингке қатысушылар аталған мамандықтарының бойында болуы қажет қасиеттерді тез арада атап беруі керек. Мысалы жүргізуші психолог: «мұғалім» мамандығын айтса, қатысушылар: салмақты, әдепті, жауапкершілігі мен адамгершілігі мол, т.с.с. Сонымен: «зергер», «мүсінші», «тергеуші» т.б. «Жасырылған мамандықты тап!» жаттығуы Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 4 — топқа бөлінеді. Әр топтың бір қатысушысы келіп жүргізушінің қолындағы топшаманы суыруы керек. Әрбір топшамада белгілі бір мамандықтың аты жазылған. Барлық топ өздеріне түскен мамандықты қарсы топтарға ешқандай вербалды емес қарым-қатынаста (ешқандай сөз қолданбай), ым-ишарамен, түрлі қозғалыстарымен түсіндіруі қажет. Ал қарсы топтар жасырылған мамандықты табуы керек. «Әріпті мамандық» ойыны Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 3-4 топқа бөлінеді. Әр топқа бір әріптен беріледі. Әр топ өзара келісе отырып, сол әріптен басталатын мамандық аттарын жинақтап жазып, ауызша атап шығулары керек. Сонымен қатар, өздері тапқан мамандықтарының қыр — сырын айту керек. Мысалы: І топ: «А», ІІ топ: «К», ІІІ топ: «Ж», ІІІ І топ: «Б». агроном күзетші журналист биолог Педагог-психолог: Мамандық таңдауда адамның шоқжұлдыз сипаттамасын да ескерген абзал. 1. Тоқты белгісінде туылғандардың көбісі мектеп қабырғасында жүргеннен болашақта қандай мамандықты таңдайтынын бағамдай жүреді. Өздері еңбекқор, шаршағанды білмейтін жандар. Олар өздерінің қандай саланы тез игеріп алып кететінін де біледі. Бұл белгіде туылғандардан сатушы, білікті тіс дәрігері, хирургтер шығады. Осы мамандықты таңдаған тоқтылардың көбісі үлкен жетістікке шыққандықтары дәлелденген. Кәсіби спортшылар да жетерлік. Тоқтылар билікке жақындау, мейлі тіпті бастық болмасын әйтеуір жеке кабинеті болғанын қалайды. Бірақ олармен қандай бір келіспеушілік жағдайында жеңемін деп ойламаңыз. Нәтижесінде жұмыстан шығып кетуіңіз ғажап емес. 2. Торпақтар нақты бір мамандықты таңдамайды. Біраз уақытқа дейін кім болатынын ойланып жүреді. Бастысы өзінің материалдық жағдайын жақсартуға септігін тигізетін кәсіп болса жетіп жатыр. Табиғатынан салмақты болып келетін торпақтар өнерге бір табан жақын. Бірақ көбінесе оны өзгелерге жария етпей, ішінде сақтап жүреді. Олардан жақсы әнші, суретші, ақын, театр өнерінің маманы, костюм шебері шығады. Егерде қолға алса аспаз, мейрамхалардың қызметін басқарушы бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізе алады. Тоқты белгісінде туылғандар мұғалімдікті да жақсы меңгереді. Сәулетші, дизайнер болса да биік мақсаттарды бағындыра алады. Бастысы алған жұмысын соңына дейін аяқтауға шыдамы жетеді.Сондықтан олар ұжымда сенімге ие. 3. Егіздер белгісінде туылғандар ақшаға бір табан жақындау келеді. Сондықтан олардан жарнама бөлімінің, менеджмент бойынша мамандық иелері шығады. Кәсіпкерлік саласында егіздер жақсы жетістіктерге қол жеткізе алады. Бұл белгіде туылғандар құжаттармен жақсы жұмыс жасайды алады және баяндама жазудың, аударманың шебері. Шоу-бизнес пен кино өндірісі де Егіздер үшін қолайлы. Ол продюссер, кеңесші бола алады. Жұмыстан кешікпеуге тырысады. Егіздер бастық болуға ұмтылады. Алайда көбінесе орындаушы ретінде қалады. 