Главная страница
Навигация по странице:

  • Бірінші империя

  • Еуропада либералдық қоғамдық идеяның таралуы.

  • Джон Стюарт Милль

  • 1804 жылғы Азаматтық кодекстен Меншіктік қатынастар мен оны иеленушілер туралы538-бап.

  • 539-бап.

  • 546-бап.

  • Жұмыс пен қызметке жалдану туралы. Қызметші мен жұмысшы жалдау туралы 1780-бап.

  • 1781-бап.

  • кмж. Наполеон. Таырып 28. Еуропаны згеруіне Наполеон жорытарыны сері Наполеонны жаулаушы жорыыны Еуропадаы индустриалды оамны алыптасуына ыпалы


    Скачать 0.8 Mb.
    НазваниеТаырып 28. Еуропаны згеруіне Наполеон жорытарыны сері Наполеонны жаулаушы жорыыны Еуропадаы индустриалды оамны алыптасуына ыпалы
    Дата05.08.2022
    Размер0.8 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаНаполеон.docx
    ТипДокументы
    #640929

    Тақырып 28. Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері

    Наполеонның жаулаушы жорығының Еуропадағы индустриалды қоғамның қалыптасуына ықпалы. 1799 жылғы 18 брюмердегі (9-10 қараша) мемлекеттік төңкеріс Ұлы француз революциясына соңғы нүкте қойды. Мемлекет басында Наполеон Бонапарт тұрған консул режімі енгізілді. 1804 жылы консулдың орнына Бірінші империя келді, Наполеон империтор болып жарияланды.

    Наполеон Францияны әлемдегі жетекші мемлекетке айналдыру мақсатында, әсіресе бірінші кезекте Еуропа елдері арасында үстемдігін арттыру үшін сыртқы саясатта басқыншылық соғыс жүргізді. Бұл Еуропалық державалар мен халықтар тарапынан қарсылық тудырды. Сондықтан да Еуропа саясаты Наполеонның 1799-1815 жылдары аралығында жасаған жорықтарын Францияның Еуропада жеке үстемдік жасау мақсатында болған деп қаулы қабылдады.

    Наполеонның жаулап алу жорықтары Франциядағы капиталистік дамуды жеделдетті. Наполеонның жаулап алу жорықтары экономикалық қорды қажет етті. Үкімет елдегі кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік жасады. Ірі буржуазияға пайдалы мемлекеттік тапсырыстар беріле бастады. Наполеон елдің қаржылық жүйесінде реформалар жүргізді. 1800 жылы француз банкі құрылып, жаңа ақша бірлігі – франк енгізілді.

    1804 жылы Азаматтық кодекс (заңдар жинағы) немесе Наполеонның кодексі жарыққа шықты. Онда классикалық буржуазиялық модельдегі меншік қатынастары, мұрагерлік құқық, әйелдердің ерлерге, жалдамалы жұмысшының қожайынға қатынастары бекітілген. Кодексте азаматтардың заң алдында тең екені, тұлғалар еркіндігіне, мүлкіне, ар-ұят бостандығына қолсұғылмаушылық көрсетілген.

    ХІХ ғ. алғашқы он жылдығында француз экономикасының барлық саласы күрт дамыды. Әсіресе өндіріс қатты қарқын алды, мануфактурамен қоса, өндірістік машиналар да қолданысқа енгізілді. 1812 жылы тек тоқыма өнеркәсібі бойынша ғана 200-ден астам фабрикалар жұмыс істеп тұрды. 1800-1811 жылдар аралығында Лионда мата өндіру үш есеге артты. Бұл машиналарды қолдану арқасында болған жетістіктер еді. Жылдам даму тек жеңіл ғана емес, ауыр өнеркәсіпте де көрініс берді.

