Главная страница
Навигация по странице:

  • Тақырыбы

  • Көрнекілігі

  • Сынып сагаты. 9 сынып сынып сагат. Таырыбы ТегімізТркі, дінімізИслам Сынып 9 А ткізген Кудайбергенова Г. Ж


    Скачать 23.16 Kb.
    НазваниеТаырыбы ТегімізТркі, дінімізИслам Сынып 9 А ткізген Кудайбергенова Г. Ж
    АнкорСынып сагаты
    Дата02.10.2022
    Размер23.16 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла9 сынып сынып сагат.docx
    ТипДокументы
    #709828


    Зеленый бор ауылының мектеп-гимназиясы
    Сынып сағаты
    Тақырыбы: «Тегіміз-Түркі, дініміз-Ислам»

    Сынып: 9 «А»

    Өткізген: Кудайбергенова Г.Ж.

    2022 жыл


    Тақырыбы: «ТЕГІМІЗ-ТҮРКІ, ДІНІМІЗ-ИСЛАМ»

    Мақсаты: Қазақстандағы ислам дінің шығу тарихы, ислам дінің ғылымға, мәдениетке, мәдени ескерткіштердің дамуына тигізген әсері туралы айту.

    Көрнекілігі: слайд, видеолар
    Біз тегіміз – түрік, дініміз – Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап – Құран Кәрімді насихаттауымыз керек.

    (ҚР. Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.)
    Біздің қазақ халқы – мұсылман, діні – Ислам екендігін үнемі Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев биік мінбелерден тектен-текке айтып жүрген жоқ. Сан ғасырлар бойы исламдық жолды ұстанған ата-бабаларымыз осы дінге лайықтап өз әдет- ғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімін қалыптастырған, әрі оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған.

    Ислам дінін үгіт–насихат етушілерден гөрі өзге діндерге насихаттаушылар көп. Олар қалалардағы көше- көшелерді, тіпті ауыл-аудандарды аралап, тегін діни кітаптарын таратып, жұртты азғырып жүр. Қайта, міне осы миссионерлердің өзі адам құқығын бұзып, отбастарымызға ылаң салуда. Қазір Республикамызда екі мыңнан астам діни секталар мен ағымдар білгенін істеп жатыр. Олардың қатарында Ислам атын жамылған және «Ахмадия» секілді теріс жолдағы ағымдар да бар. Атамыз қазақ «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. Бала шыр етіп дүниеге келген күннен имандылықты бойына 97 сіңіру, мектепте де, жоғарғы оқу орындарында да мұны талассыз жүргізіп отыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

    Кім не айтса да, мен жастарымыздың иманға бет бұруын – үлкен олжа деп түсінемін. Ұяты бар адамның жүрегінде иманы болатыны данышпан Абай дәл айтып өткен. Ұяты жоқ адамның бойында иман тұрмайды деген сөз содан шыққан. Шошынсақ, имансыз адамнан шошиық. Имансыз адамнан неше түрлі опасыздық күтуге болады. «Құдайдан қорықпағаннан қорық» демекші, имансыз адамнан еш уақытта жақсылық күтуге болмайды. Қазақ жастарының Жаратушыға жалбарынып, жақсылыққа ұмтылысын Алланың шексіз сыйына балаймын. Мен оны қолдап, қуаттаймын. Мұндай жастарды қолдамасақ, әбестік болады. Оған қуануымыз керек. Қаракөз қарындастарымыздың етек-жеңін жиып, әуретті жерін жауып жүруі – атам қазақтың дәстүрінде бар жақсы қасиет. Балиғатқа толған қыздарымыз өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай шариғат талабына сай киінген. Осы дәстүр ұмытыла бастап, қайтадан жаңғырып, жастар арасында көрініс бергеннен кейін кейбір адамдар оларға шошына қарайтын болды.

    Жақсы мінездің адамға және қоғамға әсері Егер адам баласы бойында жақсы мінезді қалыптастырса, өзінің өмірінде, қарым-қатынасында көптеген жақсы әсерлер қалдырады. Осылайша өмір тіршілігі белгілі бір мәнге ие болып, қоғам да жоғары деңгейге көтеріледі. Мына төмендегілер біздің өміріміздегі мінез-құлықтардың маңызды көрінісі:

    1. Алланың ризашылығына бөлінеді.

    2. Пайғамбардың жолын ұстанады, өйткені ол адамзат баласының ішіндегі ең кәміл көркем мінезге ие болған адам. Сондықтан да адам қияметте оның жанында болуын қалайды.