4. Шаян белгісіндегі адамдардың көбісінің мамандығыны ата-анасы таңдайды. Олар нәзік, әрі жанашыр болғандықтан ана мен балаға қатысты мамандықтардың иелері болады. Психолог, тәрбиеші, акушер-дәрігер шаяндар өз мамандығының шебері. Бұл белгіде туылғандардың бойынша аздар әртістік қабілет болады. Сондықтан олар ұжымдағы әріптестерімен тез тіл табыса алады. Тіпті өзінің жанына жақын емес мамандықты таңдаса да, оны осы қабілетімен игеріп кетуі де ғажап емес. Шаяндардан білікті азпаз, кафе, мейрамхана, барлардың үйлестірушілері де шығады. Қысқасы бұл белгідегі жандар көп саланы меңгере алады, тек жұмыс беруші лайықты ақшасын төлесе. 5. Арыстандар үшін мамандық таңдаудың аса маңыздылығы жоқ. Олар болмашы нәтиже беретін жоспар, жобаларға уақыт кетірмейді. Үлкен істерге қол созады. Сондықтан арыстан белгісінде туылғандардың басым көбінен басшы, ірі компаниялардың жетекшілері шығады. Саясат, кәсіпкерлік, мәдениетке араласса жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Арыстандарда ұйымдастырушылық қабілет өте жоғары болады. Таңдау жасауда бұл белгіде туылғандар көп қателеспейді. Жұмысбастылығы сонша кейде демалыс жайлы ұмытып та кетеді. Басшыларға бағынғысы келмейді. Сондықтан көп қысым жасала берсе, жұмыстан кетіп қалу олар үшін қиын емес. Арыстандар мемлекеттік қызметті жөн санайды. Аздап жалқаулығы болмаса, еңбекқор. 6. Бикештер мамандыққа мектеп қабырғасында жүргеннен аса мән береді. Олар үшін әрбір жұмыстың мәні жоғары. Аса жауаптылығы оның көптеген мүмкіндіктерге жолын ашады. Байсалды мінезі адамдарға қамқор болуға септігін тигізеді. Бикештерден мықты медицина мамандары шығады. Олар дәрігерлікті таңдаса үлкен жетістіктерге қол жетізе алады. Көптеген белгілі медбикелер осы белгіде туылған. Бикештер аса еңбекқор. Өзіне берілген жұмысты аса ұқыптылықпен және мерзімінде орындайды. Оларға ұжымда сеніммен қарайды. Сондай-ақ бизнесте, басшылық қызметте да бикештердің жолы болады. Олар тыныштықты қалайтындықтан, шағын ұжымда және нақты кестесі бар орында жұмыс істегені дұрыс. Оны сынай көрмеңіз, бәрібір өзінікін дәлделдеуге тырысады. Ал өздері біреуді қатты сынайды. 7. Таразы белгісінде туылғандар үшін мамандық таңдау аса қиын. Көп ойланады. Оларды асықтырмаған жөн, әйтпесе үлкен қателік жасауы мүмкін. Сондықтан шешімді өзіне қалдырған дұрыс. Іскерліке қарым-қатынаста таразылар өте әділ, аса маңызды мәселелердің түйінін тарқату олардың қолынан келеді. Олар саясатқа араласады. Бірақ көп жағдайда қателік жіберіп алады. Білімін жақсы жетілдіргенде ғана бұл бағытта үлкен жетістіктерге жетеді. Таразылар құжаттарға мұқият емес. Сондықтан кәсіпкерлік ісімен, ақшаға қатысты жұмыспен айнылыспағаны жөн. Олар үлкен ұжымда да өздерін еркін сезінеді әрі өзгелер үшін ашық. Жұмыстағы талқылау, бағалау келгенде таразылар белсенділік танытады. Олар жұмыста қатал, өмірде жұмсақ адамдар. 8. Сарышаяндар белгісінде туылған жандар эмоцияға берілгіш, сонымен қатар өзінің мүмкіндігін көрсете алатын адамдар. Қысылтаяңда өз жолын тез табады. Олардан шахтер, репортер, хирург мамандықтары жақсы шығады. Іскерлік қарым-қатынаста өзін еркін сезінетін жандар. Адамдармен үнемі байланыста болатын мамандық иелері осы белгіде туылғандардан көп шығады. Сарышаяндар үнемі алға ұмтылып жүреді. Өзгелерге өзінің мүмкіндігін көрсетуге талпынады. Өзінің күшіне, білім мен біліктілігіне арқа сүйейді. Олар аса қиын келіссөздерді шешуге келгенде таптырмас адамдар. Кейде жұмыста жалқаулыққа бой алдырады. 