    Айтарлықтай даму Францияның ауылшаруашылығында да орын алды. Наполеон шаруалардың революция жылдары қол жеткізген жерлерін кедергісіз пайдалануына мүмкіндік беретін шарттарды бекітіп, реттеп берді. Бұл өз кезегінде жерді пайдалануды тиімді етті; мал басының өсіп, ауылшаруашылығында тауар санының артуы Францияның ішкі нарығының дамуына ықпал етті. Еуропа елдерін бағындырып, жаңа жерлерді жаулап алған Наполеон ол аймақтарды Францияның тауарын өткізетін аймақтарға айналдырды. Бұған 1806 жылы Наполеонның Англияға енгізген континенттік блокада саясаты етті. Нәтижесінде ағылшын өндірістік тауарларына Еуропа нарығы жабық болды. Мықты бәкелесінің жолын жапқан француз экономикасы өз дамуында жаңа қарқын алды.

    Жаулап алу жорықтары Францияның ресурстары мен күшін арттырды. Франция жаулап алған жерлері мен елдерін тонап, контрибуция алып, бағынышты елдерге, әскери континеттерге өзіне тиімді кедендік бағалар белгілеп, өз пайдасын еселеп арттырып, қазынасын толтырды.

    Буржуазиялық Францияның жаулап алу жорықтары феодалдық Еуропаға айтарлықтай ықпалын тигізді. Қақтығыстар феодалдық қатынастарды ыдыратып, капитализмнің дамуын тездетті.

    1811 жылы Француз империясы үлкен аймақты иеленген ерекше қуатты мемлекетке айналды. Бағынышты елдер мен одақтас мемлекеттерді қосқанда оның ықпалы бүкіл Батыс және Орталық Еуропаға дейін жүріп тұрды. Францияның бәсекелестері теңіз жағынан Англия, құрлықта Ресей ғана болды. Буржуазиялық Францияның жаулау жорықтарында жеңіске жету себептері құрлықтағы Еуропада оған қарсы шыққан мемлекеттер, негізінен, нашар жасақталған, аз санды әскері бар феодалдық монархия мен шаруа-помещиктер еді. Францияның әскери жеңістеріне Германия мен Италияның саяси бытыраңқылығы да өз әсерін тигізді. Оның шегарасында күшті ұйымдасқан мемлекеттер болған жоқ.

    Наполеон жаулап алу жорықтарының кезінде Франция шегарасын айналдыра қуыршақ мемлекеттерді құрып, олардың басына өз туыстарын отырғызып қойды.

    Француз билігі жаулап алған елдерінде буржуазиялық реформалар жүргізді. Француз әскерлері басып алған аумақтарда Наполеон кодексі енгізіліп, феодалдық тәртіп жойылды. Өндірісте капитализмнің дамуы цехтардың жойылуына әкелді. Шіркеу мен алпауыт жер иеленушілердің жерлерінің төмен бағада сатылуы жергілікті буржуазияның капиталын арттырды. Осы себепті капиталистік өндірістің дамуына мол мүмкіндік ашылды.

    Наполеонның Рейн одағы мен Вестфаль корольдығын құруы, қоғамдағы діннің ықпалын азайтуы, Азаматтық кодекстің енгізілуі Германияда саяси өзгеріс орнатты. Осының нәтижесінде 200-ден астам ұсақ елге бөлінген неміс халқының басы бірігіп, біртұтас мемлекет болып қалыптасты. Наполеонның кодексі енген Италияда шаруалардың бұған дейін сақталған басыбайлылығы біржола жойылып, жер иеленушілердің заңдары орнады. Наполеонның ішкі шегараларды жойып, бірыңғай заң жүйесі мен жалпы әскери бағыныштылықты енгізуі Италияның да біртұтас мемлекетке айналуына жол ашты. Германияға, Бельгияда, Италияда француздардың үстемдік құруы жергілікті феодалдық ақсүйектердің билігін шектеді. Испанияда феодалдардың ұйымдары тоқтатылып, шаруаларға міндеттеген бірқатар борыштар алынып тасталды. Герцогтік Варшавада шаруалардың басыбайлылығы жойылып, Наполеонның кодексі енгізілді.

