Главная страница
Навигация по странице:

  • Тәрбиеші

  • Тәрбиеші:Ғажаайып СӘТ

  • 8 март 2019. Трбиеші


    Скачать 19.79 Kb.
    НазваниеТрбиеші
    Дата26.02.2023
    Размер19.79 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла8 март 2019.docx
    ТипДокументы
    #955570

    Тәрбиеші: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі. 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі. Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «КАРЛЫҒАШ» тобының бүлдіршіндерінің «Ана - аса қымбат жан!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

    Тәрбиеші: Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!
    Той пердесін ашайық, 
    Тойға шашу шашайық. 
    Аналарды құрметтеп, 
    Ән маржанын шашайық. демекши балалардың аналарына арналған әнді қабыл алыныздар.«Мамаочка милая»

    1 Зоринки краше и солнце милей. Да что завется мамой моей. Мамочка милая мама мая. Как хорошо что ты есть у меня.
    2 Ветер забоет граза за окном. Мамочка в доме страх не почем. Мамочка милая мама моя. Как хорошо что ты есть у меня. 3.Спорится дело весело горой. Мамочка значить рядом со мной. Мамучку милую очень люблю. Песенку эту я ей подарю

    Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

    Тәрбиеші: Ән көңілдің ажары демекши биздин балаларымыз Мейиржан,Ернар,Ернар,Елдос (Калсын апам қуанынып)әнін қабыл алыныздар. 1 Апамызды сыйлайық. Үйдің ішін жинайық. Бұрынғыдай егесіп. Ерегісіп тұрмайық

    2 Ақ самаурын қайнатып. Дастарханды жайнатып. Отырайық бөлмеде Бөпемізді ойнатып

    Тәрбиеші:Ғажаайып СӘТ Жер әлемді жайнатып, Әнші құстарды сайратып. Гулге бөлеп даланы. Әнге бөлеп қаланы. Көрікті көктем келді. Көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді (Музыка ырғағымен) Ару көктем; Мен көңілді көктеммін, Былтырда келіп кеткенмін. Құшағын гүлге толсын деп, Нөсерімді тогемин. Тәрбиеші: Амасың ба, Ару көктем? Ұлан- байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағынды шаттандырып,Нұрынды мол тоге бер. Ару көктем; Мынау менің құшағым толы қыр гүлін,гүлдей жайнаган қыздарға сыйлағым келіп отыр.(ДЕП ГУЛДЕРДИ ТАРАТАДЫ.) Осы гулдей,құлпыра беріңдер.Аяулы аналар,әжелер,Мерекелеріңіз құтты болсын. Тәрбиеші: Ардақты асыл аналар, мінекей күлімдеген көктем келіп айналамызға құлпырып кетті.Ал Ару көктем, біздің балаларымыздын би билеп береміз дейди.
    Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін, 
    Жылытар жүрегіңді көз көп дейін.
    Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге .
    Қол соғып қарсы алайық «ГУЛДЕР биін»  Би: «Гулдер»(Кошербай,Раяна,Нұрай,Нұрай,Айару,Нұрсәуле) Тәрбиеші:- Әдемі биден кейін балапандарымыздың тақпақтарын тыңдайық:

    Тәрбиеші:- Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған.Ұрмалы аспатардың сүймелеуімен келесі әніміз сіздерге арналады құрметті әжелер.( МЕНІҢ ӘЖЕМ )ӘН Арай мен Нұрай

    Тәрбиеші: -«Ару көктем» , енді сіз біздің балаларымыздың аналарына дайындап келген тақпақтарын тыңдаңызшы.Алина,Молдир,Назерке,Камшат,Олег,Н.Ернар

    Тәрбиеші: Әдемі тақпақтан кейін балапандарымыздың әдемі ән тыңдайық (МЕРЕКЕҢМЕН АНАШЫМ) Жанель,Қарақат,Инжу,Айзере,Бегімсұлу

    Тәрбиеші: Ақ анашым, әппағым.