9. Мергендер бала күніне карьерада биік белестерді бағындыруды армандайтындар. Көбінесе өз күшіне сенеді. Аса қиын мамандықтарға жаны құмар. Тіпті спортта да қауіпті түрін таңдайды. Мерген жұмысты беріліп атқарады және оны өзгелерден де талап етеді. Ол сөзсіз көшбасшылыққа ұмтылады. Басшылық тарапынан сыйластықпен қарауын немесе керісінше ашық қарсыласуға тәуекел етеді. Бұл белгіде туылғандардың саяхат жасағанды жақсы көреді. Олардан жақсы спортшылар, аң аулаушылар, репортерлер шығады. Ойынхана, мейрамхана, қонақ үйлердің жұмысын басқару, үйлестірудің шебері. Қоғамдық, саяси қайраткерлікке қызығады. Бастық болған жағдайда әділ болады. Жалғандықты жаны сүймейді. Мұнысы ұзақ уақыт қалыптылықты ұстап тұруға көмектеседі. Сондай-ақ артық әңгімені тыңдамайды және тез ұмытады. 10. Тауешкілер бірі бала кезінен мамандықты таңдайды, енді бірі ата-анасының таңдауына құлақ асады. Кеш шешімге келуі де мүмкін. Бұған қарап тауешкілер үшін мамандық таңдаудың аса маңыздылығы жоқ екендігін аңғаруға болады. Олар кез-келген кәсіпті игеру кетеді. Еңбекқорлығының арқасында. Тіпті шаршағанын да аңғармай қалады. Іскерлік қарым-қатынаста және шағын ұжымда өзін еркін сезінеді. Тауешкілерден білікті тіс дәрігері, сәулетші, мұғалім, фармацевт, кітапхана қызметкерлері шығады. Көпшілік қашатын қазазбастылық оған ұнайды. Кез-келген мамандықта ол басшылыққа қол жеткізуді қалайды. Байсалды мінезіне орай, өзін ұжымда сыйлағанын жөн санайды. 11. Суқұйғыштар үшін кәсібилік аса маңызды. Сондықтан тек қана жетістікке жетуді көздейді. Жұмысты аса ұқыптылық, жауапкершілікпен орындайды. Жаңа ұжымда өзін еркін сезінбейтін секілді көрінеді.Оның орны әріптестері үшін тек өзге қызметке ауысқанда ғана білінеді. Суқұйығыштар өзін ойын өзгерте бермейді және өзін талқылауға жол бермейді. Педагогика, білім беру, әлеуметтану, психология саласында биік жетістіктерді бағындыра алады. Олардан мықты сәулетші, заңгер шығады. Бұл белгіде туылғандар аса іскер сондықтан сырт сөздерге аса мән бермейді. Өзіне бағаны аса жоғары қояды суқұйғыштар. Өйткені өзінің мүмкіндігін жақсы біледі. Ақшаны үнемдей алады. 12. Балықтар жылдамдықты қажет ететін мамандыққа аса құмар. Олар жетекшілік жұмыстарды жаны сүйеді. Мемлекеттік қызметтен гөрі, шығармашылық ортада жұмысты жасағанды қалайды. Олардан жақсы мұғалім, журналист, кино өнідірісіндегі мамандар шығады. Қайырымдылық шараларын ұйымдастырудың да шебері. Көбінесе пайданы ойлай бермейді. Балықтар жазушы, суретші, әртіс бола алады. Әрине таланты болса. Ұжымда өзіне бағытталған теріс пікірлерді тез арада жоюға тырысады. «Өз жұлдызыңды жақ» (Сынып бойынша презентация, жоба құрастырып, таңдаған мамандықтарының мақсатын, мазмұнын, қырлары мен өмірлік сырлары жөнінде айтып шығу). Қорытынды: Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз. ІІІ. «Сәйкестендіру» Мына берілген қасиеттердің қайсысы қай маман иесінде басым болуы керек? Мамандықтар: Мұғалім көру Жүргізуші есте сақтау Дәрігер иіс сезу Аспаз төзімділік Әнші жылдамдылық Инженер талапшылдық Тренер әдептілік Бухгалтер табандылық Фермер шығармашылық Дизайнер есту қабілеті |