    Наполеонның жаулап алған елдерінде феодалдық тәртіптің жойылуы оң өзгерістерге ықпал етті, капитализмнің дамуына жол ашты, абсолюттік режимнің әлсіреуіне әкелді.

    Еуропада либералдық қоғамдық идеяның таралуы. Еуропада капитализмнің дамуына жол ашқан Наполеонның жаулап алу жорықтары Еуропа мемлекеттеріне ақсүйек буржуазия мен интеллигенцияға басымдық беретін либерализм идеясының (лат. liberalis – еркін) кең таралуына ықпал етті. Либерализм мемлекет тарапынан болатын барлық шектеулерге азаттық ұранын ұстаным етті. Ол шексіз билік иеленген монархтар билігіне және католиктік шіркеуінің жоғары тармақтарына қарсылықтан туындады. Либерализм монархтардың құдіретті билік жүргізуіне қарсы болды және дін жалғыз ақиқат көзі деген ұстаныммен келіспеді. Оның орнына либерализм мынадай өз принциптерін ұсынды:

    • адамның жаратылыс берген табиғи құқықтарын сақтау (өмір сүру құқығы, бостандық пен меншік);

    • еркін нарықтық экономика;

    • тұрғындардың азаматтық құқығына кепілдік;

    • заң алдында барлық адамдардың теңдігі;

    • парламентаризмді дамыту;

    • мемлекет атқаруы тиіс міндеттер: сыртқы қауіптен шегараны қорғау, мемлекет ішіндегі әлеуметтік тәртіпті қолдау, жекеменшікті қорғау;

    • мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот қызметтеріне бөлу;

    • үкіметтің халық алдындағы жааупкершілігі.

    ХІХ ғ. ортасында либерализм қоғамда маңызды көзқарасқа ие болып, адамдардың жағдайын жақсартатын ауқымды қалыптасқан әлеуметтік теорияның негізі болып саналды. Либералдар революциялық міндеттерді реформа әдістерімен шешуге ұмтылды. Олар жалпыхалықтық сайлау, мемлекеттік істерді шешуде халықтың қатысуы, жергілікті биліктің дербестігі, әйелдер теңдігі, алқабилер соты, салықты тең бөлу, сөз бостандығы, ар-ұят, еркін бас қосулар үшін күресті.

    Батыс Еуропадағы жетекші мемлекеттерге таралған либералдық идея индустриялдық қоғамның қалыптасуы мен дамуына ықпал етті. Либералдар феодалдық тәртіптің жойылуына монархияның шектелуіне және парламенттік басқарудың енуіне қол жеткізді.

    ХІХ ғ. ортасындағы либерализм теориясының көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын философы және экономисі Джон Стюарт Милль болды. Ол азаматтық қоғамдағы істерге мемлекеттің араласпауы қажет деген либералдық принципке сүйеніп, осыған орай өз дәйектерін келтірді:

    • Жекетұлғалар өздеріне қатысты барлық істерді үкіметке қарағанда қашанда жақсы атқарады.

    • Еркін қауымдастықтар арқылы үлкен өндірістерді жекетұлғаларға басқаруға беру аса ауқымды қаржы мен жекетұлғалардың ой-өрісін өрістетіп, қабілетін арттырып, жан-жақты болуына септігін тигізеді. Үкіметтік қызмет барлық уақытта және барлығына бірсарынды болады.

    • Егер үкімет қоғамның алуан түрлі талаптарын орындауды мойнына алса және қызметке нағыз қабілетті адамдарды тартса, онда мемлекетте алуан түрлі бюрократия қалыптасып, оған елдегі барлық интелегенция шоғырланды... ал қоғамның қалған бөлігі ... (бюрократиядан) қалай және не істеу туралы кеңестер мен нұсқаулар күтеді, - бұл жағдайда қоғамдағы ең қабілетті әрі әділетті мүшелер бюрократия қатарына қабылдануға талаптанады. Нәтижесінде қоғам ең қабілетті бюрократиялық корпорацияға айналады, сөйтіп, қоғамның бір бөлігі басқаларды басқарып, жұмыс істеген секілді қалыпты әдетке айналдырады.



