Клиникадағы практика № 1. Тема. Хирургия жне тау блімшесіндегі, ота жасау бліміндегі асептикалы дадыларды дрыс орындалуын баалау. Асептика. Стерилизация трлері. Антисептика. Антисептика трлері
Скачать 15.43 Kb.
|
Клиникадағы практика № 1 Тема. «Хирургия және таңу бөлімшесіндегі , ота жасау бөліміндегі асептикалық дағдыларды дұрыс орындалуын бағалау . Асептика. Стерилизация түрлері. Антисептика .Антисептика түрлері ». Антисептика .Антисептика даму кезеңі .Антисептика түрлері. Тек ауа жоқ кезде дамитын микробтардың жарада көбеюі анаэробтық немесе газдың инфекциясы ретінде аса қауіпті.Жараға топырақ пен бірге сіреспені тудыратын анэ-робтық микробтардың түрлері енуі мүмкін.Механикалық антисептика - жараны алғашқы хирур-гиялық емдеу кезінде жүргізіледі. Физикалық антисептика - жарадағы микробтар үшін қолайсыз жағдай жасайды, атап айтқандай бүл жараны қүрғатады, жарадан сүйық суды сыртқа шығарады. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды ультра күлгін сәулесі өлтіреді. Химиялық антисептика -микробқа қарсы қабілетке ие әр түрлі дәрі-дәрмекті қолдануға енгізілген. Бүлар антисептикалық заттар деп аталады. Иод түнбасы, этил спирті, риванол, калий перманганаты сияқты антисептиктер жиі қолданылады. Антисептиктер Вишневский майы сияқты бірнеше заттардан қүралуы мүмкін. Биологиялық антисептика - жара инфекциясынан сақтандыру мен емдеу үшін пайдаланылатын антибио-тиктер жатады. Антисептиктердің жіктелуі .Дезинфекциялық заттар – асептикада құрал-саймандарды өңдеу, бөлмелердің қабырғаларын, еденді жуу, жалпы күтім заттарын өңдеу үшін қолданылады. Антисептикалық заттар – терінің сыртын, хирургтың қолын өңдеуде, жараны және кілегей қабатты жуып шаюда қолданылады. Химиотерапевттік заттар – әртүрлі патологиялық ошақтағы бактериялардың өсіп-өнуін тежейтін, адам денесіне резорбтивті әсер ететін, ішке енгізілетін заттар. |