    Өзің жайлы тақпағым.

    Арналады сіздерге.

    Бар баланың тақпағы.-дей отыра сіздерге арналған тақпақтары қабыл алыныздар! Нұрсәуле,Нұрай,Раяна,Нурай,Айару,К,Айзере

    Тәрбиеші: Әдемі тақпақтан кейін балапандарымыздың әдемі ән тыңдайық (МЕНИН АНАМ) Назерке,Молдир,Камшат,Алина

    Тәрбиеші:- Аналар, қалқып бақыт аралында, 
    Лайым мұң қонбасын жанарыңа
    Осымен кешімізді аяқтайық 
    Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар! 
    Балалар хормен: «Анамызға мың алғыс, баршаңызға ..

    Үш қыз.

    (татар халық ертегісі)

    Ерте заманда бір әйелдің үш қызы болыпты. Қиыншылыққа қарамай, күні-түні еңбектеніп, оларды елден кем қылмапты. Үш қыз да бірінен-бірі асқан әдемі, сұлу болыпты. Уақыт өтіп, қыздар өсіп, бойжетіп, кезегімен күйеуге шығып, жан-жаққа кетіп, аналары жалғыз қалыпты.

    Көп жылдар өткен соң аналары қартайып, ауырып жатып қалады. Қатты ауырған әйел жақын маңдағы орманда тұратын Сары тиінді шақырып, өтініш жасайды.

    -         Тиін, тиін, маған қыздарымды шақырып берші!

    Сары тиін қыздарын іздеп кетеді. Тиін үлкен қыздың үйіне келіп, терезесін қағып:

    -         Аналарың қатты ауырып жатыр, тез жет!-дейді.

    -         Әттеген-ай! Мен барар едім, бірақ мына екі шараны тазалауым керек, -деп алдындағы шараларды көрсетеді.

    -         Анаңнан саған шаралар қымбат болғаны ма?-деп Сары тиін ашуланады. Олай болса, әрқашанда шараларыңнан айырылмай жүр!

    Тиін осы сөзді айтқаны сол екен, қос шара қыздың денесіне жабысып, үлкен тасбақаға айналдырып жібереді.

    Сиқыршы Сары тиін әйелдің ортаншы қызына барады.

    -         Аналарың қатты ауырып жатыр, тез жет!-дейді.

    -         Қап! Мен қазір-ақ барар едім. Бірақ жәрмеңкеге әдемі тоқыма дайындап үлгеруім керек, -деп ортаншы қызы жауап береді.

    Ашуланған Сары тиін.

    -         Саған анаңнан тоқыма қымбат болса, өмір бойы тоқыма тоқы,-деп өрмекшіге айналдырып жібереді.

    Сиқырлы Сары тиін әйелдің үлкен екі қызына көңілі толмай, ренжіп, үшінші кенже қызына келеді.

    -         Анаң қатты ауырып жатыр, тез жет!- деп Сары тиіннің айтқаны сол еді, кіші қызы илеп жатқан нанын қоя салып, былғанған қолымен анасына жүгіріп кетеді.

    -         Сенің жүрегің қандай жұмсақ! Саған да адамдар әрқашан қайырымды болсын! Өмірің ұзақ болсын! Бақытты бол! Жасаған жақсылығың ұмытылмасын! Адамдар сені әрқашан құрметтеп, жақсы көрсін!-деп Сары тиін қызға алғысын білдіреді.

    Сөйтіп әлгі әйелдің кенже қызы көп уақыт бақытты өмір кешті. Сары тиін оны адамгершілігіне, қамқорлығына қарай еңбекқор бал араға айналдырады. Содан бері бал араның алдыңғы екі аяғы әрқашанда тәтті балға малынып, жүрген жеріне шаттық пен қуаныш сыйлайды екен.


    написать администратору сайта