    Үй тапсырмасы:

    №1 тапсырма. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

    1. Наполеонның басып алу жорықтары Еуропаға қалай әсер етті?

    2. Еуропаға таралған либералдық қоғамдық идеяның себептерін атаңдар.

    3. Либералдық қозғалысқа қатысушылар қандай мақсат қойды?

    4. Либералдар өз күресінде қандай әдістерді қолданды?
    №2 тапсырма. Терминдік сөздіктермен жұмыс: мануфактура, жаулаушы жорықтар, буржуазиялық реформалар, либерализм, нарықтық қатынастар, азаматтық құқық, парламентаризм.
    №3 тапсырма. Наполеонның Азаматтық және Қылмыстық кодексінен келтірген үзінділерге байланысты мына сұрақтарға жауап беріңдер.

    1. Кодекс меншіктің қай түрін, қандай форманы бекітті?

    2. Кодекс қожайын мен жұмысшы арасында қандай қатынас орнатты?

    3. Неке келісімі туралы бап қандай мақсатты көздеген?

    4. Заң шығарушының өз экономикалық құқығы үшін күрескен жұмысшыға қатынасы қалай?
    1804 жылғы Азаматтық кодекстен
    Меншіктік қатынастар мен оны иеленушілер туралы

    538-бап. Мемлекет қарауына жататын даңғылдар мен жолдар, көшелер, өзендер мен су жолдары немесе өзендер, жағалаулар, теңіз айлағы және орындар, теңіз порттары, айлақтар, рейдтер – француз аумағының барлық бөліктері мемлекет меншігі болып саналады, жекеменшікке берілмейді.

    539-бап. Ешкім иеленбеген, иесіз қалған, мүліктің тең иелері болып өмірден өткен, мұрагерсіз қалғандардың барлық мүліктері мемлекет меншігі болып саналады.

    545-бап. Ешкім де қоғам қажеттілігі мен әділеттілікті қалыптастырудан басқа жағдайда, өз меншігінен еріксіз бас тартуға мәжбүрленбейді.

    546-бап. Жылжымалы және жылжымайтын мүлікке иелік ету барлығына құқық береді (мүлікті өндіру, оның сапасына табиғи және жасанды түрде қатысуға).
    Неке келісімі туралы
    1428-бап. Әйелінің барлық жеке мүліктерін басқаруға күйеуінің еркі бар. Ол әйеліне тиісті барлық жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді бір өзі талап ете алады. Ері әйелінің барлық жеке мүліктерінің жағдайына жауапты, егер сақтауға берілген мүлік әрекетсіздіктен, қараусыздықтан тозса, жауапты.
    Жұмыс пен қызметке жалдану туралы. Қызметші мен жұмысшы жалдау туралы
    1780-бап. Өз қызметінді ұсынған белгілі бір істің орындалуы мен оның мерзімі аралығында өзіңе ғана жауапкершілік жүктеледі.

    1781-бап. Жалақы мөлшері, аяқталған жылдарға еңбекақы мен ақы төлеу, өткен жылдарға сыйақы өндіру бойынша қожайынға сенім білдіріледі.
    1810 жылғы Қылмыстық кодекстен
    415-бап. Жұмысшылардың жұмыс орнындағы, бір сәтке болса да, жұмысты тоқтатқан қандай да бір ереуілдері, жұмыстың жүрмеуі, жұмыс уақытының алдында немесе одан кейін болса да жалпы жұмысқа кедергі келтіру, оның бағасын өсіру мақсатында әрекет жасағандар бір ай немесе үш айға дейін түрмеге қамалады. Ұйымдастырушылар мен оны қолдаушыларға 2 немесе 5 жылға дейін жаза кесіледі.


    написать администратору сайта