Главная страница
Навигация по странице:

  • «Сен білесің бе» Наурыз мейрамына байланысты сұрақтар

  • Ұлттық ойындар ұйымдастыру

  • Қорытындылау.

  • Наурыз-Жыл басы. Трбие саатыны таырыбы Наурыз лысты лы кні Масаты


    Скачать 19.55 Kb.
    НазваниеТрбие саатыны таырыбы Наурыз лысты лы кні Масаты
    Дата23.03.2023
    Размер19.55 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаНаурыз-Жыл басы.docx
    ТипДокументы
    #1011162

    Тәрбие сағатының тақырыбы: Наурыз – Ұлыстың ұлы күні

    Мақсаты: Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамнын байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.Қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен дінімізді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу.

    Түрі: әдеби-монтажды

    Көрнекілігі: шар, қанатты сөздер, ұлттық дастарқан т.б.

    Барысы:

    1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!

    Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа жыл келді.

    Наурыздың 22-сі қазақтар үшін жыл басы – жаңа жыл, күн мен түннің теңелетін уақыты. Сондықтан да Наурыз тойын – Ұлыстың ұлы күні деп атаған. «Ұлыс» деген сөз мемлекет, ел деген мағынаны білдіреді.

    2-жүргізуші: Наурыз мейрамы — өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Наурыз – парсы сөзі, қазақша мағынасы «жаңа күн» дегенді білдіреді. Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Омарханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы біршама деректер жинаған. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!

    1 – жүргізуші:

    Қош келіпсіздер, құрметті ата - аналар,

    Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

    Алдарыңда жауқазындай құлпырған.

    Балғын шақты біз бақытты балалар!

    2 – жүргізуші:

    Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

    Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

    Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

    Би - биленіп, ән де бүгін шырқалар!

    1 – жүргізуші:

    Қызыр ата ортамызға келіп тұр.

    Бізге ақ батасын, ақ тілегін берейін деп.

    Сәлем беріп, алақанымызды жайып,

    Алайық атамыздың ақ батасын,-деп атамызды ортаға шақырып, батасын алайық.

    Нұртазаева Аминаның орындауында күй « »

    2 – жүргізуші:

    Уа, халайық, құлақ сал!!!

    Жақсылыққа қашанда,

    Жан баласы тоймаған,

    Жаңа жылдың басы деп,

    Жылда бізбен тойлаған.

    Шашу шашып көл - көсір,

    Көжесі қазанда қайнаған.

    Әнге ырғағы жарасқан,

    Асқар таудың шыңдары.

    Ақ жаулықты аналар!

    1 – жүргізуші:Ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз, әже!

    - Әже:

    Наурыз құтты болсын! Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін.

    Ұлыс бақты болсын!

    Әр күндерің жақсы болсын!

    Ақ мол болсын!

    Бәле жала жерге енсін!

    Ұлыс бақты болсын!

    Төрт түлік ақты болсын!

    Ақ мол болсын!

    Қайда барсаң жол болсын!

    Би « »

    «Сен білесің бе?» Наурыз мейрамына байланысты сұрақтар

    1.Қазақ халқы наурызды қашан қарсы алады?(Наурыздың 22-сі күні таңғы сағат үште)

    2.Халықтың түсінігі бойынша наурыздың 22-сіне қараған түні даланы кім аралайды?(Қызыр)

    3.Не себепті таза киініп, үйді таза ұстайды ? ( « Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе , ол үй ауру- сырқаудан, пәле- жаладан аман болады» ) деген сенімге байланысты.

    4.Ыдыс атаулыны толтырып қою себебі не ? ( Ыдыс мол болсын деген ұғымға байланысты ).

    5.«Ұйқыашар» деген не? ( Бойжеткендердің өзі ұнатқан жігіттеріне арнап соғымның етін уызға салып пісірген тағамы.)

    6.« Селт өткізер», « дір еткізер» деген не? ( Жігіттердің қыздарға арнаған сыйлықтары).

    7.Ұлыс күні қар не жаңбыр жауса , неге жарыған ? ( Нұр жауды, « туар жыл жақсы болды» ) деп қуанған.

    8.Қос қолдап амандасып, тос соғыстырудың қандай мәні бар ? ( « Өмір тірегім – төсім , тіршілік көзім екі қолым аман –сау болсын !» ) дегенді білдіреді.

    9.Отпен аластау себебі не ? ( От киелі сондықтан «алыс-алыс пәледен қалас !» деп айналысты отпен аластап, тазалайды.

    10.Наурыз көже неше түрлі тағамнан жасалады ? Оларды атаңдар .7 .( соғымнан қалған сүр ет , сүт . езілген құрт, бидай, пияз, сәбіз, қойдың басы) .

    11.Наурызшешек деген не? – Наурыз айында гүлдейтін көпжылдық өсімдік .

    12. Наурыз күні не себепті көрісуден басталады ? (Жаңа жыл жақсылықтан басталсын .Аман-есен бір-бірімізді ендігі жылға дейін көрейік деген ырымға байланысты.)

    13.Наурыз көжені тоя ішу –қандай ұғымға байланысты қалыптасқан? ( «Жыл бойына тоқшылық болсын» деген ырымға қатысты.

    14.Игі тілекпен әндетіп үй-үйді аралау дәстүрі қалай аталады? (Жарапазан.)

    15.Тоқым қағар – Бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда өткізіледі .

    16.Ата – бабаларымыз амандасқанда не себепті «Мал – жан аман ба ?»деп сұрайтын. ( Малдың орны ерекше екенін ұғындырады. Кисе киім, жесе тағам, мінсе көлік – тіршіліктің көзі болғандықтан. Малды ерекше құрметтеген.)

    17.Сүйінші деген не? – Жақсы хабар жеткізетін кезде жасалатын рәсім. Немерелі болған әже сүйінші сұратып жас балалар мен келіндерін жан-жаққа жібереді.

    Ұлттық ойындар ұйымдастыру

    Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде бүгін мүмкіншілігімізге қарай «Қол күрес», «Асық ойыны», «Сақина жасыру», «Бес тас» ойындарын ойнайтын боламыз.Ойынға барлық балалар қатысады.

    Қорытындылау. 1 – жүргізуші:

    Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.

    Ендім бүгін төріме,

    Жақсылық себем көңілге.

    Бейбітшілік пен ырыс – құт,

    Әкелдім биыл еліңе!

    2 – жүргізуші:

    Наурыз құтты болсын!

    Дендеріміз сау, мықты болсын.

    Наурыз тойы келе берсін!

    Барлық халық бақытты болсын.

    Еліміздің несібесі көп болсын!

    Қош, сау болыңыздар, халайық,

    Көріскенше күн жарық болсын!

    Осымен 5 «А» сыныбының «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағаты аяқталды.

    Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рақмет!

    Наурыз құтты болсын!

    Осы сәтте «Атамекен» әні орындалып, бәрі дастарқан басына жайғасады.


    написать администратору сайта