Главная страница
Навигация по странице:

  • 4 өндіріс факторын

  • Капитал

  • Зияткерлік

  • 15.12.22 ж сабақ 35-36. Таырып Бизнестегі негізгі ресурстар Кезкелген ндірісті кзі ресурстар


    Скачать 42 Kb.
    НазваниеТаырып Бизнестегі негізгі ресурстар Кезкелген ндірісті кзі ресурстар
    Дата12.03.2023
    Размер42 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла15.12.22 ж сабақ 35-36.doc
    ТипДокументы
    #982964

    15.12.22ж

    Тақырып: Бизнестегі негізгі ресурстар

    Кез-келген өндірістің көзі ресурстар болып табылады. Ресурстарды 4 топқа бөлуге болады:

    1. табиғи ресурстар – табиғатта экономикалық, өндірістік ресурстар жер, жер байлықтары, су қойнаулары, ауа кеңістігі түрінде кездеседі.

    2. материалдық ресурстар (капиталдық) – адамның қолымен пайда болған өндіріс құралдары (еңбек қарулары мен еңбек заттары), олар өз кезегінде өндіріс нәтижесі болып табылады және материалдық-заттай нысанда болады.

    3. еңбек ресурстары – экономикалық белсенді, еңбекке жарамды халық, халықтың еңбек қызметіне қатысу үшін физикалық және рухани қабілеттері бар бөлігі. Олар үш параметр бойынша бағаланады: әлеуметтік-демографиялық, кәсіби-біліктілік және мәдени-білім.

    4. қаржылық ресурстар (инвестициялық) – ақша құралдарының барлық түрлерінің және қаржылық активтердің жиынтығы. Оны өндірісті ұйымдастыруға қоғамның бөлуге мүмкіндігі болады. Қаржылық ресурстар “түсім мен шығыстардың” өзара әрекетінің, ақша құралдарын бөлістірудің, жинақтаудың және пайдаланудың нәтижесі болып табылады.

    Ресурстардың жеке түрлерінің мәні қолданылатын өндіріс технологиясына байланысты болады. Мысалы, индустрияға дейінгі қоғамда табиғи және еңбек ресурстары басты болса, индустриялықта – материалдық ресурстар, ао плстиндустриалдық қоғамда – интеллектуалдық және ақпарат ресурстары басым болады.

    “Өндіріс ресурстары” түсінігімен қатар экономикалық әдебиетте “өндіріс факторлары” түсінігі қолданылады. Бұл түсініктердің қандай ортақ белгілері бар? Ортақ белгісі: ресурстар да, факторлар да өндірістігі жүзеге асыратын табиғи және әлеуметтік күш болып табылады. Ал айырмашылығы: ресурстарға өндіріске қосылатын табиғи және әлеуметтік күш жатады, ал факторларға - өндіріс процесіне нақты қосылған ресурстар жатады. Сонымен, “ресурстар” түсінігі “факторлар” түсінігінен кеңірек. “Факторлар” түсінігі ресурстар тікелей өндіріс процесіне қатысқан уақытта қолданылады, яғни факторлар өндірістік ресурстар немесе өндірістік потенциал болып табылады.

    Өндірісті бастау үшін кем дегенде кім өндіреді және неден өндіреді деген сұрақтар қарастырылуы қажет. Сондықтан өндірістің екі факторы – адам және табиғат туралы айтуға болар еді. Бірақ бұл анықтама тым жалпылама. Әдетте экономикалық ғылымда 4 өндіріс факторын бөліп қарастырады: жер, еңбек, капитал және кәсіпкерлік қабілет.

    Жер” термині кең мағынада қолданылады. Ол табиғаттың берген барлық пайдалы заттарын қамтиды, яғни жер, су, орман ресурстары, пайдалы қазбалар байлығы.Жер әртүрлі мақсаттарда қолданылуы мүмкін. Бірінші кезекте оның ауыл шаруашылығында пайдаланылуы ескеріледі. Сондай-ақ ол өндірістің орналасу орны ретінде қызмет атқарады.

    Еңбек – адамның мақсатқа сай қызметі, оның көмегімен ол табиғатты өзгертеді және өз қажеттіліктерін қанағаттындыру үшін икемдейді. Еңбек – бөл адамның өзіндік ден, интеллектуалдық және рухани күш-қуатын жұмсау процесі, деме жұмыс күшін тұтыну процесі.

    Капитал – бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал-жабдықтары мен ақшалай жинақтары.

    Кәсіпкерлік қабілет өндірістің үш факторын (жер, еңбек, каптиталды) іске қосып, өзі төртінші фактор болып қызмет атқарады. Кәсіпкер өндіріс процесінеде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алып, фирманың бағытын айқындайды, тәуеклге барады. Ресурстардың әртүрлі комбинацияларын жасау – кәсіпкерлік қызметтің қажетті шарты.

    2-тапсырма.
    Қазір өз бизнесіңізді бастау үшін қандай қаржы ресурстары (қанша ақша) қажет екенін өзіңіз анықтауға тырысыңыз. Өз стартапыңыздың бизнес-моделіне және сізге қажетті материалдық ресурстарға сүйеніңіз. Егер сізге өндіріс қажет болса – станоктарды немесе машиналарды сатып алуға қанша қаражат кетеді, егер сізге кеңсе қажет болса – оны қайда алып тастайсыз, және сізге қанша шығын кетеді, егер сізге қойма қажет болса - оны қайда орналастырасыз және оны жалдау қанша тұрады. Сіздің қызметкерлеріңіздің жалақысы қандай болады? және т.б.
    Сізде шамамен келесі 26-кестедегідей болуы керек.


    1. кесте. Стартап үшін қажетті қаржылық ресурстар


    Неқажет?


    Бұлқаншатұрады(қаржыресурстары)?


    Кеңсені жалға алуға болады, қала шетінде, 3 адамға


    айына 60-80 000 теңге


    Машинасы бар жүргізуші - курьер немесе курьерлік компанияның қызметі


    айына 80 000 теңге немесе тапсырысқа
    500 теңге


    Тағы басқа




    Зияткерлікресурстар– бұл сіздің қызметкерлеріңіздің білімі, біліктілігі, білім деңгейі, жаңа технологиялар, лицензиялар, авторлық құқық, бағдарламалық жасақтама, нарық, бәсекелестік туралы білім және т.б.


    написать администратору сайта