Главная страница
Навигация по странице:

  • Өту форматы

  • 1.Психологиялық дайындық. «Мен тіледім өзіме»

  • 2. Қызығушылықты ояту.

  • ІІІ. Толеранттылық сөзінің мағынасын ашу.

  • ІV. Ситуациялық жағдаяттар. 1 – жағдаят

  • V.Достық туралы өлеңдер: 1)

  • Қорытынды. Қазақстан дамуының 3-кілті бар – деген Елбасымыз Н.Ә.НазарбаевБіріншісі

  • Екіншіші

  • Толеранттылық. Таырыбы Толеранттылы тзімділік лемі Масаты


    Скачать 18.16 Kb.
    НазваниеТаырыбы Толеранттылы тзімділік лемі Масаты
    Дата25.12.2020
    Размер18.16 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТолеранттылық.docx
    ТипДокументы
    #164133

    Тақырыбы: Толеранттылық – төзімділік әлемі

    Мақсаты: Оқушыларға толеранттылық туралы түсінік бере отырып, көпұлтты Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси тұрақтылықтың кепілі этникалық және діни татулықтың қажеттілігін ұғындыра отырып, төзімділікке,ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Ситуациялық тапсырмалар бере
    отырып, ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттырып, дүниетанымын
    кеңейту.

    Өту форматы: қашықтан (онлайн)
    Түрі: пікірталас сабақ

    Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой толғаныс

    Барысы:

    І. Ұйымдастыру бөлімі

    1.Психологиялық дайындық.

    «Мен тіледім өзіме»

    -Балалар, кәнекей барлығымыз бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамастан бұрын, өз-өзімізге тілек тілеп, көңіл-күйімізді көтеріп алайық.

    2. Қызығушылықты ояту.

    -Балалар, толеранттылық деген ұғым сендерге таныс па?

    -Бұл сөзді қайдан естідіңдер?

    ІІ. Негізгі бөлім.

    Толеранттылық латын тілінен алынған, қазақша мағынасы – шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға,  әдеттерге төзімділік таныту деген  мағынада қолданылады. Барша адамзаттың ұлтына, нәсіліне, ұстанатын дініне  қарамастан, төзімділік  танытып, түсіністікпен қарап,  оларды  өзіндей  қабылдау  қасиетін бір сөзбен  толеранттылық  дейміз.

    Толеранттылық - халықаралық қолданыстағы термин. 1995 жылы 16 қарашада  ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы «Толеранттылық қағидаттары» туралы декларация қабылдады. 

    Толеранттылық мәні қазақ тілінде тіпті терең: төзімділік, шыдамдылық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау, келісімін табу деген мағына береді. Адамдар арасындағы өзара сыйластықты, мейірбандықты білдіреді. 
    Қазақстандағы толеранттылық –ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс деп те айтуымызға болады. Имандылық пен татулықты, бірлік пен бейбітшілікті ту еткен кешегі бабаларымыз ұрпағын ұйымшылдыққа, қайырымдылыққа үндеп отырды.
    ІІІ. Толеранттылық  сөзінің мағынасын ашу.

    Толеранттылық – бұл  төзімділік.

    Толеранттылық – бұл ықыластық.

    Толеранттылық – бұл даналық.

    Толеранттылық – бұл адамгершілік.

    Толеранттылық – бұл аяушылық.

    Толеранттылық – бұл  қайырымдылық

    Толеранттылық – бұл әділеттілік

    Толеранттылық – бұл кең пейілділік

    Толеранттылық – бұл өзара түсіністік

    Толеранттылық – бұл тілектестік.
    ІV. Ситуациялық жағдаяттар.

    1 – жағдаят:Айман төртінші сынып оқушысы. Ол ән салып, би билегенді ұнатады. Уақытының көбін осыған арнағысы келеді. Осыны ойлағанда үй тапсырмасын да тыңғылықты орындағысы келмей қалады. Үй шаруасына көмектесуге де ынталанбайды. Ән салып, би билеуге де бар күшін сала қойған жоқ.

    • Айманның бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыздар? Достары ретінде сіздер қандай кеңес бересіздер?

    2 – жағдаят:Айдос, Берік және Самат сыныптас достар. Үшеуі бала кезден дос. Айдос сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Берік пен Самат та ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Самат: -Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені апайға ауырып қалды дей салыңдаршы, -деп өтінішін айтты...

    3 - жағдаят:Мұғалім оқушыларға «Табиғат» тақырыбына жоба дайындауға тапсырма берді. Нұржан: - Болат кітапханаға барып жобамызға әзірленейік. – Жоқ, табиғат туралы мәліметтерді жинақтай салуды ағама тапсырғанмын, - деді Болат. – Ағаң бізге қажет нәрсені білмейді ғой, - деді Нұржан. – Ештеңе етпес, жобамызды тапсырсақ болды емес пе? Нұржанның әрекеті...

    • Сіздердің ойларыңызщы қалай еткенде, дұрыс әрекет болады?


    V.Достық туралы  өлеңдер:

    1) Достықтың болған емес шекарасы,

    Елімнің мен де туған бел баласы.

    Отанға миллиардты берді тағы

    Қазақтың қасиетті кең даласы.

    2) Ынтымақ –достық береке –

    Бағымыз біздің жайнаған.

    Ынтымақ-бақыт, мереке

    Шаттыққа толы  айналам.

    3) Ынтымақ тасқынымен тастым да мен,

    Кең жайдым құшағымды достыма мен.

    Біргеміз өмір-бақи, отандастар,

    Жалғасар өміріміз достықпенен
    Қорытынды.

    Қазақстан дамуының 3-кілті  бар – деген  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев

    Біріншісі - 135 этносты біріктіруші – бүкіл  қазақстандықтардың  ынтымақтастығы.

    Екіншіші-Толеранттылық болса.

    Үшіншісі- тарихи тағдырлардың қауымдастығы деп атап көрсетті.

    Адамдар әрқашан көмек беруге әзір тұру керек. Дұрыс, ізгі ой – ниеттен туындаған барлық іс дұрыс болып, басқаларға және өзіңе қуаныш әкеледі. Жасаған ісіңді, көмегіңді ақысыз, қайтарымсыз жасау дұрыс әрекет болады. Көмекті оймен, сөзбен, іспен жасауға болады. Өзгелерге жақсылық жасау арқылы біз ең алдымен өзімізге көмектескеніміз.


    написать администратору сайта