    3. Қоғамда қауіпсіздік, адамдар арасында мейірім және өзара жәрдемдесу сезімдері орнығады. Әрбір адам өзінің құқықтарына ие болып, қоғамдағы жаман әдеттерден арыла бастайды.

    4. Адам баласының бойында өзіне сену сезімі болады. Ол арқылы жақсы амалдарға бетбұрады. Осылайша бойында ерекше сенімділік пен жігерлілік пайда болады.

    5. Егер адам баласы өзінің міндеттерін ұқыпты орындайтын болса, онда ол өтірік пен бұзақылықтан алшақ болады. Ал бұл экономиканың дұрыс өсуіне ықпал тигізеді. Қоғамда әділдік орнатылып ілімнің, ғылымның дамуы арта түседі.

    6. Жәннат есіктері көркем мінезді адамға лайықты. Әлбетте көркем мінез жәннатқа кіруіміз үшін маңызды және негізгі шарт боп есептелінеді. Егер оны дұрыс жолға қоя алмасақ онда намазымыз да, оразамыз да көмек бере алмайды. Сондықтан да көркем мінезді жан қияметте ерекше құрметке ие болады. Әбу Дардадан келген хадисте Пайғамбар айтты: «Қияметте амал таразысында ең абзал нәрсе ол – көркем мінезді болу». 122 Міне, біз көркем мінезді болудың қаншалықты маңызды екенін білдік. Өйткені жақсы мінез жетістіктің көрінісі, жақсы мінез болмай біз өмірімізді тұрақтата алмаймыз, қоғамда өзгеріс болмайды. Иманды адам жақсы мінезге ұмтылады. Өйткені онда Алланың разылығы және Пайғамбарымыздың жолын ұстануымыз бар.

    Ислам ұлттық бірегейлікке ешқандай қатер төндірмейді, керісінше, оны бекіте түседі. Қасиетті Құрандағы «Ей, адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы» 169 деген мағынадағы аяттар осыған меңзейді. Қорыта келгенде Ислам дінінің кітабы «Құран Кәрім», өткен мен қазіргі уақыт сабақтастығын жүзеге асырды, онда көптеген халықтардың тарихы мен тағдыры тоғысты, терең тарихи тамырлары, уақыт пен кеңістік аясындағы әр түрлі халықтар тұрмысындағы ұқсастықтары ашылып, адам, қоғамның пайда болуының алыс-жақын түп-тамырлары зерттелді: Құранның уақыт өтсе де маңызы кемімейтін қасиеті де осында. Ислам діні көптеген халықтардың рухани 169 Хұжұрат сүресі, 49/13 аят. 108 табиғатына сай келді. 1500 жылғы Ислам тарихы, Мұхаммед Пайғамбардың өмірі, оған дейінгі Пайғамбарлар тарихы осыған дәлел.


    1. Ислам діні  қай  ғасырда  пайда  болды?             Б.з.б  IIVғ

    2. Араб тілінде «шариғат»  қандай  мағнаны  білдіреді?     Тура  жол

    3. Құранда қанша  сүре  бар?  114  сүреден  тұрады

    4. Дүние жүзінде  ислам дінін  ұстанушылардын  саны  шамамен:  2  млрд жуық

    5. Мухамед қай  жерде  дүниеге  келген?  Меккеде

    6. 632 жылы қажылық  кезінде  Мұхаммед  пайғамбар  өзінің  соңғы  сөзін қай жерде  арнады?  Арафат  тауында

    7. Ислам дінін қазіргі  кезде  әлемнің  қанша  мемлекеті  ұстанады?   35  мем-т

    8. Мұхаммед пайғамбар  неше  жасыннан  бастап  көкесіне  ілесіп  саудаға  араласа  бастады?                    13  жасыннан

    9. Ислам дінің  бес  парызын  ата:          Куәлік  сөзін  айту, намаз  оқу,  ораза  ұстау,  зекет  беру,  қажыға  бару.

    10. Қазақстанда ислам  діні  қай  жылы  мемлекеттік  дін  болып  қалыптасты?  960 жылы

    11. Қағба тасының  биіктігін  ата:  15 м  биіктіктегі  кубтан  тұрады

    12. Жұма  намазы  қалай  оқылады?  Мешіттерде  жамағатпен  бірге  оқылуымен  ерекшеленеді.

    13. Зекет сөзі  қандай  мағнаны  білдіреді?  Көбею, өсу

    14. Мұхаммед пайғамбардын  Хадишадан  қанша  ұрпағы  бар?   3  ұл,  4  қыз

    15. Құран сөзі  араб  тілінде  қандай  мағнаны  білдіреді?  «көп  оқылатын  кітап»


    написать администратору сайта